Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dintanu.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.74 Mб
Скачать

Шариғат

Шариғат «тура, дұрыс жол») — беделді билік арқылы орындалуы міндеттелген заң, нұсқау, заңдық нормалардың комплекстік жинағы, мұсылмандардың иманын айқындап, адамгершілік мұраттары мен діни ожданын қалыптастыратын, сондай-ақ олардың мінез-құлқын реттеуші нақтылы өлшемдер бастауы болып табылатын, бәрінен бұрын Құран мен сунналар арқылы пысықталған нұсқаулар жиынтығы.

Исламдық дәстүр шариғат ұғымын, ең алдымен, оның Құранда (негізінен Меккеде түскен сүрелерде) дінге сенушілерді адамгершілік кемелдікке, пәнилік рахатқа жеткізіп, жұмаққа алып баратын, Алла сызып берген төте жолды бейнелеу үшін қолданылуымен байланыстырады.

Шариғат ұғымы, көбінесе, бұқаралық түсінікте тұтас алғаңда исламдық өмір салты, сондай-ақ әдет-ғұрыптарды біріктіретін жалпыға ортақ исламдық мінез-құлықтар ережелерінің жиынтығы түрінде қабылданады.

Шьін мәнінде, тарихи және әлеуметтік көзқарас тұрғысынан шариғатты исламдық өмір салты туралы жалпылама ілім, негізінен Құран мен суннада жазылған және дінге сенушілер міндетті түрде орындауға тиіс нұсқаулар жиынтығы түрінде түсінуге болады. Оларда, ең алдымен, мұсылманның ішкі дүниесін, иманы мен діни ожданын айқындайтын қағидалар мен этика мәселелері сөз болды. Ал адамның іс-әрекетіне, сыртқы мінез-құлқына келсек, оларды шариғат өздігінен емес, белгілі бір өлшемдер шеңберінде нақтылау арқылы реттейді. Құран мен суннадағы ережелер шариғаттың мазмұнын құрайды. Ал шариғат өз кезегінде жалпы идеялық түпнұсқа, әл-фикхтың (құқық пен заң ісін жүргізу құқығының) діни-этикалық негізгі ролін атқарады. Осындай түсінік кезінде шариғат исламмен тұтастай кірігіп, тек әл-фикх-заң ісін жүргізу құқығының ғана емес, сонымен бірге басқа да діни пәндердің мәнін құрайды.

Исламдағы мәзхабтар

МӘЗХАБ – араб тілінде «баратын жол», «лайықты көзқарас» мағыналарын білдіреді. Ислам дiнiнiң түрлiше түсiндiрiлуiнен пайда болған сенімдік (итиқадтық) және фықыхтық (амалдық) пікір ағымдарын анықтайтын ұғым болып табылады. Негiзiнен, Ислам тарихындағы барлық мәзхаб саяси және сенімдік немесе құқықтық мақсатта пайда болған. Белгiлi бiр тұлға немесе ғалымның тұжырымдары мен анықтамаларын қолдағандар Құран аяттары мен хадистердi өз түсiнiктерiне арқау етiп алған. Саяси, дiни және амалдық түсiнiктерiне Ислам дiнiнен дәлелдер iздестiрген.

Ислам тарихына көз жүгіртсек мәзхабтардың пайда болуына әртүрлі себептердің ықпалы тигендігін көреміз. Барлық мәзхабтар қай мақсатта және қай себеппен шықса да, құран мен Сүннет түсiнiгiне арқа сүйейдi. Десек те, олар осы екi негiзгi қайнар көздi түрлiше түсiнiп, әрқалай жорамалдаған. Мұсылман қоғамдарында қазiрге дейiн “мәзхаб” сөзi кеңiнен қолданылып келедi. Ислам дінінде мәзхабтар Құран Кәрім мен пайғамбар сүннетін негізге алады.

Мәзхабтар арасындағы айырмашылықтар көбінесе төмендегі жағдайларға байланысты ерекшеленеді.

1.Құран аяттарының астарлы мағынада, яки сөздіктегі негізгі мағынасында қолданылуына байланысты Құранды түсінуден туындаған.

2. Хадистерге байланысты туындаған айырмашылықтар:

а) Араб тілі грамматикасының ерекшелігіне байланысты;

ә) Бір мағынадағы хадистік әртүрлі сөздермен жеткізілуіне байланысты;

б) Бір мәселе бойынша пайғамбардың әр түрлі хадистерінің болуы;

в) Имамдардың хадис іліміндегі дәрежелерінің әртүрлі болуы;

г) Пайғамбардың іс-әрекеті себептерінің әр түрлі жорамалдануы

ғ) Хадистер дәрежелерінің әр түрлі болуы;

д) Діни үкімдерге әдет-ғұрыптардың әсері

е) Сахаба пәтуаларының негізге алынуы;

ж) Пәтуа шығару тәсілдерінің, ережелерінің әр түрлі болуы

Исламда мәзхабтар сенімдегі (итиқадта) мазхабтар, амалдағы (құқықтық) болып екіге бөлінеді:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]