
- •Акт пайдалану110-116
- •Оқыту үшін бағалау 105-110
- •Диалогтік оқыту Lesson Study 96-104
- •3 (Б) мысал. Ақпарат жинаудың ұжымдық әдісі
- •Сыныптағы оқу үдерісінің тиімділігін айқындайтын негізгі факторлар мыналар:
- •Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу 58-66
- •Зейін оқушылардың жас ерекшеліктері тұрғысынан
- •I деңгей. Нормативтікке дейінгі моральдік пайымдау
- •II деңгей. Дәстүрлі моральдік пайымдау
- •III деңгей. Нормативтіктен кейінгі моральдік пайымдау
- •Шығармашылық оқушылардың жас ерекшеліктері тұрғысынан
- •Талантты және дарынды балаларды оқыту 50-56
- •Ақш кеңсесі (1993) мектептерге да- рынды және талантты оқушыларды анықтауға көмектесетін бес тапсырма ұсынған:
- •Талантты және дарынды оқушылардың әлеуетін дамыту
- •Оқу теориялық экспедициялар, ми25-39
- •Адамдардың қалай оқитынын түсіну: «теориялық экспедициялар»
- •Жадыны түсінудегі соңғы жетістіктер
- •Барлық әдістер мыналарға назар аударады:
- •Білім беру мақсаттарына жетудегі мұғалімдердің кәсіби дамуы
- •Мұғалім қызметіндегі маңызды басымдықтар:
- •Мұғалім ұстанымы
- •Сапалы және табысты оқыту жайында қорытынды қалыптастыру
- •Жоғарыда айтылғандардың негізінде Екінші деңгей бағдарламасы:
- •Көшбасшылықты бөлудің бұл түрі өзара қарым-қатынастардың төрт түріне байланысты:
- •Оқыту саласындағы грант
Жадыны түсінудегі соңғы жетістіктер
рефлексивтік ойлаудың басым бөлігі мидың маңдай бөліктерінде өтетінді
Маңдай бөліктері |
мидың басқа бөліктерімен жүйке талшықтарымен байланыстырылған, |
мидың артқы бөлімінің желке тұсындағы бөлігі; |
визуалды бейнелерді қабылдау мен жадыда сақтауға жауап беретін |
самай бөліктері; |
ауызша және тұжырымдамалық бiлiмдердің сақталуына жауап беретін |
жоғарғы бөлiгiндегi соматосенсор аймағы.
|
қол және дене рецепторлары орналасқан маңдай бөлігінің артындағы мидың |
маңдай бөліктерімен өзара байла- нысты ми қыртысының өзге де бөліктері бар. |
Сонымен бiрге тыңдап қабылдау объектілерi сақталатын
|
•
Жүйке талшықтары маңдай бөліктерінің осы ми орталықтарының әрқайсысында естелік түрінде сақталатын ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етедi. Сонымен қатар маңдай бөліктері ми бөлігінде сақталған ақпаратқа қолжетімділік пен оны өңдеуді бақылау қызметін жүзеге асырады. Маңдай бөліктерінің маңызды бақылау қызметтерінің бірі – ақпаратты сұрыптайтын (фокустік) зейін, яғни біз ерекше назар аудару үшін ойдағы ақпаратты шоғырландыра бастаған кезде маңдай бөліктері белсенді бола бастайды (Goswami, 2006). Визуалды ақпаратты жалпы еске түсіруге қарағанда, нақты белгілерге саналы назар аудару қабілеті ми қыртысының көру аймақтарына бағытталған жүйке жолдары арқылы маңдай бөліктерінің белсенділігі арқылы іске асырылады.Соңғы кездері жүргізілген нейроғылыми зерттеулер біздің қысқа мерзімді «жұмыс» жадысымен қатар ұзақ мерзімді жады иесі екенімізді растады. «Жұмыс» жадысы ұзақ мерзімді жадыдағы ақпаратпен «жұмыс істеу» мүмкіндігіне жол ашады. Басқаша айтқанда– ақпаратты белсенді ұйымдастыру, өзара байланыс орнату немесе оны белгілі бір мақсат үшін, айталық, есепті шығару, проблемаларды шешу, тілдесу мақсатында қолдану үшін дайындау немесе іштей ойлану арқылы ұзақ мерзімді жады мүмкіндіктерін өрістету. Ұзақ мерзімді жады қажет кезеңінде алып пайдалану үшін ұзақ мерзімді сақтауға жіберілген ақпарат ретінде сипатталады. Жұмыс жадысы серпінділікке бейім және ұзақ мерзімге созылмайды (бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін ғана). Ұзақ мерзімді жады анағұрлым тұрақты және өмір бойы сақталуы мүмкін.
Білім беру үшін жадыны зерттеудің маңызы |
||||||||||
Джон Саймонстың жақында Миды бұлшық еттермен салыстыру жиі кездеседі, өйткенi миды жаттықтырсаң,ол жұмыс істеуін жақсарта бастайды. Сіз де есіңізде сақтағыңыз келетін ақпаратты үнемі қайталап (дауыстап немесе ішіңізден) жаттықсаңыз, онда өзіңіздің жадыңызды жақсарта аласыз. Көптеген студенттер дайындық кезінде емтиханға қажетті дәріс конспектілері мен оқулықтарды қайталап оқу,нақты дәлелдерді жаттап алу оларды табысқа жеткізеді деген ұстанымда болды.
Механикалық жаттау әдісі. Зерттеулердiң бiрiне қатысушыларға сөздер тiзiмi беріліп, оларды белгілі бір уақыт ішінде дауыстап айту сұралады. Қатысушылардан айталаған сөздерді еске түсіруді сұрағанда,жадыда жатталған сөздердiң саны тiзiмнің неше рет оқылғандығына тiкелей байланысты болатыны анықталды. Көптеген студенттер дайындық кезінде емтиханға қажетті дәріс конспектілері мен оқулықтарды қайталап оқу,нақты дәлелдерді жаттап алу оларды табысқа жеткізеді деген ұстанымда болдыСоған қарамастан, барлық жағдайларда дерлік жай механикалық қайталауға қарағанда, «Нақтылайтын» өңдеу әдісі жадыда ұстауға тырысқан ақпараттың мағынасын ұғып,стратегиялық қолданыстарға сүйеніп есте сақтау анағұрлым тиімдірек (тиімді әдіс) болып шықты. «Нақтылайтын» өңдеу Көптеген адамдар актерлер өз рөлдерiн механикалық қайталауды пайдаланып жаттайды деп есептейді, бірақ Хельга Нойс жүргізген (2006) зерттеу бұның олай емес екендігін көрсетті. Нойс сөздердің мағынасына және кейіпкердің жағдайына мән беріп жаттайтындығын анықтады. Осы ақпаратты сәйкес фактілер мен білімге қатысты қарастыратын «нақтылай» өңдеу («elaborative» processing) әдісі анағұрлым тиімдірек болып табылады. «Дәрігер қорғаушыны жек көрді») немесе нақтылайтын сөйлемдерді (мысалы, «Дәрігер нашар іс-тәжірибесіне қатысты талап-арызға байланысты қорғаушыны жек көрді») қолдана отырып жаттаған. Мнемоника есте сақтауды жақсарту үшін Loci әдісі (орын әдісі) – есте сақтағыңыз келетін ақпаратты танымал жерлермен байланыстырып елестетуге негізделген ең белгілі мнемоникалық әдіс. Мысалы, «алма» деген сөзді айтқанда Сiз қонақ бөлмеде диванда домалап жатқан алманы елестете аласыз. Үйіңіздің барлық бөлмелерін қайтадан «аралап шығып», сөздердің барлық тізімін есіңізге түсіре аласыз. Loci әдiсін қолданушы адамдар зерттеуге берілген 50 сөздiң 90 пайызынан астамын бір рет оқып шыққаннан кейін есте сақтауға болатынын көрсеттi. Америкалық жазушы және есте сақтау бойынша чемпион атанған Джошуа Фоер өзінің «Эйнштейнмен Айда серуендеу» кітабында Loci әдісінің анағұрлым айқын жолын ойын карталарын есте сақтау үшін қалай пайдаланғанын суреттейді. Бірнеше затты белгілі бір орынмен байланыстыруға мүмкіндік беретін Фоер әдісі оған 2006 жылы өткен АҚШ чемпионатын-да есте сақтау бойынша рекорд орнатуға көмектесті, мұнда ол 52 картаны 1 минут 40 секундтың ішінде есте сақтады. Loci сияқты әдiстерді біз кездесулерді, туған күндерді, маңызды тапсырмаларды және соған ұқсас мәселелерді оңай есте қалдыру үшін қолданамыз. Фоер мысалында көрсетілгендей,мнемониканың маңызы өте жарқын визуалды образдарды құру болып табылады. Алып шығу тәжірибесі Жады мәселесіндегі ұлы зерттеуші Эндель Тулвинг «алып шығу тәжірибесі» деп аталатын тәсілдің артықшылықтары туралы білгендердің алғашқыларына жатады. Бірқатар эксперименттерге қатысушылар үш жағдайда сөздер тізімін жаттады: стандартты (жаттау, тест, жаттау, тест), қайта жаттау (жаттау, жаттау, жаттау, тест) және қайта тестілеу (жаттау, тест, тест, тест). Бiрақ Тулвинг таңдалынған жаттау тәсіліне қарамастан,барлық топтардың нәтижелері бірдей екендігін байқады. Десек те, нақтылап оқу стратегиясы қолданылған қайта оқуға қарағанда, қайта тестілеу жақсы нәтиже беруі мүмкін. Америкалық психологтар Джефф Карпике және Роди Редигер шетел тілдерін оқудың ең тиімді тәсілін зерттеген. Олар оқу барысындағы қайта тестілеу бір аптадан кейін өткізілген емтиханда лексиканы 80%-ға дейін есте сақтауға және оны қайталап айтып беруге алып келгендігін, ал тілді оқу жөніндегі нұсқаулықтарда пайдаланылатындәстүрлі стратегиялар есте сақтаудың 30%-ға төмендеуін көрсеткендігін анықтады.
|
Алайда, қазіргі заманғы ғылым мен оны сабақта тікелей қолдану арасында іргесі ажыраған «құз-шыңырау» бар. Көптеген ғалымдар бұл аралықтағы бос кеңістікті жою әлі ерте деп дау тудыруы да мүмкін. Бұған қарамастан Кембридж университетінің Госвами және Саймонс сияқты зерттеушілері «құз жиектерін жалғастыратын көпір тұрғызуға» дайын.Оқудың ынталандырушы және аффекттік теориялары баса назар аудара отырып қарастырған. Ынтаның иерархиялық моделін әзірлеген танымал ғалым Авраам Маслоу болды (1968). Төменгі деңгейге ол психологиялық қажеттіліктерді орналастырса, жоғары деңгейге–өзін-өзі көрсете, таныта білуді қойды.
Маслоу төменгі деңгейдегі қажеттіліктер қанағаттандырылған жағдайда ғана келесі деңгейге көшуге болады деп сендірген, Соған қарамастан Маслоу деңгейлерді төмендегідей етіп орналастырып, пайдалы талдау
құралын жасап шығарды:
Аштық, шөлдеу, жыныстық құмарлық, ұйқы, демалу және физикалық тәуелсіздік сияқты физиологиялық қажеттіліктер келесі деңгейге ауыспай тұрып қанағаттандырылуы керек |
Болашағы болжанған және бірізділікке негізделген әлем қажеттілігіне орай қауіпсіздікке деген талап туындайды |
Махаббатқа деген қажеттілік және біреуге қажет екеніңді сезіну адамдарды жылулық және жолдастық қарым-қатынастарға жетелейді. |
Құрмет көрсетілуін қажетсіну жігер-үшке, жетістіктер мен шеберлік,құзыреттілікке ие болу ниетіне жол ашады. Бұған сенім, тәуелсіздік, абырой және мәртебені де жатқызуға болады. |
Өзін-өзі таныта білу – дарын, қабілет және әлеуеттік шамасын толық көрсете білу. |
Карл Роджерс «мен» тұжырымдамасын және жеке тұлғамен, оның тәжірибесімен қарым-қатынас жасау маңыздылығын дамытты, сондай-ақ білім берудің қисын мен интуиция,
зияткерлік пен сезімді қамтитыны туралы идеяны да өрбітті. Оның ойынша, оқудың сиапаттамасы төмендегідей:
• «Білім беру үдерісіне үлес қосатын сезіну және тану аспектілеріне қатысты жеке тұлғамен тұтастай алғанда өзара қарым-қатынас жасау қасиетіне ие.
• Өз бастамасы бойынша жүзеге асырылады. Түрткі немесе стимул сырттан пайда болған күннің өзінде де, жетістікке жету, оны түйсіну және түсіну сезімі іштен шығады.
• Ол ауқымды, сонымен бірге оқушының жүріс-тұрысы, қарым-қатынасы, тіпті жеке тұлғасындағы ерекшеліктерді анықтайды.
• Оны өз қажеттіліктеріне жауап бере ме, қалаған білімін алуға жетелей ме, өзі білмейтін салаларды анықтай ма деген сияқты аспектілерді қарастыра отырып оқушылар бағалайды. Бағалау негізі оқушының өзіндік пайымдарына негізделеді.
• Оның мәнділігi – мағынасында. Мұндай білім беру орын алған жағдайда оқушы үшін
мағына элементі жалпы тәжірибе ретінде түзіледі» (Rogers, 1983).
Қорытынды: «Мен» тұжырымдамасы өмiрдiң нақты кезеңдерiнде дауды шешуге және шынайы дүниенiң мәнмәтінінде шеберлікке ұмтылатын құзыреттiлiктің белсендi компоненті ретінде қабылданумен қатар, тұлғаның әлеуметтік мәнмәтіндер мен институционалдық құралдар аясындағы өткен және ағымдағы тәжірибесімен өзара қарым-қатынаста қалыптасқан әлеуметтік өнім ретінде қарастырылады.
Демек, «мен» тұжырымдамасы бiздi алға жылжытатын және бiздiң мiнез-құлықтарды бағыттайтын, өзін-өзі өзгертуге жетелейтін әлеуметтiк стимул болып табылған әртүрлi жеке сипаттамалары бар барлық когнитивтік және аффекттік компоненттердiң үйлесуі болып табылады
«мен» тұжырымдамасын қорғап және қолдап тұратын екi маңызды мотив бар, олар өзін-өзі сыйлау және өзін-өзі бақылау Өзін-өзі сыйлау «мен» тұжырымдамасының бағалау және эмоциялық параметрлерiне жатады. Ол екi компоненттен тұрады – жеке тұлғаның пікірінше оның қаншалықты қабылданғанын
және бағаланғанын анықтайтын құндылық компоненті және жеке тұлға өзін нақты рөлде қабiлеттi және құзырлымын деп санайтындығын анықтайтын тиiмдiлiк компоненті (Bandura, 2001).
1. Тәжiрибе – Қол жеткізілген нәтиже «Игеру тәжiрибесі» – жеке тұлғаның өзіндік тиiмдiлiгін анықтайтын ең маңызды фактор. Қол жеткізілген жетiстiк өзіндік тиiмдiлiкті арттырады, ал сәтсiздiк оны төмендетедi. |
2. Модельдеу – «Жанама тәжiрибе» «Олардың қолынан келген нәрсе менің де қолымнан келеді» деу – өзін басқа біреумен салыстыру үдерісінің негізі. Адамдардың қандай да бір салада болсын табысқа жеткен біреуді көрсе, өзіндік тиімділік деңгейі арта түседі, ал керісінше басқа адамның сәтсіздігін көргенде өзіндік тиімділік деңгейі төмендейді. Егер де адам өзінің моделіне өзінің сәйкес келетіндігін көрсе, бұл үдеріс нәтижелірек болмақ. Егер де ұқсас қабiлеттерге ие деп қабылданатын жолдасы қандай да бір жетістікке жетсе, бұл байқаушының өзіндік тиімділігін арттырады. Оның үстіне модельдеу тәжiрибе сияқты әсерлі болмаса да, адам өзіне сенімсіз болған жағдайда күшті ықпал етеді. |
3. Әлеуметтік ұстаным Әлеуметтiк ұстаным көтермелеумен/құптамаумен байланысты. Олардың ықпалы күштi болуы мүмкін: көптеген адамдар бір кездері өздеріне айтылған сөздердің олардың өз-өзіне деген сенiмiне әсер еткенін естерінде ұзақ уақытқа сақтайды. Әрине, жағымды пікірлер өзіндік тиімділігін арттырса, ал жағымсыз пікірлер оны әлсірете |
4. Физиологиялық факторлар Ерекше ауыр стресс жағдайларында адамдарда сырқаттану нышандары: қалтырау, ауыр-сыну, шаршау, қорқыныш, лоқсу және тағы басқа белгілер пайда болады. Адамның мұндай реакцияларды қабылдауы оның өзіндік тиiмдiлiгінің деңгейiне едәуір әсер етеді. |
Білім берудің әлеуметтік-мәдени теориялары
Әлеуметтік-мәдени теорияның негізінде психолог Лев Выготскийдің жұмысы жатыр, оның пікірі бойынша, ата-ана, тәрбиешілер, құрдастар және мәдениет жоғары сатылы функциялардың дамуы үшін жауапты болады.Выготскийдің айтуына қарағанда, «Баланың мәдени дамуындағы кез келген қызмет екі түрлі келбетте сахнаға екі мәрте шығады: біріншісі – әлеуметтік, содан соң – психологиялық, әуелі интерпсихикалық санат ретінде адамдар арасында, содан кейін интрапсихикалық санат ретінде баланың жан-дүниесінде көрініс табады». Әлеуметтік-мәдени теория үлкендер мен құрдастардың индивидтің оқуына ықпал етуіне ғана емес, сондай-ақ, мәдени сенімдер мен қатынастардың оқу және тәрбие үдерістеріне қалай ықпал ететініне көңіл аударады.. Выготскийдің айтуы бойынша, жақын арадағы даму аймағы (ЖАДА) – оқушының өз бетінше шешкен міндеттердің көмегімен анықталған өзекті даму деңгейі мен үлкендердің басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық. Выготскийдің пікірі бойынша, оқушылар нақты мақсаттарды көздеген, көбірек білетін
жандармен әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытады. Оқушының аса епті және хабары мол адаммен интерактивті вербалды алмасу нәтижесінде біртіндеп сыртқы, әлеуметтік-жанама диалог орнатуы, күнделікті міндеттерді шешуге қатысуы әлеуметтік тәжірибе ретінде бала бойына сіңіп, оның өз бетімен ойлануына қатысты ішкі жеке қоры ретінде қалыптасады. «Көпіршелер» – оқушыға ЖАДА бойынша қолдау көрсетіп, біреудің көмегінсіз орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беру үшін мұғалімдер ұсынатын интерактивті мүмкіндіктерді сипаттау үшін қолданылатын метафора. Метафораға сәйкес, көпіршелер уақытша құрал және баланың білім-дағды, білік және өз бетінше әрекет ету мүмкіндігін дамытуға орай берік орнығып, нығайып немесе бөлшектеліп не толығымен жойылу мүмкіндігіне ие. Бастапқыда Вуд, Брунер және Росс (1976) әзірлеген алғашқы сөйлеуді игеру және сәбилерге ата-ананың тәрбие беруі мәнмәтініндегі көпіршелер – әлеуметтік құрастырылған үдеріс ретінде оқудың алғышарттарына негізделген метафора (Выготский бойынша) болумен бірге, оқудың
басқа да мәнмәтіндерінде араласу және қолдауды бейнелеу үшін жиі қолданылады (Wood, 1998).Мерсер және Фишер (1993) ЖАДА-ның тапсырманы орындау жауапкершілігін білім алушыға беру қасиетін көпіршелердің басты мақсаты деп қарайды. Көпірше деп саналу үшін оқыту мен оқуда мынадай жағдайлар болу керек:
а) оқушыларға өз бетінше орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беру;
ә) оқушыны тапсырманы өз бетінше орындауға мүмкіндік беретін құзыреттілікке жеткізуді мақсат ету;
б) көпіршелер тәжірибесін қолдану нәтижесінде оқушылардың өзіндік құзыреттіліктің жоғары деңгейіне қол жеткізуіне жағдай тудыру (Wells, 1999).
Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Тіл – тәжірибені ұжымдық қабылдаудың негізгі құралы. Негізінде, білім алу диалог арқылы беріледі де, оқушылардың сыныптық жұмыстағы өзара байланыс пен келісушілікті қабылдау деңгейін білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына байланысты болады.
Александер (2008) диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Диалог түрінде оқыту Бахтин (1981), Мерсер (2005), Велс (1999) және Вуд (1998) жұмыстарында бейнеленген. Александердің пайымдауынша, диалог арқылы мұғалімдер күнделікті ойталқыларда «салауатты» келе-шек мүмкіндіктерін анықтап, оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады. Сабақ барысындағы әлеуметтік өзара іс-әрекеттер оқуда маңызды рөл атқарады. «Мұғалім-оқушы» және «оқушы-оқушы» жағдайындағы қарым-қатынас түсінікті дамыту мен мағынаны ашудың елеулі бөлігін құрайды.
Оқудың қай жерде өтетініне қарамастан, жалпы белгілері
:• Адамдар ассоциациялар арқылы, мнемоника, жаттығулар, имитация, нұсқаулық беруді пайдалана отырып, білім алады, бұл түсінік пен дағдылардың кезең-кезеңмен қалыптасуына ықпал етеді.
• Адамдар белсенді зерттеулер – зерделеу, эксперимент, басқалардың жетекшілігімен зерттеу, тапсырмаларды орындау, ойлау арқылы түсінік пен дағдыларды құра отырып
білім алады.
• Адамдар диалог әдісін қолдана отырып, мәселен, талқылау, дебат, ынтымақтастық,
білімді бірлесіп құру арқылы түсінік пен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім
алады.