Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dintanu.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.74 Mб
Скачать

Сунниттер мен шииттер

Суннилер хадистерді нағыз мұсылмандар жүретін жол деп таниды. Осыдан олар өздерін «ахли ас-сунна», немесе «ахли әхли сунна уа жамағат»-«сунна адамдары»- деп атайды. Сонымен бірге олар Мұхаммед пайғамбардан соңғы төрт халиф құрметіне «ахли шариар» деп те аталады. Суннилер негізгі төрт мәзһабқа бөлінеді. Олар- ханафи, шафи, мәлики және ханбалилер.

Сунниттік бағыттың шийттік бағыттан басты айырмашылықтарының бірі, олар Мұхаммед пайғамбарымыздан кейін адамдар мен Алла тағала арасында елшінің болғандығын және Алидің басқа халифтерден басым ерекше екендігін, әрі оның ұрпақтарының имаматқа толық мұрагер екендігін мойындамайды.

Тарихи тұрғыда қарастырсақ Әһли сүннет VІІ ғасырда пайда болған. өйткені дәл осы кезде тармақтарға бөлінушіліктің басталған кезі еді. Әһли Сүннеттің сенімдік имамдары төртеу болып оның ішіндегі Орта Азия имамы Имам ағзам Әбу Ханифа өз дәуірінде білімді салмақты және ислам әлеміне өзін таныта білді. Әһли сүннет сенімдік, амалдық негіздерін бір жүйеге келтірді.

Әһли сүннеттің негізгі ұстанымдары:

1. Аллаһ Тағала жалғыз, оның теңі жоқ, Аллаһтың өзінен өзге сипаттары бар.

2. Бар болған барлық нәрсенің жаратушысы Аллаһ Тағала

3. Иман тілмен айту және жүрекпен қабылдау. Иман мен амал бір-бірімен бөлек.

4. Адамдар ерікті және істеген жұмыстарынан жауапты.

5. Аллаһ Тағала адамдарға пайғамбарлар жіберіп тұрған. Хз.Мұхаммед пайғамбарлардың соңғысы.

6. Құран уахидың жиынтығы. Аллаһ тағала тарапынан Хз.Мұхаммедке уахи түсірілді.

7. Адамдар өлгеннен кейін қайта тіріледі. Жұмақ пен тозақ ақиқат.

8. Алғашқы төрт халифаның реті дұрыс.

9. Күнә жасаған мұсылман діннен шықпайды.

10. Кез келген мұсылманға кәпір деп айту дұрыс емес.

Шиа араб тiлiнен аударғанда “жақтас”, “көмекшi” және “фырқа” (топ) мағыналарын бередi. Термин ретiнде “шиа” Хз.Пайғамбар қайтыс болғаннан кейiн Хз.Али және ұрпағының имамдық (халифалық) үшiн ең лайықты кiсiлер екенiне және мұның насс (аят пен хадис) және таинмен (тағайындау) анықталғанына сенетiн қоғамға берiлген есiм болып табылады.

Шииттiктiң мәз¿ап ретiнде пайда болуы туралы әртүрлi көзқарастар бар. Шии туралы деректерде бұл мәз¿аптiң Хз.Пайғамбардың тiрi кезiнен бастап бар екендiгi баяндалады. Кейбiр зерттеушілер шииттiктiң Хз.Осман халифалығының соңғы кезiнде, Хз.Али халифалығының алғашқы жылдарында, «Жамал» және «Сыффын» соғыстарынан кейiн бiр топ ретiнде шыққанын айтады. Осылайша харижилiкпен бiрге шииттiктiң де пайда болғанын көрсетедi.

Бiрақ кең таралған және тарихи шындыққа сай келетiн көзқарас бойынша шииттiк саяси iс-әрекеттерi Хз.Османның өлтiрiлуiмен басталған, Хз.Алидi өлтiргеннен кейiн топтаса бастаған және Хз.Хусейiндi Кербелада өлтiргеннен кейiн бiр топ ретiнде пайда болған саяси-дiни әрекет болып табылады. Осы соңғы көзқарастың ғылыми негізі бар. өйткенi, тарихи оқиғалар мен саяси-дiни әрекеттер нақты бiр мезгiлде және бiр фактор арқылы ғана туындамайды. Белгiлi бiр үдеріс кезiнде пайда болады және бiрнеше фактордың ықпалымен қалыптасады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]