- •1.1. Экология құқығының түсінігі, пәні және әдістері
- •1.2. Экологиялық құқықтық қатынастардың объектілері мен субъектілері
- •1.3. Экологиялық құқықтың принциптері және жүйесі
- •2.1. Экологиялық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі және классификациясы
- •Қазақстан Республикасының Конституциясы – экология құқығының негізгі қайнар көзі
- •2.4. Экологиялық қатынастарды реттейтін өзге нормативтік актілер
- •3.1. Табиғат объектілеріне меншік құқығының түсінігі, меншік құқығының туындауының және тоқтатылуының негіздері
- •3.2. Табиғи ресурстарға меншік құқығының субъектілері мен объектілері
- •3.3. Табиғи ресурстады пайдалану құқығының түсінігі және принциптері
- •3.4.Табиғат ресурстарын пайдалануға берілу және тоқтатылу негіздері
- •4.1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі
- •4.2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі қағидалары
- •4.3. Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын
- •5.1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылаудың түсінігі
- •5.3. Экологиялық сараптаманың түсінігі және жүргізілу сатылары
- •6.1. Экология заңдарын бұзудың түсінігі және белгілері
- •6.2. Экологиялық әкімшілік және тәртіптік жауапкершіліктер
5.1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылаудың түсінігі
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау- бұл экологиялық заңдардың талаптарының орындалуын және сақталуын тексеретін өкілетті органдардың қызметі.
Экологиялық бақылаудың міндеттері:
1. қоршаған ортаның жай-күйін, шаруашылық және өзге де қызметтің ықпалымен оның өзгерістерін байқап отыру;
2. табиғи ресурстарды молықтыру мен ұтымды пайдалану жөніндегі жоспарлар мен шаралардың орындалуын тексеру;
3. қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың сақталуын тексеру;
Мемлекеттік бақылаудың мақсаты:
1. Қоршаған ортаны қорғау;
2. Табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылаудың мақсаты экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3. Табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу;
4. Биологиялық ресурстарды орнықты пайдалану;
5. Ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласында мемлекеттік бақылаудың мынадай түрлері қолданылады:
1) экологиялық бақылау;
2) жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау;
3) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылау;
4) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы бақылау;
5) Қазақстан Республикасының орман заңнамасы саласындағы бақылау;
6) жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы бақылау;
7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы бақылау.
5.2. Экологиялық бақылаудың түрлері
Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік, өндірістік және қоғамдық бақылау жүзеге асырылады.
Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган;
2) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
3) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган;
4) орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
5) жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
7) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;
8) өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
9) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
10) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
11) өсімдіктерді қорғау мен олардың карантині саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
12) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
13) көлікті бақылау органдары болып табылады.
Мемлекеттік экологиялық бақылау мынадай міндеттерді атқарады:
1) табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруды;
2) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы саласындағы бұзушылықтардың алдын алуды орындау үшін қызмет етеді.
Мемлекеттік экологиялық бақылаудың бағыттары мыналарға:
1) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуына;
2) қоршаған ортаның ластану салдарларын жою жөніндегі шаралардың жүргізілуіне;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы экологиялық талаптардың сақталуына;
4) табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы экологиялық талаптардың сақталуына;
5) жерлерді жақсарту, жердің жұтаңдауынан туындататын процестер салдарларының алдын алу мен жою, топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру және сақтау жөніндегі іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне;
6) кәсіпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектілерді салу және реконструкциялау кезінде жерді рекультивациялау жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз ететін экологиялық талаптардың сақталуына;
7) кәсіпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектілерді пайдалануға беру және пайдалану кезінде жерді рекультивациялау жөніндегі жобаланған жұмыстарды орындау бөлігінде экологиялық талаптардың сақталуына;
8) жерді бүлдірумен байланысты жұмыстар жүргізген кезде топырақтың құнарлы қабатының алынуына, сақталуы мен пайдаланылуына;
9) пайдалы қазбалардың өнеркәсіптік қорларын өндіріп алу шамасына қарай немесе басқа да бүлдіретін процестер мен жұмыстардан босатылған жерлердің нысаналы мақсатына сай одан әрі пайдалану үшін жарамды жағдайға келтірілуіне;
10) қоршаған ортаны қорғауға қатысты лицензиялық келісімшарттық талаптардың сақталуына;
11) жер қойнауының ластанудан, су басудан және кен орны мен басқа да қоршаған орта объектілерінің бүлінуіне әкеп соғатын техногендік процестерден сақталуына және т.б.
Мемлекеттік экологиялық бақылау:
1) қоршаған ортаға эмиссияларды және табиғи ресурстарды есепке алу жөніндегі мемлекеттік және ведомстволық статистикалық есептілік материалдарын, сондай-ақ табиғатты пайдаланушылардың табиғат қорғау қызметі туралы деректерін талдау;
2) табиғат пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтауы мен орындауына тексерулер ұйымдастыру және жүргізу;
3) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін құқықтық құралдарды пайдалану жолымен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
- лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшесінің басшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы;
- лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшесі басшысының орынбасары болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының орынбасары;
- лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшесінің басқарма бастықтары мен бастықтарының орынбасарлары және бөлім бастықтары болып табылатын Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
- лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшесінің бас және жетекші мамандары болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
- лауазымы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары бастықтарының орынбасарлары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
- лауазымы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелерінің бастықтары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
- лауазымы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелерінің бас және жетекші мамандары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
- облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың мемлекеттік экологиялық инспекторлары жатады.
Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзудың қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері бар фактілері туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға;
4) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауға;
5) инспекторлық ақпарат құпиялылығын сақтауға;
6) қызметтік әдеп ережелерін сақтауға міндетті.
Арнайы табиғат пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
Өндірістік экологиялық бақылаудың мақсаттары:
1) табиғат пайдаланушының экологиялық саясатына, қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне және қоршаған ортаға ықпалды әсер ететін өндірістік процестерді реттеу аспаптарына қатысты шешімдер қабылдау үшін ақпарат алу;
2) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
3) табиғат пайдаланушының өндірістік процестерінің қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер етуін мейлінше азайту;
4) табиғи және энергетикалық ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру;
5) тосын жағдайларға жедел кідіріссіз ден қою;
6) табиғат пайдаланушылардың басшылары мен қызметкерлерінің неғұрлым жоғары деңгейде экологиялық хабардар болуы мен жауапкершілігін қалыптастыру;
7) кәсіпорындардың экологиялық қызметі және халықтың денсаулығы үшін қатер туралы жұртшылықты хабардар ету;
8) экологиялық талаптарға сәйкестіктің деңгейін арттыру;
9) қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесінің өндірістік және экологиялық тиімділігін арттыру;
10) инвестициялау және кредит беру кезінде экологиялық тәуекелдерді есепке алу болып табылады.
Өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу тәртібi:
1. Өндірістік экологиялық бақылауды табиғат пайдаланушы әзірлеген және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы негізінде табиғат пайдаланушы жүзеге асырады.
2. Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасында өндірістік экологиялық бақылау процесінде қадағаланып отыратын міндетті параметрлер тізбесі, оның мерзімділігін, ұзақтығы мен өлшемдер жиілігін айқындау критерийлері, пайдаланылатын аспаптық немесе есептік әдістер белгіленеді.
3. Өндірістік экологиялық бақылау шеңберінде өндірістік процестің тиімділігін экологиялық бағалау қоршаған ортаға эмиссиялар, зиянды өндірістік факторлар деңгейін, сондай-ақ табиғи, энергетикалық және өзге де ресурстарды тұтынудың нақты көлемін өлшеу негізінде және (немесе) есептеу негізінде жүзеге асырылады.
Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде табиғат пайдаланушының:
1) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуын қадағалап отыру үшін ең аз қажетті көлемде өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асыруға;
2) өзінің техникалық және қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, қабылданған талаптарға сәйкес өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын әзірлеуге;
3) өндірістік экологиялық бақылау қызметінің ұйымдық құрылымын және персоналдың оны жүргізу үшін жауапкершілігін дербес айқындауға;
4) кеңейтілген өндірістік экологиялық бақылауды ерікті негізде жүргізуге құқығы бар.
Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде табиғат пайдаланушы:
1) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын әзірлеуге және оны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісуге;
2) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының талаптарын іске асыруға және нәтижелерін құжаттауға;
3) рәсімдік талаптарды ұстануға және алынған деректердің сапасын қамтамасыз етуге;
4) өндірістік экологиялық бақылаудың нәтижелерін жүйелі түрде бағалауға және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде қажетті шаралар қолдануға;
5) өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері жөніндегі есептілікті қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға белгіленген тәртіппен ұсынуға;
6) өндірістік экологиялық бақылау процесінде анықталған, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу фактілері туралы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органға дереу хабарлауға;
7) қауіпсіздік техникасын сақтауға;
8) жүзеге асырылатын өндірістік экологиялық бақылаудың сапасы мен объективтілігін растау үшін мемлекеттік экологиялық инспекторлардың бастапқы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
9) жұртшылықтың өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларына және өндірістік экологиялық бақылау жөніндегі есептік деректерге қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
10) мемлекеттік экологиялық инспекторлардың талап етуі бойынша мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік экологиялық бақылаудың құжаттарын, талдаулардың нәтижелерін және өзге де материалдарын ұсынуға міндетті.
Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын табиғат пайдаланушы әзірлейді.
Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасында мынадай ақпарат:
1) өндірістік мониторинг процесінде қадағаланып отыратын міндетті параметрлер тізбесі;
2) өндірістік мониторинг пен өлшеулерді жүзеге асыру кезеңі, ұзақтығы және жиілігі;
3) өндірістік мониторингті жүргізуде пайдаланылатын әдістер туралы мәліметтер;
4) сынамаларды іріктеп алу нүктесі және өлшеулер жүргізу орны;
5) деректерді есепке алуды жүргізудің, талдаудың және хабарлаудың әдістері мен жиілігі;
6) ішкі тексерулердің жоспар-кестесі және олардың сақталмауына ден қоюдың ішкі аспаптарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзушылықтарды жою рәсімі;
7) аспаптық өлшеулердің сапасын қамтамасыз ету тетіктері;
8) тосын жағдайлардағы іс-қимыл хаттамасы;
9) өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу үшін қызметкерлердің ішкі жауапкершілігінің ұйымдастырушылық және функционалдық құрылымы;
10) өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу мәселелері көрініс табатын өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.
Қоғамдық экологиялық бақылау жұртшылықты мемлекеттің экологиялық проблемаларына тарту мақсатында жүргізіледі.
Қоғамдық экологиялық бақылау жүргізу тәртібін қоғамдық бірлестіктер өз жарғыларына сәйкес айқындайды.
