
- •«Фармацевтикалық химия» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы
- •Б арлық сағат 360 сағат
- •1. Жалпы мағлұмат:
- •2.Бағдарлама:
- •2.3 Оқудың тапсырмалары:
- •2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:
- •2.5 Реквизитке дейінгі:
- •2.8 Сабақ беру және оқыту әдістері.
- •2.9 Білім бағасын бағалау:
- •2.10 Ұсынылатын әдебиет:
- •2.11 Тіркеу:
- •«Фармацевтикалық химия» пәні бойынша силлабус
- •Барлық сағат (кредиттер) 360 сағат/8 кредиттер
- •1.Жалпы мағлұматтар:
- •1.7 Оқытушы туралы мәлімет:
- •1.9 Тәртіптік дисциплинасы:
- •2 Бағдарламма:
- •2.3 Оқытудың мақсаты:
- •2.4 Оқытудың соңғы талаптары:
- •2.9 Ұсынылған және қосылған әдебиеттер:
- •2.10 Оқытушыларды үйрету тәртібі:
- •Тақырып №16 - Пиридин туындылары: пиридинметанол туындылары
- •8 Семестр
- •Тақырып №21 8 – алмасқан хинолин туындыларының дәрілік заттарын талдау: хинозол, хиниофон, нитроксолин.
- •Тақырып № 22: Бензилизохинолин туындыларының, дәрілік заттарын талдау. Папаверин гидрохлорид және оның синтетикалық аналогы – дротаверин гидрохлориді.
- •1. Тиамин хлорид (бромид)
- •2. Тиамин бромид
- •1. Кокарбоксилаза гидрохлорид және бенфотиамин
- •1. Кокарбоксилаза
- •2.Бенфотиамин
- •1.1.Мурексид сынамасы (пурин туындыларына жалпы реакция):
- •Дәрілік препараттардың сандық анықтауын орындау.
- •Дәрілік препараттардың негіздігін анықтаңыз
- •Дәрілік препараттардың сандық анықтауын орындау
- •Фенотиазин туындыларының, дәрілік препараттарының негіздігін анықтау:
- •Дәрілік препараттардың негіздігін анықтау
- •Тазалығын анықтау
- •Сандық талдауды орындау.
- •8 Семестр
- •8 Семестр
- •Бақылау-өлшеу құралдары Аралық бақылау № 5
- •Тропан туындысы препараттарын сандық анықтауда қандай химиялық, физико-химиялық әдістер қолданылады.
- •Аралық бақылау № 6
- •Аралық бақылау № 7
- •Аралық бақылау № 8
- •Емтихан тест тапсырмалар
- •Соңғы бақылауға арналған тестр.
Изониазид пен фтивазидтің тотығу-тотықсыздану реакциясына түсу қабілетін түсіндіріңіз. Сапалық және сандық анықтауларда орларды қолдану мүмкіншіліктерін көрсетіңіз.
Фтивазидті сандық анықтағанда, сусыз ортада титрлеу әдісін қолдану себебін түсіндіріңіз. Осы химиялық реакцияның теңдеуін жазыңыз.
Изоникотин қышқылы туындысының препараттарын қандайц дәрілік қалып түрінде қолданады.
Атропин және кокаиннің қандай құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты синтетикалық холинолитиктер және жергілікті анестетиктер жасалды.
Тропан туындысы препараттарын сандық анықтауда қандай химиялық, физико-химиялық әдістер қолданылады.
Нұсқа 6
Пиридоксин гидрохлоридінің азотты органикалық негіз екенін дәлелдейтін химиялық реакциялар мен реагенттерді мысалға келтіріңіз.
Нифедипин, риодипин, амлодипин бензилатының құрылымдық формуласын жазыңыз. Олардың формуласындағы қай топ, фармакологиялық қасиеттеріне жауапты.
Изоникотин қышқылының препараттарын спектрофотометриялық анықтаудың шарттарын айтыңыз.
Тропан туындысының препараттарының химиялық құрылымымен фармакологиялық белсенділігі арасындағы байланысты түсіндіріңіз.
Янтар альдегиді, ацетон, метиламин және күкірт қышқылынан атропин сульфатын қалай синтездейді. Синтез шарттарын көрсетіңіз.
Аралық бақылау № 6
Нұсқа 1
Хининнің құрылымдық формуласын көрсетіңіз. Азотты қосылыс ретіндегі химиялық қасиеттерін сипаттаңыз. Хининнің дәрілік препараттарын көрсетіңіз.
Хинин гидрохлориді және хинина сульфатының кептіргендегі массасының жоғалу дәрежесі әртүрлі болу себебін түсіндіріңіз.
Айналу бұрышы бойынша хинин препараттарын айыруға бола ма? Хининнің қандай тұзы флюоресценсия береді?
Мыс сульфаты және темір хлоридінің ерітінділерімен морфин сульфатының әрекеттесуін түсіндіріңіз.
Морфин гидрохлоридінің құрылымдық формуласымен латынша атын жазыңыз. Химиялық құрылымымен фармакологиялық әсерінің арасындағы байланысты көрсетіңіз.
Нұсқа 2
Хинин тұздарының негізділігін дәлелдейтін жалпы реакцияларды көрсетіңіз. Хинин препараттарын өзара айыру әдістерін көрсетіңіз.
Суда ерігіштігіне қарап хинин препараттарын айыру, түсіндіріңіз.
Хинин тұздарының қандай қасиеттеріне қарай оларды физико-химиялық әдістермен анықтайды.
Морфин гидрохлориді мен кодеиннің құрылымдық формуласын жазыңыз. Осы препараттарды өзара айыруға мүмкіншілік беретін физикалық, физико-химиялық қасиеттерін көрсетіңіз
Папаверин гидрохлориді, дротаверин гидрохлориді және морфин гидрохлоридіне салыстырмалы түрде қышқылдық-сілтілік қасеиттеріне сипаттама беріңіз және осы тұздардан тұнба түсу әдістерін түсіндіріңіз.
Нұсқа 3
Хинозолдың құрылымдық формуласын жазыңыз. Химиялық қасиеттерін түсіндіріңіз. Молекуласындағы фенолдық гидроксил тобына байланысты реакцияға мысал келтіріңіз.
Хинин препараттарының біреуін хлороформда еріткенде су тамшылары пайда болады. Бұл қай препарат?
Хинин тұздарының қандай қасиеті негізінде физико-химиялық анықтау әдісі берілген?
Морфин гидрохлоридін сандық анықтаудың сусыз ортада қышқылдық-сілтілік титрлеу әдісін түсіндіріңіз. Реакция схемасын жазыңыз.
Атропин сульфатының структуралық ерекшелігін ескере отырып, атропин негізін тұнбаға түсіруші реагент ұсыныңыз және оны таңдау себебін түсіндіріңіз.
Нұсқа 4
Нитроксолин және хлорхинальдол құрылымдық формуласын жазыңыз. Препараттардың құрылымдық формуласымен фармакологиялық белсенділігі арасындағы байланысты көрсетіңіз.
Таллейохин реакциясын хинин препараттарына спецификалық реакция деп есептеуге бола ма ? Реакция теңдеуін жазыңыз.
Хинин сульфаты, хинин гидрохлориді, хинина дигидрохлоридін қандай физико-химиялық әдіс арқылы өзара айыруға болады ?
Морфин гидрохлориді, кодеин, апоморфин гидрохлоридінің тотықсыздандырғыш, қышқылдық-сілтілік қасиеттерін түсіндіріңіз. Осыған байланысты негізділігінің талдау әдістемесін сипаттаңыз.
Атропин сульфаты және папаверин гидрохлоридінің медицинада қолданылуын жазыңыз, олардың дәрілік қалыптары, қоршаған орта факторларының тұрақтылығына әсерін жазыңыз.
Нұсқа 5
Хинин тұздарының химиялық құрамын ескере отырып, физикалық қасиеттерін жазыңыз.
Нитроксолин молекуласында нитротоптың бар екенін дәлелдейтін реакция теңдеуін жазыңыз.
Хинин препараттарын қандай химиялық, физико-химиялық әдістерімен сандық анықтау жүргізуге болады.
Папаверин гидрохлоридінің құрылымдық формуласымен латынша атын жазыңыз. Азотты негіз ретінде сипаттаңыз және осы қасиетіне тән реакцияға мысал келтіріңіз.
Морфин гидрохлориді және кодеинге салыстырмалы түрде химиялық, физико-химиялық қасиеттеріне сипаттама беріңіз. Осы заттарды өзара айыратын және топтық реагенттерді атаңыз. Реакция схемасын жазыңыз.
Нұсқа 6
Хинин сульфатының құрылымдық формуласын көрсетіңіз. Оның функционалдық топтарын және хинидин сульфатынан айырмашылығын көрсетіңіз.
Хлохинальдолдағы органикалық байланысқан хлор атомын анықтау ерекшелігін айтыңыз және сандық анықтау әдістерін мысалға келтіріңіз.
Хинна қабығынан хинин гидрохлоридін алудағы ізбе-ізділікті көрсетіңіз.
Ципрофлоксацин, офлоксациннің құрылымдық формулаларын көрсетіңіз. Химиялық құрылымымен фармакологиялық активтілігінің арасындағы байланысты көрсетіңіз.
Морфин гидрохлориді мен кодеиннің сандық талдауына қолдануға мүмкін болатын әдістерді көрсетіңіз, оларды түсіндіріңіз. Реакция схемасын көрсетіңіз.