
- •«Дін» туралы түсінік, оның мазмұны мен маңызы. Діннің мақсаты мен міндеттері. Негізгі дерек көздері.
- •Ислам дінінің түркі халықтарының рухани, мәдени болмысы мен мемлекеттік жүйесіне ықпалы
- •Діни наным сенімдердің бастауы
- •6. Түркілердің ескі діні
- •Көне түркілердің діни сенімі
- •2. Конфуцианизм діні
- •3. Даосизм діні
- •4. Cинтоизм
- •1. Үнді діндері
- •2. Индуизм
- •3. Жайнизм
- •4. Сикхизм
- •5. Парсизм
- •Христиан діні
- •Христиан дінінің пайда болуы
- •Ә) Інжіл - әлемдік мәдениет ескерткіші
- •Б)Христиандықтағы басты құндылықтар
- •В) Христиан діні және ғылым
- •1. Ислам діні
- •2. Хазірет Мұхаммед (ғалайһи сәлам) пайғамбар
- •1. Өзімізге байланысты міндеттеріміз
- •2. Адамның Аллаға байланысты міндеттері
- •3. Пайғамбарымызға байланысты міндеттеріміз
- •4. Отбасыға байланысты міндеттеріміз
- •5.Адамдардың бір-біріне байланысты міндеттері
- •6. Адамдардың қоршаған ортасына байланысты міндеттері
- •7. Отанымызға байланысты міндеттеріміз
- •1. Діни үкімдер
- •Сунниттер мен шииттер
- •Шариғат
- •Исламдағы мәзхабтар
- •1. Мұсылман салт-жоралары мен сенімдік мектептері (Сенімдегі мәзхабтар)
- •2. Мұсылман құқығының негізгі мектептері (Амалдағы мәзхабтар)
- •1. Ханафи мәзхабы
- •2. Малики мәзхабы
- •3. Шафи мәзхабы
- •4. Ханбали мәзхабы
- •Қазақтар имам ағзам жолындағы мұсылмандар Сопылық (Суфизм)
- •Ислам мәдениеті
- •Ислам – адами және әлеуметтік құндылықтардың көзі
- •Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп
- •Адамды сүй, Алланың хикметін сез
- •Қазақстандағы исламның таралуы
- •Сопылықтың мәні, кезеңдері мен ағымдары
- •Йасауи мектебі
- •Қазақстандағы діни білім беру тарихы
- •Қазақ мәдениеті мен ислам құндылықтарының тұтастығы
- •Атеизм және қазақтарды шоқындыру саясаты
- •V. Бөлім. Қазақ топырағынан шыққан әйгілі дін ғұламалары (6 сағат)
- •Ахмет йүгінеки
- •Жүсіп баласағұни
- •Әбу насыр әл-фараби
- •Имам әл-бухари
- •Иасауи хикметі – дін және ұлтаралық татулықтың кені
- •Абай құнанбаев
- •Шәкәрім құдайбердіұлы
- •Хусамеддин Сығнақи
- •Vі. Бөлім. Қазақстан – дінаралық келісім орныққан ел (2 сағат)
- •Дін және ғылым
- •Тақырыптық жоспарлау үлгісі
- •34 Сағат (аптасына 1 сағат)
- •Әдебиеттер
- •Тауил және таухид
6. Түркілердің ескі діні
Түріктер арасына ислам діні таралмай тұрғанда, олар тәңірлік сеніммен өмір сүріп жатты. Бүгінгі Сібір-Алтай түріктерінің тұтынатын бұл дін біздің лекциямызға «түрік діні» атымен алынып отыр. Тарихы тереңде жатқан түрік халқы ислам діні Орта Азияға таралмай тұрғанда яһудилік, зороастризм, буддизм, манихеизм және христиан діндерімен таныс болатын. Бірақ аталған діндер кейбір түркі тайпалары арасына таралғанымен, ислам діні сияқты кеңінен тарала қоймады. Себебі аталған діндер ислам дініндей, түрік халқының ұлттық сенімі, мінезі, дәстүріне сай келмеді. Ал ислам дініндегі тәухид (тек тәңіршілдік), ахирет өмірі, жұмақ-тозақ сенімдері түрік дініндегі сенімдерге ұқсас келгендіктен түрік тайпалары арасына кең таралды дей аламыз.
Бүгінде әлемде 250 милион шамасында түрік халықтары өмір сүруде. Оның 800-900 мыңдай Алтай-Сібір (якут (саха), хакас, шор, алтай) түріктері осы “тәңірлік түрік дінін” ұстанады. Ал қалған түрік халықтарының 98%-і ислам, 250-300 мыңдайы христиан, 4-5 мыңдайы яһудилік дінін тұтынуда.
Ежелгі түріктердің дінін шаманизм, тотемизм, политеизм, элементтері кездесетін халық сенімі және бір құдайға сенетін мемлекет сенімі деп екіге бөлуімізге болады. Бірақ бұларды жеке-жеке дін деп түсінбегеніміз жөн, бұл екі сенім бір-бірімен байланысты.
Қытай, Византия, араб, армиян, сүрияни жазбаларына қарағанда ежелгі түрік тайпалары бір құдайға сенген. Құдайларын «тәңір» немесе «көк тәңірі» деп атаған көрінеді. Тағы оған ескі Орхұн тас жазбаларындағы «тәңір», «түрік тәңірісі» есімдері дәлел бола алады.
«Жоғарыда көк аспан төменде қара жер арасында адам баласы жаратылғанда», - деп басталатын Орхұн тас жазба ескерткіштеріне қарағанда, ежелгі түріктер тәңірлеріне көкте, әуелгісі мен соңы шексіз, теңі мен ұқсасы жоқ, өмір беруші, жаратушы, өлтіруші, жәрдемдесуші, қамқоршы, жол көрсетуші т.б. сипаттар берген көрінеді және түрік қағандарын таққа отырғызған, оны жорықтарында қолдаған, ал қаһарланса тақтан тайдырған көк тәңірі деп білген.
Ежелгі түрік молаларына жасалған археологиялық қазба жұмыстарына қарағанда, олар о дүниенің бар екеніне сенген. Олар тәңірдің белгілеген күні адам тәнінен жаны шыбын немесе құс кейіпінде ұшып шығатынына, о дүниеде соңсыз өмір кешетініне сенген. Сондықтан мәйіттің жанына о дүниеде пайдаланады деген сеніммен, өмірде пайдаланған құрал-жабдықтарын бірге көмген.
Ежелгі түріктер жұмақ-тозақтың бар екеніне сенген. Жаман адамдардың жер астындағы тозаққа кететініне, жақсы адамдардың көктегі жұмаққа баратынына сенген.
Ежелгі түріктер жорықта, қиын жағдайларда тәңірге сыйынумен бірге, ата-баба әруақтарынан да медет тілеген. Әруақтардың ұрпағын желеп-жебейтініне, ашуланса адамның ісі алға баспайтынына сеніп, әруақ ризалығы үшін, жылқы, қой, түйе сияқты малдардан әруақтарға бағыштап, құрбандық шалып отырған.
Түрік дінінде жер, әлемді бір тәңірі жаратты деген сенім болғанымен, таудың, жердің, бұлақтың, өзеннің, талдың т.б. иелері бар деп сенген, әсіресе тауларды қасиет тұтқан (Хан тәңірі, Алтын тау). Олар биік шыңдардың басына шығып, тәңірге жақындадық деген сеніммен, оған бағыштап құрбандық шалып отырған.
Түріктер от пен суды қасиет тұтқан. От отыннан, отын судан бастау алады. Сондықтан су береке, тоқшылық, тазалықтың нышаны, ал от тазалықтың белгісі деп білген. Осы наным бойынша ежелгі түріктер бүкіл мал-жанын екі оттың ортасынан өткізетін болған.
Ежелгі түріктерде белгілі құлшылық рәсімдері болмағанымен, тәңірден, әруақтардан, жер-су киелерінен жәрдем сұрап жалбарынған, оларға бағыштап төрт түліктен құрбандық шалған немесе аталған малдарды тірідей қоя беретін болған. Түрік дінінде тәңірге, әруақтарға, жер-су киелеріне құрбандық екі түрмен берілген. Бірі мал шалу арқылы жасалынатын тірі құрбандық болса, бірі заттай аталатын құрбандық, яғни түріктер зират басына немесе жер-су киесі үшін, талдарға бір жапырақ шүберек немесе орамал байлайтын болған.
Ежелгі түріктер дию, пері сияқты жаман рухтардың адамға зиян беретініне сенген. Егер бір адамды пері соққан болса, оны «бақсы» деп аталатын халық емшілері, белгілі қимылдарымен немесе отпен емдеген.
Ежелгі түріктер өлген адамды жерлеп, артынан жағдайына қарай, жылқы, түйе, қой сойып, ас берген (өлген адамның жетісі, қырқы, жүзі және жылы немесе құдайысы), өлген әруақтың әр бейсенбі сайын дәмететіне сеніп, иіс шығарған (жеті нан құдайы), отқа май құйған.
Ежелгі түріктерде қаған, батыр, би өлсе, Орхұн тас жазбаларында: «сонша халық шашын, құлағын кесті» - дегені сияқты, артында қалған елі бетін тырнап, шашын, құлағын кесіп, жаға жыртып, бір жыл аза тұтатын болған.
Бақсылық. Ежелгі түрік сенімі бойынша әруақтармен байланыс құратын халық емшісі (тәуіп, сәуегей) бақсылар (қам) болған. Бақсының тунгузшасы «шаман» болғанына байланысты, кейбір дін зерттеушілері түріктердің діні «шаманизм» десе де, бұл қате пікір. өйткені шамандық дін емес, емші, сәуегейдің аты ғана.
Түрік сенімі бойынша бақсылық тұқым қуалайтын қасиет. Бейтаныс адамның оны үйретіп алуы мүмкін емес, ол тек ата әруақтарының таңдауымен жүзеге асады. Ежелгі түріктерде бақсылар емшілік, сиқыршылық сияқты қызметтер атқарған.