- •1) Экономика қағидаларына талдау жасау және олардың негізгі атқаратын қызметтеріне сипаттама беру.
- •2)Kәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формаларының тиімділігін анықтау
- •3) Капиталдың мәнін анықтау, капитал туралы әр түрлі көзқарастарға талдау жасау.
- •4. Шағын және орта фирмалардың экономикадағы рөлі мен олардың тиімділігіне талдау жасау
- •5. Ақшаның капиталға айналу процесін талдау және капиталдың жалпыға бірдей формуласын түсіндіру.
- •6. Өндірістік шығындардың жіктемесіне талдау жасау және оларды төмендету жолдарын анықтау.
- •7. Экономиканын зерттеу әдістерінің тиімділігін көрсету
- •9.Экономикалық заңдар мен категорияларды талдау. Экономикалық заңдардың әрекет ету ерекшеліктерін сипаттау.
- •10.Капитал айналымына түсінік беру және капиталдың қорлану процесін талдау.
- •11.Капитал айналымына түсінік беру. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдеріне сипаттама жасау.
- •Жалақы: мәні, оның формалары және өзгеруіне әсер ететін негізгі факторларды талдау.
- •13.Экономикалық ресурстар түсінігіне талдау жасау. Экономикалық теориядағы ресурстардың сиректігі және шектеулілік мәселелеріне сипаттама беру.
- •14.Негізгі және айнымалы капитал түсініктерін анықтау. Негізгі капиталдың тозу процесін түсіндіру
- •15 Өндіріс және оның факторларын талдау және ұдайы өндіріс теорияларына сипаттама беру
- •16.Ренталық қатынас теориясын талдау.
- •19. Нарықтың мәнін анықтап, негізгі белгілері мен қызметтеріне салыстырмалы талдау жасау.
- •20. Ұдайы өндіріс теориясы мен түрлері
- •22. Макроэкономикалық талдаудың ерекшекліктерін түсіндіру
- •23. Нарықтық экономикалық жүйе және оның элементтеріне талдау жасау
- •24. Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипатын анықтап, олардың есептелу әдістеріне талдау жасау
- •25. Экономикалық жүйе түсінігін анықтау және бір түріне талдау жасау
- •26. Нарықтық инфрақұрылымның мақсатын анықтау және негізгі түрлеріне сипаттама беру
- •27 Тауар және оның қасиеттерін анықтау. Еңбек құн теориясының негізін ашып көрсету.
- •28 Ұлттық байлық және оның құрылымына талдау жасау.
- •29 Ақшаның пайда болу ерекшеліктеріне тоқтала отырып, мәнін анықтау және негізгі атқаратын қызметтеріне талдау жасау.
- •30 Жұмыссыздық және оның түрлерін талдау.
30 Жұмыссыздық және оның түрлерін талдау.
Жұмыссыздық жұмыс күшінің бір бөлігін өндіріске араласпау жағдайында қарастыратын әлеуметтік экономикалық құбылыс. Бұл құбылыс еңбекке деген ұсыныстың сұранысқа сәйкес келмеу жағдайын сипаттайтын ауытқымалы құбылыс. Халықаралық еңбек ұжымының анықтамасына сәйкес жұмыссыздарға жұмыс орнының жетіспеуінен жұмысқа орналаса алмай өз бетінше жұмыс іздеп жүрген адамдарды жатқызамыз.
Жұмыссыздық турлері:
Уақытша жұмыссыздық- жұмыс орнын және тұрғылықты жерін ауыстырғанда немесе оқу бітіргеннен кейінгі жұмыс іздеп жүрген адам.
Құрылымдық жұмыссыздық- экономикадағы құрылымдық өзгерістерге байланысты жұмыс күшінің бос болуы және кәсіби біліктілікке байланысты жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі.
Циклдік жұмыссыздық- экономикалық құлдырау нәтижесінде пайда болатын бос жұмыс күші.
Маусымдық жұмыссыздық- белгілі бір мезгілге байланысты жұмыс күшінің бос болуы.
Жасырын жұмыссыздық- өндірісте артық жұмысшылардың қолданылуы немесе ақпараттың болмауына байланысты .
Еліміздегі жұмыссыздық экономикамыздағы өзектілігі жоғары мәселелердің бірі болып табылады. Соған сәйкес жұмыссыздық деңгейін төмендету жолында әр түрлі шаралар атқарылуда.Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 2010 жылы 5,8%-ды құрап, 2011 жылы 5,4%-ға дейін төмендеген, ал 2012 жылы 5,3% болса, 2013 жылы қаңтарға жұмыссыздық деңгейі 5,4%-ды құрап отыр.Қазақстанда жұмыссыздықты төмендету бойынша көптеген жобалар негізінде бағдарламалар жасалып іске асырылуда.
