
- •«Фармацевтикалық химия» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы
- •Б арлық сағат 360 сағат
- •1. Жалпы мағлұмат:
- •2.Бағдарлама:
- •2.3 Оқудың тапсырмалары:
- •2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:
- •2.5 Реквизитке дейінгі:
- •2.8 Сабақ беру және оқыту әдістері.
- •2.9 Білім бағасын бағалау:
- •2.10 Ұсынылатын әдебиет:
- •2.11 Тіркеу:
- •«Фармацевтикалық химия» пәні бойынша силлабус
- •Барлық сағат (кредиттер) 360 сағат/8 кредиттер
- •1.Жалпы мағлұматтар:
- •1.7 Оқытушы туралы мәлімет:
- •1.9 Тәртіптік дисциплинасы:
- •2 Бағдарламма:
- •2.3 Оқытудың мақсаты:
- •2.4 Оқытудың соңғы талаптары:
- •2.9 Ұсынылған және қосылған әдебиеттер:
- •2.10 Оқытушыларды үйрету тәртібі:
- •Тақырып №16 - Пиридин туындылары: пиридинметанол туындылары
- •8 Семестр
- •Тақырып №21 8 – алмасқан хинолин туындыларының дәрілік заттарын талдау: хинозол, хиниофон, нитроксолин.
- •Тақырып № 22: Бензилизохинолин туындыларының, дәрілік заттарын талдау. Папаверин гидрохлорид және оның синтетикалық аналогы – дротаверин гидрохлориді.
- •1. Тиамин хлорид (бромид)
- •2. Тиамин бромид
- •1. Кокарбоксилаза гидрохлорид және бенфотиамин
- •1. Кокарбоксилаза
- •2.Бенфотиамин
- •1.1.Мурексид сынамасы (пурин туындыларына жалпы реакция):
- •Дәрілік препараттардың сандық анықтауын орындау.
- •Дәрілік препараттардың негіздігін анықтаңыз
- •Дәрілік препараттардың сандық анықтауын орындау
- •Фенотиазин туындыларының, дәрілік препараттарының негіздігін анықтау:
- •Дәрілік препараттардың негіздігін анықтау
- •Тазалығын анықтау
- •Сандық талдауды орындау.
- •8 Семестр
- •8 Семестр
- •Бақылау-өлшеу құралдары Аралық бақылау № 5
- •Тропан туындысы препараттарын сандық анықтауда қандай химиялық, физико-химиялық әдістер қолданылады.
- •Аралық бақылау № 6
- •Аралық бақылау № 7
- •Аралық бақылау № 8
- •Емтихан тест тапсырмалар
- •Соңғы бақылауға арналған тестр.
1. Кокарбоксилаза
Кокарбоксилаза мөлшерін хлорсутек қышқылына байланысты, 0,1 М натрий гидроксид ерітіндісімен титрлейді.(индикатор – тимолфталеин).
2.Бенфотиамин
Бенфотиаминнің сандық анықтау спектрофорометр әдісімен анықтайды. Еріткіш есебінде фосфатты буфер ерітіндісін рН-ы 4.9-5.1 қолданады(Амакс 244 нм).
Тақырып № 27: Ксантин туындыларының дәрілік заттарын талдау: алкалоидтар-кофеин, кофеин бензоат, теофиллин, теобромин.
Мақсаты: Ксантин туындыларының дәрілік препараттарының сапасын бағалау әдістерін игеру.
Оқыту мақсаты: Дәрілік препараттар: алкалоидтар - кофеин, кофеин бензоат,теофиллин, теоброминдердің сапалық және сандық бағалауда экспериментальды
дағдыны үйрену.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Ксантин туындыларының, дәрілік препараттарна жалпы сипаттама.
2. Алкалоидтарға негізделген жекеше және жалпы алкалоидтар(тұнбаға
түсіруші) реактивтерінің химиялық құрамы және формуласы.
3. Кофеиннің,теофиллиннің,теоброминнің және олардың тұздарының өзгешілік реакциялары.
4.Жоғарыда аталған алкалоидтардың медицина саласында қолдануы.
Білім берудің және оқытудың әдістері: ауызша сұрау және тақырыптың негізгі сұрақтарын слайд бойынша презентациялау.
Әдебиеттер :
Арзамасцев А.П. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 3-е изд., испр. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008. – 640 с.
Беликов В.Г. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2008. – 616 с.
Бақылау (сұрақтар және ситуациялық есептер)
1.Тұнбаға түсіретін (жалпы алкалоидтар) реактивтердің химиялық құрамы қандай?
2. Кофеиннің,теоброминің және теофиллиннің құрылысының негізіне жататын гетероцикл формуласын жазыңыз.
3. Ксантин туындыларының препараттарын алу жолында қандай тәсілдер қолданады.
4. Ксантин туындыларының препараттарында қандай қоспаларды анықтайды, олардың болуын қалай байқайсыз.
5. Қарастырылып отырған дәрілік препараттардың сандық талдауының ерекшелік тәсілдері неде? Теңдеуін жазыңыз, химиялық реакцияға қандай өзгерістер болғанын айтыңыз..
6. Ксантин туындыларының препараттары медицина саласында қандай дозада және қандай дәрілік қалыптарда қолданылады?
7. 0.1г теоброминге бірнеше тамшы пергидроль және хлорсутек қышқылын қосып, соңынан аммоний гидроксид ерітіндісін қосқанда қошқыл-қызыл ерітінді пайда болады.
Химиялық реакциясының теңдеуін жазыңыз. Осы реакцияны өзіне тән реакция деуге бола ма?
8. Екі пробиркаға ксантин алкалоидтарының тұздарының ерітінділері бар. Екеуі де темір хлоридімен (III) әрекеттеседі. Олар қандай препараттар. Құрылымының формуласын және химиялық реакцияның теңдеуін жазыңыз.Темір хлорид (III) реакциясы арқылы ксантин алкалоидтарын бір-бірінен ажыратуға бола ма?
ҚОСЫМША
1.Ксантин туындыларының дәрілік заттарының негіздігін анықтау:
1.1.Мурексид сынамасы (пурин туындыларына жалпы реакция):
0.1г сынақтайтын препараттың біреуін фарфор табақшасына салып, оған 10 тамшы пергидрольды,10 тамшы сұйытылған хлорлы сутек қышқылын қосып, су моншасында құрғағанша қыздырады. Қалдықты 1-2 тамшы аммоний гидроксидімен суландырады. Қошқыл-қызыл бояу пайда болады.
а) кофеин:
1.Тұнбаға түсіретін реактивтермен сынақ: 1-2 тамшы 1-2% алкалоид препараттарының ерітіндісін (теобромин мен тиофилиннен басқасы) шыны пластинкасына енгізіп 1тамшы реактивті қосамыз.Тұнбаның түсуін және түсін бақылаймыз: Вагнера-Бушарда (сұр тұнба), Мастери (реакция бермейді), Драгендорф (сарғыш,сұр түске өтеді), жолақ (сары);
2. арнайы реактивтермен сынақ: 0,001-0,002 г (1-2 кристалдарын) алкалоид препараттарын шыны пластинкаға салып 1тамшы натрий нитропруссид ерітіндісін қосады. Сары тұнба байқалады.
б) теобромин, теофиллин:
1. 0.1г препаратты 2 мл 0.1м натрий гидроксид ерітіндісімен 2-3 минут бойы шайқайды. Осы ерітіндіге 3 тамшы кобальт хлорид ерітіндісін қосады, сұр-көк түсті тұнба түзейді (теобромин) немесе ақшыл-қызыл түсті(теофллин).
2. 0.05г препаратты 3мл сумен 6мл натрий гидроксид ерітіндісінің қосылысында ерітеді, оған 1мл аммоний гидроксид ерітіндісін және 2мл 5% күміс нитрат ерітіндісін қосады. Ерітіндіні шайқағанда теобромин және теофиллин ақ тұнба, күміс тұзын түзеді.
в) кофеин бензоат натрий:
1.Байланыстағы бензой қышқылын анықтау: 2м 1% препараттың су ерітіндісіне 0.2мл темір хлорид(III) ерітіндісін қосады қызыл-сары тұнба береді.
2. Натрый ионын табу: 1 мл 1%-ертіндісін, сүйытылған сірке қышқылымен қышқылдайды, сүзеді, содан кейін цинк-уранил-ацетат ерітіндісін қосады. Сары кристалды тұнба береді.
Препараттардың тазалығына сынақ жұргізу
а) кофеин:
Қышқылдық немесе сілтілік: 0,2г препаратты 10мл жаңа қайнатылған ыстық суда ерітеді. Cуыған осы ерітіндіге 5 тамшы тимолфталеинды қосқанда көк түс пайда болмау керек. Осы ерітіндіге 0,1мл 0,05М , көлемі осыдан көп емес, натрий гидроксидын қосқанда көк түс пайда болуы тиіс.
Кептіру кезіндегі салмақты жоғалту: шамамен 0,5 г препаратты (дәл өлшем) 80 оС тұрақты массаға дейін кептіреді, кофеин моногидрат үшін жоғалту массасы 8,5%-дан аспау керек, ал cуық кофеинге 0,5%;
Органикалық қоспалар: массасы 0,3 г препарат 3 мл концентрлі күкіріт қышқылында еруі тиіс, және 3 мл концентрлі азот қышқылында ерітінді мөлдір және түссіз болуы тиіс.
Бөгде алкалоидтар: Дайындалған 10 мл препарат ерітіндісі (1:100) бірнеше тамшы реактив Майераны қосқанда, ерітінді мөлдір және түссіз болу керек.
б) кофеин-бензоат натрий:
Ерітіндінің мөлдірлігі және түсі: 0,5г препараттың 10мл судағы ерітіндісі мөлдір және түссіз болу керек;
Сілітілік және қышқылдық: 0,25г препаратты 5мл жаңа қайнатылған және суытылған суда ерітеді, одан бірнеше тамшы фенолфталеинді қосады. Ерітінді қызыл түске боялмауы тиіс. Осы ерітіндіге 0,15мл 0,05М артық емес натрий гидроксидін қасқанда, ерітінді қызыл түске боялуы тиіс.
Кептіру кезіндегі салмақты жоғалту: шамамен 0,5г препаратты (дәл өлшем) 80 оС тұрақты массаға дейін кептіреді. Жоғалту массасы 5%-тен арытық болмау керек;
Органикалық қоспалар: 0,3 г препаратты 3 мл концентрлі күкірт қышқылында ерітеді. Ерітіндінің түсі эталон № 5а –дан артық болмау керек.
г) теофиллин
Қышқылдық: 0,5 г препаратты 75 мл жаңа қайнатылған суда ерітеді содан кейін метил қызыл ерітіндісін қосады. Пайда болған қызыл бояу 0,4 мл 0,05 М (дәл өлшем) натрий гидоксидын қосқанда сары түске ауысуы тиіс;
Кептіру кезіндегі салмақты жоғалту: шамамен 0,5 г препараты (дәл өлшем) 100-105 оС тұрақты массаға дейін кептіреді. Жоғалту массасы 9,5% -дан арытық болмау керек.
органикалық қоспалар: 0,1 г препаратты 2 мл концентрлі күкіріт қышқылында ерітеді, ерітінді мөлдір және түссіз болу керек.
Басқа пурин негізі: 0,2г препаратты 5мл аммонии гидроксид ерітіндісінде ерітеді, ерітінді мөлдір және түссіз болу керек.