
- •«Дін» туралы түсінік, оның мазмұны мен маңызы. Діннің мақсаты мен міндеттері. Негізгі дерек көздері.
- •Ислам дінінің түркі халықтарының рухани, мәдени болмысы мен мемлекеттік жүйесіне ықпалы
- •Діни наным сенімдердің бастауы
- •6. Түркілердің ескі діні
- •Көне түркілердің діни сенімі
- •2. Конфуцианизм діні
- •3. Даосизм діні
- •4. Cинтоизм
- •1. Үнді діндері
- •2. Индуизм
- •3. Жайнизм
- •4. Сикхизм
- •5. Парсизм
- •Христиан діні
- •Христиан дінінің пайда болуы
- •Ә) Інжіл - әлемдік мәдениет ескерткіші
- •Б)Христиандықтағы басты құндылықтар
- •В) Христиан діні және ғылым
- •1. Ислам діні
- •2. Хазірет Мұхаммед (ғалайһи сәлам) пайғамбар
- •1. Өзімізге байланысты міндеттеріміз
- •2. Адамның Аллаға байланысты міндеттері
- •3. Пайғамбарымызға байланысты міндеттеріміз
- •4. Отбасыға байланысты міндеттеріміз
- •5.Адамдардың бір-біріне байланысты міндеттері
- •6. Адамдардың қоршаған ортасына байланысты міндеттері
- •7. Отанымызға байланысты міндеттеріміз
- •1. Діни үкімдер
- •Сунниттер мен шииттер
- •Шариғат
- •Исламдағы мәзхабтар
- •1. Мұсылман салт-жоралары мен сенімдік мектептері (Сенімдегі мәзхабтар)
- •2. Мұсылман құқығының негізгі мектептері (Амалдағы мәзхабтар)
- •1. Ханафи мәзхабы
- •2. Малики мәзхабы
- •3. Шафи мәзхабы
- •4. Ханбали мәзхабы
- •Қазақтар имам ағзам жолындағы мұсылмандар Сопылық (Суфизм)
- •Ислам мәдениеті
- •Ислам – адами және әлеуметтік құндылықтардың көзі
- •Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп
- •Адамды сүй, Алланың хикметін сез
- •Қазақстандағы исламның таралуы
- •Сопылықтың мәні, кезеңдері мен ағымдары
- •Йасауи мектебі
- •Қазақстандағы діни білім беру тарихы
- •Қазақ мәдениеті мен ислам құндылықтарының тұтастығы
- •Атеизм және қазақтарды шоқындыру саясаты
- •V. Бөлім. Қазақ топырағынан шыққан әйгілі дін ғұламалары (6 сағат)
- •Ахмет йүгінеки
- •Жүсіп баласағұни
- •Әбу насыр әл-фараби
- •Имам әл-бухари
- •Иасауи хикметі – дін және ұлтаралық татулықтың кені
- •Абай құнанбаев
- •Шәкәрім құдайбердіұлы
- •Хусамеддин Сығнақи
- •Vі. Бөлім. Қазақстан – дінаралық келісім орныққан ел (2 сағат)
- •Дін және ғылым
- •Тақырыптық жоспарлау үлгісі
- •34 Сағат (аптасына 1 сағат)
- •Әдебиеттер
- •Тауил және таухид
Қазақстандағы діни білім беру тарихы
ХІХ - ғасырдағы Қазақстан аумағындағы мұсылмандық оқу жүйесіндегі медреселердің Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген түпкілікті халыққа ықпалы күшті болды. Бұндай діни мұсылман оқу орындарының саяси ролі жағына келетін болсақ, бұл мекемелер идеология жағынан бектер мен сұлтандардың, билердің және бай адамдардың ықпалында болып, мұсылман дінін халық арасында насихаттаудың орталығы болып табылды. Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы болған В.П.Фон-Кауфман мұсылмандық діни оқу орындарының түпкілікті халықтар үшін маңызын ерекше атай келе, мектеп медреселер әлі күнге шейін мұсылман халықтарының рухани жанына зор ықпал жасайтын имамдарды және мұсылмандық діни жүйенің заңгерлерімен қамтамасыз ететін оқу орны болып саналды және өзінің өміршеңдігін дәлелдей отырып, орыстандыру саясатының, яғни орысша білім беретін мектептердің күш алып дамуына бірден бір кедергі тудырып отырғандығын айтады.
Орыс отаршылдарының ендігі мақсаты - жергілікті халық арасына кіріп, өз билігін жүргізу еді. Патша өкіметі 1875 жылы Түркістан өңірінде барлық діни мектептердің Аймақтағы оқу мекемелер басқармасына бағынуы жайында заң шығарды.
1884 жылы Розенбах Түркістан өлкесіне келгеннен кейін, Сырдария облысының әскери-генерал-губернаторы Гроденовтың төрағалық етуімен комиссия құрды. Комиссия мұсылман халықтары жайлы қорытынды жасап, түпкілікті қазақтар мен тұрғылықты сарттарға, жалпы жергілікті халықтардың ата-бабалық және мұсылмандық дәстүрін қатаң сақтап, мектеп, медреселерге ерекше назар аударып, бақылау керектігі жөнінде Түркістан өлкесіндегі халық училищелері инспекторларына арнап нұсқау берді. Нұсқауды халық ағарту минстірлігінде бекітті.
1887 жылы мамыр айында Розенбах ағарту министірлігіне жолдаған баяндамасында төмендегі жағдайды көрсетті.
1. Соңғы уақытта Түркістанда мұсылман дінін насихаттау Индиядан жүргізіле бастады. Сол жақтан Дели, Бомбей және т.б. Индияның ірі қалаларында басылған араб, парсы тілдеріндегі әдебиет жеткізілуде. Индия Түркістан халықтары үшін интелектуальдық орталық болып табылады.
2. Біздің оқу-ағарту, білім беру жөніндегі қамқорлық жұмыстарымыз түпкілікті халықтар үшін емес, тек жергілікті орысқа ғана байланысты; Бұл өкіметі қойған мемлекеттік мақсаттық нәтижесі үшін аз, сондықтан мектеп, медресе өмірімен жете танысып, оның бағдарламасын европалық түрде өзгертіп, жастарды мұсылман әдебиетінен, шариғаттан алшақтау керек.
3. Түркістанда біздің есебімізше 4000-ға жуық мұсылман мектептері бар. Онда он мыңдаған жастар білім алуда. Заңға сәйкес әкімшілік осы мектептерге бақылау орната алады. өлкедегі оқу мекемелерін басқару бөлімінде халық учелещесінің екі ғана инспекторы бар және олардың Түркістандағы барлық діни мектептерді бақылауға амалы жоқ.
Сондықтан Қазан, Орынбор, аймақтарының үлгісіндей мұсылман мектептері инспекторы тағайындап, оған өлкедегі барлық мұсылман мектептерінің нақты санын ылғи да көрсетіп отыру, ал одан кейін біздің мүддемізге сай, мектептерде пайдасы бар нәрселерді уақтылы енгізіп жеткізіп отыру жүктелуі тиіс.
Халық ағарту министірлігімен жүргізілген келісім үш жылдық уақытты алып, 1890 жылы осы қызметке рұқсат етілді. Сөйтіп мұсылман мектептерінің инспекторы болып мұғалімдік семинарының оқытушысы Наливкин бекітілді. Наливкиннің тағайындалуынан кейін әкімшілік, Түркістан өлкесіндегі жергілікті діни мектептердің өмірімен жете танысып, олармен етене араласты. Аймақтық және Сырдария обылыстарындағы мұсылман мектептері тексерілді. Наливкин мұсылман мектептерінің инспекторы ретінде, медреседе орыс тілі курсын ашуды, сөйтіп, бағдарламаларын өзгертуді, оны жаулап алушылық мақсатта пайдалануды көздеді. Орыс мұғалімдерінің еңбек ақысын медресенің жиналған ақшасынан төлеуді міндеттеді.
Түркістан өлкесіндегі оқу-ағарту жұмысының бағытында жүргізілген іс-шаралар, бекіткен ережелер мен нұсқаулар т.б. құжаттардың мазмұнына жете үңілсек, осы өңірде қызмет атқарған генерал-губернатор Мищенко, Розенбах, Духовской, Остроумов, Сомсонов та біріншісін, екіншісін қайталап, медресе мен мектептерді мүмкіндігінше қатал тәртіппен қадағалап, олардың жұмыстарына бөгет жасау немесе мүлдем жауып тастау шараларын жүзеге асыруға дейін барған. Ескі әдісті мектептер мен медреселерді өз уысынан шығармас үшін, өлкенің әкімшілігі Түркістан өлкесіндегі мұсылман училищелерінің ережесін шығарды. Осы ережеге сәйкес мектеп,медреселер оқу полиция әкімшілігі жөніндегі қатаң тәртіпке бағынатын болды.
Түркістан аумағындағы мұсылман училищелердің ережесі жайлы.
А) Медресе туралы.
Жаңа медреселер оқу бөлімінің ұсынысын толық мақұлдаған Түркістан генерал-губернаторлығының рұқсатымен ашылады.
Медреседе сабақ беретін мүдәрристерді (мұғалім, оқытушы) училищесінің бас инспекторы Сыр-Дария облысы директорының ұсынысымен тағайындап және де өзі орнынан алып отырады. Яғни, мүддәрристерді тағайындау немесе оларды орнынан алып тастау ісімен училищенің бас инспекторы айналысады.
Медреселерде тек Ресейден немесе шетелдердің баспасынан шыққан және орыс цензурасынан өткен баспа кітаптары ғана қолданылады.
Оқу әкімшілігі медреседегі өтіліп жатқан дәрістер мен сондағы бекітілген қағидалардың бұзылмауын қадағалап отырады.
Егер медресені ашу жөнінде қажетті рұқсат қағазы болмаса немесе медресені рұқсат қағазсыз ашқан болса, онда соларды жою ісі және де бұндай істерге жол бермеу шарасымен өкімшілік полиция бөлімі шұғылданады, қадағалайды делінген.
Медреселерге жоюдағы көрсетілген тармақтар бойынша жұмыс жүргізуді талап етіп, оған қосымша ескертулік нұсқауларды сақтауды да міндеттеді. Ереже ескертпесінде; Мұсылмандықтың дамуына халық арасында баспа бетінен шыққан басылымдарды, кітаптар мен газеттердің маңызы зор екенін ескере отырып, осы басылымдардың цензурасына айрықша назар аудару қажеттігін ескеріп, қадағалау тапсырылды .
Сонымен қатар, сол аймақтағы жергілікті халық арасында бұл кітаптардың тарауына да мән беріп халық ағарту министрлігі құрамындағы ғылыми комитетке мұсылмандық сарындағы кітаптарды қарастыратын арнайы бөлім болғандықтан, оқытуға арналған мұсылмандық кітаптардың мұқабасында мектепте қолдануға, осы кітаппен оқытуға рұқсат етіледі деген арнайы қойылған белгі болғаны дұрыс деп тапқан болатын.
Ережедегі көрсетілген тармақтарының мазмұндық жүйесі Бұхара, Түрік, парсы эмигранттарына, сонымен қатар Түркістанға келіп, жеке діни мектеп ашқан орыс татарларына қарсы әдейі бағытталған еді. Алайда патша әкімшілігінің қарсылығына қарамастан діни мектептер қатары кеміген жоқ, ол керісінше көбейген еді.
Патша өкіметінің ХІХ ғасырда қазақ өлкесіндегі оқу-ағарту жүйесінде ұстанған құйтұртқы саясатының негізгі мақсаты мұсылмандық оқу жүйесін күйретіп, ескіше оқу мектептері мен медресселерді жабу болды.Бұндай оқу орындарының орындарына орыстандыру қызметін атқара отырып христиандық дінге тартатын отаршылдық орыс мектебін құрып, орыс мәдениетін ендіріп, қазақ халқын ұлттық болмысынан айыру болатын. Дегенмен, мұсылмандық мектеп пен медреселер өздерінің өміршеңдігін дәлелдеп берді.