Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК по фармацевтической химии 4 курса каз, прав...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.01 Mб
Скачать

Аралық бақылау № 7

Нұсқа 1

  1. Бабитураттардың қышқыл формасының суда, урацил туындысының диметилформаамидте және сілтіде жақсы ерігіштігін немен түсіндіруге болады.

  2. Барбитураттардың қышқылдық және тұз формаларындағы синтез нәтижесінде пайда болатын және регламенттелген қоспаларды жазыңыз. Оларды анықтау әдістері мен сәйкес жүретін реакциялардың теңдеуін жазыңыз.

  3. Пурин туындыларын алу үшін қандай әдістер қолданылады.

  4. Пурин тобының дәрілік заттарының химиялық құрылымына байланысты суда, сілтіде және қышқылдарда ерігіштігі қандай болады.

  5. Табиғи пурин туындыларының антиметаболиттері болып табылатын синтетикалық препараттардың формулаларын келтіріңіз

Нұсқа 2

  1. Барбитураттар тобының препараттарының циклді уреидттер қатарына жататынын дәлелдейтін химиялық реакцияның теңдеуін жазыңыз.

  2. Урацил туындыларының, барбитураттардың фармацевтикалық анализінде физико-химиялық әдістердің (УК және ИҚ спектроскопия, хроматография) қолдануға болады ма, егер болса ол қандай қасиеттеріне байланысты.

  3. Пурин тобы препараттарының сақтау жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін болатын таутомерлік жағдайлары.

  4. Пурин тобы препараттарының негізінде жасалған қандай дәрілік препараттарды білесіз. Оларды талдау әдістерін көрсетіңіз.

  5. Пурин туындылары препараттарының негізділігін қандай химиялық реакциялармен анықтауға болады.

Нұсқа 3

  1. Фенобарбитал мен гексамидин мысалында сілтінің әсерінен пиримидин туындыларының химиялық құрылымының өзгерістерін көрсетіңіз. Сәйкес реакциялардың теңдеулерін жазыңыз.

  2. Пиримидин туындыларының химиялық құрылымына қарай, оларды сандық анықтаудың мүмкін болатын әдістерін көрсетіңіз және оларды түсіндіріңіз.

  3. Пурин туындыларында анықталатын қоспаларды анықтаңыз, және олардың пайда болу көздерін жазыңыз.

  4. Пурин тобы препараттарының қышқылдық-сілтілік қасиеттерінің олардың электрондық құрылымына тәуелділігін түсіндіріңіз.

  5. Пурин тобы препараттарының сандық анықтау әдістерін түсіндіріңіз.

Нұсқа 4

  1. Пиримидин туындыларының Ag+, Co2+, Cu2+ иондарымен реакцияға түсуін түсіндіріңіз. Реакцияның жүру шарттарын атаңыз. Осы реактивтердің көмегімен топтың дәрілік препараттарын өзара айыруға мүмкін ба?

  2. Фторурацил, фторафур, цитарабиннің құрылымдық формулаларын көрсетіңіз. Құрылымдық формуласымен фармакологиялық белсендігінің арасындағы байланысты түсіндіріңіз.

  3. Пурин туындысы препараттарының жалпы топтық анықтау әдістерін атаңыз. Жалпы алкалоидтық тұнбаға түсіру реакцияларының жүру ерекшеліктерін атаңыз.

  4. Пурин системасының қышқыл және сілтілі орталарда деструкцияға ұшырау реакциясының теңдеуін жазыңыз.

  5. Пурин қатары препараттарының сандық анықтау ерекшеліктері. Осы реакция теңдеуін жазыңыз.

Нұсқа 5

  1. Барбитураттардың натрийлі тұздарының тұз қышқылымен әрекеттесу мүмкін ба, егер мумкін болса себебін түсіндіріңіз. Дәрілік заттардың талдауында осы реакция қолданылатын болса мысал ретінде келтіріңіз.

  2. Фторурацил және фторафурдағы органикалық байланысқан фторды анықтау әдісін көрсетіңіз. Реакция теңдеуін жазыңыз.

  3. Пурин туындыларының ауыр металлдар (күміс, кобальт, мыс) тұздарымен комплекс түзу реакциясын жазыңыз.

  4. Пурин ядросында қандай циклдар бар ?

  5. Пурин туындыларының препараттарын медициналық пратикада клай және қандай дозада, қандай дәрілік қалып түрінде қолданылады ?

Нұсқа 6

  1. Пиримидин туындыларының қай препараттары азобояу түзу реакциясына түсе алады. Реакцияның жүру жағдайларымен химизмін жазыңыз.

  2. Бензоналдағы қалдық бензой қышқылын анықтау әдіңсін көрсетіңіз. Реакция теңдеуін жазыңыз.

  3. Пурин тобы препараттарының қандай түрлерін білесіз. Олардың химиялық құрылымын көрсетіңіз.

  4. Пурин тобы препараттарына жалпы топтық реакция болып табылатын Мурексид сынамасының механизмін түсіндіріңіз.

5. Пурин тобы препараттарын дәріхана, дәріханалық қойма жағдайларында сақтау ережесін жазыңыз.