- •1.1. Экология құқығының түсінігі, пәні және әдістері
- •1.2. Экологиялық құқықтық қатынастардың объектілері мен субъектілері
- •1.3. Экологиялық құқықтың принциптері және жүйесі
- •2.1. Экологиялық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі және классификациясы
- •Қазақстан Республикасының Конституциясы – экология құқығының негізгі қайнар көзі
- •2.4. Экологиялық қатынастарды реттейтін өзге нормативтік актілер
- •3.1. Табиғат объектілеріне меншік құқығының түсінігі, меншік құқығының туындауының және тоқтатылуының негіздері
- •3.2. Табиғи ресурстарға меншік құқығының субъектілері мен объектілері
- •3.3. Табиғи ресурстады пайдалану құқығының түсінігі және принциптері
- •3.4.Табиғат ресурстарын пайдалануға берілу және тоқтатылу негіздері
- •4.1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі
- •4.2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі қағидалары
- •4.3. Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын
- •5.1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылаудың түсінігі
- •5.3. Экологиялық сараптаманың түсінігі және жүргізілу сатылары
- •6.1. Экология заңдарын бұзудың түсінігі және белгілері
- •6.2. Экологиялық әкімшілік және тәртіптік жауапкершіліктер
6.2. Экологиялық әкімшілік және тәртіптік жауапкершіліктер
Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік табиғатты қорғау саласындағы аса кең таралған түрлері болып табылады. Әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдану үшін негіз әкімшілік қылық жасау болып таыбалды. Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодесіне сәйкес мынадай әкімшілік жазалар көзделген:
1). ескерту жасау;
2) әкімшілік айыппұл салу;
3) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған заттың өтемін төлеп алып қою;
4) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты тәлкілеу;
5) Белгілі бір азаматқа берілген арнаулы құқықтан айыру;
6) түзеу жұмыстары;
7) әкімшілік қамау.
2001 жылғы 30 қаңтарда қабылданған “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” ҚР-ң Кодексінің 31 бабына сәйкес Әкімшілік жауаптылықта болуға тиісті тұлғаларға:
1) Ақыл-есі дұрыс 16 жасқа толған жеке адам.
2) Заңды тұлғалар жатады.
Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” ҚР Кодексінің 19 тарауында “Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық” берілген. Мұнда барлығы 67 құқық бұзушылықтың құрамы берілген. Баптар табиғат объектілері бойынша бөлінген:
- атмосфералық ауаны қорғау (243-249 баптар);
- жерді қорғау мен пайдалану (250-258 баптар);
- жер қойнауын қорғау мен пайдалану (259-275 баптар);
- суды қорғау мен пайдалану (276-281 баптар);
- орманды қорғау мен пайдалану (282-294 баптар);
- жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану (301-306 баптар);
- құрылықтағы шельфті қорғау мен пайдалану (301-306 баптар);
- қоршаған табиғат ортасымен байланысты қызметке қойылатын жалпы экологиялық талаптар (240, 241, 245 баптар).
Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді сот органдары, ішкі істер органдары, мемлекеттік автомобиль инспекциясы, мемлекеттік өртке қарсы қызметі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің органдары мен осыған арнайы өкілеттігі бар өзге де органдар (аңшылық инспекциясы, балық аулауды қадағалау, жерге орналастыру қызметі жңне т.б.) қарайды.
Кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың өздерінің еңбек міндеттемелері мен қызметінен туындайтын табиғат қорғау заңын бұзуға, қызмет жағдайын, қоршаған табиғат ортасын және табиғи ресрустарды қорғау жөніндегі жоспарлар мен шараларды орындамауда кінәлі кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың лауазымды адамдары еңбек, өндірістік жңне технологиялық тңртіпті реттейтін Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңына, ережелеріне, жарғыларға, ішкі еңбек реті ережелеріне және басқа да нормативтік актілерге сәйкес тәртіпті жауапты болады. Тәртіптік жазаны кәсіпорынның немесе мекеменің әкімшілігі қолданады және бұйрықпен рәсімделеді.
Қызметкер тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыс беруші тәртіптік жазалардың мынадай түрлерін қолдануға:
1) ескерту жасауға;
2) сөгіс беруге;
3) қатаң сөгіс беруге;
4) жұмыс берушінің бастамашылығы бойынша жеке еңбек шартын бұзуға құқылы.
Егер қызметкердің заңсыз ңрекеттері нәтижесінде кәсіпорынға материалдық нұқсан келтірілетін болса, онда қызметкерге тәртіптік жауапкершіліктен басқа да материалдық жауапкершілік жүктеледі. Материалдық жауапкешіліктің мәні қызметкердің міндетіне оның кінәсінен кәсіпорынға келтірілген зиянды өтеуде болып табылады. Қызметкердің заңсыз әрекеттері нәтижесінде аса кеңінен таралған, қосымша жағдайлармен қоршаған ортаға өндіріс пен тұтыну қалдықтарының шығарындысын тастауы болады. Кәсіпорын табиғатқа келітірілген нұқсанды төлейді. Заңнамада қызметкердің толық материалдық жауапты болуы кезіндегі негіздер көзделген.
6.3. Экологиялық азаматтық жауапкершілік
Азаматтық құқық жауапкершілік дүние мүлкіне, зиянды өтеуінің және т.б. тиімсіз шараларды көрсететін құқық бұзушыға қолданылатын шаралар.
Азаматтық-құқық жауапкершілік өтемелі сипатта болады, себебі ол несие берушінің бұзылған мүліктік құқығы мен мүддесін қайтадан жөндеуге бағытталған. Ол құқық бұзушымен келтірілген зиянды толығымен өтеу принципіне негізделген.
ҚР-ның Азаматтық Кодексі зиянды өтеудің 2 түрлі тәсілін қарастырған іс-жүзінде және ақшалай.
Зиянды өтеудің іс-жүзіндегі түрі сирек қолданылады және оған кейде ұзақ уақыт керек.Мысалы: тал шыбықтарын отырғызы арқылы орманды қалпына келтіру.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік экологиялық құқық бұзушылықпен келтірілген материалдық нұқсан өтелген жағдайда қолданылады. Бұл жағдайда табиғатқа келтірілген нұқсанның материалдық сыйақысы болуға тиіс, мұның өзі табиғаттың, ауаның, судың, орманның және т.б. ластанумен келтірілген нұқсанды есептеген кезде барлық ретте мүмкін бола бермейді. Осымен байланысты заңнамамен азамат немесе заңды тұлға келтірген нұқсанды есептеудің екі ұдай тетігі қолданылады. Бірінші жағдайда, экологиялық заңды бұзғаны үшін мүліктік жауапкершілік тіркелген ақша төлемдері, арнаулы нақты түр немесе табиғат кешенінің объектісі үшін арнаулы кесімді баға нысанында белгіленеді. Бұл кесімді бағалар Қазақстан Республикасында жер бетіндегі жануарларға, ормандарға, балықтарға қатысты белгіленген. Екінші жағдайда, нұқсан Азаматтық заңның жалпы негіздері бойынша есептеледі, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес есептеледі. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзу салдарынан келтірілген зиянды өтеу ерікті түрде не соттың немесе төрелік соттың шешімі бойынша белгіленген тәртіппен нұқсанды есептеудің бекітілген кесімді бағасы мен әдістемесіне сәйкес, ал олар болмаған жағдайда, келтірілген залалдарды ескере отырып, қоршаған ортаның бұзылған жай-күйін қалпына келтіруге жұмсалған нақты шығындар бойынша жүргізіледі.
6.4. Экологиялық қылмыстық жауапкершілік
Қоғамдық қауіптіліктің жоғары деңгейі бар аса ауыр экологиялық құқық бұзу деп экологиялық қылмыс танылады. Экологиялық қылмыс деп Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген экологиялық құқық тәртібіне, қоғамның экологиялық құқықтық тәртібіне, қоғамның экологиялық қауіпсіздігіне, қоршаған табиғат ортасына немесе адамның денсаулығына елеулі нұқсан келтіріп жасалған қол сұғушылықтан көрінетін зиянкестікті ұғыну керек.
Қылмыстық жауаптылық мемлекет тарапынан қатаң шаралар қолдану арқылы сипатталады.Ол қылмыс жасаған кінәлі тұлғаға қылмыстық заңның негізінде Сот тәртібімен тағайындалады.Қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың түрлеріне бас бостандығынан айыру, айыппұл салу, түзету жұмыстары және т.б. саналады.
Қоршаған ортаны қорғау мен пайдалану барысындағы барлық қылмыстардың құрамын объектісіне байланысты мынадай түрлерге бөлуге болады:
А) Табиғатты пайдалануға байланысты әрекет ететін ережелерді бұзу.
1. ҚР ҚК 277 бап. Шаруашылық және өзге де қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы.
2. ҚР ҚК 278бап. Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы.
3. ҚР ҚК 279 бап. Микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттерінен немесе улы заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіз ережелерінің бұзылуы.
4. ҚР ҚК 280бап. Ветеринарлық ережелерді және өсімдіктердің аурулары немесе зиян кестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелерінің бұзылуы.
Б) Негізгі табиғат компоненттердің бұзылуы:
1. ҚР ҚК 281 бап.Суларды ластау, бітеу және сарқу.
2. ҚР ҚК 282 бап. Атмосфераны ластау.
3. ҚР ҚК 283 бап. Теңіз аясын ластау.
4. ҚР ҚК 284 бап. ҚР-ның айрықша экологиялық аймағы туралы заңның бұзылуы.
5. ҚР ҚК 285 бап. Жерді бүлдіру.
6. ҚР ҚК 286 бап. Жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу.
В)Фаунаны қорғау аймағындағы қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін қылмыстар.
1. ҚР ҚК 291 бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу.
2. ҚР ҚК 292 бап Ормандарды жою немесе зақымдау.
3. ҚР ҚК 293 бап. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың режимінің бұзылуы.
Г) Флораны қорғау аймағындағы қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін қылмыстар.
1. ҚР ҚК 287 бап. "Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз аулау".
2. ҚР ҚК 288 бап. "Заңсыз аңшылық".
3. ҚР ҚК 289 бап. "Жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу".
4. ҚР ҚК 290 бап. "Жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс-әрекеттер".
ҚР-ның Қылмыстық Кодексі «Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар» тарауына жаңа құрам «Экоцид» (161 бап) енгізді.
Берілген баптың құрамында өсімдіктер немесе жануарлар дүниесін жаппай жою, атмосфераны, жер және су ресурстарын улау,сондай-ақ экологиялық апатты туғызған немесе туғызуы мүмкін өзге де іс-әрекеттерді жасау қарастырылған. Бұл қылмыстың санкцияс-10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру.
Сонымен қылмыстық жауапкершілік қоғамға қауіптілігі жағынан жоғары дәрежеде болатын әрекеттерге тағайындалады. Ол сотпен ғана тағайындалады және жаза тағайындаудың негізі болып сот үкімі саналады.
