
- •1.Ядролық физиканың іргелі мəселелері
- •2.Ядролық сәулелер туралы түсінік
- •4.Бетта-бөлшек, тегі, сипаттамасы
- •25. Бөлшектерді энергиясы бойынша сараптау әдісі.
- •26. Бөлшектерді массасы бойынша сараптау әдісі.
- •29. Рентген түтігі. Жұмыс істеу принципі.
- •46 Хофштадтер тəжірибесі
- •49 Циклотрондық үдеткіштер. Жұмыс істеу принципі
- •51 Қолданбалы ядролық физиканың тəжірибелік əдістері
- •52 Радиоактивтік изотоптарды дайындау əдістері
- •53 Нейтрон белсендендіру əдісімен радиоактивтік изотоп дайындау
- •54 Таза элементтерді дайындаудың қажеттілігі
- •55 Изотоптың гамма спектріне қоспаның тигізетін кері əсері
- •56 Радиоактивтік изотоптарды геологиялық барлауда қолдану
- •57 Изотоптарды кен қазу кезінде жəне металлургияда пайдалану
- •58 Изотоптарды құрылыста пайдалану
- •59 Гамма-каротаж əдісі
- •60 Рентген-радиометрлік əдіс
- •76. Протонның ішкі құрылысын тәжірибе жүзінде зерттеу әдістері.
- •77. Протондар. Жалпы сипаттамасы.
- •78. Күшті өріс заряды- түстер. Сипаттамасы.
- •79. Күшті өріс бозоны- глюондар. Қасиеттері.
- •80. Асимптотикалық еркіндік. Конфайнмент.
- •81. Лептондар. Сипаттамасы.
- •82. Зарядталған лептондар мен нейтрал лептондар. Қасиеттері.
- •83. Лептондардың қатысуымен жүретін ядролық реакциялар.
- •84. Бета- ыдырау. Бета- бөлшектердің энергетикалық спектрі. Ерекшелігі.
- •85. Аннигиляция құбылысы. Зерттеу әдістері.
- •86. Электрондық үдеткіштен нейтриноны өндіру әдісі.
- •87. Лептондық заряд кванттық саны туралы түсінік.
- •88. Әлсіз әсер ториясы- электроәлсіз үлгі туралы түсінік.
- •89. Кванттық электродинамика мен кванттық хромодинамиканың ұқсастыығы мен айырмашылығы.
- •90. Әлемнің біртұтас теориясы туралы түсінік.
88. Әлсіз әсер ториясы- электроәлсіз үлгі туралы түсінік.
Бүл тек микроәлемде байқалатын әрекеттесу. Олбір фермион бөлшектердің екінші түрге айналуына қатысты, бул жағдайда өзара әрекеттесуші лептондар мен кварктер түсі өзгермейді. Әлсіз әрекеттесудің қарапайым мысалы: бета - ыдырау процесі барысында бос нейтрон 15 минут ішінде протонға, электронға және электрондық антинейтроноға ыдырайды. Әлсіз заряд үш айырбас бозон бөлшектері бар үш өріс түрін күрайды. Әлсіз өзара әрекеттесу векторлық бозондар арқылы беріледі және әрекеттесу радиусы өте қысқа - 1015 см.
Әлсіз өзара әрекеттесу туралы ең алғаш жасалған теория аяқталмаған болып шықты.
Күннің өзі әлсіз әрекеттесу нәтижесінде жарық шашады (протон нейтронға, позитронға және нейтриноға айналады). Белініп шығатын нейтронның аса жоғары өту қабілеті бар, ол миллиард километр қалыңдықтағы темір плита арқылы өтіп кетеді. Әлсіз өзара әрекеттесу жағдайында бөлшектер зарядтары өзгереді.
Әлсіз әрекеттесу түйісу арқылы жүзеге аспайды, керісінше аралық ауыр бөлшектердің - бозондардың алмасуы арқылы жүреді.
60-шы жылдарда С.Вайнберг пен А.Салам біртұтас электро әлсіз өзара әрекеттесу теориясын ұсынды.
Бұл теория біртұтас іргелі зарядтардың өмір сүруі арқылы жасалған.
89. Кванттық электродинамика мен кванттық хромодинамиканың ұқсастыығы мен айырмашылығы.
Кванттық хромодинамикада кванттық электродинамикадағы сияқты кварктар өзара әсерлесу өрісінің кванттарын алмастыру арқылы әсерлеседі деп есептеледі. Ол әсерлесу кванттары глюондар деп аталады. Кванттық хромодинамиканың кванттық электродинамикадан айырмашылығы- кварктық Дирак өрісінің үш түстік күйінің болатындығы мен ол күйлердің біреуінің екіншісі арқылы түстік кеңістікте түрлене алатындығы. Кванттық хромодинамикада глюондардың өз өрісімен асимптотикалық еркіндік деген тамаша эффект туады. Кванттық электродинамикада вакуумның полярлануы салдарынан заряд қалқаланып, әсерлесудің эффективтік тұрақтысы жақын қашықтықтар үшін артады. Кванттық хромодинамикада керісінше, глюондардың өздік әсерлесулері антиқалқандалуға, жақын қашықтықтарда күшті әсерлесулердің эффектілік тұрақтысының q(K)2 кемуін береді.
90. Әлемнің біртұтас теориясы туралы түсінік.
Материя жөніндегі алғашқы пікірлер дүниенің біртұтас негізін түсіндіре бастаған көне дүние философтарының балаң ізденістерінде кездесіп отырды. Мәселен, Фалес дүниенің негізін – су, Гераклит – от, Демокрит – атом деп қарастырған. Ал Эмпедокл әлемнің түп негізі – төрт элементтен – судан, жерден, ауадан және оттан тұрады деген. Аристотельдің пайымдауынша, материя – бұл мүмкіндіктегі болмыс. Нақты заттар осы болмысқа форманың әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Материяның басқа жағдайға көшуін Аристотель – қозғалыс, процесс («кинесис») деп атаған. Яғни, материя дегеніміз – біздің сана – сезімізден тыс өмір суретін реалдылық. Ол адамнан, адамзаттан тыс өмір сүреді. Әлемді ешкім жасаған жоқ, ол болған және бола бермек. Әлем шексіз, шетсіз, ол көпжақты, көп қырлы, оның әр түрлі қасиеттері, ерекшеліктері бар. Әлемнің шексіздігі – ондағы процестер мен құбылыстардың ешқашан аяқталмайтынын білдіреді. Материалдық әлемнің басы, соңы жоқ, ол ұдайы даму, ұдайы өзгеру, ұдайы қалыптасу үстінде. Адам, оның өмірі – басы мен аяғы жоқ, шексіз де шетсіз әлемнің тарихындағы бір ғана сәт немесе өте кішкене әлем. Материяға – біртұтастық, яғни бүтіндік және құрылымдылық, біркелкілік тән. Әлемнің әртүрлі бөліктері мен қырлары - өзара тікелей немесе бір – бірі арқылы байланысқан – табиғат пен қоғам, тұлға мен топ. Материяның өмір сүру тәсілі – қозғалыс. Қозғалыс дегеніміз кез келген өзгеріс. Қозғалыс объективті, абсолютті, салыстырмалы, мәңгі.