Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
exam_econom.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
365.57 Кб
Скачать

13.Экономикалық ресурстар түсінігіне талдау жасау. Экономикалық теориядағы ресурстардың сиректігі және шектеулілік мәселелеріне сипаттама беру.

Адамдардың барлық қажеттіліктерін өтеу үшін қоғамда экономикалық ресурстар жеткілікті болуы керек. Экономикалық ресурстар дегеніміз — тауар өндіріп және қызмет көрсетуге пайдаланылатын барлық табиғи, адам және адам қолымен өндірілген ресурстар. Оған ғимарат және құрылыс, жабдықтардың барлық түрлері, машиналар, құрал-саймандар, берілу құрылғылары, коммуникациялар, еңбек түрлері, жер және әртүрлі кен байлықтар жатады. Барлық экономикалық ресурстар 3 ке бөлінеді.

1. «Табиғи» — бұл тауарлар мен игі қызметтерді өндіру кезіндегі пайдаланылатын табиғи игілік. Оған жер, су, орман, газ, мұнай мен кен орындары және т.б жатады. 2. Материалдық» — бұл өндіріс нәтижесінде алынатын еңбек құралдары мен заттарының жиынтығы. 3. «Еңбек» —еңбек етуге қабілетті халықтың бір бөлігі. Еңбек ресурстары өзінің жасы, жынысы, білімі, мамандық деңгейі және еңбек етуге ынтасы бойынша жіктеледі. Ресурстардың шектеулігі проблемасы қазіргі таңда ең актуалды мәселелердің бірі болып табылады. Бәрімізге белгілі, көптеген табиғи ресурстардың қоры таусылды (немесе қазіргі таңда дефицит), ал көп мөлшерде кездесетін ресурстар олардың таусылмайтындығын білдірмейді. Адам қажеттіліктерінің орындалуы тиісті жаєдайлардың жасалуына тікелей байланысты, ал сол жағдайлар өз кезегінде өндіріс үшін көптеген ресурстарды қажет етеді. Дүние жүзіндегі халық санының ұдайы өсіп отыруы ресурстардың шектеулігіне әкеліп соғады, ол халықтың барлық қажеттіліктерін қанағаттандырмайды. Қазіргі таңда адамдарға қолайлы жағдай тудыру үшін көп мөлшерде ресурстар қолданылады. Ресурстарды қолдануды осы кезден бастап шектеу керек, себебі кейін бұл проблема шешілмей, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Соңғы кездері бұл мәселе көп қозғалып жүр, себебі ресурстардың шектеулігі қоғамның ілгері дамуына тікелей әсер етеді. Кейбір ғалымдардың пайымдауынша, ресурстардың шектеулігі абсолюттік тұрғыда емес, қатынастық тұрғыда кездеседі, себебі ресурстың қанша уақытта жойылуы оның қоғамдағы қолданыс нәтижелілігіне тікелей байланысты. Екінші бір ғалымдар тобының айтуы бойынша, ресурстардың абсолюттік шектеулі және қатынастық шектеулі түрлері кездеседі. Бұл ғалымдар қатынастық шектеулік туралы бірінші ғалымдар тобымен келіседі, ал абсолюттік шектеулі ресурстар туралы олардың пікірі мүлдем басқа. Олардың айтуынша, кейбір ресурстардың түрлерін басқа ресурстармен ауыстыру мүмкін.

14.Негізгі және айнымалы капитал түсініктерін анықтау. Негізгі капиталдың тозу процесін түсіндіру

Негізгі капитал- көптеген өндіріс циклы ішінде өзінің натуралды-заттық нысанын өзгертпейтін және тұтыну құнын жоғалту дәрежесіне карай өз құнын өнімге көшіретін өндірістік капиталдың бір бөлігі. Ол өндіріс процесіне қатысу сипатына қарай өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Негізгі капиталға ғимарат, жабдықтар,құрылғылар, машиналар, көлік және т.б жатады.

Негізгі капитал тозуға ұшырайды. Тозудың 2 түрі бар. Физикалық тозу дегеніміз негізгі капиталдың тұтыну құнын жоғалтуы. Физикалық тозу негізгі капиталдың қызмет ету процесінің нәтижесінде орын алады. Моральдық тозу негізгі капиталдың физикалық тозуына байланыссыз, олардың құнының төмендеуінен көрінеді. 1-ші топтағы моральдық тозу негізгі капитал өндіретін салалардағы еңбек өнімділігінің жоғарылауынан туындайды. Бұрын шығарылған машиналардың өндірісіне аз шығын жұмсалады және олар арзандайды. 2ші топтағы моральдық тозу өндіріске барынша өнімділігі жоғары құрал-жабдықтарды енгізу мен технологиялық процестерді және өндірісті ұйымдастыруды жетілдірудің әсерінен болады. Тозған негізгі капиталдың орнын толтыру амортизациялық аударымдар арқылы жүзеге асырылады. Амортизация – негізгі капиталды толық қалпына келтіру үшін олардың құндарының өндірілетін өнімге біртіндеп көшірілуі.

Айналмалы капитал- өндірістің әрбір циклында толығымен тұтынылатын және өз құнын дайын өнімге бірден көшіретін, өндіріс процесінде өзінің натуралды-заттық нысанын өзгертетін кәсіпорынның өндірістік капиталының бір бөлігі. Айнымалы капиталдың элементтеріне өндірістік запастар, аяқталмаған өндіріс, болашақ кезеңге шығындар. Айналмалы капиталдың айналым схемасы

Ақша 2. Өндірістік қорлар 2. Аяқталмаған өндіріс 3. Дайын өнім . 5. Ақша

1,2-ші –айналымның ақшалай сатысы, яғни ақша айналыс сферасынан өндіріс сферасына өтеді

2,3,4-ші – өндірістік саты, өндірістік запастар өздерінің натуралды нысандарын өзгертеді және дайын өнімге айналады

4,5-ші – ақшалай саты, дайын өнімді өткізу нәтижесінде айналым құралдары айналыс сферасына қайта келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]