
- •«Дін» туралы түсінік, оның мазмұны мен маңызы. Діннің мақсаты мен міндеттері. Негізгі дерек көздері.
- •Ислам дінінің түркі халықтарының рухани, мәдени болмысы мен мемлекеттік жүйесіне ықпалы
- •Діни наным сенімдердің бастауы
- •6. Түркілердің ескі діні
- •Көне түркілердің діни сенімі
- •2. Конфуцианизм діні
- •3. Даосизм діні
- •4. Cинтоизм
- •1. Үнді діндері
- •2. Индуизм
- •3. Жайнизм
- •4. Сикхизм
- •5. Парсизм
- •Христиан діні
- •Христиан дінінің пайда болуы
- •Ә) Інжіл - әлемдік мәдениет ескерткіші
- •Б)Христиандықтағы басты құндылықтар
- •В) Христиан діні және ғылым
- •1. Ислам діні
- •2. Хазірет Мұхаммед (ғалайһи сәлам) пайғамбар
- •1. Өзімізге байланысты міндеттеріміз
- •2. Адамның Аллаға байланысты міндеттері
- •3. Пайғамбарымызға байланысты міндеттеріміз
- •4. Отбасыға байланысты міндеттеріміз
- •5.Адамдардың бір-біріне байланысты міндеттері
- •6. Адамдардың қоршаған ортасына байланысты міндеттері
- •7. Отанымызға байланысты міндеттеріміз
- •1. Діни үкімдер
- •Сунниттер мен шииттер
- •Шариғат
- •Исламдағы мәзхабтар
- •1. Мұсылман салт-жоралары мен сенімдік мектептері (Сенімдегі мәзхабтар)
- •2. Мұсылман құқығының негізгі мектептері (Амалдағы мәзхабтар)
- •1. Ханафи мәзхабы
- •2. Малики мәзхабы
- •3. Шафи мәзхабы
- •4. Ханбали мәзхабы
- •Қазақтар имам ағзам жолындағы мұсылмандар Сопылық (Суфизм)
- •Ислам мәдениеті
- •Ислам – адами және әлеуметтік құндылықтардың көзі
- •Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп
- •Адамды сүй, Алланың хикметін сез
- •Қазақстандағы исламның таралуы
- •Сопылықтың мәні, кезеңдері мен ағымдары
- •Йасауи мектебі
- •Қазақстандағы діни білім беру тарихы
- •Қазақ мәдениеті мен ислам құндылықтарының тұтастығы
- •Атеизм және қазақтарды шоқындыру саясаты
- •V. Бөлім. Қазақ топырағынан шыққан әйгілі дін ғұламалары (6 сағат)
- •Ахмет йүгінеки
- •Жүсіп баласағұни
- •Әбу насыр әл-фараби
- •Имам әл-бухари
- •Иасауи хикметі – дін және ұлтаралық татулықтың кені
- •Абай құнанбаев
- •Шәкәрім құдайбердіұлы
- •Хусамеддин Сығнақи
- •Vі. Бөлім. Қазақстан – дінаралық келісім орныққан ел (2 сағат)
- •Дін және ғылым
- •Тақырыптық жоспарлау үлгісі
- •34 Сағат (аптасына 1 сағат)
- •Әдебиеттер
- •Тауил және таухид
1. Ислам діні
Ислам арабтың «бағыну», «мойын ұсыну», «жамандықтардан аулақ болу» т.б. деген мағыналарды беретін сөзі.
Ислам хз. Мұхаммед (ғ. с.)-ке Аллаһ тарапынан аян арқылы түсірілген соңғы және кемелденген діннің аты. Бұл дінді ұстанатын адамды «мұсылман» немесе «мүсілім» деп атайды.
Жалпы мұсылмандық Алланың барлығына, бірлігіне, одан басқа құдайдың жоқтығына, хз. Мұхаммед (ғ.с.) оның құлы, әрі елшісі екендігіне және хз. Мұхаммедтің жеткізген жүйесі мен сенімі бойынша амал етуден тұрады.
Құран Кәрімде: «Аллаһтың қасында шынайы дін ислам (Әли Имран-29)», «сендерге ислам дінін қоштап ұнаттым(Мәидә-3)» - дегеніндей, бұл діннің атын Аллаһ берген.
Қазіргі кезде бұл дін бір миллиардтан астам адам тұтынатын әлемдік дін болып, бір ұлттың ғана діні емес, бүкіл адам баласына ортақ дін болып табылады.
Ислам сенімі бойынша бүкіл пайғамбарлардың адамзатқа жеткізген діні ислам діні. Бірақ бұл есім осылай бүкіл құдайлық діндердің жалпылық атау болғанымен, хз. Мұхаммедтің 23 жылдық пайғамбарлығынан кейін оның үмметтері ұстанатын діннің атына айналды.
Құран Кәрімде баяндалғандай ислам діні «хақ дін», «ең тура жол» болып табылады. Бұл дін ұлы Аллаһтың алдында шынайы, қабыл болған және оның разы болған діні болып есептелінеді.
Хз. Мұхаммед Аллаһтың елшісі және пайғамбарлардың ең соңғысы екендігі ислам қайнарларында баяндалған.
Құран Кәрім Аллаһ (ж.ж.) тарапынан хз. Мұхаммедке (с.ғ.с.) аян етілген илаһи кітап және оның ешбір сөзі өзгеріске түспеген, бұл жайында да Аллаһ оны өзі қорғайтынын ескерткен. Бұл кітап пайғамбарымызға 23 жылда аян түсіріліп, оны пайғамбарымыз сахабаларға жаттатқан, жаздыртқан және өзі тексеріп отырған. Осылай құранның түп нұсқасы сақталып, күнімізге дейін жетті.
Ислам тек тәңірлік дін. Бұл дінде Алланы үштеу, екілеу, оған ортақ қосу деген нәрселер атымен жоқ. Ұлы Аллаға берілген сипаттар адамдарға, жануарларға, жанды-жансыз заттарға берілмейді. Бұл дінде Аллаһтан басқа ешбір табиғатқа, табиғат құбылыстарына, қолдан жасалған мүсіндерге, рухтарға т.б. нәрселерге табынуға тыйым салынған.
Исламдағы сенімдер мен негіздер адам баласына түсінікті, анық, қабылдауға оңай, ақыл мен қисынға қонымды. Бұл дінде рухтың енуі, рухтың көшуі (реинкорнация), тумысынан күнаһар болу сияқты адамның өмір сүруіне қиын сенімдер кездеспейді.
Ислам дінінде адамның өмір сүруіне қиыншылық туғызатын қағидалар жоқ, керісінше бұл діндегі барлық қағидалар адамның жаратылысына сай етіп белгіленген. Пайғамбарымыз: «оңайлатыңыз, қиындатпаңыз, сүйіншілеңіз, жек көрсетпеңіз» - деп, жоғарыдағы сөзімізді қуаттайды (өмір бойы үйленбеу, ажыраспау т.б. қиыншылықтар исламда жоқ).
Исламда адамның барлығы тең хұқылы. Бұл дін адамның іші-тысын таза ұстауға көңіл бөлетін дін болып табылады.
Бұл дінінің басты негізі, әрі мұсылмандықтың кілті, Алланың барлығын, бірлігін мойындау, оған еш серік қоспау және хз. Мұхаммед оның елшісі екенін естен шығармау болып табылады. Сондықтан ислам діні, бір дәстүр ретінде:«Лә илаһә иллаллаһ Мұхаммадур-расулу-л-лаһ» яғни мағынасы Аллаһтан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі деген сөйлемде жинақталған. Бұл қасиетті сөйлемді айтып, жүрегімен бекіткен адам, ислам дініне кірген болып есептелінеді. Мұны біз, «кәлимә тәухид» деп атаймыз. Ислам діні, хз. Адамнан хз. Мұхаммедке дейінгі барлық пайғамбарлардың әкелген діні.