
- •Акт пайдалану110-116
- •Оқыту үшін бағалау 105-110
- •Диалогтік оқыту Lesson Study 96-104
- •3 (Б) мысал. Ақпарат жинаудың ұжымдық әдісі
- •Сыныптағы оқу үдерісінің тиімділігін айқындайтын негізгі факторлар мыналар:
- •Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу 58-66
- •Зейін оқушылардың жас ерекшеліктері тұрғысынан
- •I деңгей. Нормативтікке дейінгі моральдік пайымдау
- •II деңгей. Дәстүрлі моральдік пайымдау
- •III деңгей. Нормативтіктен кейінгі моральдік пайымдау
- •Шығармашылық оқушылардың жас ерекшеліктері тұрғысынан
- •Талантты және дарынды балаларды оқыту 50-56
- •Ақш кеңсесі (1993) мектептерге да- рынды және талантты оқушыларды анықтауға көмектесетін бес тапсырма ұсынған:
- •Талантты және дарынды оқушылардың әлеуетін дамыту
- •Оқу теориялық экспедициялар, ми25-39
- •Адамдардың қалай оқитынын түсіну: «теориялық экспедициялар»
- •Жадыны түсінудегі соңғы жетістіктер
- •Барлық әдістер мыналарға назар аударады:
- •Білім беру мақсаттарына жетудегі мұғалімдердің кәсіби дамуы
- •Мұғалім қызметіндегі маңызды басымдықтар:
- •Мұғалім ұстанымы
- •Сапалы және табысты оқыту жайында қорытынды қалыптастыру
- •Жоғарыда айтылғандардың негізінде Екінші деңгей бағдарламасы:
- •Көшбасшылықты бөлудің бұл түрі өзара қарым-қатынастардың төрт түріне байланысты:
- •Оқыту саласындағы грант
Барлық әдістер мыналарға назар аударады:
• оқушының белсенділігі;
• күтілетін қажетті нәтижелерге сай сындарлы қызмет бағыттарын жүзеге асыру;
• кері байланыстың маңыздылығы;
• шоғырлану (тәжірибе) және ықпалдасу мүмкіндігі.
Екін ші деңгей бағдарламасының жалпы мазмұны екі басым бағытта әзірленген:
Біріншісі – мұғалімдердің оқыту мен оқудың табыстылығы туралы заманауи түсініктерге
сай келетін бай білімді игеруі. Екіншісі –мұғалімнің құзыреттілігін жетілдіру және өз әріптестерінің кәсіби дамуына ықпал етуі үшін оның коучинг және тәлімгерлік тәжірибесін қалыптастыру сияқты өзара бай-
ланысты үдерістерге көңіл бөлу.
Білім беру мақсаттарына жетудегі мұғалімдердің кәсіби дамуы
бағдарламасынан күтілетін нәтижелер мұғалімдерді оқушыларға қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыруға даярлау болып табылады. Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесі басқару органдарының мұғалімдерді тиісті ресурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне көбірек ықпал етеді (Barber and Mourshad, 2007). Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім (Strong, Ward & Grant, 2011).Зерттеулерден көрініп отырғандай, кәсібилік мұғалімнің өзін білім беру қоғамдастығының бір бөлігі ретінде қарастыруын талап етеді (Bolam, McMahon, Stoll et al., 2005). Бұл тәсілдің аясында көшбасшы-мұғалім ұсынған зерттеулер мен инновацияларға негізделе отырып, мұғалімнің тәжірибесі жетілдіріледі (Frost and Durrant, 2003). Олардың көңілінде үнемі талапқа сай оқыту тұрады (Frost, 2011). Әріптестеріне ықпал ету үшін, сондай-ақ олардың оқыту мен оқу тәжірибесін дамыту мен зерттеуге қолдау көрсету мақсатында құзырлы мұғалімдер коучинг пен тәлімгерлікке жүгініп, басқа мұғалімдердің иде-яларын жүзеге асыруға қолдау көрсетіп, өз тәжірибелерін зерделеумен айналысады.
Екінші деңгей бағдарламасы берілген мазмұнға қосымша, өз әріптестеріне ықпал етуге қажетті тәлімгерлік дағдыларын дамытуды мақсат етеді.Екінші деңгей бағдарламасы ғылыми зерттеулер кешенінің нәтижелеріне негізделеді. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал
оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теорияға негізделген тәсіл кең тараған (Hattie, 2009).__ Бұл Екінші деңгей бағдарламасының басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Оқытудың сындарлы теориясы
оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен аста-стырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді.
Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Оқытудың сындарлы теориясы оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің
өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді.