- •1.1. Экология құқығының түсінігі, пәні және әдістері
- •1.2. Экологиялық құқықтық қатынастардың объектілері мен субъектілері
- •1.3. Экологиялық құқықтың принциптері және жүйесі
- •2.1. Экологиялық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі және классификациясы
- •Қазақстан Республикасының Конституциясы – экология құқығының негізгі қайнар көзі
- •2.4. Экологиялық қатынастарды реттейтін өзге нормативтік актілер
- •3.1. Табиғат объектілеріне меншік құқығының түсінігі, меншік құқығының туындауының және тоқтатылуының негіздері
- •3.2. Табиғи ресурстарға меншік құқығының субъектілері мен объектілері
- •3.3. Табиғи ресурстады пайдалану құқығының түсінігі және принциптері
- •3.4.Табиғат ресурстарын пайдалануға берілу және тоқтатылу негіздері
- •4.1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі
- •4.2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі қағидалары
- •4.3. Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын
- •5.1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылаудың түсінігі
- •5.3. Экологиялық сараптаманың түсінігі және жүргізілу сатылары
- •6.1. Экология заңдарын бұзудың түсінігі және белгілері
- •6.2. Экологиялық әкімшілік және тәртіптік жауапкершіліктер
3.3. Табиғи ресурстады пайдалану құқығының түсінігі және принциптері
Табиғатты пайдалану ұғымын экологияны пайдалану ұғымынан айыра білу керек. Егер табиғат пайдалану адамның әр алуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғи ресурстардың тәртібі ретінде ұғынылатын болса, онда экологияны пайдалану да ең алдымен қоршаған ортаны және тұтастай алғанда экологиялық жүйені барынша сақтау мүддесі үстем болады.
Табиғи ресурстарды пайдалану – қоғам мен табиғат арасындағы негізгі қатынастар. Онда қоғам мүшелері – адамдар өздерінің экологиялық, экономикалық мәдени-сауықтыру, этикалық қажеттіліктерін өтеу үшін табиғат объектілерін белгіленген тәртіп бойынша пайдаланады. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде "Адамның күнделікті өмірінде, жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы және (немесе) қоршаған ортаға әсер етуі табиғат пайдалану болып табылады" деген анықтама берілген.
Объективтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы – бұл табиғи ресурстарды пайдаланудың шарттарын, табиғи ресурстарды пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Субъктивтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы – бұл нақты табиғи ресурстарды пайдаланушының табиғи ресурстарды иелену және пайдалану құқығын реттейтін экологияның заңдылықтар жиынтығы.
Табиғат пайдалану жалпы және арнайы болып бөлінеді.
Жалпы табиғат пайдалану тұрақты болып табылады және халықтың өмірлік қажетті сұраныстарын қанағаттандыру үшін және табиғи ресурстар пайдалануға берілмей, тегін жүзеге асырылады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, табиғатты жалпы пайдалануды шектеуге жол беріледі.
Арнайы табиғат пайдалану - Экологиялық Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды ақылы негізде пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғаның қызметі.
Табиғат пайдалану түрлеріне:
1) жерді пайдалану;
2) суды пайдалану;
3) орманды пайдалану;
4) жер қойнауын пайдалану;
5) жануарлар дүниесін пайдалану;
6) өсімдіктер дүниесін пайдалану;
7) қоршаған ортаға эмиссиялар;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін өзге де табиғат пайдалану түрлері жатады.
Табиғат пайдалану түрлері бойынша арнайы табиғат пайдалану құқығының туындау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
Арнайы табиғат пайдалану табиғат пайдаланудың бір түрін не олардың бірнеше түрінің жиынтығын қамтуы мүмкін.
Табиғат пайдаланушылар -Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын жеке және заңды тұлғалар табиғат пайдаланушылар болуы мүмкін.
Табиғат пайдаланушылар:
1) тұрақты (табиғат пайдалану құқығы мерзімі шектелмейтін сипатта болады) және уақытша (табиғат пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектелген);
2) бастапқы (табиғат пайдалану құқығы мемлекеттен не басқа да бастапқы табиғат пайдаланушылардан сол құқықтан айыру немесе әмбебап құқық мирасқорлығы тәртібімен алынған) және кейінгі (табиғатты уақытша пайдалану құқығы бұл мәртебені өзінде сақтап қалатын бастапқы табиғат пайдаланушыдан шарт негізінде алынған) болуы мүмкін.
Табиғат пайдалану құқығының принциптері деп табиғи ресрутарды пайдалану жөніндегі құқық қатынастарын реттеудің негізгі бастаулары мен негізгі қағидалары ұғынылады. Табиғат пайдалану құқығының негізгі принциптеріне мыналар жатады:
- Адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы.
- Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен ұдайы молайту.
- Табиғатты арнайы пайдаланғаны үшін кезең-кезеңменақы төлеуді енгізу және қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыруды енгізу.
- Табиғи ресурстарды пайдаланудың мақсатты сипаты.
- Қолайсыз экологиялық ахуалы бар аумақтарда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру.
-Ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени маңызы бар биологиялық алуан түрлілікті және қоршаған ортаның объектілерін сақтауды қамтамасыз ету.
- Мемлекеттік реттеу және мемлекеттік бақылау.
- Қоршаған ортаға нұсқан келтіруді болдырмау, қоршаған ортаға ықтимал ықпалды бағалау.
