Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dintanu.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.74 Mб
Скачать

3. Жайнизм

Үнділердің ұлттық діні индуизмнің қатал да әділетсіз каст жүйесі мен түсініксіз сенімдеріне қарсы, б.д.д. VІ ғасыр шамасында құрылған жайнизм, буддизм және б.д. ХVІ ғасырда құрылған сикхизм діндері пайда болған болатын.

Жайнизмнің құрушысы Вардхамана(б.д.д.599-527) дегенімізбен, бұл діннің негізін б.д.д. VІІІ ғасырда өмір сүрген Парсва (Парсванатха) салғанға ұқсайды.

Вардхамана 30 жасында дүние өмірінен безіп, аскеттік өмірге түседі. Ол 13 жылғы өмірін рухани шынықтырумен, өзін-өзі қинаумен өткізіп, жайнизм аңызы бойынша азапты өмірден құтылу жолын тапқан. Сондықтан жайнистер Вардхаманаға «Махавира» немесе «Жина» (жеңімпаз) деген атақ берген. Осыған орай, оның құрған діні «жайнизм» деп аталады.

Жайнизм дінінде құдай сенімі кездеспейді. Яғни құрушысы Махавира құдай туралы ешқандай пікір айтпаған. Бірақ қазіргі жайнизмнің кейбір ағымдарында құдай сенімі кездесіп отырады, тіпті олар құдайларының мүсіндерін жасап, оған табынады. Махавираның өлімінен кейін Махавира сияқты аскеттік өмірге көңіл бөлетін жайнизм монахтары қалыптаса бастаған. Бұрын жайнизм монахтары кезбелікпен өмір сүрсе, қазір олар монастрларға орналасқан.

Жайнизм ахлақ принциптерінде адамның ешбір жәндікті өлтірмеуі, өтірік айтпауы, ұрламауы және жыныстық қатынаста болмауы тиіс.

Жайнизм дінінің «Агама» немесе «Сиддханта» (Ганипидака) атты қасиетті кітаптары бар.

4. Сикхизм

Сикхизм Үндістанға ислам дінінің таралуы кезеңінде жерлігікті индуизм діні мен ислам дінінің қосылуынан, ХVІ ғасырда Нанак (1469-1539) тарапынан құрылған діни әрекет. Бүгінде сикхтар 8-9 милион шамасында.

Нанак исламдағы суфизмге қатты әсерленіп, ислам сеніміндегі Аллаһтың бірлігін мойындаған. Ол құдайдың бірлігі сенімі бойынша индуизмнің политеистік сенімі мен каст системасын теріске шығара отырып, адам рухының келесі денеге көшуі (реинкорнация) мен карма сенімін қабылдап, осыдан бүгінгі сикхизм дінінің негізін қалаған. Қасиетті кітаптары Ади-Грантх.

5. Парсизм

Парсизм ежелгі Иран діні зороастризмнің жалғасы болып табылады. 641 жылы мұсылман арабтар Иранды жаулап алған кезде, ислам дінін мойындамаған шағын топ Үндістанға қарай қоныс аударған.

Парсизм сенімінде құдайдың есімі Ахура Мазда, оның символы – от. Сондықтан ғибадатханаларында үнемі от жағулы тұрады және ғибадатханаға парсы ұлтынан болғандар ғана кіре алады. Парсылар күніне бес мәрте от тазалығын сақтау мақсатында тазалық рәсімін жасап отырады. Бұл рәсімде қасиетті кітабы «Авестадан» үзінділер оқылады. Сонымен қатар бұл дінде құрбандық та маңызды рәсім болып табылады.

Яһудилік діні

Яһудилік қазіргі илаһи (хақ) діндердің ең ескісі, бірақ тұтынатын халқының саны ең азы. Қазір яһудилер 18-20 миллион шамасында. Оның 4,4 миллионы Израильде, 6 миллионы АҚШ-та және Еуропа мен әлемнің түкпір-түкпіріне таралған.

Қазіргі яһудилерді «яһуда»(иуда) атауымен бірге, «исраил», «ибрани» деп те атап, бұл атаулардың барлығы бір халыққа берілген. Яһудилік ескі монотеистік дін болумен бірге, өз алдына бөлек сенім, ғибадат жүйесі бар ұлттық дін болып ерекшеленеді. Исраиль ұлдарының нанымы бойынша басқа бір ұлттағы адам яһуди дініне кіре алмайды, оларға кіруге тыйым салынған. Яһудилік діні тек исраиль ұлдарының, яғни еврейлердің ұлттық діні болып табылады.

Тарихы. Исраиль ұлдарының арғы аталары Ибраһим пайғамбар болып табылады. Ибраһимнің Сара және Сараның мысырлық күңі Хажер (қазақша Ажар) атты екі әйелі болған. Ибраһимнің Сарадан Ысқақ (Исхақ), Хажерден Исмаил атты ұлдары туылды. Ибраһим пайғамбардың Ысқақ атты баласынан Яқуб (Жақып) пайғамбар дүниеге келеді. Ал Яқуптың лақап аты Исраиль болып, бүгінгі еврейлер сол пайғамбардың ұрпақтарымыз деп есептеп, өздерін «Исраиль ұлдары» деп атайды. Бүгінгі Исраиль (Израиль) республикасының аты да сол Яқуб пайғамбардың лақап атымен аталады. Сонымен бірге Еврейлердің «Яһуда» деп аталуы, Яқуб пайғамбардың ұлының бірінің аты Яһуда немесе Иуда есімімен байланысты.

Исраиль ұлдарының ең ұлық пайғамбары хз. Мұса, Исраиль ұлдарын Мысырдағы құлдықтан құтқарып, Сина түбегіндегі Тих даласына орналастырып, кейіннен олар Сирия мен Палестина аймақтарына қоныс аударады. Сол жерде өздері бір мемлекет құрып, б.д.д. 933-ші жылы ол мемлекет Исраиль, Яһуда атты екі мемлекетке бөлініп кетеді. Хз. Мұсаның әкелген дінінен алыстаған Исраиль мемлекетін Асур (Ассирия) патшалығы шауып, біржолата жойып жібереді. Ал Яһуда мемлекетін Вавилон мемлекеті басып алып, жер аударуынан кейін яһудилер, жер-жерге таралып кетті. Алайда одан кейін де бастары біріккендерімен мықты мемлекет құра алмады.

Кітаптары. Бүгінгі күнгі яһудилердің қасиетті жазбалары Танах, Талмут деген екі негізгі бөлімнен тұрады. Христиандардың «ескі өсиет» деп атайтын Танах, 1-Тора, 2-Невиим, 3-Китувим деген үш бөлімнен құралады. Тораның арабшасы «Тәурат» деп аталады. Тора да өз ішінен: 1-Теквин, 2-Хуруч (шығу), 3-Левилилер, 4-Сандар, 5-Тесние деп аталатын бөлімдерден тұрады. Тораның түп нұсқа тілі ибранише болып, онда әлемнің жаратылысынан бастап, яһудилердің Мысырға қоныс аударуы, хз. Мұсаның өліміне дейінгі созылған замандағы оқиғаларды қамтиды.

Сенімдері. Яһудилік дініндегі сенімнің негізі тәңірінің барлығы мен бірлігін мойындау болып табылады. Құдайларының аты «Яхве» немесе «Элохим», ол біреу тарапынан жаратылмаған, әуелгісі мен соны шексіз, әлемнің жаратушысы және бұл дүниенің иесі. Олардың сенімдері бойынша құдайдың сүйген ұлты яһудилер, бұл жайында Мұса пайғамбар мен Исраиль ұлдары тәңірімен Синада серттескен. Сондай-ақ, яһудилер періштелерге, ахирет күніне, тағдыр мен қазаға, құтқарушы мәсіхтің келетініне сенеді.

Бүгінгі яһудиліктегі сенім негіздерін яһуди философы Рабби Моше бен Маймон (1135-1204) былай құрастырған: Құдай (Яхве) барлық нәрсенің жаратушысы; Яхве біреу; Құдайдың денесі жоқ, оны суреттеу мүмкін емес; Құдайдың әуелгісі мен соңы шексіз; Біз тек Яхвеге дұға жасап, оған жалбарынуымызға тиіспіз; Пайғамбардың барлық сөздері дұрыс; Хз. Мұса - пайғамбардың ең ұлысы; Қолымыздағы Тора, Яхве тарапынан Мұса пайғамбарға түсірілген кітап және қазірге дейін өзгертілмеген; Дініміз илаһи (Яхве тарапынан жіберілген) бір дін; Құдай адамдардың барлық әрекеттері мен ойларын біледі; Құдайдың бұйрықтарын орындағандар сыйлыққа бөленеді, ал орындамағандар жазаланады; Құдай құтқарушы мәсіх түсіреді; Рухымыз өлмейді. Құдай қалағанын өлтіріп, қалағанын тірілтеді.

Тағы яһудилерде, 10 әмір өте маңызды. Бұл әмірлерді Мұса пайғамбарға Тур тауында Яхве құдайдың өзі берген: Сені Мысыр өлкесіндегі тұтқындықтан шығарған құдайың Яхве – менмін; Қолдан бұт жасап, оларға табынбайсың; Құдай Яхвенің есімін бос жерде атамайсың; Сенбі күнін қасиетті күн деп санап және қасиетті екені әрдайым есіңде болсын. Аптаның алты күнінде жұмыс істеп, сенбі күні демаласың; Әке-шешеңді құрметтейсің; Адам өлтірмейсің; Зинақорлық жасамайсың; Ұрлық жасамайсың; Көршіңе жалған куә болмайсың; Ешкімнің затына, мүлкіне адамдарына жаман көзбен қарап, ашкөздік жасамайсың.

Яһудилер осы сенім мен адамгершілік негіздеріне қоса, мистикалық өмірге мән береді. Бір-бірімен пікірталас жасағанды ұнатады. Олар көбінесе саяси, экономикалық жұмыстармен айналысады.

Ғибадаттары. Яһудилер құлшылықтарын синагогта да (Бет ха Кнесет), үйде де жасай береді. Синагогта оралма қағазға жазылған Тәурат жазбалары сақталатын «Арон ха-кодеш» деп аталатын Құдыс (Иерусалим) жақтан орын тепкен бөлме болады. Сондай-ақ, жеті қолды шырағдан (менора) мен «Давид (Дәуіт) патшаның мөрі» деп аталатын алты бұрышты жұлдызша (қазір Израиль республикасының байрағында бейнеленген) белгілер, яһуди ғибадатханасында болатын белгілердің бірі болып табылады.

Яһудилер үйлерінің кіре беріс есігіне «мезуза» деп аталатын Тәурат үзінділері жазылған оралма қағаздар асулы тұрады. Үйлеріне кіріп-шығатын яһудилер, сол Тәурат үзінділерін сүйіп тұрады.

Олар синагогтарда Тәурат (Тора) жазбаларынан дауыстап оқиды, құлшылықты жүздерін Құдысқа (Иерусалим) қаратып жасайды және ғибадаттарды тек ер адамдар ғана жасай алады.

Яһудилердің ғибадаттарында белгілі тәртіп, не жүйе жоқ. Олар ғибадатханаларында қалағанынша діни өлеңдер оқиды немесе бір-бірімен сұхбаттасады. Сондай-ақ құдайға дұға жасау, ең маңызды құлшылықтарының бірі саналады.

Яһудилердің ғибадаттары, күндік және апталық ғибадат болып екіге бөлінеді. Олар күндік ғибадаттарын таңертең, түсте және кешке жасайды, ал апталық құлшылықтарын сенбі күні (саббат) синагогта жасайды.

Яһуди діни мейрамдары:

Рош ха Шана. Яһуди күнтізбесінде жыл басы есептелетін бұл мейрам, Тишри (яһудише ай аты) айының 1-2-інші күндері тойланады. Яһудилердің сенімі бойынша Рош ха Шана әлем мен адам тағдырының қайта жазылатын күні. Олар осы күні құлшылық жасаумен, тәубе етумен айналысады.

Иом Киппур. Рош ха Шананың алғашқы күнінен бастап, он күнге созылатын бұл қасиетті мейрам, яһудилердің сенімі бойынша құдайдың бір жылдық бағдарламасы бекітілетін уақыт. Сондықтан яһудилер бір жылда құдайдың адамға ауыр тағдыр жазбауы үшін, осы күндері құлшылық жасаумен айналысады.

Песах. Яһудилердің Мысырдан шыққанын еске алу мақсатында тойланатын бұл мейрам, көкек айының 15-інен бастап, 8 күн бойы жалғасады. Бұл мейрамның бір ерекшелігі яһудилер ашытқы қосылған тағам жемейді.

Шавуат. Яхвенің он әмір мен Тәуратты Мұса пайғамбарға берген күні. Бұл мейрам яһуди айы шиван айының 6-ыншы жұлдызынан бастап екі күн бойы тойланады.

Суккат. Суккат мейрамы яһудилердің Мысырдан шыққаннан кейін 40 жыл шөл далада өмір сүргенін еске түсіру мақсатында тойланатын мейрам. Бұл мейрам кезінде яһудилер Иерусалимге зияратқа барады.

Буддизм діні

Буддизм Солтүстік Үндістанда, ең дұрысы Непалдағы Лубини деген жерде туылған Сидхартха Гаутама (б.д.д. 563-483) атты философ тарапынан құрылған философиялық дін болып табылады.

Құрушысы Гаутама жастық шағы мен жігіттік өмірін сарайда өткізген бір патшаның баласы екен. Буддизм тарихына қарағанда анасы оны тумастан бұрын түс көреді. Түсінде келешекте туылатын баласының ұлы бір ұстаз болатынын хабарлайды. Кейін Гаутама туылып, жігіт болғаннан кейін, әкесінің сарайында молшылықта өмір сүргенін рухани қанағат тұтпай, сарай өмірін тастап, орманға қаңғырып кетеді. Ол бұл өмірдің қайғыға толы екенін көріп, жалғыз өзі өмір сүруге көшеді.

Буддизм аңызы бойынша Буддаға бір күні «Білім ағашы» деп аталатын Ботхи (Інжір) ағашының астында төтенше шабыт келіп (Нирванаға жетіп), халыққа уағыз айта бастайды. Ол қалған 40 жылғы өмірін уағызға арнап, 80 жасында Кушингарада бір талдың астында қайтыс болады.

Будданың өлімінен кейін, буддизмнің монахтары буддизм дінін уағыздай бастайды. Буддизмнің кең түрде таралуына қолғабыс жасаған үнді патшасы Ашок (б.д.д. 273-236) болып табылады.

Ашок патша өзі будда дінін қабылдағаннан кейін, будда діні бүкіл Үнді түбегіне таралды. Ашоктан кейінгі патшалар да, Ашок тәрізді буддизмнің таралуына көп қолғабыс жасады. Тіпті кейін, буддизм дінін Қытай, Монғол, Жапон патшалары да қабылдайды. Түркілер арасында алғаш буддизмді қабылдаған қаған, То-По (Топа) қаған (572-588 жылдары арасында билік құрған) болып табылады. Буддизм б.д. 1-ші ғасырда Батыс Түркістанға тарала бастады. Бұл дін Орта Азия арқылы шығысқа, яғни Қытай, Корея, Жапония, Монғолия, Тибетке таралды.

Қазір бұл дін Қытай, Монғолия, Корея, Жапония, Вьетнам, Лаос, Камбоджа, Цейлон, Бирма, Тайланд, Непал т.б. елдерде кең түрде таралған.

Сенімдері. Буддизм құдай түсінігі кездеспейтін атеистік бір дін. Бұл дінде құдай сенімінің орнына «Буддаға сиынамын», «Дхаммаға сиынамын (дін, доктрина) », «Сангхаға (монахтар) сиынамын» деп айтып, оларға сенсе, буддизм дініне кірген болып есептелінеді. Ал бұлардың біреуін немесе барлығын мойындамаған адам буддизм дінінен емес. Сондай-ақ бұл дінде «карма», «реинкорнация», «нирвана» (туылу, өлу, қартаю қайғыларынан құтылу жетістігі) нанымдары бар. Буддистер тағы бір құтқарушы, «Меттеяның» келуін күтеді.

Ғибадат. Буддизмде Будда мүсіні, Будда естеліктері, Бодхи ағашы қасиетті саналады.

Бір буддист ғибадат жасағанда, ғибадатханаға (Вихара, Погода) кіргенде немесе үйде будда мүсінін құрметтеп, оған гүл т.б. нәрселер ұсынады. Жалпы ғибадаттары Будда мүсініне табынып, оған дұға, діни өлеңдер оқумен тұрады. Қасиетті зиярат жерлері: 1. Будданың туған жері; 2. Бодхи Гая (нұрланған жері); 3. Будданың алғаш уағыз айтқан киік паркі (Сарнадх); Будданың өлген жері (Уттар Пардес); Ганг өзені.

Ахлақ негіздері. Буддизм діні бойынша дүние мына 4 ақиқаттан тұрады: өмір туғаннан өлгенге дейін қасыретке толы; Бұл қасіреттер адамнын қалау-тілектерінен туындаған; Адам бұл қайғы-қасіреттен құтылу керек. Әйтпесе өмірі азаппен өтеді. Ал оның құтылу жолы – нирвана; Адам бақытқа яғни нирванаға жету үшін, Будданың мына сегіз тармақты жолын ұстану керек.

Буддизмнің сегіз тармақты жолы:

Тура сөз;

Тура іс;

Тура сөз бен тура істе әрбір буддистің мойын ұсынуы керек бес әмір бар:

Еш нәрсені өлтірмеу немесе еш нәрсеге зиян тигізбеу;

Ұрламау;

өзін қате жолға бой ұсындырмау;

өтірік, қате сөйлемеу;

Ішімдік ішпеу;

Тура өмір сүру. Бұл мына бес тыйымды қамтиды:

Қасаптықпен (мал соймау) айналыспау;

Шарапхана ашпау;

Нашамен айналыспау (наша екпеу, сатпау);

Қару-жарақ жасамау;

Улы заттар жасап, оларды өндірмеу.

Тура шешім;

Тура қарау;

Тура түсінік;

Тура ой;

Тура ниет.

Қасиетті кітаптары. Буддизмде қасиетті кітап қазақша “үш себет” деген мағынаға келетін, “Три-питака” немесе “Ти-питака” деп аталады.

Ти-питака “Виная питака”, “Сутта питака” және “Абхитхамма питака” деген бөлімдерден тұрады. Бұл аталған бөлімдерде монахтарға арналған қағидалар, діни рәсімдер, киіну әдептері, Будданың (Гаутама) өмірі, оның сөздері мен уағыздары, сөздері мен уағыздарына түсіндірмелер және буддизм философиясы т.б. тақырыптар баяндалған.

2.2. Батыстық діндер: Иудейлік, Христиан және Ислам. Иудейлік діни ілімі және оның дамуының негізгі кезеңдері. Тора және Талмуд. (1 сағат).

2.3. Христиан діні. Христиандықтың пайда болуы мен дамуы. Иисус Христос. Діннің таралуы. Інжіл. Христиан дінінің бағыттары: православие, католицизм, протестантизм және т.б. Крест жорықтары және инквизиция. Қазіргі замандағы христиан діні. (2 сағат).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]