Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dintanu.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.74 Mб
Скачать

Йасауи мектебі

Қожа Ахмет Йасауи (1103-1166) ХІІ-ғасырда Орта Азия мен Түркістанда қалыптасқан “Йасауи мектебі” деп аталатын діни-сопылық мектептің құрушысы болып табылады. Оның өмір сүрген кеңістігі мен уақыты түріктердің төрт ғасыр бойы исламмен танысып, кей тұстарда қауым-қауым болып ислам дініне кіре бастаған кезең екендігі тарихтан мәлім. Алғашқыда Түркістан, Сыр бойынының түріктер орналасқан жерлерде яғни, Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Йасы, Сауран, Сығанақ, Шаш, Сүткент, Женд, Кудур, Шилжи, Отлук, Өзкент т.б. қалаларындағы араб жаулаушыларының әрекеттері ІХ ғасырларда саяси сипат алды. Кейіннен Х ғасырдан бастап исламдық ілімдердің дамуы барысында тәлім-тәрбиелік ордалардың, яғни қоғамда медресе, теккелердің түбегейлі орнығуымен бірге әлеуметтік, діни ұстанымдары мен бірге экономика мен сауданың дамуына негізделген жаңа мемлекеттік сипаттағы жүйелер қалыптаса бастады.

Йасауи тариқаты түрік сопылық дүниетанымының негізгі ұстындық ерекшеліктерін бойына сіңірген жалпы ислам сопылығының ажырамас бөлігі. Тариқаттың қалыптасу кезеңінің алғашқы тарихи, діни, саяси алғышарттары XІ ғасырларға дейінгі түріктердің Аббаси халифатынан тәуелсіз жекелеген саяси биліктердің (хандықтардың) қалыптасу дәуіріне сай келеді. Бұл кезеңді Йасауи тариқатының қалыптасу кезеңі деп, екінші кезең ретінде де Йасауидің өмір сүрген дәуірі мен Алтын Орданың құрылуы арасындағы Түркістан сопылық дүниетанымы мен тариқаттардың даму дәуірі ретінде қарауға болады.

Йасауи тариқатының қалыптасуындағы танымдық және құбылыстық факторлар: Түріктердің алғаш Йасауи тариқаты арқылы ислам дінін таңдауындағы ықпалды себептер мен негізгі алғышарттарды “дін-адам-қоғам” кеңістігінен іздеуіміз керек. Түріктер исламды алғашқыда тікелей арабтардан емес парсылардан танып білді. Қалай дегенмен ислам діні VІІІ. ғ. Хорасан мен Батыс Түркістанда, ескі діндердің ұстындары негізінде сопылық мәнде түркілерге енді. Қазақтардың мәдени қабаттарындағы мұсылмандықты қабылдау құбылысы Қожа Ахмет Йасауи атымен егіз аталуының негізгі себебі де осында жатыр. Бұған қоса түркілердің дәстүрлі дүниетанымындағы Көк Тәңірі сенімі, құрбан шалу ритуалдары, рухтың мәңгілігі, этикалық-моральдық түсініктеріндегі алып-ерендік, батырлық, әділет құндылықтарының ескі түрік төресіндегі орны, олардың жауынгерлік рухы сияқты құбылыстар мен ұғымдардың да маңызы көп болды. Себебі Йасауидің сопылық іліміндегі тек Тәңірі, құрбан, рухтың өлімсіздігі, ақырет түсінігі, исламдағы жауанмәрттік, әділет, және ішкі тазалық ұғымына сырттай қарағанда ұқсас болатын. Түріктер мұсылман болған соң тарихын, дәстүр-салттарын, қысқасы мәдениеттерін исламдық рухпен қайтадан қалыптастырды. Олар этникалық шығу тегін арабтардың дүниетанымына негіздеп, Нұх пайғамбардың ұлы Жаппас тұқымына тірейді. Көптеген түрік отбасы өздерін Хз. Али, кейде пайғамбардың серіктері арқылы Хз.Пайғамбарға ”туысқандық” тұрғыдан байланыстырды. Бұл түсініктен де ескі түркілік дүниетанымдағы ұстындарды көруге болады. Әйтпесе, мұсылман болу, қан, тек, генге емес, рухқа байланысты екендігі Құранда анық көрсетілген. Сопылық ағымның жайылуы процесі нәтижесінде дәстүрлі түркілік дүниетанымдағы қам және озандардың орнын “баба, ата” сияқты дәруіштер алды. Дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізі сыршылдық дін екендігін ескерсек, сопылық дүниетанымның түрік мұсылмандығының ең маңызды ерекшелігін қалыптастырудағы себептерін ұғынуға болады. Көбінесе діндерде ескі ұстындар мистикалық институттармен тұтастанып, “халық діндарлығы” түрінде тіршілігін жалғастырады. Бұл барлық әлемдік діндерде кездесетін құбылыс. Осы құбылыстың көрінісін Қожа Ахмет Йасауидің сопылық-моральдық ілімінен көруге болады. Оның “құрма” рәмізі арқылы Хз. Мұхаммед пайғамбарға байлануы, осы құбылысқа Арыстан бабаның “себеп” болуы, өмірін пайғамбар өміріне ұқсатуға тырысуы, пайғамбарға ұқсаудың ишараты ретінде ұлының атын Ибрахим қоюы, оның жасына келгенде тірідей “жерасты-мешітіне” яғни, қылуетке түсуі осының бәрі оның іліміндегі исламды көшпелі түркілерге жаюдағы ең маңызды методикалық әрі құбылыстық ерекшеліктер болып табылады.

Ахмет Йасауи мектебі Халлаж әл-Мансұрдың жолының жалғасы. Ахмет Йасауи Халлажды ислам әулиелерінің пірі ретінде таныған. Мансұр әл-Халлаж ілімінің негізгі ерекшеліктерін “Тәңірге ғашықтық,” Тәңірден басқаны тәрк ету, “даналық “ғашықтық”, “өзіне сын көзбен қарау, “жүректі арылту сияқты сопылық дүниетанымдық негіздер айқындайды. Мансұр ал-Халлаж негізінен исбатиййа деп аталатын сопылық философиялық ағымның өкілі. Маламийада сопылық психологиялық халдердің бастысы- адамның нәпсілік, хайуандық сипаттарын жоюы; адамның қуатты махаббат және зікір арқылы еркіндік мақамына жету, рухани елту, лаззат алу Йасауи ілімінің өзегі болып табылады. Маламийа табиғатының барлық ерекшеліктерін Иасауидің “Диуани Хикмет” пен “Мират-ул Қулуб” атты еңбектерінен көруге әбден болады.

Йасауи мектебінің негізгі ерекшеліктері: А) Ұстаз бен шәкірт арасындағы қатынас: 1- ешкімді өзінің ұстазынан артық санамау және оған мойынсұну; 2- Шәкірт ұстазының мағына хәлі мен ишараттарын түсіне білуі үшін ақылды, сезімтал болуы керек; 3 – шәкірт ұстазының сөзі мен ісіне мұқият болуы тиіс; 4- ұстазының ризалығын алуы үшін шәкірт адал қызмет етуі тиіс; 5- шәкірттің жалған сөзді болмауы, уәдеде тұруы тиіс; 6- Опалы, берген сертінде тұруы тиіс; 7- шәкірт өзі түгіл барлық мал-мүлкін ұстазының қажетіне беруге дайын болуы керек, өйткені “ішкі көзі” басқаша ашыла алмайды; 8- ұстазының сырларына сақ болу керек; 9- ұстазының барлық насихаты, уағызы мен нұсқауларын орындауы тиіс; 10- Хаққа қауышу үшін ұстазы үшін жанын тігіп, оның досымен дос, дұшпанына дұшпан болуы тиіс. (Бұл аталған шарттар толығымен психологиялық негізде)

Ә) Тариқат жолының түпкілікті алты үкімі бар: 1- Алланы тану; 2- жомарттық; 3- шынайы адалдық; 4- ақиқат мәніне қанық болу; 5- тәуекел; 6- терең ой.

Б) Бір кісінің ұстаз болу үшін: 1- дін ғылымына қанық болуы тиіс; 2- жұмсақ, ашық мінезді; 3- сабырлы; 4- Хақ ризасына қауышқан; 5- ықыласты; 6- Хаққа жақын болуы тиіс.

В) Мектептің міндеттері алтау: 1- кемелдікке жетуге талаптану; 2- Хаққа жақындауға тырысу; 3- Хаққа қауышу үшін жанұшыра ұмтылу; 4- Хақ жолында қауіп пен үміт хәлінде болу; 5- үнемі зікірде болу; 6- үнемі Хақиқат туралы пікір ету.

Г) Мектептің алты түрлі дәстүрлі жолы бар: 1-Көппен бірге намаз қылу; 2- таң сәріде ояу болу; 3- үнемі дәретті, таза болу; 4- өзін үнемі Алланың құзырында білу; 5- Алланы үнемі естен шығармау (зікір ету); 6- салиқалы және кемел адамдарға, билеуші-әміріне тағатты болу.

Ғ) Мектептің алты ерекше қасиеті : 1- Қонақжайлылық; 2-жағдайына қарай қонақ күту; 3- қонақтың көп қалуын ырыс білу; 4- қонақтың көп болуына көңіл бөлу; 5- қонақтың тілегін орындау; 6- Ахмет Йасауиге және өз уақытының ұстазына дұға, тілек тілеу.

Д) Мектептің алты этикалық тәртібі бар: 1- ұстаз алдында екі тізерлеп, қарапайымдылық, әдептілік құралына сай отыру; 2- өзін барлық адамнан төмен санау; 3- барлық адамды өзінен артық санау; 4- ұстаздарды құрметтеу; 5- ұстаздың алдында рұқсатсыз сөз сөйлемеу; 6- олардың айтқан нақылы мен ақылдарын естен шығармау.

Е) Мектептің кірген шәкірттің кемелдікке жетуінің төрт шарты: кеңістік, уақыт, бауырмалдық, Мемлекет басшысына риясыз адалдық. Яғни, бірінші саликтердің шәкірт ойы бөлінбеуі; зікірмен айналасуы үшін ең алдымен кеңістік ыңғайлы отан болуы керек. Екінші шәкірттер арасында және мемлекетте жұмыссыздық соғыс, т.б. келеңсіз оқиғалар болмауы керек. Яғни, мұндай құбылыстар шәкірттің кемелдену уақытына кесірін тигізеді. Үшінші барлық этикалық асулар, қылует және шілдехана шарттары орындалуы үшін кемелдік мақамына ұмтылған шынайы серіктері, достары болуы керек. Кемелдік мектебінде, жолындағы бір саптан табылатын рухани достардың болуы. Төртінші, мемлекет басшысына адал болулары керек. Йасауидің жолында шәкірттіктің соңы, яғни, кемел адамның рухани асуларының мақсаты-“ кемел адам жолы” болуы керек”. Бұл жердегі кемелденудің төрт қажетті шарты тікелей дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізінде қалыптасқан. Өйткені араб, парсы сопылық дүниетаным қабаттарынан мұндай ерекшеліктер кездеспейді.

Ж) Йасауи мектебінде зікір: Зикр-(арапша) сөздік мағынасы еске алу, еске түсіру, жадына сақтау деген мағыналарына келеді. Сопылық терминологияда Алланы еске алу, еске түсіру, оны ұмытпау, инсан араб сөзі (адам)-ұмытшақ, ұмытқан дегенді білдіреді) қапы қалу хәлінде болмау; Алла сөзін немесе “ла илаһа илаллаһ” тіркесін айту және қайталау: тариқатта сопылардың жиналып ұстаздарының бақылауында “Аллаһ-Аллаһ”, “Ху-Ху” (Ол-Алланың аты) “Хай-Хай” (Алланың сипаты) сияқты тіркестерді жүйелі әрекет формасында қайталау. Екі түрлі зікір бар. Олар-жаһри яғни, дауыстап айналасындағылар ести алатын дәрежеде салынатын зікір. Дауыстап зікір салатын тариқаттарға “жаһри тариқаты” дейді. Йасауи тариқаты-жаһри болып табылады. Кейбір зерттеушілер-Жаһри тариқаттың негізін салған Қожа Ахмет Йасауи болатын, деген пікірде. Екінші-һафи зікірі , яғни өзі ғана еститін, үнсіз салынатын зікір. Нақшбанди тариқатының зікірі үнсіз болған. Сондықтан оларға “һафи тариқат” дейді.

Йасауи тариқатының салатын зікір түрі сопылық әдебиеттерде көбінесе “ара зікірі” деп аталады. “Бұл зікірді суфи, екі қолын екі тізесіне қойып, демін кіндігіне қарай бағыттап, “һа-һу” дейді де, демін кіндігінен алып, басы, белі мен арқасын бірдей түзелтіп, қаттырақ “Хай” дейді. Осы қимыл-әрекет жүйелі түрде қайталанады.

Йасауи мектебінің тарихи таралу кеңістігі мен уақыты: Йасауи ілімі уақыт тұрғысынан ХІІ-ші ғасырдың жартысында Мавераннахр, Түркістан, Ферғана яғни, бүгінгі Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркменстан мен Тәжікстан территорияларына таралды. Міне осы жерлерде Йасауи ілімі жаңа рухани құндылықтарын жалғастырушы-мұрагер, шәкірттері адамзат тарихында өзіндік із қалдырды. Түркілік мәдениет негізінде құрылған барлық тариқаттар осы Йасауи ілімі-жолы негізінде қалыптасты. Бұл кеңістікте Йасауи ілімі исламның өзі-өзегі ретінде қабылданып, ХІІ-ХІҮ ғасырлар арасында Орта Азия, Таяу Шығыс, Үндістан жерлеріндегі саяси оқиғалар, мәдениет көші негізінде Хорезм, Хорасан, Азербайжан арқылы Кіші Азия-Анадолы топырақтарына, одан Балқан, Еділ-Оралға дейінгі аймаққа жайылды. Йасауийа тариқатының ықпалы кейінгі дәуірлерде Қазақ-Қырғыздар арасында шектеліп қалды. Йасауи жолы ХҮІ-ші ғасырға дейін Ферғана, Ош, Өзбекстан жерінде өзінің жандылығымен танылса, ХІХ-ші ғасырдан ХХ-ші ғасырдың 70-ші жылдарына дейін яғни, Кеңестік дәуірде де аты аталған аймақтарда тіршілігін сақтап келді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]