- •1.1. Экология құқығының түсінігі, пәні және әдістері
- •1.2. Экологиялық құқықтық қатынастардың объектілері мен субъектілері
- •1.3. Экологиялық құқықтың принциптері және жүйесі
- •2.1. Экологиялық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі және классификациясы
- •Қазақстан Республикасының Конституциясы – экология құқығының негізгі қайнар көзі
- •2.4. Экологиялық қатынастарды реттейтін өзге нормативтік актілер
- •3.1. Табиғат объектілеріне меншік құқығының түсінігі, меншік құқығының туындауының және тоқтатылуының негіздері
- •3.2. Табиғи ресурстарға меншік құқығының субъектілері мен объектілері
- •3.3. Табиғи ресурстады пайдалану құқығының түсінігі және принциптері
- •3.4.Табиғат ресурстарын пайдалануға берілу және тоқтатылу негіздері
- •4.1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі
- •4.2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі қағидалары
- •4.3. Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын
- •5.1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылаудың түсінігі
- •5.3. Экологиялық сараптаманың түсінігі және жүргізілу сатылары
- •6.1. Экология заңдарын бұзудың түсінігі және белгілері
- •6.2. Экологиялық әкімшілік және тәртіптік жауапкершіліктер
1.2. Экологиялық құқықтық қатынастардың объектілері мен субъектілері
Экологиялық қатынастар дегеніміз - бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз. Осының негізінде біз экологиялық қатынастарға бүкіл табиғи кешенге, сондай-ақ оның жекелеген бөлімдеріне бағытталған барлық қатынастарды жатқызамыз. Сондықтан жер, су, тау, орман, фауналық, атмосфералық ауа қатынастары біршама дербестікке ие болады және жер, су, тау, орман, фауналық, атмосфералық ауа құқығының мәні болып табылады, өзінің жалпы белгілері бойынша табиғат ресурстары қатынастарына жатады, олар экологиялық қатынастар құрамына кіреді. Сондай-ақ экологиялық қатнастарға объектісі табиғат кешені, табиғи орта болып табылатын қатынастарды жатқызу керек, мұның өзі қорықтардың, экологиялық апат аймақтарының құқықтық режимін реттеу мысалынан ерекше көрінеді.
Алайда бұл орайда мынаны ескеру керек: "жер, жер қойнауы, су, орман, жануарлар әлемі, ауа" ұғымы мен "табиғи ресурс" ұғымы арасында айырмашылық бар. Әр бір су экологиялық қатынастардың объектісі бола бермейді, "орман" экологиялық құқықпен реттеле бермейді. Мұның бәрі, егер аталған объектілер табиғат ресурстары болып, мына белгілерге сай келген жағдайда ғана мүмкін болады:
1) шығу тегінің табиғи сипаты. Табиғат ресурсы жасанды жолмен алынбауы тиіс, ол табиғат туындысының нәтижесі болып таыбалды;
2) ол қоршаған табиғатпен табиғи байланыста болып, онда белгілі бір экологиялық қызмет атқаруға тиіс.
Егер белгілі бір қоғамдық қатынаста табиғат объектісі табиғи ортадан алынатын болса, онда ол экологиялық құқықтың объектісі болудан қалады. Ол мүліктік қатынастардың объектісі, яғни азаматтық құқықтың объектісі болуға, тауар болуға тиіс. Табиғаттан алынған оған адам еңбегі жұмсалады және ол "бағалану" қасиетіне ие болады, оған құндылық ұғымы беріледі. Өзендегі "су" және елді мекеннің ауыз су жүйесіндегі "су" (крандағы су) өзінің физикалық қасеттері жағынан біртекті өнім болып табылады, бірақ әр алуан заңдармен реттелетін болады. "Өзендегі су" - бұл табиғи ресурс, оны пайдалану мен қорғау экологиялық қатынастардың объектісі болып табылады. "Крандағы су" - бұл объект табиғи ортадан алынған және бұл қоғамдық қатынастар санитарлық-гигиеналық және коммуналдық заңнамамен реттелетін болады.
Сөйтіп, мынадай қорытынды жасауға болады: экологиялық қатынастарға объектісі табиғат пен табиғат ресурстары болатын, белгілі бір өлшемдерге сай келетін қоғамдық қатынастарды жатқызуға болады.
Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады:
1. Қазақстан Республикасы - біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі бола отырып, экологиялық қатынастардың субъектісі болып таыбалды және табиғат пайдалану мен табиғатты қорғау мәселелері бойынша құқық қатынастарында міндетті тарап ретінде қатысады;
2. Шетелдік мемлекеттер - Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъектілері болып табылады, республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді (шекаралық су объектілері бойынша бірлесіп су пайдалануы және т.б.);
3. Халықаралық ұйымдар - экологиялық қатынастардың субъектілері ретінде халықаралық ұйымдарға мамандандырылған экологиялық ұйымдарды (ЮНЕП,МСОП), сондай-ақ экологиялық проблемаларды шешуде белгілі бір қызметті орындайтын ұйымдарды (БҰҰ, Сорос қоры және т.б.) жатқызуға болады;
4. Заңды тұлғалар - бұл топта тұлғалардың кең ауқымын атауға болады. Бұл кез келген меншік нысанының заңды тұлғалары - мемлекеттік кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, шетелдік кәсіпорындар және т.б.
5. Жеке тұлғалар - бұл арада Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдарды атауға болады. Олар табиғат пайдаланушылар, экологиялық құқықтарға ие бола алады және экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапты болады.
