Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК по фармацевтической химии 4 курса каз, прав...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.01 Mб
Скачать

Аралық бақылау № 8

Нұсқа 1

  1. Гетероциклды қатар витаминдерін қалай жіктейді Тиамин бромидін синтездеу жолын көрсетіңіз.

  2. Құрылымдық формуласын жазыңыз. Тиамин бромидінің рационалды атын атаңыз, оның дәрілік препараттарын, шығарылу формасын және ағзадағы биологиялық ролін көрсетіңіз.

  3. Рибофлавин және фоль қышқылының қайтымды тотығу*-тотықсыздану процесстеріне қатысу ерекшеліктерін жазыңыз. Осы реакциялардың препараттардың негізділігін анықтауда қолдану мүмкіндігін түсіндіріңіз.

  4. Фенотиазин тобы препараттарының қышқылдық-сілтілік қасиеттерін жазыңыз. Олардың сандық, сапалық анықтаудағы маңызын түсіндіріңіз.

  5. Бензодиазепин тобы препараттарының физикалық, физико-химиялық қасиеттерін сипаттаңыз.

Нұсқа 2

  1. Тиаминнің органикалық азотты қосылыс ретіндегі сипатын және оның тұздарының қасиеттерін түсіндіріңіз. Препараттың негіз екенін дәлелдейтін мысалдар келтіріңіз.

  2. Фоль қышқылының химиялық құрылымын ескере отырып, азобояу реакциясының жүру мүмкіндігін түсіндіріңіз. және осы реакцияны сапасын анықтауда қолдануға болады ма.

  3. Гетероциклды құрылымы бар витаминдердің сандық талдауында қандай физико-химиялық, химиялық әдістер қолданылады.

  4. Фенотиазин тобы препараттарының жалпы формуласын жазыңыз. Әрбір препараттың құрылымдық ерекшелігін және құрылымдық формуласымен фармакологиялық белсенділігінің арасындағы байланысты жазыңыз.

  5. Бензодиазепин тобы препараттарының кейбіреулерінің азобояу түзу реакциясына түсу қасиетін түсіндіріңіз. Реакция химизмін және оның талдау үшін маңызын жазыңыз.

Нұсқа 3

  1. Тиаминнің сілтілік ортада тұрақсыз болу себебін түсіндіріңіз. Натрий гидроксидінің қатысуымен өтетін реакция теңдеуін жазыңыз.

  2. Рибофлавин мен фоль қышқылының қышқылдық-сілтілік қасиеттерін жазыңыз. Осы қасиеттерін көрсетуші әдістерді атаңыз.

  3. Рибофлавиннің қандай химиялық қасиеті бояу түзеді және флуоресценсия береді.

  4. В1 және В2 витаминдерінің коферментті формалары болып табылатын дәрілік заттардың құрылымдық формулаларын көрсетіңіз. Олардың құрылымдық ерекшеліктерін, тиаминмен рибофлавиннен айыру реакциясын көрсет. Аталған дәрілік заттардың прпараттарын көрсет.

  5. Бензодиазепин тобы препараттарының гидролитикалық ыдырауға ұшырау реакциясын жазыңыз және түсіндіріңіз. Қышқылдық және сілтілік гидролизі (қатаң шарттарда) өнімдерін көрсетіңіз.

Нұсқа 4

  1. Тиаминнің тиохромға айналу реакциясын жазыңыз, оның жүру жағдайын, механизмін, өзгешілігі мен сезімталдығын түсіндіріңіз. Тиамин препараттарының сапасын анықтаудағы осы реакцияның маңызы.

  2. Тиамин, рибофлавин және фоль қышқылының негізділігін анықтайтын флуоресценсия беретін сынамаларды жазыңыз.

  3. Гетероциклді қатардағы витаминдерді сақтау жағдайы олардың химиялық қасиеттеріне қалай әсер етеді.

  4. Фенотиазин тобы препараттарының тотығу қасиетін түсіндіріңіз. Тотығу өнімдерінің құрылымдық формуласын жазыңыз. Осы қасиетінің препаратқа қойылатын талаптарына(негізділігі, тазалығы, тұрақтылығы) әсерін жазыңыз.

  5. Бензодиазепин тобы препараттарының физикалық, физико-химиялық қасиеттерін (сыртқы көрінісі, ерігіштігі, УК және ИҚ аймақтардағы спектрі) сипаттаңыз.

Нұсқа 5

  1. Тиамин хлориді мен бромидінің сандық анықтау әдістерін (көлемдік, гравиметриялық, физико-химиялық) атаңыз. Оларды түсіндіріңіз және реакция теңдеуін жазыңыз.

  2. Қышқылдармен сілтілердің әсеріне рибофлавиннің және фоль қышқылының тұрақсыздығын түсіндіріңіз. Аталған препараттардың гидролитикалық ыдырау реакциясын көрсетіңіз.

  3. Рибофлавин, фоль қышқылының, тиамин хлоридінің (бромидінің) негізділігін дәлелдейтін химиялық реакциялар.

  4. Фенотиазин тобы дәрілік заттарындағы хлорид ионды және ковалентті байланысқан хлорды анықтау ерекшеліктерін жазыңыз. Галогеннің ковалентті байланыстағы атомын ион күйіне қалай ауыстырады.

  5. Бензодиазепин тобы препараттарының қышқылдық-сілтілік қасиеттерін түсіндіре отырып, олардың негізділікті және сандық анықтауда алатын орнын атап өтіңіз.

Нұсқа 6

  1. Фоль қышқылы мен рибофлавиннің құрылымдық формуласын көрсетіңіз. Олардың физикалық, физико-химиялық қасиеттерін көрсетіңіз. Препараттардың сапасын бағалауда алатын орны.

  2. Рибофлавиннің жарыққа сезімталдығын түсіндіріңіз. Ол жарық әсерінен қандай заттарға айналуы мүмкін. Осы қасиетінің сақтау жағдайларына қойылатын талаптарға және тазалық дәрежесіне қалай әсер ететінін атап өтіңіз.

  3. Гетероциклды қатардағы витаминдердің сапалық талдауы үшін қолданылатын физико-химиялық әдістері.

  4. Фенотиазин тобы препараттарының сандық талдауында қолданылуы мүмкін әдістерді жазыңыз.

  5. Бензодиазепин тобы дәрілік препараттарының құрылымдық формулаларын жазыңыз. Жалпы структуралық фрагменттерімен әрбір препараттың ерекшелігін атаңыз