
- •1.1. Экология құқығының түсінігі, пәні және әдістері
- •1.2. Экологиялық құқықтық қатынастардың объектілері мен субъектілері
- •1.3. Экологиялық құқықтың принциптері және жүйесі
- •2.1. Экологиялық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі және классификациясы
- •Қазақстан Республикасының Конституциясы – экология құқығының негізгі қайнар көзі
- •2.4. Экологиялық қатынастарды реттейтін өзге нормативтік актілер
- •3.1. Табиғат объектілеріне меншік құқығының түсінігі, меншік құқығының туындауының және тоқтатылуының негіздері
- •3.2. Табиғи ресурстарға меншік құқығының субъектілері мен объектілері
- •3.3. Табиғи ресурстады пайдалану құқығының түсінігі және принциптері
- •3.4.Табиғат ресурстарын пайдалануға берілу және тоқтатылу негіздері
- •4.1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі
- •4.2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі қағидалары
- •4.3. Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын
- •5.1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылаудың түсінігі
- •5.3. Экологиялық сараптаманың түсінігі және жүргізілу сатылары
- •6.1. Экология заңдарын бұзудың түсінігі және белгілері
- •6.2. Экологиялық әкімшілік және тәртіптік жауапкершіліктер
3.2. Табиғи ресурстарға меншік құқығының субъектілері мен объектілері
Табиғат объектілеріне меншік құқығының субъектілері деп мыналар танылады: бірінші кезекте мемлекеттің өзі, одан әрі жеке және заңды тұлғалар.
Мемлекет жекеше заңды және жеке тұлғалардан өзгеше барлық табиғат ресурстарының меншік иесі бола алады. Осымен байланысты табиғат объектілеріне мемлекеттік меншік табиғат ресурстарына меншік нысандарының құрылымында басымдыққа ие болады.
Қазақстанда жуық уақыттан бері жерге жеке меншік енгізілді, сөйтіп меншіктің сан алуан нысандары заң актілерімен баянды етілді. Жерге жеке меншікті енгізу аса күшті күрес жағдайында өтті және Қазақстан қоғамында үлкен серпіліс туғызды.
ҚР-ның Жер кодексінің 20-бабына сәйкес жерге меншік құқығының субъектілері деп мыналар танылады:
1. Республика аумағындағы жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі - Қазақстан Республикасы;
2. Жер учаскелеріне жеке меншік құқығының субъектісі жер кодексімен белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде - азаматтар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар. Бұл ретте, осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, азаматтар деп Қазақстан Республикасы азаматтары, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар ұғынылады.
Алайда бұдан бұрын аталып көрсетілгендей, табиғат объектілерінің барлығы жеке меншікте бола алмайды.Мысалы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және т.б.
Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде шаруа қожалығын, өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, орман өсіру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшін, сондай-ақ үйлерді олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, соның ішінде тұрғын үйлерді және олардың кешендерін салуға берілген немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін.
Шет ел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шет елдік заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі үйлерді, олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлерді және олардың кешендерін салуға немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін. Сөйтіп, шет ел азаматарына, азаматтығы жоқ адамдарға және шет елдік заңды тұлғаларға тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізуге және орман өсіруге арналған жер берілмейді.
Сонымен бірге, мемлекет меншігінде болатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері тек Қазақстан Республикасы азаматтарына ғана шаруа қожалығын жүргізу үшін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу және орман өсіру үшін беріледі.
Меншік құқығының объектілеріне жер, орман, су, жер қойнауы,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жатады. Бұған сондай-ақ кешенді объект ретінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (мемлекеттік табиғат қорықтары, ұлттық табиғат парктері және т.б.) жатады.
Табиғи ресурстар ретінде табиғат объектілерін мынадай топтарға бөлуге болады:
1. Сарқылмайтын объектілер - бұл кешілігі жуық болашақта күтілмейтін табиғи ресрстар (күн энергиясы, атмосфералық ауа, жел энергиясы және т.б.).
Сарқылмайтын ресрустар мыналарға бөлінеді:
а) жаңартылатын, яғни қалпына келтірілетін табиғат ресурстары (өсімдіктер, жануарлар);
б) жаңартылмайтын, яғни жуық болашақта қалпына келтірілмейтін табиғат ресурстары (пайдалы қазындылардың көпшілігі);
в) ауыстырылатын (мысалы, көмір күн энергиясымен ауыстырылуы мүмкін) және ауыстырылмайтын (су, ауа және т.б.);
2. Сарқылатын объектілер - бұл босалқылары толық жойылу қатерінде тұрған табиғат ресрстары.
Табиғат объектілері қоршаған ортадан бөлінбейтін белгісімен сипататалды. Егер, бөліну бола қалса, айталық ағаш кесілетін болса, онда табиғат объектісіне құқық тоқталады, сөйтіп тауар құндылығына меншік құқығы туындайды, біздің жағдайымызда ағашқа құқық туындайды. Бұдан басқа табиғи ресрутарға меншік құқығы тек табиғаттың заттай және көрнекті объектілеріне туындайды. Сондықтан, атмосфералық ауа, күн және жел энергиясы сияқты табиғаттың объектілері кінің болса да меншігінде бола алмайды.