Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dintanu.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.74 Mб
Скачать

Атеизм және қазақтарды шоқындыру саясаты

Үлкен елдердің өзінің айналасындағы елдерді өзіне қаратып, не басып алып, оны зорлықпен басқаруды отарлау деп айтсақ болады. Өздерің тарихтан оқыдыңдар біз ХҮІІІ ғасырда Ресей империясының құрамына кірдік. Себебі.

Ал Ресей империясы бізді бағындыру үшін қандай әрекеттер жасады? Толық бағындыру үшін оларға не кедергі болды? Патшалы Ресей алдымен зерттеуден бастады. Әртүрлі экспедициялар ұйымдастырды. Себебі неде? Себебі өзі басып алған елді басқару, отарлау үшін сол елді, елдің заңын, басқару жүйесін, мәдениетін, салт-дәстүрін, дінін, тіпті ән-күйіне дейін зерттейді. Ендігі әрекет қорғанысты күшейту үшін әскери бекіністер сала бастады. Әскери бекіністерді қандай жерлерге сала бастады?

Ендігі кезекте қазақ елінің басқару жүйесіне өзгерістер енгізе бастады. Яғни хандық билікті жойып билердің рөлін төмендету. Билерді, қазыларды елбилеуден шеттету. Ресей елінің бұл әрекеті де біртіндеп жүзеге аса бастады. Хандардың орынына ел билеу ісін генерал губернаторлар атқара бастады. Ал генерал губернаторлар тек орыстан тағайындалды. Қазақтар тек ауыл, болыстың деңгейіндегі билікке ғана араласты. Содан кейін қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алу басталды. Қазақтардың Жайықтың, Ертістің, Есілдің маңына мал жаюға, тіпті 100 шақырым жақындауға тыйым салды. Бұл қазақтарға өте ауыр тиді. Көшпелілер үшін ең негізгі байлық жер.

Елді толық басқару үшін, өздеріне толықтай басыбайлы құл қылу үшін не нәрсені жою керек?

Ендігі кезекте елді толықтай мәңгүрттендіру үшін сананы орыстандыру керек болды. Рсей біз сендерге орыс тілін үйретеміз, білім жолын ашамыз деген ұран көтерді. Сол арқылы аралас мектеп ашып өздерінің айтқандарына көнетін адамдар даярламақшы болды. Мұнысы тарихи саяси қажеттіліктен туған айлалы әрекет еді. Елдің санасын жаулап алу үшін тілді, дінді өзгерту керек екенін олар өте жақсы түсінді. Жергілікті халықпен іштей қарым-қатынас жасау үшін әрі оларды біртіндеп орыстандырып шоқындыру мақсатымен орыс-түзем мектептерін ашуды қызу қолға алып, жүзеге асыра бастады.

Мысалы, Сырдария губерниясының тұңғыш генерал-губернаторы фон-Кауфман Перовскідегі (Ақмешіт) орыс-түзем мектебін тексеру үшін келеді. Орыс тілінде оқып жатқан бұратана халықтардың баласы оқитын мектептің дәрісіне кіріп, балалардың орыс тілін жақсы меңгеріп жатқанына ризашылық білдірді. Бірақ қоңырау соғылып, балалар далаға шығып ойнап жүргенде, олар тек қазақ тілінде сөйлеуіне назар аудара қарады. «неге олар өз тілінде сөйлейді, не себепті олар өздері оқыған орыс тілінде сөйлеп ойнамайды? Олар өз тілін ұмытып, тек орыс тілінде ғана сөйлеп кетуі үшін не амал қолдану керек?» Отаршыл генерал ойланды, ойланды да бір байламға келді. Ол байламы мектепте орыс балалары мен қазақ балаларын аралас мектеп арқылы бірге қосып оқытып, орыс тілінде сөйлеу ортасын орнықтыру керек деген байламға келді. Сөйтіп орыс, қазақ балаларын араластыра оқыту керек деген кеңес берді. Генерал-губернатор келесі жылы осы ойының жүзеге асуын тексеруге арнайы түрде қайта айналып келіп, олардың ойын үстіндегі сөйлеу тілін бақылады. Балалар енді қоңырау соғылған соң далаға шығып, бәрі де орыс балаларымен араласып, орысша сөйлеп ойнап жатты. Мақсаты жүзеге асқанына генерал дән риза бодлы. Осы қалыпты орнықтыруға кеңес берді.

Бұл идеяның басы профессор Ильминскийден бастау алды. Орынборда Ильминский деген кісі болды. Ол қазақтарды қайтсем орыс қылдырамын, қайтсем айтқаныммен жүретін қылдырамын деп басы қатқан кісі. Ильминский оқу бөліміне құпия хат жолдайды. Онда романовтар тұқымы патша болып тұрған кездегі қазақты христиан дініне кіргізу туралы жасаған жоспары бар екен. Оның соңында: «Болыс басына школ ашылсын! Школ алдына «елка» деген ағаш отырғызып, басына Айсаның суреті шегелеп қойылсын! Айсаның туған күні 15 күн тойлансын! Және жер министріне бұрынғы степное положениенің 120-стаьясы бойынша, қазақта жері.... мұқтаждарға бере бер» - деген. Осы бұйрықты желім баспасымен 800 дана етіп көбейтіп, қазақ даласына таратқан.

Миссионерлік саясаттың басында Орынборда профессор Ильминский, Ташкентте профессор Остроумов, Омбыда профессор Алекторов деген отырды.

Ильминскийдің шәкірті Ф.Соколов өзінің мәлімдемесінде 1892 жылы мамыр айында Николаевскадағы (Қостанай) 21 қазақ пен 2 татарды, 1893 жылы Домбар болысының 3 қазағын, Кеңарал болысының 16 жасар Қанипа Жұматованы, Арақарағай болысынан 2 кісі, Сырдария болысынан 2 кісі, Құсмұрыннан 1 қазақты шоқындырып, олардың атын орысшаға аударғанын қуана хабарлайды.

Миссионерлік саясат мемлекеттік саясат болуы себепті қаражатты да аямай көл-көсір етіп төкті. Патшаның тағы бір әрекеті.1900 жылы қыркүйекте 1200 адамды жиып патша қолындағы бас Архиерей (провасловеиелік христиан дінінің діни басшысы) келеді. Ол «... ақ патшаңыз мені сіздерді жақсы, анық дінге салуға жіберді. Өйткені мемлекет сіздерге дін тауып беруге міндетті. Енді сіздердің дін туралы ұлықтарың мен. Өз тілдеріңізбен жаздырып, алтын дін кітабын алып келдім. Оқысаңыз түсінесіздер. Айса – Құдайдың баласы. Құдай деп Айсаға табынасыңдар! Құранды тастаңыздар!» - деп аудармасы алтын алтын жазумен жазылған «Иуангел» деген кітапты ауылнай басына бір-бірден таратып береді. Сол кезде болыс Шалабай Тыныкебаласы: «Айса Құдай емес. Қатыннан туған зат. Құдай болуға жарамайды. Біздің Құдайымыз барша дүниені, дүниеде болған нәрселерді жаратушы!» - деп қарсылық білдіреді. Көкшетау имамы Наурызбай Таласұлы (Науан хазірет): «Осы Айсаны Құдай деп танитын кітаптан бүгін құтылмасақ ертең кеш болады. Қазақ халқы құранды тастап, Айсаны құдай деп, «Иуангилді» алды деп жоғарыға мәлімдейді. Сол үшін осы бүгін құтылуымыз керек!» - деп айқай салады. Сөйтіп алып келген кітаптарды барып архиерейдің алдына барып төге салады да жүре береді. Шаймерден Қосшығұлов деген аталарың да бұл саясатқа қатты қарсылық білдірген адам. Соның үшін осы екі аталарыңды Наурызбай Таласұлы мен Шаймерден Қосшығұловты Сібірге итжеккенге айдайды.

Міне осындай қиын шақта 1902 жылы Түркістан қаласында үлкен құрылтай болады. Түркістан шаһарында тұратын Бөлтай Қожамұратұлы кенжесінің медресе тамамдағанын сыльтауратып қазақтың игі жақсыларын шақырып жин той жасаған. Оған қазақтың зиялы қауымы, діндар адамдары, болыс билер барған. Осы жиында қазақтың жағдайын талдап, келе жатқан бәледен қалай құтылу керек екендігін ойласқан. Сол аталарымыз болмағанда сіздер мен біздер кім біледі не деп отыратынымызды. Сол аталарымыздың есімдерін ұмытпай, айтқан өсиеттеріне құлақ түруіміз парыз.

Кейін үкімет басына Кеңес үкіметі келгенде ол одан зорғысын жасаы. Патша үкіметінің ғасырлап жүргізген саясатын, бірнеше жылдың ішінде тас-талқан етіп атқарып шықты. Қазақтың даласын неше мәрте аштыққа ұшыратты. Соның ебебінен халықтың үштен бірінен айрылдық. Бас көтеретін білімі, ойы бар азаматтардың барлығының түбіне жетті. 1925-1927 жж әсіресе мұсылмандық білім алуына шек қоятын НКВД-ның жарлығы шыққаннан кейін, діни мектептерді жабу, діни жоралар мен мерекелерді, тіпті Наурыз мерекесін де өткізуге шектеу қойған. 1929 жылы 1933 жылға дейін Қазақстанда 198 шіркеулер мен мешіттер жабылды.

Қазақ тарихын, қазақ әдебиетін оқытуға тыйым салды. Тіпті Бауыржан Момышұлы аталарың өзінің баласын мектепке беретін кезде Алматыда 1 ғана қазақ мектебі болған, қалғандары барлығы орыс мектебі. Ең сорақысы дін жоқ деп жар салды. Киелі жерлерге баруға, қол жайып құран оқуға тыйым салды.

Жер бетінен жойылып кетудің сәл алдында қалдық. Сонда да елдігінен айрылған жоқ. Осының бәріне ата-бабамыз сабырмен қарады. Сол сабырының арқасында құдай бізге қазіргі тәуелсіздігіміз бен тыныштықты сыйлады. Сол үшін біз қарыздармыз. Сендер бақыттысыңдар. Елдің тыныштығы сақталмаса қандай арман-мақсатың жүзеге аспақшы, қалай өзіңді бақытты деп санайсыңдар.

Елдік сананы айыру үшін Ресей осындай әрекеттер жасады. Ал қазір батыстық елдер ондай әрекеттерді қалай жүзеге асырып отыр?.

ІV. Бөлім. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАСҚА ДА ДІНИ АҒЫМДАР (3 сағат)

4.1. Қазіргі Қазақстандағы діни жағдай. Діни ұйым және діни бірлестік түсінігі. (2 сағат).

4.2. Діни бірлестіктер түрлері. Қазақстандағы діни бірлестіктер. (1 сағат).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]