Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кесу шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.23 Mб
Скачать

Ақш кеңсесі (1993) мектептерге да- рынды және талантты оқушыларды анықтауға көмектесетін бес тапсырма ұсынған:

талантты оқушылардың әртүрлі қабілеттерінің өрісін белгілеу;

• мәдени және басқа наным-сенімдеріне қарамастан барлық оқушыларға бірдей

мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.

• оқушылардың тек көрсетіп жүрген ғана емес, сонымен бірге көрсетуі мүмкін әлеуетті

жетістіктерін анықтау;

• ерекше қабілетті оқушыларды анықтау үшін бағалаудың түрлі жүйелерін пайдалану.

• ынталандыруды оқушылардың жетістігі үшін түйінді маңызы бар әрекеттік және

эмоционалдық тұрғыдан бағалау.

Дарынды және талантты балаларға құрдастарының тапсырмаларынан өзгеше, анағұрлым «күрделі», «ынталандыратын» тапсырмалар қажет деген пікір қалыптасқан. Эйр (2001) Выготский мен Катцтың еңбектерінен дәйексөздер келтіре отырып, теория мен зерттеулерді табиғатты зерттейтін «міндеттер» ретінде қарастырады. Ол, Выготский бойынша, тым күрделі жұмыс балаларға орындалмайтын, ынтасын жоятын

жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдейтін Жақын арадағы даму аймағы» теориясы негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады. Эйр ойлаудың, білікті дамыту және міндеттерді шешудің аса жоғары деңгейін ұсына отырып, дарынды балаларға арналған оқу жоспарына өзгеріс енгізу жөніндегі ұсынымдарда теорияның осы бөлігін пайдаланады.

Талантты және дарынды оқушылардың әлеуетін дамыту

Ұлыбританияда жасалған тәжірибені 11 жастағы әртүрлі мектеп балалары археология бойынша тапсырмадан тұратын күрделендірілген жобаға шақырылды, ол «Солтүстік Сомерсеттегі Хилл Форттағы темір ғасыры» тақырыбында дарынды және талантты балалармен жұмыс» мақаласында сипатталған (Dauban and Crossland, 2009).

Олар кәсіби археологпен жұмыс істеді, оларға қиял, шығармашылық, міндетті шешу, дедукция, дедуктивті және логикалық ойлау, сонымен қатар әлеуметтік, вербалды және таныстырылымдық дағды сияқты жоғары зияткерлік қабілеттердің толық тізімін дамыту қажет болды. Орта мектепте өткізілген тағы бір жағдаяттық зерттеуге 11–18 жас аралығындағы 430 оқушы қатысты.

Экстернат Бұл оқушыларға оқу жоспарын тез әрі шұғыл игеруге мүмкіндік береді. Осы орайда Ұлыбританиядағы экстернат ағылшын тілі мен математика. Дарынды және талантты оқушыларды ынталандыру мен дамытудың тиімді тәсілі болды. Сын тұрғысынан, әсіресе таксономияның жоғарғы

жағындағы позициялар - бағалау, жинақтау және талдау үдерістерін белсенді қолдану қажет екендігін алға тартады.

Ренцулли мен Райс (1985) дарынды және талантты қызметтің өзара байланысты үш кезеңдерінің негізінде модель:

• жалпы зерттеу қызметі (жетілдіру, байыту).

• топтық тренингтік жұмыс (үдеріс).

• нақты проблемаларды жеке және шағын топтарда зерттеу (нәтижелілік).

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету 41-49

«Сын тұрғысынан ойлау» деген сөз ойдың мәселені немесе проблеманы шешу үдерісіне шоғырлануын білдіреді. Сын тұрғысынан ойлау ой жүгірту, тұжырым жасау немесе проблеманы шешу үдерісі жүрген барлық жағдайларда, яғни неге сенуге болады, не істеу керек және бұны ойластырылған әрі рефлексивтік тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау қажет болған жағдайлардың барлығында орын алады.

Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Тарихи шолу

Сын тұрғысы сонау гректік сократтық дәстүрге дейінгі 2500 жыл көруге болады, сол кездің өзінде беделді негізде алынған білімді тексеру үшін жетекші сұрақтарды пайдалану қалыптасқан: олар тиімділік, нақтылық пен логикалық сабақтастықтың талаптарына жауап бере ала ма деген сауалды ортаға тастайды. ХХ ғасырда осы проблеманы Франкфурт сыни әлеуметтік теория мектебі қарастырды. Джон Дьюи ол оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастырудың білім беру бағдарламасын тек оқушылар үшін ғана емес, қоғам үшін және барлық демократиялық құрылыс үшін тиімді бо-

луына бағыттау керек екендігін мойындатты.

Эдвард Глейзер (1941) СТО қабілеттілігінің үш элементі:

1.Проблемалар мен мәселелерді шешу кезінде өзінің тәжірибесін қалыптастыру өрісіне

кіретін ойлау үдерісін жүзеге асыру.

2. Логикалық зерттеу мен ой жүгірту әдістерін білу.

3. Осы әдістерді қолданудағы тәжірибелік дағдылар

Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, Сын тұрғысынан ойлау дағдыларының негізгі тізбесіне қадағалау, интерпретация, талдау, қорытынды жасау, бағалау, түсіндіру, метатану кіреді.

сын тұрғысынан ойлау проблемаларымен белсенді айналысатын адамдар мен топтар:

• қадағалау жолымен алынған деректерге;

• мәнмәтінге;

• барабар шешім қабылдауға арналған тиісті критерийлерге;

• ой-пікір, пайымды қалыптастыру үшін қолданылатын әдістерге;

• алдағы проблемалар мен мәселелерді түсіну үшін қолданылатын теориялық

құрылғыларға лайықты көңіл бөледі.

Сын тұрғысынан ойлау дағдысының бөлшектері:

• проблемаларды анықтау және оларды шешудің шынайы құралдарын айқындау;

• проблемаларды шешудегі басымдықтардың, иерархияның және кезектіліктің маңызын түсіну;

• дәлелдер мен дәйектерді бағалау мақсатында деректерді интерпретациялау;

• сөйлемдер арасындағы логикалық байланыстардың болуын (немесе болмауын)белгілеу;

• қорытындылар мен шолу жасау;

• алынған қорытындылар мен шолуларды сараптау;

• өз ұстанымдарының бастапқы моделін алынған тәжірибенің нәтижелері жүйесіне енгізу;

• күнделікті шынайы өмір тұрғысынан нақты нәрсе (құбылыстар мен т.б.) туралы барабар пікір қалыптастыру.

Бастапқы деңгейде сын тұрғысынан ойлау үдерісі:

• ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды

Глейзер (1941) сын тұрғысынан ойлау «оған

белгілі бір қорытындыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін дәлелдер тұрғысынан кез келген ұстанымды немесе болжанатын білім нысанын зерделеу үшін табанды күш жұмсауды» қамтиды деп пайымдайды.

Блум таксономиясы1956 Блум

Білу Фактілерді, жағдайларды, негізгі тұжырымдамалар мен жауаптарды көрсету арқылы өткен материалдардың есте сақталғанын растау

Түсіну Негізгі идеяларды ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту жолымен фактілер мен идеяларды түсінетіндігін көрсету:

Қолдану түрлі нұсқада пайдалану Жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді.

Талдау Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу. Қорытынды жасау және жалпылаудың болғанын растайтын дәлелдерді анықтау:

Жинақтау Жаңа үлгіде әртүрлі тәсілдермен элементтерді қиыстыру арқылы ақпаратты жүйелеу немесе балама шешім ұсыну:

Бағалау Пікірмен таныстыру және оны дәлелдеу, ақпарат бойынша қорытынды жасау, бірқатар критерийлердің негізінде идеяларды негіздеу және жұмыс сапасын бағалау:

Төменде баланың басқалардың көмегіне жүгіне отырып жасайтын қадамдары мен сынып жұмысын жүзеге асыру кезінде қолданатын дағдылары берілген:

1. Көру арқылы немесе ауызша дәлелдерден алынған ақпараттармен танысыңыздар.

2. Дәлелдерді зерттеуді құрайтын немесе дәлелге негіз етіп алынған, кешірек жасалған іс-әрекеттерді айқындайтын негізгі тармақтарды, болжамдарды немесе ұсыныстарды анықтаңыз.

3. Бұл негізгі құрамдас бөлшектердің, көру арқылы және ауызша алынған дәлелдердің

қалай біріктірілгенін және бір-бірімен өзара байланысатынын талдаңыз.

4. Жекелеген суреттердің немесе түрлі жеке пікірлер мен естеліктердің ұқсастықтары мен

айырмашылықтарын салыстырыңыз және зерттеңіз.

5. Дәлелдер мен бірқатар ойларды құру үшін түрлі ақпарат көздерін біріктіре отырып,

жинақтаңыз. Сіздің ойыңызды қалыптастыратын және қолдайтын түрлі ақпарат көздері ара-

сында байланыс орнатыңыз.

6. Сіздің зерттеуіңізбен байланысты дәлелдердің заңдылығы мен беріктігін және дәлелдер

Сіздің болжамдарыңыз бен ойларыңызды қаншалықты қолдайтынын немесе қайшылық тудыратынын бағалаңыз.

7. Зерттеудің негізіне алынған сұрақтардың жауаптарын түсіндіру нәтижесінде алынған

біліміңізді қолданыңыз.

8. Жасалған қорытындыларды негіздеп, өзектілігі мен маңыздылығын анықтаңыз.

Александердің (2001, 2008) Диалогтік оқыту теориясына сәйкес, сыныптың

Диалогтің бес үлгісін анықтады:

механикалық есте сақтау (үнемі қайталап отыру арқылы фактілерді, ойларды және

күнделікті іс-әрекеттерді жаттау);

декламация (тестілеу үшін дайындалған сұрақтар арқылы немесе бұрын өткендерді

еске түсіруге ынталандыру үшін сұрақта берілген сілтемелерге сүйене отырып, жауап-

ты ойлауға жол сілтеу арқылы жинақталған білім мен ұғымдарды толықтыру);

нұсқаулық/мазмұндама (оқушыға не істеу керектігін түсіндіру немесе ақпаратты

жеткізу, сонымен бірге фактілерді, қағидаттар мен рәсімдерді түсіндіру);

талқылау (ақпараттарды тарату және мәселелерді шешу мақсатында ой бөлісу);

диалог (қателіктер мен тәуекелдерді азайта отырып, таңдауды қысқартуға және

түсініктер мен қағидаттарды «жеткізуді» тездетуге ықпал ететін сауалнама мен

талқылаудың жиынтығы арқылы өзара түсіністікке қол жеткізу)

Диалогтік оқыту ұжымдық (мұғалім мен бала бірігіп тапсырманы орындайды) және өзара білім алмасуға жағдай туғызатын (мұғалімдер мен балалар бір-бірін тыңдап, идеялармен бөліседі және балама көзқарастарды қарастырады) және қолдаушы (балалар қате жауап бергені үшін қорықпай, өз идеяларын еркін жеткізіп, бір- біріне өзара түсіністікке жетулеріне көмектеседі) болып табылады.

«Рефлексивті практик» деген ұғым

философ, психолог және оқу реформаторы Джон Дьюи мен философ, индустриялық және технологиялық зерттеуші Дональд Шонның жұмыстарынан шығып отыр. Дьюидің «Біз қалай ойлаймыз?» (1910) деген кітабы рефлексивтік ойды шешуге жататын мәселелерді ерекше ықпал етті. Шонның «Рефлексивті практик: кәсіпқойлар іс-әрекетте қалайша ойланады» (1983) деген кітабының ықпалы күшті болды.

Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауының негізгі ерекшеліктері:

Ұтымдылық: ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу; үзілді-кесілді жауаптарды іздеудің

орнына сұрақтар қою; дәлелдерді талап етіп, кез келген дәлелді есепке алып отыру; эмоцияға емес, себепке негізделу

Сыңаржақтылықтың болмауы: барлық қорытындыларды бағалау; болжамды

көзқарастар мен мүмкіндіктердің барлығын қарастыру; баламалы интерпретацияларға ашық болуға ұмтылу.

Пайым: дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындау; балама жорамалдар мен

мүмкіндіктердің орынды екендігін немесе артықшылығын мойындау.

Тәртіп: тиянақты, нақты және жан-жақты болу (барлық дәлелдерді есепке алып, барлық

көзқарастарға көңіл бөлу).

Өзіндік сана-сезім: өзіміздің эмоциямыз бен көзқарасымыздың, сеніміміз бен

болжамдарымыздың субъективті екенін сезіну. мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады

.