
- •«Дін» туралы түсінік, оның мазмұны мен маңызы. Діннің мақсаты мен міндеттері. Негізгі дерек көздері.
- •Ислам дінінің түркі халықтарының рухани, мәдени болмысы мен мемлекеттік жүйесіне ықпалы
- •Діни наным сенімдердің бастауы
- •6. Түркілердің ескі діні
- •Көне түркілердің діни сенімі
- •2. Конфуцианизм діні
- •3. Даосизм діні
- •4. Cинтоизм
- •1. Үнді діндері
- •2. Индуизм
- •3. Жайнизм
- •4. Сикхизм
- •5. Парсизм
- •Христиан діні
- •Христиан дінінің пайда болуы
- •Ә) Інжіл - әлемдік мәдениет ескерткіші
- •Б)Христиандықтағы басты құндылықтар
- •В) Христиан діні және ғылым
- •1. Ислам діні
- •2. Хазірет Мұхаммед (ғалайһи сәлам) пайғамбар
- •1. Өзімізге байланысты міндеттеріміз
- •2. Адамның Аллаға байланысты міндеттері
- •3. Пайғамбарымызға байланысты міндеттеріміз
- •4. Отбасыға байланысты міндеттеріміз
- •5.Адамдардың бір-біріне байланысты міндеттері
- •6. Адамдардың қоршаған ортасына байланысты міндеттері
- •7. Отанымызға байланысты міндеттеріміз
- •1. Діни үкімдер
- •Сунниттер мен шииттер
- •Шариғат
- •Исламдағы мәзхабтар
- •1. Мұсылман салт-жоралары мен сенімдік мектептері (Сенімдегі мәзхабтар)
- •2. Мұсылман құқығының негізгі мектептері (Амалдағы мәзхабтар)
- •1. Ханафи мәзхабы
- •2. Малики мәзхабы
- •3. Шафи мәзхабы
- •4. Ханбали мәзхабы
- •Қазақтар имам ағзам жолындағы мұсылмандар Сопылық (Суфизм)
- •Ислам мәдениеті
- •Ислам – адами және әлеуметтік құндылықтардың көзі
- •Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп
- •Адамды сүй, Алланың хикметін сез
- •Қазақстандағы исламның таралуы
- •Сопылықтың мәні, кезеңдері мен ағымдары
- •Йасауи мектебі
- •Қазақстандағы діни білім беру тарихы
- •Қазақ мәдениеті мен ислам құндылықтарының тұтастығы
- •Атеизм және қазақтарды шоқындыру саясаты
- •V. Бөлім. Қазақ топырағынан шыққан әйгілі дін ғұламалары (6 сағат)
- •Ахмет йүгінеки
- •Жүсіп баласағұни
- •Әбу насыр әл-фараби
- •Имам әл-бухари
- •Иасауи хикметі – дін және ұлтаралық татулықтың кені
- •Абай құнанбаев
- •Шәкәрім құдайбердіұлы
- •Хусамеддин Сығнақи
- •Vі. Бөлім. Қазақстан – дінаралық келісім орныққан ел (2 сағат)
- •Дін және ғылым
- •Тақырыптық жоспарлау үлгісі
- •34 Сағат (аптасына 1 сағат)
- •Әдебиеттер
- •Тауил және таухид
2. Конфуцианизм діні
Конфуцианизм әсіресе қытайдың ғалымдары, ақсүйектері, императорлары ұстайтын ұлттық діні. Бұл дін б.д.д. 140-87 аралығында билік жүргізген Ву-ти император заманынан бастап, 1912 жылға дейін қытайдың мемлекеттік ресми діні болып келген.
Бұл діннің негізін қалаушы Конфуцзий (б.д.д. 551-479) қытайдың «Цсау» деген өлкесіндегі бір қытай жанұясында дүниеге келген. Ол үш жасында әкесінен айрылып, 19 жасында үйленеді. Ал жиырма жасынан бастап шәкірт оқыта бастайды. Кейін оның шәкірттері Конфуцзий мектебін дамытып, бір дін қалыптастырады.
Конфуций ежелгі қытай сенімінен бөлек құдай туралы жаңа пікір айтпай кеткенге ұқсайды. Сондықтан Конфуцианизмдегі құдай сенімі ежелгі қытай халық сенімінен айырмашылығы жоқ. Оның негізгі мақсаты бұзылған ежелгі қытай дәстүрін қайта қалпына келтіру еді. Ол өзін ешқандай дін құрушысы есептемеген. Бірақ ол ежелгі қытайдағы үлкен құдайды «Тиен» деп атаған.
Конфуцзий императорлардың құдайдың баласы болу сеніміне де қарсы шықпаған.
Конфуцзийдің өлімінен кейін шәкірттері оның өсиеттеріне сүйене отырып, бес ахлақ негізін қалыптастырған:
Патша мен халық арасындағы құрмет пен сүйіспеншілік;
Әке-шеше мен бала арасындағы құрмет пен сүйіспеншілік;
Ерлі-зайыптылар арасындағы құрмет пен сүйіспеншілік;
Достар арасындағы құрмет пен сүйіспеншілік;
Үлкендер мен кішілер немесе бүкіл адамдар арасындағы құрмет пен сүйіспеншілік.
Конфуцианизм ахлағында патша, ер, үлкендер әділ басқарушы, ал халық, жұмысшы, әйел мен кішілер оған бағынушы болуы керек.
Конфуцианизм дінінде туралық пен құрмет көрсету басты принцип болып табылады. Қоғамдағы ұстаз-шәкірт, әке-шеше мен бала, басшы мен қызметші, ер мен әйел, үлкен мен кішілер, тіпті бүкіл адамдар арасындағы байланыстарда жоғарыда аталған принциптер сақталуы керек.
Конфуцзийдің:«өзіңізге ұнатпаған нәрсені басқаларға істемеңіздер» - деген сөзіне сай, адамдар, әсіресе патшалар жақсылыққа бейім болуы тиіс.
Конфуцзий белгілі құлшылық рәсімін қалыптастырмаған адам. Оның пікірі бойынша әрбір адам дін адамдарын арашашы тұтпай-ақ, өзі құлшылық жасай алады. Бірақ Конфуцзийдің өлімінен кейін оның зиратының басына құрбандық шалынып, оның атынан ғибадатханалар тұрғызыла бастады. Б.д.-де бір қытай иператорының жарлығымен жылына төрт мәрте Конфуцзий ғибадатханаларына құрбандық шалу дәстүрі қалыптасқан. Тіпті құрбандыққа өгіз, қой және доңыз шалу салты да белгіленген. Алғашқы кезеңде құрбандықты императорлар мен оның орынбасарлары шалатын болса, қазіргі кезде бұл дәстүр кең көлемде етек алды. Құрбандық рәсімінен кейін діни өлеңдер оқылып, Конфуцзий ғибадатханасына түрлі тағам мен гүлдер ұсынылады.
Конфуцианизмнің қасиетті кітабы Конфуцзийдің шәкірттері жинақтаған Конфуцзийдің сөздері мен философиясы болып табылады. Бұл діннің қасиетті жазбалары “классик” және “кітаптар” атты екі бөлімнен тұрады.
Классик “өзгерістер кітабы”, “Тарих кітабы”, “өлеңдер кітабы”, “Рәсімдер кітабы”, “Көктем, күз оқиғанамалары” атты бөлімдерден тұрады.
Ал Шуң (9-шы ғасыр) тарапынан жинақталған 4 кітап “Конфуцзийдің сұхбаттары”, “Мансиустің сөздері”, “Орта жол доктринасы”, “Ұлы білім” деген бөлімдерден тұрады.