
- •«Дін» туралы түсінік, оның мазмұны мен маңызы. Діннің мақсаты мен міндеттері. Негізгі дерек көздері.
- •Ислам дінінің түркі халықтарының рухани, мәдени болмысы мен мемлекеттік жүйесіне ықпалы
- •Діни наным сенімдердің бастауы
- •6. Түркілердің ескі діні
- •Көне түркілердің діни сенімі
- •2. Конфуцианизм діні
- •3. Даосизм діні
- •4. Cинтоизм
- •1. Үнді діндері
- •2. Индуизм
- •3. Жайнизм
- •4. Сикхизм
- •5. Парсизм
- •Христиан діні
- •Христиан дінінің пайда болуы
- •Ә) Інжіл - әлемдік мәдениет ескерткіші
- •Б)Христиандықтағы басты құндылықтар
- •В) Христиан діні және ғылым
- •1. Ислам діні
- •2. Хазірет Мұхаммед (ғалайһи сәлам) пайғамбар
- •1. Өзімізге байланысты міндеттеріміз
- •2. Адамның Аллаға байланысты міндеттері
- •3. Пайғамбарымызға байланысты міндеттеріміз
- •4. Отбасыға байланысты міндеттеріміз
- •5.Адамдардың бір-біріне байланысты міндеттері
- •6. Адамдардың қоршаған ортасына байланысты міндеттері
- •7. Отанымызға байланысты міндеттеріміз
- •1. Діни үкімдер
- •Сунниттер мен шииттер
- •Шариғат
- •Исламдағы мәзхабтар
- •1. Мұсылман салт-жоралары мен сенімдік мектептері (Сенімдегі мәзхабтар)
- •2. Мұсылман құқығының негізгі мектептері (Амалдағы мәзхабтар)
- •1. Ханафи мәзхабы
- •2. Малики мәзхабы
- •3. Шафи мәзхабы
- •4. Ханбали мәзхабы
- •Қазақтар имам ағзам жолындағы мұсылмандар Сопылық (Суфизм)
- •Ислам мәдениеті
- •Ислам – адами және әлеуметтік құндылықтардың көзі
- •Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп
- •Адамды сүй, Алланың хикметін сез
- •Қазақстандағы исламның таралуы
- •Сопылықтың мәні, кезеңдері мен ағымдары
- •Йасауи мектебі
- •Қазақстандағы діни білім беру тарихы
- •Қазақ мәдениеті мен ислам құндылықтарының тұтастығы
- •Атеизм және қазақтарды шоқындыру саясаты
- •V. Бөлім. Қазақ топырағынан шыққан әйгілі дін ғұламалары (6 сағат)
- •Ахмет йүгінеки
- •Жүсіп баласағұни
- •Әбу насыр әл-фараби
- •Имам әл-бухари
- •Иасауи хикметі – дін және ұлтаралық татулықтың кені
- •Абай құнанбаев
- •Шәкәрім құдайбердіұлы
- •Хусамеддин Сығнақи
- •Vі. Бөлім. Қазақстан – дінаралық келісім орныққан ел (2 сағат)
- •Дін және ғылым
- •Тақырыптық жоспарлау үлгісі
- •34 Сағат (аптасына 1 сағат)
- •Әдебиеттер
- •Тауил және таухид
Абай құнанбаев
(1845–1904)
Абай (Ибраһим) Құнанбаев қазіргі Семей облысы Абай ауданында 1845 жылы туған. Өз әкесі Құнанбай, атасы Өскенбай, арғы атасы Ырғызбай, түп бабасы Олжай батыр – бәрі де Арғын ішіндегі Тобықты руының ел билеп, қол бастаған, билік айтқан атақты адамдары болған.
Абай ең алғашқы білімді ауыл молдасы Ғабитханнан алады. Он жасқа толған Абай Семейдегі Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқиды. Медреседегі сабақ негізінен діни бағытта араб, парсы тілдерінде жүргізілген. Талабы зор бала оқуға бар ықыласымен беріліп, өз бетінше көп ізденіп, білімін жетілдіре береді. Араб, парсы, шағатай тілдеріндегі көптеген ертегі, дастан, қиссалармен танысып, шығыстың Низами, Науаи, Сағди, Хафиз, Фузули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарын өзіне ерекше жақын ұстаз тұтады. Абай медреседегі үшінші жылы Семейдегі орыс мектебінен үш ай дәріс алады. Медреседегі үш жыл мен “Приходская школадағы” үш айлық дәріспен Абайдың мектептегі оқуы аяқталады. Сөйтіп, он үш-он төрт жастағы жас Абай құлшына кіріскен оқуын әрі қарай жалғастыра алмай, әке талабымен ел ісіне араласып кетеді. Ел ішінің әр түрлі ісіне араласа жүріп Абай өмір шындығын жан-жақты әрі терең түсіне бастайды, өзіне өмірлік тәжірибе жинайды. Ізгілікті оймен 1876–1878 жылдары Қоңыр-Көкше еліне болыс та болып көреді. Ел ішіндегі етектен кейін тартқан келеңсіз жайларды жиі көріп, өмірлік мұраты – әділет жолында күресіп бағады.
Абайдың ел ішіндегі атақ-абыройы өте жоғары болған. 1885 жылы Қарамола деген жерде Семей губерниясына қарайтын 5 уездің 100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше съезінде Абай төбе би болып сайланады.
Абайдан қалған мол рухани мұраны өлеңдері мен поэмалары, аудармалары және ақынның өзіне ғана тән өзгеше жанрда жазылған қарасөздері құрайды. Өкінішке орай, Абайдың бозбала, жігіттік шағында жазған өлеңдері ақынның өзі де елемей, елі де кезінде ескеріп жинамай, көбіне ұмытылып қалған. Ақынның жас шағында жазылған өлеңдерінен бізге жеткені санаулы-ақ, олар – 1858 жылы жазылған “Йузи-рәушан”, “Фузули, Шәмси, Сәйхали”, 1864 жылы жазылған “Әлифби” және жылы белгісіз, бірақ ақынның жастық кезеңіндегі сезім күйінен хабар беретін “Сап, сап көңлім”, “Тайға міндік” өлеңдері. Өмірге жанасымы кем, теңеулері тым әсіре бұл өлеңдері көбіне шығыс поэзиясының стилімен жазылып, кейінгі екі өлеңінде мазмұндағы бұлыңғырлық бұлты біршама сейіліп, өмірді шынайы бейнелеген реалистік бағыттың алғашқы белгісі көріне бастайды.
Ресей империясының отаршылдық мүдде тұрғысынан қолданған “жабайыларды жабайының қолымен тұншықтыру” саясатынан туындаған болыстық ел билеу жүйесінің сырын танып терең әшкерелейді. Патша отаршылдары болыстық билікті территориялық принцип тұрғысынан ендіріп, ұсақ рушылдық таласты қоздыру арқылы қазақ елін тоздыру мақсатын ұстанды. Міне, Абайдың саяси-әлеуметтік лирикасының әшкерелеушілік астары осы саясатқа қарсы бағытталған еді.
1885 жылы жазылған “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” өлеңін ақындық жолындағы Абайдың биік бір белесі деуге болады. Бұл шығармадан халық қамын ойлаған, ағартушылықты жол етіп адамгершілікті насихаттаған ақынды танимыз.
Өлеңнің мазмұнынан мәлім болғандай, табиғат пен әлем тәңірінің махаббатынан жаралып, өздері де тек қана сүю мен махаббаттан тұрады. Сонда табиғат пен әлемнің негізі мен тіні, бар болмысы – махаббат болып шығады. Сөйтіп, ақынның табиғат туралы өлеңдері әлеуметтік мазмұн мен терең танымға толы болып келеді.
Абай ендігі бір топ өлеңін жастарға арнап, өсер буынды оқу, білім нәрінен сусындауға шақырады. Ақын өзінің әрбір ойын түпкі мақсаты – адам болу, толық адам атты өзіндік танымымен байланыстырады. “Ғылым таппай мақтанба” өлеңінде ақынның бұған дейін айтылып келген адам болу жайындағы ойлары біршама жүйеленіп, тиянақтала түседі. Абай атаған бес асыл іс негізінен толықтықты танытатын үш қасиетті құрайды: талап пен еңбек қайратты танытса, терең ойыңыз – ақыл, ал қанағат пен рақым жүректен туатын қасиеттер. Сонда “Малға достың мұңы жоқ малдан басқа” өлеңіндегі:
Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,–
деген ақындағы өзіне ғана қатысты түйінді, қорытынды ойдың алғашқы нышаны ертеректе-ақ көріне бастағаны байқалады. Абайдың өзге ақын-жазушылардан бөлек болатын жағдайы осы адам болу мен адамгершіліктің жүйелі жолын, өзіндік танымын жасай білуімен байланысты.
Абайдағы толық адам ілімі Абайдың мұрат-мақсатының шыңы болатын. Бұл мәселе абайтану саласында соңғы жылдары ғана ашыла бастады. Бұл идея қоғамдық ғылымдардың саласында әңгіме көшін бастады. Ғылыми-зерттеу нысанына алынып, жәуанмәртлік туралы ой танымдары жүйеге түсіріліп, әдебиеттердегі қайнамдары зерттеліп жатыр.
Абай жастарды өзі армандаған адамгершілік қалыпта көргісі келеді. Ол адамдағы қиянатшылдық қауіпті көп айтады. Ақын “әуелі көкіректі тазалау керек” дегенде, адам ең алдымен осы қиянатшылдықтан аман болса екен дейді.
Ақын жазған өлеңдердің дені дін тақырыбына қатысты болып келеді. Абайдың адамдығы мен ақындығы мұсылман дінінің қағидалары мен негізінде өз дініне ақыл көзімен сынай қараған.
Қазақ халқының сан салалы, көп қыртысты өмірінде Абай назарынан тыс қалған тақырып жоққа жуық. Ақынның бір топ өлеңдері махаббат, көңіл-күй, еңбек тақырыптарын жаңаша жырлауға арналады.
Абай мұрасының қомақты бөлігін оның 1890–1898 жылдары жазылған “Қара сөздері” құрайды. “Қара сөздердің” жалпы саны – қырық алты. Өзге қара сөздерінен мазмұн, тақырып жөнінен қырық алтыншы сөзі бөлектеніп тұрады. Мұнда қазақ халқының қайдан шыққаны жөнінде ақынның зерттеушілік ой-пікірі айтылады. Абай қара сөздерінің жалпы мазмұны оның адамгершілік мұраты мен ұстаздық міндетінен туындаған бай поэзиясымен етене сабақтасып жатады. Ақын қара сөздерінің негізгі мазмұны туған халқының тұрмыс-тіршілігі мен рухани болмысынан бастау алып, көбіне қауымын, елін түзеу, тәрбиелеу бағытындағы адамгершілік, мораль мәселелеріне арналады.
Абай – қазақ әдебиеті мен поэзиясын жан-жақты жетілдіріп, жаңа сапаға көтерген, ой-санада зор серпіліс жасаған жасампаз тұлға, ойшыл дана.