Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
stud_3_kurs_ekologia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
298.5 Кб
Скачать

1.3. Экологиялық құқықтың принциптері және жүйесі

 

Құқық саласының принциптерімен негізгі басшылыққа алатын ережелер танылады, оларға сәйкес белгілі бір қатынастар реттеледі.

ҚР-ның Экологиялық Кодексінде былай делінген: қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану мына принциптер негізінде жүзеге асырылады:

1) Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету;

2) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

3) экологиялық қатынастарды реттеу кезіндегі экожүйелі көзқарас;

4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару;

5) қоршаған ортаны ластаудың және оған кез келген басқа түрде залал келтіруді болдырмау жөнінде алдын алу шараларының міндеттілігі;

6) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылықтан бұлтартпау;

7) қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу міндеттілігі;

8) қоршаған ортаға әсер етудің ақылы болу және оған рұқсат алу тәртібі;

9) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезінде неғұрлым экологиялық таза және ресурс үнемдеуші технологияларды қолдану;

10) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің өзара әрекеттестігі, үйлесімділігі мен жариялылығы;

11) табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаны ластауды болдырмауға, азайтуға және оны жоюға, қалдықтарды кемітуге ынталандыру;

12) экологиялық ақпараттың қолжетімділігі;

13) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезінде ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету;

14) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының халықаралық құқық принциптерімен және нормаларымен үйлесуі;

15) жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіптілігі презумпциясы және оны жүзеге асыру туралы шешімдер қабылдаған кезде қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін бағалау міндеттілігі болып табылады.

        Экология құқығының жүйесі әдістемелік жағынан екіге бөлінеді: жалпы бөлім және ерекше бөлім.

         Экологиялық құқықтың жалпы бөлімінде экологиялық құқықтың мәселелері, табиғи ресурстардың жағдайын көрсететін қоғамдық қатынастар және бүкіл табиғат ресурстарына мемлекеттің меншік құқығы туралы мәселелер қаралады.

Жалпы бөлім:

1. Экологиялық құқықтың түсінігі, мәні және әдістері.

2. Экологиялық құқықтың қайнар көздері.

3. Табиғат объектілеріне меншік құқығы және оларды пайдалану құқығы.

4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару.

5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және экологиялық сараптама.

6. Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершіліктер.

Ал ерекше бөлімде табиғи ресурстарды қорғау және пайдаланудың мемлекеттік-құқықтық механизмі және табиғат объектілерінің жеке жағдайлары қаралады.

Ерекше бөлім:

1. Жердің және жер қойнауының құқықтық режимі.

2. Судың құқықтық режимі.

3. Орманның құқықтық режимі.

4. Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі.

5. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау.

6. Ерекше қорғалатын табиғи объектілердің құқықтық режимі.

7. Қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]