
- •«Дін» туралы түсінік, оның мазмұны мен маңызы. Діннің мақсаты мен міндеттері. Негізгі дерек көздері.
- •Ислам дінінің түркі халықтарының рухани, мәдени болмысы мен мемлекеттік жүйесіне ықпалы
- •Діни наным сенімдердің бастауы
- •6. Түркілердің ескі діні
- •Көне түркілердің діни сенімі
- •2. Конфуцианизм діні
- •3. Даосизм діні
- •4. Cинтоизм
- •1. Үнді діндері
- •2. Индуизм
- •3. Жайнизм
- •4. Сикхизм
- •5. Парсизм
- •Христиан діні
- •Христиан дінінің пайда болуы
- •Ә) Інжіл - әлемдік мәдениет ескерткіші
- •Б)Христиандықтағы басты құндылықтар
- •В) Христиан діні және ғылым
- •1. Ислам діні
- •2. Хазірет Мұхаммед (ғалайһи сәлам) пайғамбар
- •1. Өзімізге байланысты міндеттеріміз
- •2. Адамның Аллаға байланысты міндеттері
- •3. Пайғамбарымызға байланысты міндеттеріміз
- •4. Отбасыға байланысты міндеттеріміз
- •5.Адамдардың бір-біріне байланысты міндеттері
- •6. Адамдардың қоршаған ортасына байланысты міндеттері
- •7. Отанымызға байланысты міндеттеріміз
- •1. Діни үкімдер
- •Сунниттер мен шииттер
- •Шариғат
- •Исламдағы мәзхабтар
- •1. Мұсылман салт-жоралары мен сенімдік мектептері (Сенімдегі мәзхабтар)
- •2. Мұсылман құқығының негізгі мектептері (Амалдағы мәзхабтар)
- •1. Ханафи мәзхабы
- •2. Малики мәзхабы
- •3. Шафи мәзхабы
- •4. Ханбали мәзхабы
- •Қазақтар имам ағзам жолындағы мұсылмандар Сопылық (Суфизм)
- •Ислам мәдениеті
- •Ислам – адами және әлеуметтік құндылықтардың көзі
- •Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп
- •Адамды сүй, Алланың хикметін сез
- •Қазақстандағы исламның таралуы
- •Сопылықтың мәні, кезеңдері мен ағымдары
- •Йасауи мектебі
- •Қазақстандағы діни білім беру тарихы
- •Қазақ мәдениеті мен ислам құндылықтарының тұтастығы
- •Атеизм және қазақтарды шоқындыру саясаты
- •V. Бөлім. Қазақ топырағынан шыққан әйгілі дін ғұламалары (6 сағат)
- •Ахмет йүгінеки
- •Жүсіп баласағұни
- •Әбу насыр әл-фараби
- •Имам әл-бухари
- •Иасауи хикметі – дін және ұлтаралық татулықтың кені
- •Абай құнанбаев
- •Шәкәрім құдайбердіұлы
- •Хусамеддин Сығнақи
- •Vі. Бөлім. Қазақстан – дінаралық келісім орныққан ел (2 сағат)
- •Дін және ғылым
- •Тақырыптық жоспарлау үлгісі
- •34 Сағат (аптасына 1 сағат)
- •Әдебиеттер
- •Тауил және таухид
4. Отбасыға байланысты міндеттеріміз
А. Жанұя және оның маңызы
Адамзат тарих бойында бас қосып отау тігуді саналы түрде алдына мақсат қоя отырып, жанұя тәртібімен жүзеге асырған. Бұл адамның басқа жандылардан артықшылығы болып табылады. Құран Кәрім мен пайғамбарымыздың айтқанындай, жанұя құрудың басты мақсаты сау ұрпақ өсіріп, адамзаттың жалғасуын қамтамасыз ету болып табылады. Адамдар басқа жандылар сияқты үйленбестен балалы бола берер, бірақ баласын асырап, оған рухани нәр беру, бір ананың қолынан келуі қиын, әрі ұзақ уақытты талап етеді және адамның мәдениетті болуы да осы жанұядан бастау алады. өйткені сенім, адамдық құндылық, салт-дәстүр мен жақсы әдеттер осы жанұядан басталады. Жанұя құру – қызғаныштан пайда болған проблемалардың алдын алып, қоғамдық жүйенің жақсы қалыптасуына әсер етеді. Шаңырақ көтеру және осы бойынша пайда болған құралдар ер-әйел қатынасындағы биологиялық қанағаттандыруларды ислам дініндегі зинаны ауыр күнә деп тыйым салуына байланысты, абыройлы жолмен үйленуді қалыптастырған. Сондай-ақ дамып, кемелденген қоғамды қалыптастырудың ең негізгі шарты болып есептелінетін хақтары мен жауапкершіліктері жанұя үшін де орны ерекше. Себебі, Хз. Мұхаммед жанұя мүшелерінің хақтарына немқұрайдылықпен қараған пендеге нәфиле намаз оқу, нәфиле ораза ұстау т.б. ғибадаттарды орындауға хұқық бермеген.
Ислам ахлақшылары бүкіл адамзат пен мұсылмандардың бір-бірімен байланыстарында алдында тұрған негізгі мәселесі хақтары мен міндеттері болғандықтан, жанұя мүшелерінің де өздеріне байланысты міндеттерін белгілеген, яғни қоғамда жанұяда адам хұқықтары сақталып, міндеттерінің орындалуы үшін, белгілі бір жүйенің қалыптасуына, жауапкершіліктердің белгіленуіне қажеттілік тууда.
Ә. Ерлі-зайыптылардың міндеттері
Ерлі-зайыптылар бір шаңырақтың негізін қалаушылары, яғни бір шаңырақ ері мен әйелінің бас қосып, отау тігуінен басталады. Ерлі-зайыптылық үйленумен, Аллаһ пен халық арасындағы заңды некемен жүзеге асуы тиіс.
Мұсылмандықта және түркілерде жанұя көсемі – ер адам. Ислам діні мен дәстүріміздің жанұя мәселесінде оның жақсы қалыптасуы үшін, жанұяны басқару ер адамға жүктелуі, әйел затын төмен санау, оны қинау деп түсінбеу керек, керісінше ондайларға жол берілмейді. Ахлақ принциптерінен, Аллаһтың пайғамбарымызға айтқандарынан мұндай мәселе кездеспейді. Сонымен қатар әйелін ерін құрметтеуі шарасыздықтан емес, ахлақи бір құндылық болып табылады. Құранның: «әйелдермен жақсы байланыста болыңдар (Ниса-19)» - деуі, Пайғамбарымыздың да: «адамдардың ең жақсысы жарымен жақсы қатынаста болғандар» - деп түсіндіруі, жоғарыда баяндағандарымыздың дәлелі.
Мұсылмандықта бірден артық әйелмен үйлену бұйрық емес, қажет жағдайда жүзеге асыруға болатын рұқсат. Ал негізгісі – бір әйелмен үйлену.
Б. Адамның әке-шешесіне байланысты міндеттері
Ислам діні жанұяның құрушысы болып табылатын әке-шешеге құрмет көрсетуді бұйырады. Адамның дүниеге келуіне себеп болған әке-шеше, құрмет пен сүйіспеншілікке ең лайық жандар. Құранда Аллаһ былай дейді: «Раббыларың тек өзіне құлдық етулеріңді, әке-шешелеріңе жақсы қарауларыңды кесінді түрде әмір етті. Олардың бірі немесе екеуі де сенің қолыңда қартайса, тіпті оларға «үһ» деп те айтпа, оларды жазғырма, екеуіне де сыпайы (жақсы) сөйле. Оларды қорғап, қанатыңның астына ал және «Раббым ! кішкентай кезімде олар мені қалай мәпелеп өсірсе, сен де оларды қорға» – деп дұға ет (Исра-23-24)». Ал пайғамбарымыз үлкен күнәларды былай санайды: «Аллаһқа ортақ қосу, әке-шешеге қарсы келу және жалған куә болу».
Әке-шешеге жақсылық жасап, оларды ренжітуден аулақ болу туралы көптеген аят-хадистермен бірге, ахлақ кітаптарында да осы тақырыпта көп баяндалған. Онда әке-шешенің қоғамдағы хұқықтарымен бірге, балаларының оларға байланысты орындалуы тиіс біршама міндеттері бар және оларды біз былай санай аламыз: материалдық-рухани қажеттіліктерді қамтамасыз ету, бақытты, тыныш орта қалыптастыруға тырысу, олар сұрамай тұрып беру, олардан шектен тыс жақсылық күтпеу, олар жайлы ешкімге шағымданбау, жамандығын жасырып, жақсылығын асыру, оларға қажет жағдайларда тапсырмаларын ренжітпестен орындау, тірі кездерінде құрметтеп, өлгеннен кейін де артынан дұға оқып тұру, харам емес жағдайларында қалағандарын орындау, сауап істері мен ғибадаттарына көмектесу, өлгеннен кейін өсиеттерін орындау және оларды жақсылықпен еске алу, өлгеннен кейін де орындарын білдіртпей, достарымен жақсы көрген адамдарымен байланыс үзбеу, сонымен қатар діннің, салт-дәстүрдің ұнататын жораларын орындау.
В. Әке-шешенің балаларына байланысты міндеттері
Ерлі-зайыпты бас қосып шаңырақ құрғаннан кейін, олардың ұрпағын жалғастыратын балалары болатыны белгілі. Сол кезден бастап оларды ата-ана дейміз. Ата-ана Аллаһ алдында балаларына дұрыс тәрбие беруге тиіс. өйткені, адам дүниеге келгенде бірінші ұстазы әкесі мен шешесі болып, яғни дүниеге келген нәресте әке-шешесіне қарап өседі, әке-шеше балаға қандай жол көрсетсе, өмір бақи сол жолмен кетеді. Сондықтан әке-шеше балаларына дұрыс тәрбие беруге, оларға үлгі болуға, өмір сүретін қоғамына сай тәрбиелеуге, дін білімдерін үйретуге, білім беруге, адал табыспен, ризықпен асырауға міндетті.
Г. Ағайын бауырлардың өзара міндеттері.
Бір жанұядан өрбіген жанұяның мүшелеріне аға, іні, қарындас, әпке, сіңлілер жатады, яғни бұлар бір-біріне бауыр болып есептелінеді. Бір жанұяда өскен бауырлар, бір табақтан ас ішіп, бірдей тәрбие көреді. Сол себептен бауырлар да бір-бірімен ренжіспеуі, ренжіссе де кешірімді болулары тиіс. Олар бір-бірімен мал-мүлік үшін таласпауға, бір-бірін орнына қарай құрметтеуге міндетті. Бауырлар кейін өсіп, жеке-жеке отау тіккенде де, тату-тәтті өмір кешіп, ағайындық байланыстарын өмір бойы жалғастырулары тиіс.
Ал ағайын-жекжаттарға туыстық сезіммен қарап, олардың орнына қарай құрмет көрсетуге, басына қиын іс түскенде қол ұшын беріп көмектесуге, олардан мүлдем қол үзіп кетпеуге міндетті.