Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dintanu.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Ислам дінінің түркі халықтарының рухани, мәдени болмысы мен мемлекеттік жүйесіне ықпалы

Түркілер ислам дінін арабтардан тікелей қабылдаған жоқ. Түркі халықтарына ислам діні парсы тілі арқылы келді. Өйткені, ханафилердің басшылығымен көптеген діни, методологиялық маңызы бар кітаптардың араб тілінен парсы тіліне аударылуы ислам дінінің Орталық Азия халықтарына парсы тілі арқылы таралуына ықпал етті. Бұл өз кезегінде ислам дінін қабылдаған халықтардың парсылануына әкелді. Ислам дінін қабылдаған түркі халықтары өздерінің дәстүрлі мәдениеті мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен ажырап, толық парсылануға бет алды. Оған дәлелді ұзақтан іздемей-ақ түркі ғұламалары тарапынана жазылған кітаптар ішінде XI-ғасыр ортасына дейін бірде-бір не діни, не ғылыми, не әдеби шығарманың жазылмауынан көруге болады. Тек, Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білік» атты еңбегі түрік тілінде жазылған алғашқы шығарма болды. Одан кейін Махмуд Қашқаридің «Диуан луғат ат-Түрік» еңбегі мен Ахмед Йүгнекидың «Ибат ал-Хақа’иқ» атты еңбектері дүниеге келді.

1.2. Діни наным-сенімдердің бастауы. Діннің алғашқы нысандары пайда болуының алғышарттары: табиғи күштерге сиыну. Ежелгі дәуір адамдарының анимистік түсініктері (анимизм, тотемизм, фетишизм және сиқыр). Ежелгі Мысыр, Грекия және Римнің діни түсініктері. Шумер-Аккад, Заратуштра діни нанымдары. Көне түріктердің діни сенімдері. Тәңірлік. Түрік дүниетанымының ерекшеліктері және оның қазақтардың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне әсері (1 сағат).

Діни наным сенімдердің бастауы

Аңшылық, балықшылық тәрізді кәсіппен айналысатын Африка, Австралия, Тынық мұхиты аралдары, Бразилияда өмір сүретін кейбір тайпалардың өз діндері бар. Бұл тайпа діндерін діндер тарихында «тайпалық діндер» немесе алғашқы қауымдық діндерден қалған «алғашқы қауымдық діндер» деп атайды. Алғашқы қауымдық діндерді ұстанатын халық әлемнің 5%-ін құрайды екен. Мәселен динка діні (Оңтүстік Суданда), аину діні (Солтүстік Жапон аралдарында), маори діні (Оңтүстік Тынық мұхиты аралдарында), га діні, намба діні (Оңтүстік-батыс Тынық мұхитындағы Малекула аралдарында) сияқты діндер осы түрге жатады.

Алғашқы қауымдық діндерде түрлі наным-сенімдер кездесіп отырады. Бұл нанымдар әр өлкедегі тайпаларда түрліше аталғанымен, түпкі мағынасы бір.

Фетиш тылсым көзге көрінбейтін күш дегенді білдіреді. Олардың нанымы бойынша осы күш иесі болған заттар мен адамдарға төтенше киелі жағдай болады. Мұндай күш тастарда, тайпа көсемдерінде, жануарларда, ағаштарда т.б. болады.

Бүкіл алғашқы тайпаларда жаратушы бір құдай сенімі болған. Бірақ оған түрліше сипат пен түсініктер берген. Олар ұлы құдай әлемді немесе өзінен төмен кіші құдайлар мен рухтарды, табиғат құбылыстарын басқарады деп сенген.

Қолдануға немесе ұстауға тыйым салынған нәрселер табу деп аталады. Ислам дінінде харам түсінігіне келетін бұл атау, тайпалық діндерде адамның ұстауына немесе қажетіне пайдалануына тыйым салынған нәрселер болып табылады. Егер бір адам тиген жағдайда оған зияндық көрсетеді деген сенім.

Алғашқы қауымдық құрылыста әр тайпаның өздеріне тек-ата санайтын белгілі жануарлары мен өсімдіктері болған және әр тайпа өзінің тегін содан шыққанына сенген. Ежелгі тайпалар тотемдерін қорғайтын болған, оларды жемеген және оларға табынған.

Көне дәуiрлерде пайда болған сенiм-нанымдар, ғұрыптар және рәсiмдердiң қайсысының алғашқы қауымдық дiни сенiмдердiң жеке, дербес түрi екендiгi туралы мәселе ғылыми әдебиетте әлi шешiмiн таппаған. Олардың барлығы кең таралған және әмбебап, өйткенi ежелгi қоғамдардың барлығында кездеседi.

Діни сенімнің көне нысандары - көне дәуірдегі діни сенім- нанымдар. Тотем, фетиш, анимизм, және көне діни табынушылық ғұрыптары.

Зерттеушiлер көне дiни сенiм түрлерiне төмендегiдей ерекшелiктер тән дейді:

1. Құдiреттi, жаратушы, әлемдi басқарушы «Құдай» деген сенiмнiң жоқтығы. Жаратушының орнына материалды заттар, табиғат құбылыстары, жануарлар мен өсiмдiктер ерекше тылсым қасиетке ие деп табыну.

2. Өмiр мен ғұрыптың араласып кетуi (ажырамауы): ежелдегi адамдардың өмiрi олардың дiни құлшылығы деп айтса болады. Олардың әрбiр iс-әрекетi ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерi рәсiмдер мен қағидаларға сәйкес жасалынған, оның өзi моралдық және жүрiс-тұрыс қағидаларын, қоршаған орта туралы қарапайым бiлiмдер мен дағдыларды жинақтау, сақтау және ұрпақтан ұрпаққа жеткiзуде маңызы зор едi.

3. Дiни табынушылықтың ру-тайпалық сипатта болуы,әрбiр тайпаның өзiнiң табынатын обüектiсi болған: бiреулерi белгiлi бiр аңға сыйынса,басқалары өлген адамның керемет көшiне т.с.с.

ғалымдар алғашқы қауымдық дiндердiң пайда болуын адамның ойлау жүйесiнiң ерекшелiгiнен, олар қоршаған дүниенi сезiмi, эмоöиясы және еркi бар жанды тiршiлiк ретiнде сезiнген деп жорамалдайды.

Исламдық тұрғыдан қарағанда алғашқы дiни сенiм түрлерiнiң пайда болуының себебi адамдардың «таухид» сенiмiнен ажырап, адасуынан деп түсiндiрiледi.

Анимизм. Анимизм латынның «anema» - деген сөзінен шығады. «Рухы», «жаны» деген мағына береді. Анимизм – адамның өмірлік істеріне араласатын және адамға өз мақсатына жетуге көмектесетін немесе кедергі келтіретін сансыз рухани мәндердің тіршілік ететініне деген сенім. Басқалай айтқанда анимизм табиғат күштерiнiң, жан-жануардың, өсiмдiктер мен жансыз заттардың рухы, жаны бар деген түсiнiк. Анимистік сенімдерді алғаш рет Э. Тэйлор(1832-1917) бейнелеп берді. Ол “Алғашқы қауымдық мәдениет” - атты еңбегiнде анимизм теориясын жасады. Э.Тэйлор анимизм барлық дiннiң бастауы деп тұжырымдаған, бiрақ қазiргi ғылым ол пiкiрмен келiсе бермейдi. Оның ойынша, анимизмнiң шығуына ежелгi адамдардың екi мәселеде ойлануы себеп болды. Ол екi мәселе «тiрi және өлi дене айырмасы неде?», түс, ояу болу, экстазбен ауыру себептерiне жауап iздеуде, мiне осыларға жауап iздеу анимизнің шығуына себеп болды дейдi.

Э.Тэйлор былай дейдi: «Жеке жан жайлы түсiнiк шықты. Жан нәзiк заттық емес. Ол адам бейнесi, бу, ауа немесе көлеңке сияқты. Жан тiршiлiк иесiндегi өмiрдiң және ойдың себебi. Жан көрiнбейдi, басқа денелерге кiре алады. Адамның бiрнеше жаны бар. Олардың әрқайсысы белгiлi бiр қызмет атқарады: бiреуi өмiрлiк қызмет, екiншiсi ойлануға, ал үшiншiсi адамның тұлғалық бейнесiн көрсетедi. Адам өлген соң оның жаны (рухы) жеке дербес өмiр сүре алады. Өлген адам жаны өзiнiң денеден тыс екенiн сезедi, оны сырттай көредi. Жан басқа рухани денеге кiргенiн, яғни физикалық денесiн тастап кеткенiн бiледi, нәтижесiнде жан мына дүниеге, ондағы проöесстерге араласады».

Кейiн анимизмнiң даму барысында таудың, судың, жердiң, үйдiң, жан-жануардың, тiптi Көне Гректер мен Римдiктерде адам сезiмдерiнiң де киесi, иесi бар деп олардың рухына табыну сияқты анимистік сенімнің түрлерi шыққан. Мысалы: су перiсi, таудың иесі, үйдiң иесi(домоâой), жануарлардың киесi т.б. анимистiк сенiмдер барлық халықтарда болған. Алғашқы қауымдық дәуiрдегi адамдар зияны тимесiн, қолдап, жебеп жүрсiн деген мақсатта, оларға арнап салтанатты рәсiмдер атқарған. Орман iшiнен бiр ағашты таңдап алып, оған шүберек т.б нәрселер байлап белгi қойып, арнайы дұға қылып, рәсiмдер жасаған. Дәл осылай тау иесiнiң құметiне арнап, белгiлi бiр жердi таңдап алып, тау тастарын үйiп, соңынан рәсiмдер орындаған.

Тотемизм. Тотем Солтүстік Америка үндi тайпаларының тiлiнде-оның туысы деген мағынаны бiлдiредi. Тотемдiк адамның және жеке әлеуметтiк ұжымның жануарлар мен өсiмдiктер арасында туыстық байланыс бар дейтiн алғашқы қауымдық түсiнiк (сенiм). Тотем терминi XVIII ғасыр басында ғылыми қолданысқа енiп, Х1Х-ХХ ғ.ғ. ағылшын этнографы Дж. Фрэзер (1854-1941) оны толық бекiттi.

Жалпы тотемдiк туралы елуден астам түрлi теориялар бар. Оның пайда болуының себебi басы ашық мәселе. ұылымда тотемдiк сенiм мен ғұрыптар жайлы деректер жеткiлiктi. Тотемдiк жануар және өсiмдiктер рудың немесе тайпаның тұрған жерiне және шаруашылығы мен кәсiбiне байланысты. Жануар сол тайпаның арғы түпкi атасы (перâопредок), бәрi содан тарайды деп түсінген. Ол туралы аңыз шығарылып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып тұрған. Тотемдi қасиеттi деп етiн жеуге немесе тұрмысқа пайдалануға табу (тыйым салу) жарияланған. Бiрақ екiншi жағынан тотемдiк хайуан етiн рәсiмдiк астарға пайдаланған.

Тотемдiк тек дiни сенiм ғана емес, әлеуметтiк институт ретiнде реттеу, тәртiпке келтiру т.б. қызметтерін атқарған.

Тотемнiң әлеуметтiк функöиялары:

1. Адамның жеке бiрегейлiгiн (идентификаöия) бiлдiру, яғни бiр тайпаның мүшесi екенiн көрсету. Мысалы: Еуропалық зерттеушiлер Аâстралияның тұрғылықты (абориген) адамдарынан «Сен кiмсiң?» деп сұрағанда, «Мен кенгурумiн» немесе т.б. деп жауап берген.

2. Экономикалық функöиясы - территорияны бөлу, жердi игеру және шаруашылықты жүргiзу т.б.

3. Некелiк қатынастарды реттеу функöиясы.

Бiр тотемдiк ру мүшелерiнiң некелiк қатынасына тыйым салынған, бiрақ бiр тайпа iшiндегі түрлi тотемдiк рулар арасында рұқсат етiлген.

Тотемизм негiзiнен ұжымдық сипатта болған. Кейiнгi дәуiрлерде барлық дiндерде тотемдiк адам және хайуан кескiнiнде дамыды. Мысалы, Ежелгi гректердегi жартылай адам және хайуан (кентаâр) кескiнiнде көрiнiс тапты. Тотемизм өнердiң дамуына да ықпал еттi. Тотемдi заттарға және адам өз денесiне де кескiндеген. Мысалы, татуироâка өнерi.

Түркi халықтарында тотемдiк жануар – қасқыр болып табылады. Өйткені, түркi халықтарының аңыздарында олардың көк бөрiден таралғандығы баян етіледі.

Фетишизм. Ежелгі діни наным-сенімдердің бірі – фетишизм сөзінің түбі португал сөзінен шыққан «сиқыр заты» деген мағына береді. Фетиштік нанымды алғаш мәрте португал теңізшілері Батыс Африкадан кездестірген. Бұл термин ғылыми айналымға XVIII ғасырдың аяғында кiрдi. Алғашқыда Француз ғалымы Шарл Деброс, кейiнірек О. Конт (XIХ ғ.) кеңiнен қолданды.

Фетишке сенiмнің негiзi: «Заттарда адамдағы сезiм, эмоöия сияқты т.б. қасиеттер бар деп қабылдау.

Фетиш ретінде адамды таң қалдырған кез келген зат бола алады. Бір сөзбен айтқанда, керемет әсер ететiн қасиеттерi бар деп саналатын жансыз заттарға табыну. Мысалы, жануар тісі, зергерлік бұйым, әдемі оюланған көркем зат, ғажайып формадағы тас, ағаш кесіндісі. Осы заттарға ерекше қасиеттер беріледі (емдеу қасиеті, аңшылықта көмектесу, жаулардан қорғау). Егер зат арқылы адам өзінің өмір тіршілігінде табысқа жетсе, онда ол маған фетиш көмектесті деп, затты қастерлеп өзінде қалдырған. Ал адам кейде сәтсіздіктерге ұшыраса, онда фетишті қажетсіз бағалап немесе басқа затпен алмастырған. Ежелгi адамдар фетишке арнайы орын дайындап, оған сиынған. Кейiнгi дәуiрлерде адамдар фетиштердi жануар және адам кескiнiнде жасап, оларға тылсым құдiрет күшi ретiнде сиынатын болған. Алғашқы қауымдық құрылыстың соңғы дәуiрлерiнде қарапайым фетиштiктiң жаңа түрi пұтқа табынушылық қалыптасты. Ендi құдайларды, рухтарды өз ойларынша кескiндеп, бейнелеп соларға табына бастады. Бұндай ғибадат жасауды пұтқа табынушылық (язы÷естâо, идолопоклонстâа) деп атайды. Фетишизмнiң элементтері бүгінгі күнгі барлық дiндерде кездеседi, бiрақ оның мазмұны әр түрлi.

Сиқыр (Магия). Магия гректің сөзi «сиқыр» дегенді білдіреді. Көз алдына елестетіп тылсым, құпия күштерге және олардың көмегiмен айналадағы шындыққа әсер ету мүмкiндiгiне сенумен байланысты салт-жоралар және әрекеттер жиынтығы.

Магия анимизм және тотемдiкпен қатар пайда болған құбылыс. Оның негiзiнде рухқа, жанға сенім жатыр. Магияның пайда болуы, оның мәнi және де дiнмен арақатынасы туралы мәселелер ғылымда әлi кереғар тұжырымдар бар. Дж.Фрэзер өзiнiң “Алтын бұтақ” еңбегiнде магияның пайда болуы жөнiндегi теориясын жасады. Оның теориясы (идеялар ассоöиаöиясы) екi заңға негiзделген, яғни магиялық ойлауы екi заңға байланысты.

Бiрiншi заң “Ұқсастық заңы”- Ұқсас нәрсе өзiне ұқсасты шығарады немесе салдар өз себебiне ұқсайды. Алғашқы қауымдық құрылыста адамның дүниетанымы табиғат пен әлемге нақты - сезiмдiк қатынаста болған.

Екiншi заң ”жұғу заңы” - бiр-бiрiмен байланысқа түскен заттар тiкелей байланыс бiткен кезде алыстан өзара әсер етедi.

Бiрiншi заңдылық бойынша сиқыршы (маг) қалаған нәрсесiн сол нәрсеге ұқсау арқылы жүзеге асырады. Найзағай мен күркiреудiң ұқсасын (имитаöия) жасау арқылы жауын жаудыруға болады.

Екiншi заңдылық негiзiнде сиқыршы бiр затқа әсер ету арқылы сол заттың иесiне әсер етедi. Дж.Фрэзер магияны осылайша түсiндiредi.

Магияның (сиқырдың) дiнмен арақатынасы қандай? Магиядан дiн шығады ма, әлде дiннен магия шығады ма? деген сұраққа ғылымда жауап сан алуан.

Дж.Фрейзердiң айтуынша магия мен дiн бiр-бiрiмен сәйкес емес, оның үш себебi бар.

Біріншіден, магияның негiзiнде табиғат құбылыстары бiрыңғай заңдылықтарға бағынады деген сенiм жатыр, ал дiн заттардың табиғи тәртiбi мен проöесiне жоғарғы тылсым құдiрет араласады деп сенедi.

Екiншiден, дiн өз болмысы бар құбылысқа сену, ал магия жансыз немесе кескiнсiз күштермен әрекет ету.

Үшiншiден, дінде сұрайды жалбарынады, ал магия күштейдi.

Дiнде магияға тыйым салады. Сонымен сиқыр адамның дәрменсiз, шамасы келмеген кезде тылсым бiр күш арқылы армандаған нәрсесiн iске асыру. Ал дiн нақты, саналы iс-әрекетке сүйенедi. Дiн магиядан жоғары тұрады.

Жалпы магияны ақ және қара немесе зиянды деп бөледi. Зиянды магия - тамақты, киiмдi, заттарды сиқырлау, бiреудiң ауласына күл-қоқыс тастау. Сиқыр әсер етпесiн деп жас нәрестенiң жүзiн көрсетпеу, жас жұбайдың бетiн жабу т.б. салттар о баста сиқырдан шыққан. Магияның емдiк, әскери, махаббат, ауа - райы, кәсiптiк түрлерi де бар.

2. Ежелгі Месопотамия діндері

Шумер, Аккад, Ассир сияқты қауымдар мекендеген ежелгі Месопотамия өлкесінде түрлі сенімдер өмір сүрген. Осы өлкеге жасалған археологиялық қазбалардың нәтижесінде, Месопотамия түрлі діндерді басынан кешіргенін байқауға болады. Қазба жұмыстарына қарағанда ежелгі дәуір діндеріне тән Месопотамия діндерінде политеистік сенім басым болғанымен, монотеистік діндер де байқалып отырады.

а. Шумер діні. Шумерлер б.д.д. 4 мыңыншы жылдары Орта Азиядан Месопотамияға қоныс аударған түркілермен туыс қауым деген болжамдар бар. Себебі Шумер мәдениеті Орта Азиядағы түркі мәдениетіне жақын келеді. Сонымен қатар, ежелгі Шумер құдайының аты «Дингир» қазақ тіліндегі «тәңір» сөзіне ұқсастығы оған дәлел бола алады.

Шумерлер алғашында түркілер сияқты бір тәңірге табынған қауым болғанымен, кейін оларда семит тайпаларымен араласуына байланысты тотемизм, анимизм және натуризм сенімдері кездесетін болған. Себебі, бұл қауымның дінінде арыстан, бүркіт, тәрізді жануарлар мен құстар қасиетті саналып, ай, күн және жұлдыздар құдай болып есептелінген және қоршаған ортадағы заттардың рухтары болғанына сенген. Сонымен қатар әр қаланың жеке өз құдайлары болып, олар «Ана құдай» деп аталатын ортақ бір құдайдың бөлшегі болып есептелінген.

Шумер сенімі бойынша ең ұлы құдай адамзатты өзіне табыну үшін топырақтан жаратқан. Сонымен қатар олардың ескі саз балшық жазбалары жер бетін топан су қаптағаны туралы мәлімет береді.

Шумерлерде патшалар құдайдың ұлы есептелген, тіпті патшаларға құдай сияқты табынған.

Сонымен қатар Шумерлерде «Думузи», «Нисан ну», «Улу ку», «Кину ну» т.б. сияқты 1500-ге тарта құдайлары және үштік құдай сенімі (Ану, Энлил, Энки немесе Уту, Нанна және Инанна) болған. Ану - аспан құдай және барлық құдайлардың патшасы, Энлил – жер жүзінің құдайы деп есептелсе, Энки – су мен теңіз құдайы болып есептелген. Олар аталмыш құдайлардан басқа «Шамаш» - күн құдайы, «Син» - ай құдайы, «Иштар» - жұлдыз құдайы, «Ишкур» - боран құдайы сияқты құдайларға табынған.

Шумерлерде ғибадатханалар жоғарыға қарай баспалдақ пішімінде тұрғызылатын болған және ғибадатханалар аспандағы құдайдың үйі болып есептелінген. Ғибадатханалардың жанында Шумер дінбасыларының ғибадатханалары да кездесетін болған.

ә. Ассирия діні. Б.д.д. ІІІ ғасырда Месопотамиядағы билік Шумерлерден кейін, Семит тектес ассириялықтарға өткен. Ассириялықтардың діні Шумер дініне ұқсас келеді. Шумер діні сияқты, ассириялықтардың әр қаласында жеке құдайлары болған. Сонымен бірге күн құдайы - «Шамаш», ай құдайы - «Син», жұлдыз құдайы - «Иштар» деген Шумер құдайлары Ассир дінінде де жалғасын тапқан.

Ассириялықтарда балгерлік кең етек алған. Олар жауынгер халық болғандықтан, соғыс кезінде немесе соғысар алдында құдайларына құрбандық шалып отырған, яғни құдайға құрбандық шалу бұл дінде маңызды орынды иеленген.

3. Ежелгі Мысыр діні

Ежелгі Мысыр дінінде Пирамида жазбалары, құлпытастар жазбалары және өлілер жазбалары атты ескерткіштер берген мәліметтерге қарағанда анимизм, натуризм және тотемизм сенімдері кездесетін көрінеді.

Ежелгі Мысыр діні негізгі мына шарттарды құрайтын сияқты:

  1. өлілерді құрметтеу, өлгеннен кейін о дүниенің бар екеніне сену және өлілерге жасалынатын рәсімдер;

  2. Жануарларды құрметтеу және жануарларға жасалынатын рәсімдер.

Бұл дінде құдайлар маймыл, қошқар, қолтырауын (крокодил), сиыр т.б. жануар кейіпінде бейнеленген және ежелгі мысырлықтар сол жануарларға табынған.

Ежелгі мысырлықтар өлі рухтарды құрметтеп, олардың араларында жүретініне, біршама уақыттан кейін, денесіне қайта оралатына сенген және өлген адамның денесін шірітпей, сақтауға тырысқан.

Ежелгі Мысыр дінінде тотемизм, анимизм сенімімен қоса, натуризм сенімі де кездеседі. Оған олардағы «Ра» немесе «Амон-ра» - күн құдайы, түнек құдайы – «Апоп», аспан құдайы – «Нут», құйын, дауыл құдайы - «Сет», «Изис» пен «Сириус» - жұлдыз құдайлары дәлел бола алады. Осы құдайлардан басқа ақыл құдайы - «Геб», перғауын жарылқаушысы – «Гор», әйелдер мен аналар құдайы – «Исида», шындық құдайы – «Маат», өлілер құдайы – «Анубус сияқты құдайлар кездеседі. Сонымен қатар ежелгі Мысыр дінінде «Изис», «Осирис» және «Хориус» деген үштік құдай сенімі де кездеседі.

Бұл дінде ғибадатханалар пирамидалық пішімде тұрғызылған. Пирамиданың ішкі бір бөлімінде халықтың көзінен таса, құдай мүсіндері орын тепкен.

4. Ежелгі Грек діні.

Ежелгі Гректер Үнді-Еуропа тобына жататындықтан, олардың діні ежелгі Еуропа мен Үнді діндеріне жақын келеді.

Ежелгі Грек діні политеистік дін және бұл дінде натуризм, анимизм сенімдері де кездеседі.

Кейбір дін зерттеушілері ежелгі Грек дінін құдайларға құрбандық шалу сияқты жалпы грек халқы орындайтын халық діні және ежелгі Грек ақыны Орфей құрған мистикалық (сыр) дін деп екіге бөледі. Бірақ бұл дінді гректің беделді адамдары ғана ұстаған. Ежелгі Грек сенімі бойынша мистикалық дін арқылы адамдар құдайларға тән сипатты өз бойына жинақтайтын болған. Олар осы жол арқылы құдайлар дәрежесіне жетеді деп сенген.

Ежелгі Гректер құдайларын адам кейпінде елестеткен және құдайлар аспанның ең биігінде отырады немесе аспанмен таласқан Олимп тауының ұшар басын мекендейді деп сенген.

Оларда ең үлкен құдай «Зевс» (Зеус), адамзаттың, құдайлардың құдайы, әрі күн тәңірісі. Одан басқа мейірімділік құдайы - «Аполлон», Зевстің әйелі, жанұя мен әйелдердің құдайы - «Гера», Афины қаласын қорғаушы құдай - «Афина», теңіз құдайы - «Посейдон», берекелік құдайы - «Гермес», аңшылық құдайы - «Артемида», сұлулық құдайы - «Афродита», ғашықтық құдайы - «Элена» сияқты құдайлары болған.

Ежелгі Грек дінінде Посейдон, Зевс және Аид (өлілер құдайы) атты үштік құдай сенімі де кездеседі.

Ежелгі Гректер құдайларын адам кейпінде түсінгендіктен, олар үйленіп бала-шағалы болатынына, түрлі қылмыстар істейтініне сенген. Сондықтан Ежелгі Грек құдайлары арасынан ұры, қанішер, өтірікші, залым құдайлар да кездеседі.

Ежелгі Грек дінінде құдайлардың өздеріне тән мүсіндері болған, тіпті құдайларға арнап храмдар салған.

5. Ежелгі Рим діні

Ежелгі Рим дінін анимизм сенімі құрайды. Олар өлі рухтардың адам өміріне әсер ететініне, тіпті адам тағдырын басқаратынына сенген. Сондықтан, ежелгі римдіктер жылына екі мәрте өлілерге арнап діни рәсімдерін өткізетін және зираттарға барып, өлі рухтарға сыйлықтар ұсынатын болған. Олар құдайлармен қатар жанұя рухтарына да ерекше маңыз берген, олардан жәрдем сұрайтын болған.

Ежелгі римдіктер құдайларының мүсінін жасамағанымен, кейінгі заманда Гректерге еліктеп, құдайларының мүсінін жасау етек алған. Тіпті құдай аттары да Грек құдайларының аттарынан алынып отырды.

Ежелгі Рим дінінің басты құдайларына аспан құдайы - «Юпитер», Юпитердің әйелі «Юнон» құдай, ақыл құдайы - «Минерва», жарық пен музыка құдайы - «Аполлон», соғыс құдайы - «Марс», тағы «Меркури», «Венус», «Оптимус» т.б. құдайлар жатады. Сондай-ақ, Иран діні Митраизмдегі «Митра» атты құдай, римдіктерде күн құдайы болып есептелінеді. Тіпті олар ошаққа, отқа табынған және Римде балгерлік, сиқырлық етек алған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]