Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dintanu.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.74 Mб
Скачать

1. Үнді діндері

Тарих бойында өркениетті халықтарды жетілдірген Үнді түбегінде бірнеше діндер өмір сүруде. Ислам, христиан және парсизм сияқты шеттен келген діндердің өзін айтпағанда үнді халқынан әлемдік дін буддизм және ұлттық діндері индуизм, жайнизм, сикхизм сияқты діндер туылған.

Қазіргі үнді діндері рухтың көшуі, карма сияқты сенімдері мен аскеттік, мистикалық өмірге мән беруі жағынан ерекшеленеді. Сондай-ақ үнді діндерінде монотеистік, политеистік, үштік, пантеистік, құдай сенімдері де, құдайсыз сенімдер де кездеседі.

2. Индуизм

Қазіргі Үндістандағы белді діндердің бірі болып есептелінетін индуизм, үнді халқының ежелден бері қалыптасып келе жатқан дәстүрі мен ұлттық сеніміне негізделген дін. Үнділіктер өздерінің ұлттық діндерін «Санатана Дхарма» деп атайды, бірақ еуропалықтар «индуизм» деп атап кеткен.

Индуизм дінінің белгілі сенім жүйесі жоқ. Сондықтан бұл дінде құдай түсінігі түрлі пішімде суреттеледі, яғни әрбір адам немесе қоғам өз көзқарасына сай құдайға сипат бере алады. Осыған орай, үнділіктер қазіргі кездегі әлемдегі діндердің құдай түсініктерін теріске шығармай, құдайдың түрлі бейнеде, түсінікте көрінетінін қабылдайды. Сондықтан бүгінгі Үндістанда түрлі пішімдегі құдай мүсіндері көптеп кездеседі.

Индуизм монотеистік, политеистік, пантеистік, үштік құдай сенімін бірдей қабылдай беретін дін. Ригведада: «құдай біреу, бірақ даналар оны түрлі есіммен атайды» - дегеніндей, бұл дін монотеистік бір дін болып көрінгенімен, үштік құдай сенімі (Брахма – жаратушы құдай, Вишну – жақсылық құдайы, Шива - жамандық құдайы) де, пантеистік (әлем мен құдай бірлігі) құдай сенімі де кездеседі.

Бұл діннің сенімі бойынша құдай әрдайым адамдармен бірге болады. Сондықтан үнділер Вишну құдайдың адам кейіпінде жер бетіне келіп (аватара), әлемге әділдік орнататынына сенеді. Осы сенімге орай үнді аңыздарындағы Рама, Кришна, Гита адам кейіпінде жерге түскен Вишну құдай болып табылады.

Үнділер о дүние (ахирет) сенімін теріске шығарады. Олардың сенімі бойынша адам өлгенде жаны ешқандай өлмейді және басқа өмірге кетпейді де, жан тек бір денеден келесі денеге орын ауыстырады (реинкорнация). Осылай жан тек тән ауыстыра отырып, мәңгілікке жалғасады.

Сонымен қатар бұл діндегілер «карма» сенімі арқылы дүниенің әділдігі сақталатынына сенеді. Яғни карма сенімі бойынша адам істеген жақсы-жамандығының нәтижесін келесі дүниеге келгенде көреді. Осылай әділеттік жүзеге асады.

Индуизмнің ғибадат негіздері:

  1. өлілерге құрбандық атау;

  2. Күнді құрметтеу;

  3. Үйде от жағу;

  4. Тойларда, туылу, өлім кезінде дұға оқу немесе құлшылық жасау;

  5. Кришнаның туылған күні мен Шива кеші сияқты қасиетті күндерде құлшылық жасау;

  6. Қасиетті кітаптарды оқу.

Индуистердің қасиет тұтатын кітаптары Ведалар болып табылады. Ведалар өз ішінен Ригведа, Самаведа, Яжурведа және Атхарваведа деген бөлімдерден тұрады.

Ведаларда діни өлеңдер, өтініш-дұғалар, өмір сүру қағидалары, т.б. тақырыптар баяндалған.

Индуизм діні адамдарды «каст» деп аталатын төрт топқа бөледі. Индуизм сенімі бойынша адам өз еркімен каст системасына қосыла алмайды. Ол нәсілмен келетін жүйе. Каст:

  1. Брахмандар (дін басылары);

  2. Кшатрия (ақсүйектер мен қолбасшылар);

  3. Ваикия (Ваисия) (саудагерлер мен егіншілер);

  4. Шудра (жұмысшылар мен қолөнершілер).

Сонымен қатар осы кастаға кірмейтін «Пария» деген тағы бір топ бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]