Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
stud_3_kurs_ekologia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
298.5 Кб
Скачать

5.3. Экологиялық сараптаманың түсінігі және жүргізілу сатылары

   

Экологиялық сараптама – шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта сапасының нормативтері мен экологиялық талаптарға сәйкестігінің, осы қызметтің қоршаған ортаға жасауы ықтимал теріс жерлерінің және соларға байланысты зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектісін іске асыруға қол жеткізілетіндігінің анықтамасы.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік экологиялық сараптама және қоғамдық экологиялық сараптама жүзеге асырылады.

Экологиялық сараптаманың мақсаттары:

1) жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық, норма шығару және өзге де қызметті іске асырудың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына ықтимал теріс зардаптарын айқындау және шектеу;

2) экономикалық даму мен қоршаған ортаны қорғау мүдделерінің балансын сақтау, сондай-ақ табиғат пайдалану процесінде үшінші тараптарға залал келтіруді болдырмау мақсатында жүргізіледі.

Міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамаға мыналар жатады:

1) жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызмет жобалары және оларға ілеспе, Экологиялық Кодекстің 37-бабында айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдары;

2) табиғат пайдалану мәселелеріне қатысты жоспарлау алдындағы және жобалау алдындағы құжаттаманың барлық түрлері, болжамдардың, экологиялық және өзге де бағдарламалардың жобалары, мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметі негізгі бағыттарының тұжырымдамалары, мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар, шарттар, келісімшарттар, оның ішінде меншік және жекешелендіру нысандарын өзгертуге қатыстылары;

3) қолданыстағы oбъектілер үшін қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдарымен қоса реконструкциялау жобалары;

4) қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің жобалары;

5) іске асырылуы қоршаған ортаға теріс әсерлерге әкеп соғуы мүмкін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары;

6) кәсіпорындарды,объектілер мен кешендерді, ғимараттар мен құрылыстарды орналастыруға, салуға, реконструкциялауға, дамытуға, техникалық қайта жарақтауға, қайта бейімдеуге, жоюға арналған техникалық-экономикалық негіздемелер (есептер) және жобалар,  жануарлар мен өсімдіктер дүниесі ресурстарын өндіру мен пайдалануға арналған биологиялық негіздемелер;

7) аумақтарды ұйымдастыру схемаларының жобалары;

8) қалалар мен аумақтарды, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтар аумақтарын және шаруашылық қызметті жүргізудің айрықша режиміндегі аумақтарды салудың (дамытудың) бас жоспарларының жобалары;

9) осы аумақтарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, экологиялық зілзала аймағы немесе төтенше экологиялық жағдай аймағы құқықтық мәртебесін беруді негіздейтін, аумақтар учаскелерін кешенді экологиялық зерттеу материалдары, сондай-ақ осы аумақтарды оңалту бағдарламалары;

10) көршілес мемлекеттердің қоршаған ортасына әсер етуі мүмкін немесе оны жүзеге асыру үшін көршілес мемлекеттермен ортақ табиғи ресурстарды пайдалану қажет болатын немесе көршілес мемлекеттердің халықаралық шарттарда белгіленген мүдделерін  қозғайтын шаруашылық және өзге де қызмет жобалары;

11) жаңа техникаға, технологияларға, материалдар мен заттарға, соның ішінде шетелден сатып алынатындарына қойылатын экологиялық талаптарды негіздейтін құжаттама;

12) табиғи ресурстарды пайдалануға және (немесе) алуға рұқсаттар (лицензиялар) беруді негіздейтін құжаттама.

Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері мынадай жағдайларда:

1) экологиялық сараптама объектісі бұрын жүргізілген мемлекеттік экологиялық сараптама ескертпелері бойынша жетілдірілген;

2) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін жобалау және өзге де құжаттамаға өзгерістер енгізілген жағдайда;

3) сот шешімінің негізінде, қайтадан мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтеді.

Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу тәртібi:

1) белгіленіп отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтің тапсырыс берушісі (инвестор);

2) мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын нормативтік құқықтық актілердің, жоспарлар мен бағдарламалардың жобаларын әзірлеуді жүргізетін мемлекеттік органның басшысы табыс етеді.

Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізудің тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу мерзімдерi:

1. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу мерзімі мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдарға алдын ала сараптамадан өткен қажетті барлық құжаттама берілген кезден бастап үш айдан аспауға тиіс.

2. Алдын ала сараптамадан өткізу мерзімі құжаттаманың мемлекеттік экологиялық сараптамаға келіп түскен күнінен бастап екі аптадан аспауға тиіс. Табыс етілген құжаттама толық болмаған жағдайда ол табыс еткен тұлғаға қайтарылуға жатады.

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы:

1. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы оны жүргізу нәтижелері бойынша беріледі.

2. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы экологиялық сараптама объектісін іске асыру жөнінде шешім қабылдауға болатындығы мен мүмкіндігі туралы тұжырымдарды қамтиды.

3. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы болған кезде тапсырысшы сараптамаға ұсынылған материалдарды сараптамалық қорытындының ұсыныстары мен ескертпелеріне сәйкес пысықтауды қамтамасыз етуге және ол белгілеген мерзімде барлық материалдарды қайтадан экологиялық сараптамаға табыс етуге не белгіленіп отырған қызметінен бас тартуға міндетті.

4. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу міндетті болатын шаруашылық және өзге де қызмет жобаларын мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз банктердің және өзге де қаржы ұйымдарының қаржыландыруына және іске асыруына тыйым салынады.

5. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысына Қазақстан Республикасының, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) Бас мемлекеттік экологиялық сарапшысы не өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органның сараптама бөлімшесінің басшысы қол қояды.

6. Жобалық құжаттамаға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы берілген күнінен бастап бес жыл ішінде қолданыста болады.

Қоғамдық экологиялық сараптама - қоғамдық бірлестіктер құратын сараптама комиссиялары ерікті негізде жүзеге асыратын қызмет түрі.

Қоғамдық экологиялық сараптама кез келген шаруашылық және өзге де қызметті азаматтардың өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны сақтау жөніндегі қоғамдық мүдделердің сақталуы тұрғысынан қарайды.

Қоғамдық экологиялық сараптама объектісі іске асырылған жағдайда мүдделері қозғалатын жеке тұлғалар немесе қоғамдық бірлестіктер қоғамдық экологиялық сараптаманың бастамашысы болуы мүмкін. 

Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы - қоғамдық бірлестіктер, олардың атынан экологиялық сараптама жүргізу туралы өтініш беріледі және сараптама комиссиясының қызметін ұйымдастыру жөнінде шаралар қолданылады.

Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының:

1) қоғамдық экологиялық сараптама объектісінің тапсырыс берушісінен қоғамдық экологиялық сараптама жүргізуге қажетті құжаттар мен материалдар сұратуға;

2) сараптама жүргізу үшін сарапшылық комиссия құруға;

3) қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысын жергілікті атқарушы органдарға және қаржы ұйымдарына табыс етуге құқығы бар.

Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы:

1) Қоғамдық экологиялық сараптаманы  Экологиялық Кодексте жазылған талаптарға сәйкес ұйымдастыруға;

2) қоғамдық экологиялық сараптаманың барысы мен нәтижелері туралы жұртшылықтың хабардар етілуін және қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысын әзірлеуде қоғамдық пікірдің есепке алынуын қамтамасыз етуге;

3) қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысының барлық мүдделі тараптар үшін ашық болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Қоғамдық экологиялық сараптаманы тіркеу тәртібi:

1.Қоғамдық экологиялық сараптама сараптаманы ұйымдастырушының оны жүргізу туралы өтініш тіркелген жағдайда жүзеге асырылады.

2. Қоғамдық экологиялық сараптаманы тіркеу туралы өтінішті оның ұйымдастырушысы аумағында сараптама объектісінің қызметі жоспарланып отырған жергілікті атқарушы органдарға береді.

Қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізу туралы өтініште:

1) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының атауы, заңды мекенжайы;

2) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының жарғыда көзделген қызметінің сипаты;

3) қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшылық комиссиясының құрамы туралы мәліметтер;

4) қоғамдық экологиялық сараптама объектісі туралы мәліметтер, қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізу мерзімдері көрсетілуге тиіс.

Жергілікті атқарушы органдар қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу туралы өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны тіркеуге немесе тіркеуден бас тартуға міндетті. Көрсетілген мерзім ішінде қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу туралы өтінішті тіркеуден бас тартылмаса, ол тіркелді деп есептеледі.

Егер:

1) бұрын осы oбъектіге қатысты екі рет қоғамдық экологиялық сараптама жүргізілсе;

2) қоғамдық экологиялық сараптама объектісі мемлекеттік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді қамтитын болса;

3) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының жарғысында осы қоғамдық бірлестіктің қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметі көзделмесе;

4) қоғамдық экологиялық сараптама объектісінің белгіленіп отырған мемлекеттік экологиялық сараптамасы аяқталса, қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастыру туралы өтінішті тіркеуден бас тартылуы мүмкін.

6. Жергілікті атқарушы орган қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу туралы өтінішті тіркеуден бас тартқан жағдайда, бұл жөнінде қоғамдық экологиялық сараптаманың бастамашысы мен ұйымдастырушысына бас тартудың себептерін дәлелді түрде негіздей отырып, жазбаша хабарлайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]