Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК по фармацевтической химии 4 курса каз, прав...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.01 Mб
Скачать
  1. Дәрілік препараттардың сандық анықтауын орындау.

а) кофеин: Шамамен 0,15 г алдын ала 80 оС та тұрақты массаға дейін кептірілген препаратты (дәл өлшем) 10мл сірке ангидридінде су моншасында қыздырып ерітеді. Содан кейін 20 мл бензолды, 5 тамшы кристалды күміс ерітіндісін, 0,1М хлорлы қышқылмен титрлейды, сары түске дейін, қатарласа бақылау тәжірибесін жүргізеді.

1мл 0,1М хлорлы қышқыл ерітіндісіне 0,01942г кофеин сәйкес келеді, кепкен препараттың мөлшері 99,0 %-дан кем болмау керек.

б) кофеин-бензоат натрий:

1) кофеин: Шамамен 0,3 г препаратты (дәл өлшем) 30 мл суда ерітеді, сиымдылығы 100 мл колбада ерітіндіге 10 мл сүйытылған күкіріт қышқылын, 50 мл 0,1 йод ерітіндісін қосып, көлемін сумен деңгейге дейін жеткізеді, тианақты араластырады. 15 минутқа қараңғы жерге қойып, ерітіндіні құрғақ мақта арқылы сүзеді, сағат шынысымен веронканы жауып қойып, алғашқы 10-15 тамшы фильтратты қолданбай тастайды. 50 мл фильтратта йодтың арытық мөлшерін 0,1М тиосульфат натрий ерітіндісімен титрлейді, титрлеу соңында, крахмал ерітіндісін қосады.

1мл 0,1М йод ерітіндісіне 0,004855 г кофеин сәйкес келеді. Кепкен затқа қайталап есептегенде мөлшері 38,0 % кем - 40,0 % артық болмау керек.

2) натрии бензоат: шамамен 1,5 г препаратты (дәл өлшем) 20 мл суда, сиымдылығы 250 мл колбада ерітеді, оған 45 мл эфир, 3-4 тамшы аралас индикаторды (2 тамшы метил-сарғыш және 1 тамшы метилен көк ерітіндісі)) қосып, 0,5М хлорсутек қышқылымен су қабаты ақшыл көк түс болғанша титрлейді, титрлеу соңында колбаны қатты шайқап араластырады.

1 мл 0,5 М хлорсутек ерітіндісі 0,07205 г натрий бензоатқа сәйкес келеді, құрғақ затқа қайталап есептегенде заттың мөлшері 58,0 % кем емес және 62,0 % көп болмау керек.

в) теобромин: Шамамен 0,3 г препаратты (дәл өлшем) сыйымдылығы 250-300 мл колбаға салып, күміс нитратының ерітінідсін қосады, араластырады, бөлменің температурасында суытады, содан кейін 1-1,5 мл фенол қызыл ерітіндісін қосып, 0,1 М натрий гидроксид ерітіндісімен күлгін-қызыл түске дейін титрлейді.

1 мл 0,1 М натрий гидроксид ерітіндісі, 0,01802 г теоброминге сәйкес келеді, қүрғақ затқа қайталап есептегенде, заттың мөлшері 99,0% кем болмауы керек.

г) теофиллин: шамамен 0,4 г алдын ала кепкен препаратты (дәл өлшем) 100 мл қайнап тұрған суда ерітеді (алдын ала 5 минут бойы қайнатылған). Суыытылған ерітіндіге 25 мл 0,1 М күміс нитратының ерітіндісін және 1,0-1,5 мл фенол қызыл ерітінідісін қосып, 0,1 М натрий гидроксид ерітінідісімен күлгін-қызыл түске дейін титрлейді.

1мл 0,1М натрий гидроксидке 0,01802 г теофиллин сәйкес келеді, кептірілген препаратта мөлшері 99% кем болмауы керек.

Тақырып № 28: Птеридин және изоаллоксазин туындыларының дәрілік заттарын талдау: фоль қышқылы және оның аналогі- метотрексат, рибофлавин

Мақсаты: Птеридин және изоаллоксазин туындыларының дәрілік препараттарының сапасына баға беру әдістерін игеру.

Оқу мақсаты: Дәрілік препараттарды: фоль қышқылы және метотрексат, рибофлавинді сапалық және сандық бағалауда экпериментальді дағдыны игеру.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Фоль қышқылы және метотрексаттың химиялық құрылысы, қасиеттері және сапасын бақылау тәсілдері.

  2. Рибофлавин және рибофлавин мононуклеотидтің құрылысының ерекшелңктері.

  3. Птеридин туындылары және изоаллоксазиннің дәрілік қалыптары және витаминдер түрінің медицина саласында қолданылуы.

Білім берудің және оқудың әдістері: ауызша сұрау және тақырыптың негізгі сұрақтарын слайд бойынша презентациялау.

Әдебиеттер :

    1. Арзамасцев А.П. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 3-е изд., испр. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008. – 640 с.

    2. Беликов В.Г. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2008. – 616 с.

    3. Руководство к лабораторным занятиям по фармацевтической химии: Э.Н. Аксенова, О.П. Андрианова, А.П. Арзамасцев и др. – М.: Медицина, 2001. – 384 с.

    4. Государственная фармакопея Республики Казахстан. 2 т. – Алматы: Изд. дом «Жибек жолы», 2009. – 804 с.

Бақылау (сұрақтар):

  1. Гетероцикл қатарындағы витаминдер қалай жіктеледі?

  2. Рибофлавиннің синтезін жазыңыз.

  3. Фоли қышқылының, рибофлавинің негізділігін қандай химиялық реакциялармен дәлелдейді?

  4. Рибофлавиннің флюоресценция беруі және түсі. Қандай химиялық құрылысының ерекшеліктерімен түсіндіруге болады?

Тесттер

1.Птеридин туындыларына төменде тізбектелген препаратардың біреуі ғана жатады:

  1. рибофлавин;

  2. фоль қышқылы;+

  3. аскорбин қышқылы;

  4. рибофлавин мононуклеотид;

  5. ретинол.

2. Келтірілген препараттардың қайсысының өзгешелік қасиеті бар?

  1. фоль қышқылы;

  2. метотрексат;

  3. рибофлавин;+

  4. аскорбин қышқылы;

  5. пикамилон.

3. Қай препаратқа гидролитикалық ыдырау және тотығу сипатты?

  1. фоль қышқылы;+

  2. рибофлавин;

  3. лейкорибофлавин;

  4. рибофлавин мононуклеотид;

  5. аскорбин қышқылы.

        1. Фоль қышқылын сандық анықтауында қай әдіс қолданылған?

  1. рефрактометрия;

  2. фотоэлектроколориметрия;

  3. йодометрия;

  4. перманганатометрия;

  5. цериметрия.

ҚОСЫМША