
- •Акт пайдалану110-116
- •Оқыту үшін бағалау 105-110
- •Диалогтік оқыту Lesson Study 96-104
- •3 (Б) мысал. Ақпарат жинаудың ұжымдық әдісі
- •Сыныптағы оқу үдерісінің тиімділігін айқындайтын негізгі факторлар мыналар:
- •Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу 58-66
- •Зейін оқушылардың жас ерекшеліктері тұрғысынан
- •I деңгей. Нормативтікке дейінгі моральдік пайымдау
- •II деңгей. Дәстүрлі моральдік пайымдау
- •III деңгей. Нормативтіктен кейінгі моральдік пайымдау
- •Шығармашылық оқушылардың жас ерекшеліктері тұрғысынан
- •Талантты және дарынды балаларды оқыту 50-56
- •Ақш кеңсесі (1993) мектептерге да- рынды және талантты оқушыларды анықтауға көмектесетін бес тапсырма ұсынған:
- •Талантты және дарынды оқушылардың әлеуетін дамыту
- •Оқу теориялық экспедициялар, ми25-39
- •Адамдардың қалай оқитынын түсіну: «теориялық экспедициялар»
- •Жадыны түсінудегі соңғы жетістіктер
- •Барлық әдістер мыналарға назар аударады:
- •Білім беру мақсаттарына жетудегі мұғалімдердің кәсіби дамуы
- •Мұғалім қызметіндегі маңызды басымдықтар:
- •Мұғалім ұстанымы
- •Сапалы және табысты оқыту жайында қорытынды қалыптастыру
- •Жоғарыда айтылғандардың негізінде Екінші деңгей бағдарламасы:
- •Көшбасшылықты бөлудің бұл түрі өзара қарым-қатынастардың төрт түріне байланысты:
- •Оқыту саласындағы грант
Акт пайдалану110-116
АКТ
оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді
және олардың қабылдауын, түсінуін
жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге
сабақ беруде көмектесетін маңызды
құрал болып отыр. Бекта
(2003)
АКТ-ны жоғары деңгейде пайдалану оқудың
жақсарғандығын;
Kennewell
оқуды қолдайтын ақпараттық-коммуникациялық
технологиялардың бірқатар сипаттамаларын
анықталды; (Birnbaum,
1990)
АКТ көп жағдайларда оқуға кедергі
келтіретінін; (Сох,
1997)
АКТ танымдық және метатанымдық
тапсырмаларды орындауға қатыстыруға
ынталандыра алатындығын; Кокс
пен Уэбб (2004)
ынталандыру барлық пәндер бойынша
үлгерімді жақсартуға әкелмеуі де
мүмкін; АКТ ықпалы мұғалімнің пәндік
білімінің деңгейіне байланысты;
(Kennewell
and Beauchamp, 2007).
Проектор мен интерактивті тақталары
бар техникалық жасақталуы мықты
мектептердің өзі неге тұрады; (Beauchamp,
2006)
техникалық құралдардың болу фактісі
үлгерімді арттыруға кепілдік бере
алмайды; (Mishra
and Koehler, 2006)
АКТ-ны пайдаланғаннан нәтиже болуы
үшін мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды есепке ала отырып,
өздерінің педагогикалық білімдерін
дамытуға тиісті; (Kennewell
and Beauchamp, 2007)
мұғалімдердің осы технология-ны
пайдаланудағы құзыреттілігі мен
сенімділік деңгейімен үйлесуі керек;
Мишра
мен Келер (2006)
сабақтарды жоспарлау үдерісінде пәндік
білім мен оқыту техно- логиялары
сабақтасып жатуы керек дейді
Білікті мұғалім үшін жоғарыда аталған білім түрлері: теориялық және тәжірибелік
білімдер өзара тығыз байланыста болуы тән.
Пәндік
білімдер (ПБ)дегеніміз
– оқытылатын пәннің өзекті білімдері.
Педагогикалық
білімдер (ПедБ)
–
білім берудің жалпы негіздерін, оқыту
мақсаты мен міндеттерін білуге
негізделетін оқу мен оқыту үдерістері,
тәжірибесі мен әдістері туралы терең
білімділік
Білімнің педагогикалық аспектісі (БПА)мазмұнды педагогикалық ықпалды формаларға айналдыру мүмкіндігін беретін құрамдас бөліктердің: оқу мазмұны мен педагогикалық білімдердің біртұтастығы болып табылады (Shulman, 1986). (ТБ) Технологиялық білімдер – оқытудың қосалқы құралдары (бейне, желілік материалдар, сандық бұқаралық ақпарат құралдары және т.б.) туралы білім. (БТА)Білімнің технологиялық аспектісі – технологиялық білімдер (ТБ) мен пәндік білімдердің (ПБ) өзара әрекеттесуінің тәсілін білу. АКТ қолдану заттар туралы толық түсініктің қалыптасуына ықпал етпегеннің өзінде, қазіргі заманғы инновациялық технологиялар заттартуралы жаңа, алуан түрлі түсінік қалыптастыруды және осы түсініктерді басқарудағы ауқымды икемділікті қамтамасыз ете алады. Модельдеу (симуляция) Технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ) Үш білім саласының қиылысу ортасында технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ) орналасқан. Осы тәсілді алғаш рет 2006 жылы Мишра және Кёлер қарастырды, олардың айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертугеқабілетті болуға тиіс болса, онда жоспарлау үдерісі пән бойынша арнайы білімдердің оқушылардың осы білімдерді қалай игеретінін түсінумен бірге жүруін көздеуі керек. Сондықтан төменде оқытудың бес аспектісіне ықпал етуге арналған оқу құралы ретінде АКТ-ны пайдалану
Көрсетілім АКТ-ны не үшін пайдалануға болады?
• оқушылардың түрлі амал-тәсілдерді көрсетуі (мысалы, нақты ғылымда заттарды қалай өлшеуге болады және т.б.);
• идеяларды салыстыру (мәселен, өнер мен музыка саласында және т.б.)
• зерделеу және талқылау мақсатында басқа оқушылармен жұмыстарын алмастыру (мәселен, көркем жазу және тарихта т.б.);
• оқушылардың жұмысы мен түсініктемелерін салыстыру (мәселен, бейнеклиптер).
Модельдеу
АКТ-ны не үшін пайдалануға болады?
• оқушыларға өмірдегі нақты проблемалар немесе оқиғалардың модельдерін ұсыну (мысалы, ғылымдағы сызба немесе географиядағы табиғи өзгерістердің көрінісі және т.б.);
• оқушыларға мәтінді талдаудың және жазбаша нысанды пайдаланудың әдістерін көрсету (мәселен, көркем жазуда немесе тарихта т.б.);
• тұжырымдаманы көрсететін бейнелерді беру (мысалы, түрлі эмоциялар мен сезімдерді модельдеу үшін дыбыс пен бейнені пайдалану, математикалық модельдер ретінде кестені пайдалану – «егер... болса, не болады...?).
Бағалау мен талдау
АКТ-ны не үшін пайдалануға болады?
• оқушылардың түрлі нысандағы ақпараттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету (мәселен,
DVD-дискілер, аудиокассеталар, белгілер, символдар, басқа тілдер);
• оқуда жаңалық жасауға ықпал ету (мәселен, веб-сайттан кез келген пән бойынша ақпарат іздеу);
• оқушыларға мәтіндердің түрлерін көрсету (мәселен, көркем жазу бойынша ғылыми- танымал мәтіндер, эмоция мен сезімін білдіру үшін авторлардың сөздерді пайдалану- ын талдау және т.б.);
• балама таныстырылымдар мен суреттер ұсыну (мәселен, жиналған деректер үшін
неғұрлым жақсы келетін кесте туралы шешім қабылдау, әртүрлі суретшілердің
жұмыстарын салыстыру, сызба немесе тізбек жасау, мәселен, музыкадағы дыбыс немесе математикадағы сандар және т.б.).
Ұсыну, қайталай ұсыну және қарым-қатынас
АКТ-ны не үшін пайдалануға болады?
• балалардың идеялары, жұмыстарымен алмасуы (мәселен, олардың дизайн мен технология саласында әзірлеген жобалары);
• ақпарат алмасу (мысалы, PowerPoint таныстырылымы; мүгедек балаларға арналған байланыс құралдары);
• балалар жұмысының сапасын жетілдіру және арттыру (мәселен, көркем жазу бойынша мәтінді редакциялау және т.б.);
• пікірлер мен ақпаратты қорыту, жалпылау (мәселен, балалар электронды пошта арқылы басқа балаларға географиядан жергілікті экологиялық мәселе туралы хат жаза алады, математикадан есеп шығарудың кезеңдерін қадамдап жазу).
Тестілеу және құптау
АКТ-ны не үшін пайдалануға болады?
• «Егер ... болса?» сұрағын қою және болжамдарды тексеру, растау немесе теріске шығару__