Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dintanu.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.74 Mб
Скачать

1. Мұсылман салт-жоралары мен сенімдік мектептері (Сенімдегі мәзхабтар)

А) Матуриди мәзхабы

Матуриди мәзхабының имамы - Әбу Мансур Матуриди. Һижри 238 жылы (862 ж.) Самарқандтың матурид қыстағында дүниеге келген және атын осы қыстақпен атаған. Һижри 333 жылы (944 ж.) Самарқандта дүние салған Әбу Мансұр – атақты түркі ғұламасы Әһли Сүннет сенімін жақтап, ойдан шығарылған сенімдерге қарсы өмір бойы күресіп өткен. Амалда ханафи болғандар, итиқадта Матуриди мәзхабын қабылдайды.

Ә) Әшари мәзхабы

Әшари мәзхабның имамы - Әбу-л-Хасан Али әл-Әшари. Ол һижри 260 жылы (873 ж.) басрада дүниеге келіп, һижри 324 жылы (936 ж.) Бағдатта дүние салған.

Мутазила ғұламаларынан Әбу Али әл-Жубаидің шәкірті болып, кейіннен аталған мәзхабтан бас тартып, Әһли Сүннетті жақтаған. Осыдан соң өмірінің соңына дейін Әһли Сүннетті жақтап өткен.

2. Мұсылман құқығының негізгі мектептері (Амалдағы мәзхабтар)

Амал бойынша мәзхабтар Ханафи, Шафи, Малики және Ханбали болып төртке бөлінеді.

1. Ханафи мәзхабы

Ханафи мәзхабның құрушысы Имам Ағзамның шын аты - Нұғман бин Сәбит әл-Куфи. Ол хижраның 80 (699 ж.) жылында Ирактың Куфа қаласында өміге келген. Ғасырының ірі ғалымы болғандықтан оны – «Имам Ағзам» деп атады, яғни «ең үлкен имам» деп құрметтеген. Ол жас кезіне соңғы сахабалардан тәріс алған. 22 жасында Ирактың аса көрнекті діни ғалымы Хаммад бин Әбу Сүлейменнің шәкірті болған. Оның үйірмесінде 18 жыл сабақ алып, кейін Куфа мен Басрадағы беделді фақиһ ретінде 10 жылдай осы мектепті өзі басқарған. 747-748 жылы Әбу Ханифа өзін мемлекеттік қызмет атқаруға зорлап соңына түскен Ирак әкімі Ибн Хұбайрадан құтылмақ болып, Меккеге аттанады. Аббас әулеті өкімет басына келгеннен кейін Әбу Ханифа Иракқа көшіп келіп, сонда өмір кешкен. Халифа әл-Мансұр оған жаңа астана – Бағдатта қазының орнын немесе басқа қызмет ұсынғанда Әбу ханифа одан бас тартқан. Әбу Ханифаны көндіру үшін оны ұлғайған жасына, беделіне қарамай, абақтыға қамап дүре соқтырған. Бұған шыдамаған Әбу Ханифа дүние салған.

Ислам әлеміндегі иман, шариғат мәселесі бойынша жазылған тұңғыш шығармалардың бірі ретінде оның «әл-фиқһу-л-әкбар» немесе «Асл әт-Тәухид» атты шығармалары құнды. Имам Ағзамнан өзге бұл мәзхабтың атақты имамдарының қатарына Әбу Жүсіп пен Мұхаммед аш-Шайбани жатқызылады.

Ханафи мәзхаб бастапқыда Иракқа, кейіннен Мысырға, Үндістанға, Орта Азияға және түркі халықтары арасына кең таралған.

2. Малики мәзхабы

Аталған мәзхабтың құрушысы - Мәлік бин Әнәс (һ. 93-179 ж, м. 712-795). Бұл мәзхаб Мединеде дүниеге келіп, Араб елдеріне, Мысырға, Солтүстік Африка мен Андлусияға тараған. Имам мәлктің негігі мәшһүр еңбегі – Муатта. Фықһ тәртібіне қарай жазылған алғашқы хадис кітабы болып есептеледі.

3. Шафи мәзхабы

Шафи мәзхаб құрушысы имамның атымен аталады, яғни осы мәзхабтың негізін қалаған Мұхаммед бин Идрис әш-Шафи (767-820) болып табылады. Ол Газза қаласында әскери қызметкердің отбасында дүниеге келген. Жас кезінде әкесі қайтыс болып, шешесі аш-Шафиді Меккедегі әкесінің атақты туыстарының қолына алып келеді. Мұнда ол көрнекті діндарлардың және тілші, хадисті және фықһты меңгерген ғұламалардың ортасында өскен. 20 жасқа толғанда Мәлик бин Әнәстан дәріс алу үшін Мединеге қоныс аударады. Мәлік оны толық қамқорлығына алып, оның көмекшісі болады. Мәлік қайтыс болған соң ол Меккеге қайта оралып, Нажранның әкімі болып тағайындалады. Шамамен 35 жасқа толған шағында Бағдат пен Меккеде атағы жайылды: Ханафи мен Мәлики мәзхабтары арасындағы айырмашылықты біріктіруге тырысқан ол өз мәзхабын құрды. 814-815 жылы әш-Шафиді шиитшілдікке бейімдігі үшін кіналаған халифа әл-Мәмунмен тіл табыса алмаған ол Мысырға көшіп кетті. Ол мұндағы ғалымдар арасында бірде үлкен беделге ие болды. Шафи мәзхаб Мысырға, Оңтүстік Арбастанға, шығыс Африкаға, Әзірбаужанға, Шығыс Анатолияға, Индонезия мен Ява араларына таралған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]