- •1.1. Экология құқығының түсінігі, пәні және әдістері
- •1.2. Экологиялық құқықтық қатынастардың объектілері мен субъектілері
- •1.3. Экологиялық құқықтың принциптері және жүйесі
- •2.1. Экологиялық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі және классификациясы
- •Қазақстан Республикасының Конституциясы – экология құқығының негізгі қайнар көзі
- •2.4. Экологиялық қатынастарды реттейтін өзге нормативтік актілер
- •3.1. Табиғат объектілеріне меншік құқығының түсінігі, меншік құқығының туындауының және тоқтатылуының негіздері
- •3.2. Табиғи ресурстарға меншік құқығының субъектілері мен объектілері
- •3.3. Табиғи ресурстады пайдалану құқығының түсінігі және принциптері
- •3.4.Табиғат ресурстарын пайдалануға берілу және тоқтатылу негіздері
- •4.1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі
- •4.2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі қағидалары
- •4.3. Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын
- •5.1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылаудың түсінігі
- •5.3. Экологиялық сараптаманың түсінігі және жүргізілу сатылары
- •6.1. Экология заңдарын бұзудың түсінігі және белгілері
- •6.2. Экологиялық әкімшілік және тәртіптік жауапкершіліктер
4.2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі қағидалары
Экология саласындағы мемлекеттік басқару органдарының қызметі белгілі бір басшылық бастаулары негізінде жүзеге асырылады, соған сәйкес мемлекеттің экологиялық саясаты қалыптасады.
Бұл басшылық идеялары, олар жиынтығында белгілі бір мақсаттарға қол жеткізуде мемлекеттің мәнін, негізгі қасиеттерін, ішкі бірлігін білдіруді мемлекеттік басқарудың принциптері деп аталады.
Мемлекеттік басқарудың принциптері белгілі бір қоғам дамуының экономикалық және әлеуметтік заңдарымен анықталады, және әдетте қолданыстағы заңда көрініс тапқан.
Мемлекеттік басқарудың принциптеріне мыналар жатады:
1. адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтіру;
2. табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік, мемлекет бақылайтын жерге жеке меншік;
3. мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешу кезінде қоғам дамуының экологиялық міндеттерін теңгерімді шешу;
4. экологиялық тәртіпті қамтамасыз ету үшін экономикалық ынталандыруды енгізу арқылы басқарудың экономикалық әдістерін қолдану;
5. экономикалық проблемаларды шешуге азаматтарды, халықты, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын кеңінен тарту және белсенді түрде қатысу;
6. мемлекеттік басқарудың жоспарлық принципі;
7. мемлекеттік басқарудың заңдылық принципі;
8. мемлекеттік басқарудың бағыныштылық принципі;
9. мемлекеттік басқарудың қоғаммен және өндіріспен үйлесу принципі және т.б.
4.3. Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын
мемлекеттік органдардың жүйесі мен құзіреті
Экология саласындағы басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүйесі екіге бөлінеді: жалпы және арнайы.
1. жалпы органдарға – Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Парламенті, т.б. жатады.
2. арнайы органдарға – айналадағы табиғи ортаны қорғау министрлігі және т.б. жатады.
Айналадағы табиғи ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылаудың функцияларының орындалуын және басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушылық органы – айналадағы табиғи ортаны қорғау Министрлігі болып табылады. Айналадағы табиғи ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының орталық атқарушылық органының атқаратын қызметіне мыналар жатады:
1. Айналадағы табиғи ортаны қорғау саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізеді және мемлекеттік экологиялық бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етеді.
2. Құзіреті шегінде қоршаған орта сапасының нормативтері мен шаруашылық және басқа да қызметтердің экологиялық талаптарын бекітеді немесе келіседі.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен айналадағы табиғи ортаны қорғаудың мемлекеттік қорына басшылық етуді және оныә қызметін бақылауды жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен шаруашылық қызметінің экологиялық қауіпті түрлеріне, қоршаған ортаға зиянды заттардың тасталуы мен шығарылуына лицензиялар береді, шарттар жасасады, лимиттер мен квоталар белгілейді, табиғат пайдалануға рұқсат береді.
5. Қоршаған ортаныә мемлекеттік мониторингі бойынша жұмыс жүргізеді, сондай-ақ қоршаған орта мониторингі мен табиғи ресурстардың бірыңғай жүйесіне басшылық етеді.
6. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастырады.
7. Қорық ісіне жалпы әдістемелік басшылықты үйлестіріп, жүзеге асырады, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардыә мемлекеттік кадастрын жүргізеді.
8. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғауға молықтыруға және пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
9. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің мемлекеттік кадастрын жүргізеді, Қызыл кітаптың шығарылуын қамтамасыз етеді.
10. Өз құзіреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
11. Қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық ынтымақтастыққа қатысады.
12. Қоршаған ортаны тиімді қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі өзге де міндеттерді орындайды.
4.4. Айналадағы табиғи ортаның мемлекеттік мониторингі
Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингі туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы Экологиялық кодексінде жеке тарау берілген.
Экология саласындағы мемлекеттік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі - бұл табиғат ортасының жай-күйі мен сапасы туралы толық, объективті ақпараттың болуы және оған ықпал етудің деәгейі. Егжей-тегжейлі ақпарат алу мемлекеттің дербес қызметініә мазмұны болатын экологиялық мониторинг.
Мемлекеттік экологиялық мониторинг (қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі) - табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен қоршаған ортаның, табиғи ресурстардыә жай-күйінің өзгеруін бағалау, болжау және бақылау мақсатында олардың жай-күйін қадағалаудың кешенді жүйесі.
Атмосфералық ауа, жер, жер үсті мен жер асты сулары, жер қойнауы, жануарлар және өсімдіктер дүниесі, сондай-ақ климат пен Жердің озон қабаты, экологиялық жүйелер, қоршаған ортаныә халықтың денсаулығына әсер ететін факторлары мемлекеттік экологиялық мониторинг объектілері болып табылады.
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі және оның міндеттерi:
1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі - экологиялық қауіпсіздікті, табиғи ресурстарды сақтауды, молықтыруды және ұтымды пайдалануды, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында басқарушылық және шаруашылық шешімдердің қабылдануы үшін қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйін байқауды, сондай-ақ олардыә нақты жай-күйі туралы деректерге талдау жасауды қамтитын көп мақсатты ақпараттық жүйе.
2. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыәғай мемлекеттік жүйесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган арнайы мемлекеттік уәкілетті органдармен бірлесе отырып ұйымдастырады.
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыәғай мемлекеттік жүйесінің принциптері:
1) бірыәғай ұйымдық, әдістемелік, метрологиялық және ақпараттық ұстаным негізінде жұмыс істеу;
2) қолданыстағы мемлекеттік және өзге де мониторинг жүйелерінің мүмкіндіктерін барынша пайдалану болып табылады.
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің міндеттері:
1) қоршаған ортаның, биологиялық әралуандық және экожүйелердің жай-күйі туралы, антропогендік әсер ету көздері, тіршілік ету ортасының халық денсаулығына әсер ететін факторлары туралы дұрыс және салыстырмалы ақпарат алу;
2) қоршаған ортаның жай-күйін, антропогендік әсер ету деңгейлерін, биосфера жай-күйінің көрсеткіштерін, экожүйелердің функционалдық тұтастығын бағалау және болжау;
3) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданатын басқарушылық шешімдері мен өткізілетін іс-шаралардың тиімді болуына талдау жүргізу үшін деректермен қамтамасыз ету болып табылады.
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі тіршілік ету ортасы мен халықтың денсаулығын қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін тікелей немесе жанама түрде қамтитын, Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы мониторинг жүйелері мен мониторингтің кіші жүйелерінің базасында қалыптасады.
Арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар өздерінің құзыретіне сәйкес табиғи объектілерге зерттеу жүргізуге және мониторинг түрлерін (кіші жүйелерді) ұйымдастыруға міндетті.
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі бірыңғай мемлекеттік жүйесінің мазмұнын мониторингтің мынадай кіші жүйелері:
1) қоршаған орта жай-күйінің мониторингі;
2) табиғи ресурстар мониторингі;
3) мониторингтің арнайы түрлері құрайды.
Жұмыс істеу процесінде Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі бірыңғай мемлекеттік жүйесінің кіші жүйелеріне мониторингтің басқа да түрлері енуі мүмкін.
Қоршаған орта жай-күйінің мониторингі мынадай түрлерді қамтиды:
1) атмосфералық ауа жай-күйінің мониторингі;
2) атмосфералық жауын-шашын жай-күйінің мониторингі;
3) су ресурстарыныә сапалық жай-күйінің мониторингі;
4) топырақ жай-күйінің мониторингі;
5) метеорологиялық мониторинг;
6) радиациялық мониторинг;
7) трансшекаралық ластаулар мониторингі;
8) фондық мониторинг.
Қоршаған орта жай-күйінің мониторингін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады.
Атмосфералық ауа жай-күйінің мониторингі - Қазақстан Республикасының елді мекендерінде атмосфералық ауаның ластануының жай-күйіне бақылау жасау жүйесі. Мемлекеттік бақылау бекеттерінің санын және оларды әрбір нақты елді мекенде орналастыруды халық саны, жер рельефі, ластанудың нақты деңгейін ескере отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде айқындайды.
Су ресурстарының сапалық жай-күйінің мониторингі - жер үсті және жер асты сулары сапасының жай-күйіне бақылау жасау жүйесі.
Топырақ жай-күйінің мониторингі - елді мекен жерлерінде, суармалы аумақтар мен ауыл шаруашылығы алқаптарында топырақтың техногендік ластануының жай-күйіне бақылау жасау жүйесі.
Метеорологиялық мониторинг - мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды ауа райы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету, қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді метеорологиялық, агрометеорологиялық болжамдар жасау және дүлей метеорологиялық құбылыстардың туындау ықтималдығы туралы ескерту мақсатында атмосфера мен жер үстінің физикалық параметрлеріне, метеорологиялық, оның ішінде актинометрикалық, жылу балансы, озонометрикалық, аэрологиялық бақылау жасаудыә кешенді жүйесі. Метеорологиялық мониторинг деректерінің негізінде климаттың және Жердің озон қабатының мониторингін жүргізу жүзеге асырылады.
Радиациялық мониторинг - қоршаған ортаның объектілері мен аумақтардың техногендік және табиғи радиоактивті ластануына бақылау жасау жүйесі.
Трансшекаралық ластану мониторингі - трансшекаралық сулар мен ауаның трансшекаралық ластануының, сондай-ақ қоршаған ортаға трансшекаралық әсерді болғызбау, шектеу және азайту үшін қолданылатын шаралар тиімділігініә жай-күйіне шекаралас мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастық шеәберінде жүзеге асырылатын бақылау жүйесі.
Фондық мониторинг - қоршаған ортаның кешенді фондық мониторингі станцияларының мамандандырылған желісіндегі атмосфера мен басқа да ортаның биосферамен өзара іс-қимылының жай-күйіне бақылау жасау жүйесі
Табиғи ресурстар мониторингі мынадай түрлерді қамтиды:
1) жер мониторингі;
2) су объектілері және оларды пайдалану мониторингі;
3) жер қойнауы мониторингі;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мониторингі;
5) таулы экожүйелер мен шөлейттену мониторингі;
6) орман мониторингі;
7) жануарлар дүниесі мониторингі;
8) өсімдіктер дүниесі мониторингі.
Табиғи ресурстар мониторингін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Жер мониторингі болып жатқан өзгерістерді уақтылы анықтау, оларды бағалау, олардың одан әрі қанат жаюын болжау және теріс процестер салдарларының алдын алу және жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізілетін жер қорының сандық және сапалық жай-күйіне базалық (бастапқы), жедел, мерзімді бақылау жасау жүйесі болып табылады.
Жер мониторингінің деректері Мемлекеттік жер кадастрында қорытылады.
Су объектілерінің мониторингі олардың жай-күйінің гидрологиялық, гидрогеологиялық, гидрогеохимиялық, санитарлық-химиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және уыттылық көрсеткіштерін тұрақты бақылау, теріс процестерді уақтылы анықтау, олардың қанат жаюын бағалау және болжау мақсатында алынған ақпаратты жинау, өңдеу және беру, жүзеге асырылатын су шаруашылығы іс-шараларының зиянды салдарларын болғызбау және тиімділік дәрежесін айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу жүйесі болып табылады.
Жер қойнауының мониторингі мемлекеттік жер қойнауы қорының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету және олардың өзгерістерін уақтылы анықтау, теріс процестерді бағалау, олардың алдын алу және салдарларын жою үшін жер қойнауының жай-күйіне бақылау жасау жүйесі болып табылады. Жер қойнауы мониторингінің деректері Мемлекеттік жер қойнауы кадастрында қорытылады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мониторингі - табиғи процестердіә қалыпты өтуі мен қоршаған ортаның жай-күйіндегі өзгерістердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық жүйелеріне әсерін зерттеу үшін бақылау жасау жүйесі. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мониторингінің деректері Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрында қорытылады.
Таулы экожүйелер мен шөлейттену мониторингі - шөлейттену мен оның зардаптарына және таулы экожүйелердің жай-күйіне бақылау жасау.
Орман мониторингі орман қорын күзету, қорғау және ормандарды молықтыру, орман қорын пайдалану, биологиялық әралуандықты және ормандардың экологиялық функцияларын сақтау саласындағы мемлекеттік басқару мақсатында орман қорының жай-күйі мен серпінін бақылау, бағалау және болжау жүйесін білдіреді. Орман мониторингінің деректері Мемлекеттік орман кадастрында қорытылады.
Жануарлар дүниесінің мониторингі жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру мен пайдалану және биологиялық әралуандықты сақтау саласындағы мемлекеттік басқару мақсатында жануарлар дүниесі объектілерінің жай-күйі мен динамикасын бақылау, бағалау және болжау жүйесі болып табылады. Жануарлар дүниесі мониторингінің деректері Жануарлар дүниесінің мемлекеттік кадастрында қорытылады.
Өсімдіктер дүниесінің мониторингі өсімдіктер дүниесін зерттеу, қорғау, молықтыру және тұрақты пайдалану мақсатында олардың объектілері жай-күйінің бағалануын бақылау жүйесін білдіреді.
Мониторингтің арнайы түрлеріне:
1) әскери-сынақ полигондарының мониторингі;
2) "Байқоңыр" зымыран-ғарыш кешенінің мониторингі;
3) парниктік газдардың және озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың мониторингі;
4) санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг;
5) климаттың және Жердің озон қабатының мониторингі;
6) төтенше экологиялық жағдайлар және экологиялық зілзала аймағының мониторингі;
7) ғарыштық мониторинг жатады.
Әскери-сынақ полигондарының мониторингі - әскери, оның ішінде зымырандық техниканы сынақтан өткізуден, жабық және қолданыстағы полигондар аумақтарында бейбіт мақсаттарда ядролық жарылыстар жасаудан туындайтын қоршаған ортаның ластануына бақылау жасау жүйесі.
"Байқоңыр" зымыран-ғарыш кешенінің мониторингі - "Байқоңыр" кешенінің зымыран-ғарыш қызметі әсер еткен аумақтарда қоршаған ортаның жай-күйіне бақылау жасау жүйесі.
Парниктік газдардың және озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың мониторингі - парниктік газдардың атмосфераға шығарылатын шығарындыларын және озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды және олардың көздеріне бақылау жасау және есепке алу жүйесі.
Санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг - халықтың денсаулығы мен тіршілік ету ортасының жай-күйіне, оларды талдаудың, бағалаудың және болжаудың, сондай-ақ халықтың денсаулығы жай-күйі мен тіршілік ету ортасы факторларының әсері арасындағы себеп-салдар байланыстарын айқындаудың мемлекеттік бақылау жасау жүйесі. Мониторингті халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Климаттың және Жердің озон қабатының мониторингі - климаттың өзгерістері мен Жердің озон қабатының динамикасына, олардың жай-күйін кешенді бағалау мен болжауға бақылау жасау.
Төтенше экологиялық жағдайлар және экологиялық зілзала аймағының мониторингі - төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зілзала аймақтарының аумақтарында қоршаған ортаның жай-күйіне бақылау жасау жүйесі.
Ғарыштық мониторинг - ғарыштық орналастыру және дистанциялық тексеріп көрудің бақылау құралдарын пайдалана отырып, қоршаған ортаның жай-күйіне бақылау жасау жүйесі, оның жұмыс істеуін ұйымдастыруды аэроғарыштық қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі:
1) ғылыми зерттеулер ұйымдастыру мен жүргізу, Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі бірыңғай мемлекеттік жүйесініә жұмыс істеуі үшін қажетті және жеткілікті әдістемелік база;
2) қоршаған ортаның жай-күйін айқындайтын нормативтерді, оған антропогендік әсер ететін нормаларды, қоршаған ортаның жай-күйін бағалау мен болжау, табиғат қорғау қызметінде басқарушылық шешімдерді шығару және қабылдау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін негіз болып табылатын экологиялық қауіпсіздік нормаларын әзірлеу және белгілеу;
3) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі бірыәғай мемлекеттік жүйесінің, оның құрылымдық бөлімшелері мен элементтерін құру және жұмысын ұйымдастыру үшін қажетті талаптарды, ережелер мен рәсімдерді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау және қолданысқа енгізу;
4) бақылаудың салыстырмалы нәтижелерін алуға мүмкіндік беретін әдістемелік құжаттарды әзірлеуді және енгізуді ұйымдастыру;
5) ақпараттық жүйелердің құрылымдарын, деректер базасының жүйелерін, жіктеуіштерді, деректер сөздіктерін және құжаттардың біріздендірілген нысандарын әзірлеу;
6) техникалық қамтамасыз ету;
7) талдамалық зертханаларды және мониторинг жүргізуді қамтамасыз ететін басқа да бөлімшелерді аккредиттеуді ұйымдастыру негізінде жұмыс істейді.
