Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК по фармацевтической химии 4 курса каз, прав...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.01 Mб
Скачать

Бақылау-өлшеу құралдары Аралық бақылау № 5

Нұсқа 1

  1. Пиридин туындылары препараттарының структуралық формуласын көрсетіңіз. Сол препараттардың қышқылдық-сілтілік қасиеттерін, олардың структуралық фрагменттеріне сай көрсетіңіз.

  2. Изониазид пен фтивазидтің физикалық қасиеттерін көрсетіңіз?

  3. Изоникотин қышқылымен гидразиннен, изоникотин қышқылының гидразидін (изониазид) қандай жағдайларда синтездейді?

  4. Атропин сульфаты, гоматропин гидробромиді, скополамин гидробромиді және тропаниннің химиялық құрылымының айырмашылықтары және ұқсастықтары?

  5. Тропан туындысының препараттарын қалай синтездейді? Тропиннің күрделі эфирлерін алудың жалпы схемасын көрсетіңіз.

Нұсқа 2

  1. Фтивазидтің сілтілермен, қышқылдармен әрекеттескенде, түсін өзгерту себебін түсіндіріңіз. Ондағы жүретін реакцияның теңдеуін жазыңыз.

  2. Изоникотин қышқылы туындыларының жалпы алу жолының схемасын көрсетіңіз?

  3. Никотинамид, фтивазид және пиридоксин гидрохлоридіне жалпы сандық анықтау әдісін көрсетіңіз. Реакция теңдеуін жазыңыз.

  4. Тропан туындыларына тән изомерия түрлерін көрсетіңіз.

  5. Тропан тобының дәрілік заттарының құрылымдық формуласын көрсетіңіз. Олардың азотты негіз екенін дәлелдейтін реакцияға мысал келтіріңіз.

Нұсқа 3

  1. Никотин қышқылын оның туындыларынан қалай айыруға болады (амиді және диэтиламидінен)? Химиялық реакциялардың теңдеулерін жазыңыз және олардың сандық анықтауға қолдану мүмкіншіліктерін түсіндіріңіз.

  2. Изониазид пен фтивазидтің негізділгін қандай сапалық реакциялармен дәлелдеуге болады? Олардың қайсысы өзгешілік реакция болып табылады?

  3. Изониазидтің, фтивазидтің структуралық формуласын көрсетіңіз. Олардың жалпы және өзгешілік функционалды топтарын көрсетіп, препараттардың латынша атын жазыңыз.

  4. Тропан тобының дәрілік заттарын қалай анықтайды?

  5. Тропан туындысы препараттарына, қандай химиялық қасиеттер тән? Химиялық реакцияларының теңдеулерін жазыңыз.

Нұсқа 4

  1. Никотин қышқылы және изониазидтің мыс сульфатымен әртүрлі реакция типтерінде әрекеттесу қасиеті кандай структуралық және химиялық ерекшелітеріне байланысты.

  2. Пармидиннің қышқылдық-сілтілік қасиеттері. Реакция теңдеуін жазыңыз.

  3. Изониазидтің йодометриялық анықтау ерекшеліктерін көрсетіңіз? Осы кезде жүретін реакциялар теңдеулерін жазыңыз.

  4. Тропан туындысы препараттарының топтық химиялық реакциясын көрсетіңіз.

5.Тропан туындысы препараттарының дәрілік қалыптағы сандық мөлшерін анықтау әдісін көрсетіңіз.

Нұсқа 5