Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
exam_econom.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
365.57 Кб
Скачать

26. Нарықтық инфрақұрылымның мақсатын анықтау және негізгі түрлеріне сипаттама беру

Нарықтық инфрақұрылым– тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің нарықтағы қозғалысын қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелер жүйесі.

НАРЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

ТАУАР ҚАРЖЫ ЕҢБЕК

нарығы нарығы нарығы

ТАУАР НАРЫҒЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

- делдал фирмалар

- жәрмеңкелер, аукциондар

- көтерме сауда кәсіпорындары

- бөлшек сауда кәсіпорындары

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

- валюта және қор биржалары

- банктер

- сақтандыру компаниялары

ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

- еңбек биржасын

- еңбекпен қамту қызметі

- кадрларды даярлау

Еліміздегі үрдіс пен нарықтық қатынастар жүйесі жылдан жылға дамып келеді.Нарықтық экономиканы ары қарай жетілдіру мен дамыту экономикалық қатынастарға түсімі жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету,жан – жақты талдау қызметтерін жүргізу,экономикалық талдау қызметкерлердің қызметін жүргізу,экономикалық тиімді шешім қабылдау үрдісін де. Нарықтық экономиканың атқаратын рөлі зор. Нарықтық жұмыстың жалпы ішінде: Нарық жүйесінің мәні, элементтері, принциптері, кемшіліктері, Қазақстан Республикасындағы нарықтың қалыптасу және даму стратегиясы сипатталады. Нарықтық экономиканың жалпы мақсаты – экономиканы тұрақтандыру мақсатында Республика Үкіметі нарыққа өтудің тұжырымдамасын жасап шығарады.Тұжырымдама мемлекеттің және экономикалық егемендіктің қағидаларына негізделген. Нарықтық экономика әркімге ыңғайлы бола алады,бірақ ол жеке бас бостандығының іргелі принциптеріне:тұтынушының бәсекелес көптеген қызметі өнімдер мен көрсетілетін ішінен өзіне қолайлысын таңдап алу бостандығына;өндірушінің жаңа бір іс бастауына не бұрыңғы ісін ұлғайтуға,сөйтіп соған байланысты тәуекелге барып,оның зейнетін көру бостандығына,қызметкердің жұмыс немесе мансап жолын таңдап алу,кәсіподаққа кіру немесе жұмыс беруші біреуден басқасына ауысу бостандығына негізделген.Нарықтық экономика,осы заманғы жекеше іс бастау және іскерлік рухы,саяси демократиямен астасып отырып,бостандықты сақтап қалудың ең жақсы перспективасын ашып берді және барлық адамдар үшін экономикалық өсу мен молшылықтың барынша кең мүмкіндіктерін ұсынады. Нарық пен демократия дамуға батыл бет бұру – күллі адамзаттық мүдде. Сондықтан елімізде нарыққа көшуді жөн көрді.Еліміздің басты мақсаты ашық нарықты қалыптастыру – бүгінгі таңда өте актуалды мәселе.

27 Тауар және оның қасиеттерін анықтау. Еңбек құн теориясының негізін ашып көрсету.

Тауар болу үшін заттың тек басқалар үшін жасалуы, оның тауар болуына жетімсіз жағдай; осы зат басқаларға өткізілуі керек, оның орны эквиваленттік тұрде өтелуі қажет. Басқа адамның қажеттігін қанағаттандыру үшін жасалған сыйлық тауар болмайды. Енді тауарға анықтама берейік. Тауар дегеніміз еңбекпен жасалған қоғамдық бағалылықты иемденген және айырбасқа арналған заттар, немесе қызметтер. Заттар өзінен өзі тауар бола алмайды. Тауар болу үшін олар адамдар арасындағы айырбастың объектіне айналуға тиіс. Сондықтан тауар адамдар арасындағы еңбек өнімінің айырбасы арқылы білінетін қатынастарды көрсетеді. Тауармен алмасудың формалары сан алуан болуы мүмкін, бірак барлық жағдайда осы айырбастың әрекетінің нәтижесінде бір зат өтіп орнына екінші зат келуі қажет. Осыдан шығатын тұжырым: айырбас процесінде әр тауар нарықта айырбас құнына ие болады. Яғни белгілі сәйкестікте басқа пайдалы затқа айырбастала алатындық қабілетке ие болады.

Тауардың екі қасиеті бар:

а) адамның белгілі бір қажеттіктерін қанағаттандыру қабілетін оның тұтыну кұны деп атайды.

б) әрбір тауардың жалпылай айырбастау құны

Құнның еңбек теориясы XVIII және XIX ғғ. аралығында қалыптасты. Оның іргетасы саяси экономия классиктерінің еңбектерінде қаланған, олар құнды тауарды өндіруге жұмсалған еңбек арқылы анықтайды. К.Маркс пен Ф.Энгельс қоғамдық абстракті еңбек, құнның негізін құрайды дейді. Маркстің пікір бойынша, тауар өндіруші еңбегінің екі сипаты болады. Бір жағынан, бұл еңбектің нақты түрі. Ол жұмыскердін кәсіпқой біліктілігіне, қажетті еңбек құралдарын пайдалануына байланысты болады және нақты нәтижеге қолы жетуімен, яғни белгілі бір тұтыну құнының жасалуымен сипатталады. Осылайша жұмсалған еңбекті нақты еңбек деп атайды. Екінші жағынан, бұл еңбек өзінің нақты жұмсалу формасы болмайтын, жиынтық қоғамдық еңбектің құрамдас бір бөлігі, яғни ол жалпы жұмыс күшінің жалпылама жұмсалу процесі болып табылады. Мұндай еңбекті абстракты еңбек деп атайды. Ол құнды жасайды, өйткені ол сан алуан мамандардың еңбектерінен құралады және әртүрлі тұтыну құндарын бір-бірімен, өзара теңестіруге мүмкіндік беретін жалпылама категория.

Құн мөлшерін анықтауға байланысты әртүрлі көзқарастар қалыптасты. А.Смит құн мөлшерін жұмыс уақытымен анықтады. Ал Д.Рикардо нашар өндірістік жағдайдағы тауарды өндіруге жұмсалған жұмыс уақыты арқылы құн мөлшерін іскерлік пен еңбек интенсивтілігінің орташа деңгейіне негізделген, қоғамдық өндірістің қалыпты жағдайында өнімді өндіруге жұмсалған қоғамдық қажетті жұмыс уақыты арқылы анықтады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]