
- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
Мұсылманның құлшылығы өзін таза ұстаудан басталады. Сол себептен фиқһ кітаптары өз мазмұнын «Таһарат» мәселесінен бастайды. «Таһарат» - намаздың кілті, ал намаз иманның кілті. Әлиден, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбарымыз (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:
(مفتاح الصلاة الطّهور، وتحريمها التكبير، وتحليلها التسليم)
«Тазалық - намаздың кілті. Тәкбір1 намазға (қасиетті мінәжатқа) кіргізеді, ал сәлем беру шығарады»2.
«Таһарат» сөзінің мағынасы:
Тілдік мағынасы: тазалық, таза болу, тазару.
Шариғаттық мағынасы: дәретсіздіктен тазару және нәжістен тазару.
Тазалықтың артықшылығы турасында Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай дейді:
﴿ إِنَّ اللّهَ يُحِبُّ التَّوَّابِينَ وَيُحِبُّ الْمُتَطَهِّرِينَ ﴾
«Расында, Аллаһ тәуба етушілерді және таза жүрушілерді жақсы көреді»3. Оның артықшылығы, сондай-ақ пайғамбарымыздың (саллаллаһу алайһи уа саллам) хадисінен де көрінеді:
(الطهور شطر الإيمان)
«Тазалық – иманның жартысы»4. Жалпылап айтқанда, тазалық дегеніміз - адамның лас нәрселердің барлық түрінен таза болу. Деректі тұрғыдан денедегі, киімдегі, құлшылық орнындағы сезіп білінетін нәжістерден, ал дерексіз тұрғыдан күнәлардан тазару.
Дәретсіздіктен тазару
Дәретсіздік екіге бөлінеді:
1. Кіші дәретсіздік. Кіші дәретсіздіктен тазару шарасы дәрет алу арқылы жасалады.
2. Үлкен дәретсіздік. Үлкен дәретсіздіктен тазару шарасы ғұсыл құйыну арқылы жасалады.
Нәжістен тазару
Нәжістен тазару дегеніміз - денедегі, киімдегі және намаз оқылатын орындағы нәжісті жуып кетіру. Нәжісті де, дәретсіздікті де кетіретін негізгі нәрсе – су.
Нәжіс екіге бөлінеді:
І. Ауыр нәжіс
1. Арақ. Аллаһ тағала айтады:
﴿ا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ إِنَّمَا الْخَمْرُ وَالْمَيْسِرُ وَالأَنصَابُ وَالأَزْلاَمُ رِجْسٌ مِّنْ عَمَلِ الشَّيْطَانِ فَاجْتَنِبُوهُ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ﴾
«Әй иман келтіргендер! Расында, арақ, құмар, пұттар және бал ашатын оқтар – шайтанның амалына жататын арам істер. Оларға жақындамаңдар, сонда құтыласыңдар»5. Спирттің6 де үкімі осындай. Оны ішке қабылдауға тиым салынады. Алайда шарасыз жағдайларда баршаның қажетсінуіне айналғандықтан, спиртті сырт ем үшін қолдануға рұқсат етіледі.
2. Хайуанаттардан аққан қан. Аллаһ тағала Құран Кәрімде айтады:
﴿ قُل لاَّ أَجِدُ فِي مَا أُوْحِيَ إِلَيَّ مُحَرَّماً عَلَى طَاعِمٍ يَطْعَمُهُ إِلاَّ أَن يَكُونَ مَيْتَةً أَوْ دَماً مَّسْفُوحاً أَوْ لَحْمَ خِنزِيرٍ فَإِنَّهُ رِجْسٌ ﴾
«(Әй, Мұхаммед!) Маған уахи етілген нәрседе тамақтанушы үшін өлекседен, аққан қаннан және доңыз етінен басқа нәрселерді арам көрмеймін...»1. Мал бауыздалып қаны аққан соң еттің, бауырдың, көкбауырдың және тамырдың бойында қалған қан есепке алынбайды. Абдулла ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:
)أحلت لكم ميتتان ودمان، فأما الميتتان فالحوت والجراد، وأما الدمان فالكبد والطحال)
«Сендерге екі өлік және екі қан адал етілді. Екі өлік дегенім - балық пен шегіртке, екі қан дегенім - бауыр мен көкбауыр»2.
3. Адамның зәрі мен нәжісі, денесінен бөлінетін қан мен ірің, мүшесінен бөлінетін шәует, мәзи, уәди сулары. Ибн Аббастан, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) екі қабірдің қасынан өтіп былай деді:
(إنهما ليعذبان، وما يعذبان في كبير، أما أحدهما فكان لا يستتر من البول، وأما الآخر فكان يمشي بالنميمة)
«Расында, бұл екеуі қабірлерінде азап шегуде және үлкен күнә үшін емес. Біреуі зәрінен сақтанбайтын, ал екіншісі өсек таситын»3.
Анас, Аллаһ тағала оған разы болсын, айтады: «Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) дәрет сындырғанда мен су әкеліп беретінмін. Ол астын сумен жуатын»4.
Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, айтады: «Шәует, мәзи5 және уәди суларына қатысты үкім мынандай: шәуеттен кейін ғұсыл құйыну қажет, ал мына екеуінен кейін дәрет алғаны - жеткілікті, яғни мүшесін жуып дәрет алады»6. Шәует мейлі адамдыкі, мейлі жануардыкі болсын, нәжіс саналады. Киімге тиген шәует дымқыл болса, сумен жуып тазартылады, ал кебу болса, жумай-ақ ысқылап тазартуға болады.
Айша, Аллаһ тағала оған разы болсын, шәует жайында былай деді: «Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) киімінен шәуетті жуып кетіретінмін. Ол намазға шыққанда киімінің жуылған жері көрініп тұратын»7. Тағы бір сөзінде: «Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) киімінен шәуетті кебу болса, ысқылап кетіретінмін, ал дымқыл болса, жуатынмын»8.
4. Доңыз. Доңыз - мүлде нәжіс.
﴿ قُل لاَّ أَجِدُ فِي مَا أُوْحِيَ إِلَيَّ مُحَرَّماً عَلَى طَاعِمٍ يَطْعَمُهُ إِلاَّ أَن يَكُونَ مَيْتَةً أَوْ دَماً مَّسْفُوحاً أَوْ لَحْمَ خِنزِيرٍ فَإِنَّهُ رِجْسٌ ﴾
«(Әй, Мұхаммед!) Маған уахи етілген нәрседе тамақтанушы үшін өлекседен, аққан қаннан және доңыз етінен басқа нәрселерді арам көрмеймін...»9. Доңыздың етімен қоса сүйегі де, қылы да, терісі де, тіпті өңделген болсын нәжіс саналады.
5. Еті арам ит, жыртқыш, тышқан секілді хайуанаттардың зәрі, тезегі және сілекейі. Имам Әбу Ханифаның айтуынша, иттің жалпы болмысы нәжіске жатпайды. Адамдар оны күзетке, аңға, тағы да басқа қажеттеріне пайдаланады.
6. Өлексе. Бірақ сүйегі мен терісін пайдалануға болады. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) Сәубанға, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(يا ثوبان اشتر لفاطمة قلادة من عصب وسوارين من عاج)
«Сәубан! Фәтимаға сүйектен жасалған алқа мен піл сүйегінен жасалған екі білезік сатып әкелші»1. Ибн Аббастан, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбарымыз (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:
(أيما إهاب دبغ فقد طهر)
«Қандай тері болсын, өңделсе, таза болады»2.
Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін естіді:
(إذا دبغ الإهاب فقد طهر)
«Тері өңделсе, таза болады»3. Тері не химиялық заттармен не күнге кептіру жолымен өңделеді.
7. Жерде жүріп іш босататын тауық, үйрек және қаз тәрізді құстардың саңғырығы.
8. Еті адал хайуандардың тезегі имам Әбу Ханифаның көзқарасында ауыр нәжіске жатады. Алайда Әбу Юсуф пен Мұхаммед оны жеңіл нәжіске жатқызады.
ІІ. Жеңіл нәжіс
1. Еті адал жануардың зәрі. Анастың айтуынша, Аллаһ тағала оған разы болсын, Мәдинада біраз адамдар жеркенушілік сезіп іштері ауырады. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) оларға түйелерге жақын жүрулерін, олардың сүті мен зәрін ішулерін бұйырады4. Осы себептен, имам Әбу Ханифа түйенің зәрін жеңіл нәжіске жатқызады.
2. Жыртқыш құстардың және жыртқыш болмағанымен еті арам құстардың, сонымен қатар әуеде іш босататын құстардың саңғырықтары - жеңіл нәжіс. Ал еті желінетін торғай, көгершін секілді құстардың саңғырығы - таза.
Нәжістің мөлшері төмендегідей болса, есепке алынбайды:
1. Ауыр нәжіс дирхамның салмағындай5 болса, немесе көлемі алақан тереңдігіндей болса.
2. Жеңіл нәжіс киімнің немесе дененің төрттен біріндей көлемге жайылса.
Есепке алынбайтын нәжіс түрлері:
1. Киімге, денеге және орынға иненің ұшындай шашыраған зәр.
2. Денесінде нәжіс болған мәйітті жуындырғанда жуушы кісінің үстіне шашырайтын су.
3. Төсеке нәжіс тиіп, кеуіп кетсе, оған ұйықтаған кісінің киімі мен денесі былғанбайды. Алайда ұйқы кезінде терлегендіктен нәжістің әсері киіміне жұқса, киімі нәжістенеді.
4. Жайылып тұрған киім жердегі кебу нәжіс орынға түссе және нәжіс киімге жұқпаса, киім нәжістенбейді. Сол сияқты ол жерге адамның қолы не аяғы тисе, осы үкім жүреді.
Нәжіс қалай тазартылады?
Бірінші: Көзге көрінетін нәжістер
1. Денедегі, киімдегі және орындағы нәжіс жуып тазартылады. Бір мәрте жуылса жеткілікті. Бірақ үстіне таза су құйылып шайылуы немесе ағынды суға жуылуы шарт. Киім бір ыдыста жуылса, үш мәрте жуылып, үш мәрте сығылуы қажет. Нәжістің түсі сіңген киім су мөлдір болғанша жуылады. Су мөлдір болғанда киім үш мәрте шайылады. Әбу Һурайрадан, Аллаһ тағала оған разы болсын, Хаула бинт Ясар, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбарымызға (саллаллаһу алайһи уа саллам) келіп, былай дейді: «Әй, Аллаһтың елшісі, менің бір ғана киімім бар және еттеккір кезімде былғанып қалады. Не істеуім керек?». Ол: «Тазарған кезіңде оны жуып, намазыңды оқи бер»-деп жауап береді. Ол: «Жуылғанымен қан кетпейді ғой?»-деп сұрайды. Ол: «Қанның жуылуы - жеткілікті. Дақ болса, зиян келтірмейді»-дейді1.
2. Жаралардың аузы мен қан алдырған орын сулы үш шүберекпен кезек-кезек сүртіліп тазартылады. Бұл жуудың орнына жүреді.
3. Төсек пен кілем секілді сығылмайтын нәрселерді нәжістен тазарту үшін, Әбу Юсуфтың айтуынша, үш мәрте жуып, үш мәрте кептіру қажет.
4. Қыш-құмыра және ағаш бұйымдар сумен үш мәрте жуылады. Жуған сайын тамшылардың ағып бітуін күтеді.
5. Май түрлерін тазарту үшін, үстіне су құйылып, кейін бетінен төгіп тасталады.
Екінші: Көзге көрінбейтін нәжістер
Киімнің үш мәрте жуылуы - уәжіп және жуылған сайын сығылып отырады. Ағынды суға немесе су құйыла отырып жуылса, бірте мәрте жуылуы жеткілікті. Иттің нәжісі тиген нәрсе жеті мәрте жуылады және біріншісі топырақпен. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:
(طهور إناء أحدكم، إذا ولغ فيه الكلب، أن يغسله سبع مرات. أولاهن بالتراب)
«Біреудің ыдысын ит жаласа, жеті мәрте жусын және біріншісін топырақпен»2.
Нәжісті кетірудің басқа да жолдары:
1. Аяқкиімге жұққан нәжіс топырақпен ысқылап тазартылады. Әбу Һурайрадан, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбарымыз (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:
(إذا وطئ أحدكم بنَعْلِه الأذى فإن التراب له طَهور)
«Біреу аяқкиімін нәжіске былғап алса, әрине, оны тазалаушы - топырақ»3.
Аяқкиімнің беті тегіс болмаса немесе нәжіс аяққиімге сіңетіндей сұйық болса, сумен жуылуы қажет.
2. Айна, шыны тәріздес нәрселер сүртіліп тазарады.
3. Нәжістенген жер күнге және желге кебуімен тазарады. Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбарымыздың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:
)إذا سالت عليها الأمطار وجففته الرياح فلا بأس بالصلاة فيه(
«Жерге жаңбыр жауып, желмен кеуіп кетсе, оған намаз оқуға болады»4. Алайда дәл сол орынға таяммум жасауға болмайды. Өйткені нәжіс тиген жер желге немесе күнге кебуімен намаз үшін таза болғанымен, тазалаушы бола алмайды.
4. Киімге тиген шәует кеуіп қалса, ысқыланып тазартылады. Киімдегі орны зиянсыз болады. Шәует дымды болса, жуылады. Айша, Аллаһ тағала оған разы болсын, айтады: «Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) киіміндегі шәуетті кеуіп қалса, ысқылап тазартатынмын, ал дымды болса, жуатынмын»5.
1. Тоң май мен балға түскен нәжіс, алдымен өзі алынады, кейін айналасы қырып алынады. Маймунаның айтуынша, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбарымыздан (саллаллаһу алайһи уа саллам) тоң майға түсіп, өліп қалған тышқан туралы сұралғанда ол былай дейді:
(ألقوها وما حولها وكلوه)
«Тышқанды алып тастаңдар, орнының айналасын қырып алыңдар, сосын майды жей беріңдер»-деп жауап береді6.
2. Жүн мен мақта түтіліп тазартылады.
3. Тері өңделіп тазартылады.
4. Еті желінетін хайуан Аллаһтың есімімен бауыздалып, адал болады. Ал еті арам хайуан бауыздалса, терісі ғана таза болады. Еті адал жануар, мейлі мұсылманның қолымен, мейлі кітап иелерінің қолымен бауыздалсын, адал болады. Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай деді:
﴿ الْيَوْمَ أُحِلَّ لَكُمُ الطَّيِّبَاتُ وَطَعَامُ الَّذِينَ أُوتُواْ الْكِتَابَ حِلٌّ لَّكُمْ ﴾
«Сендерге бүгін жақсы нәрселер адал етілді және кітап иелерінің тағамдары да адал етілді...»1. Бұл аяттағы «кітап иелерінің тағамдары»-на олар бауыздаған еті адал мал түрлері де кіреді.
5. Киімнің нәжістенген орны ұмытылса, киім толық жуылады.
6. Нәжіс өзінің таза затқа айналуымен тазарады. Айналдыру процесімен шарап сірке суына, нәжістенген май сабынға, ғазелдің (қарақұйрықтың) қаны жұпарға (миск) айналады.