
- •«Дін» туралы түсінік, оның мазмұны мен маңызы. Діннің мақсаты мен міндеттері. Негізгі дерек көздері.
- •Ислам дінінің түркі халықтарының рухани, мәдени болмысы мен мемлекеттік жүйесіне ықпалы
- •Діни наным сенімдердің бастауы
- •6. Түркілердің ескі діні
- •Көне түркілердің діни сенімі
- •2. Конфуцианизм діні
- •3. Даосизм діні
- •4. Cинтоизм
- •1. Үнді діндері
- •2. Индуизм
- •3. Жайнизм
- •4. Сикхизм
- •5. Парсизм
- •Христиан діні
- •Христиан дінінің пайда болуы
- •Ә) Інжіл - әлемдік мәдениет ескерткіші
- •Б)Христиандықтағы басты құндылықтар
- •В) Христиан діні және ғылым
- •1. Ислам діні
- •2. Хазірет Мұхаммед (ғалайһи сәлам) пайғамбар
- •1. Өзімізге байланысты міндеттеріміз
- •2. Адамның Аллаға байланысты міндеттері
- •3. Пайғамбарымызға байланысты міндеттеріміз
- •4. Отбасыға байланысты міндеттеріміз
- •5.Адамдардың бір-біріне байланысты міндеттері
- •6. Адамдардың қоршаған ортасына байланысты міндеттері
- •7. Отанымызға байланысты міндеттеріміз
- •1. Діни үкімдер
- •Сунниттер мен шииттер
- •Шариғат
- •Исламдағы мәзхабтар
- •1. Мұсылман салт-жоралары мен сенімдік мектептері (Сенімдегі мәзхабтар)
- •2. Мұсылман құқығының негізгі мектептері (Амалдағы мәзхабтар)
- •1. Ханафи мәзхабы
- •2. Малики мәзхабы
- •3. Шафи мәзхабы
- •4. Ханбали мәзхабы
- •Қазақтар имам ағзам жолындағы мұсылмандар Сопылық (Суфизм)
- •Ислам мәдениеті
- •Ислам – адами және әлеуметтік құндылықтардың көзі
- •Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп
- •Адамды сүй, Алланың хикметін сез
- •Қазақстандағы исламның таралуы
- •Сопылықтың мәні, кезеңдері мен ағымдары
- •Йасауи мектебі
- •Қазақстандағы діни білім беру тарихы
- •Қазақ мәдениеті мен ислам құндылықтарының тұтастығы
- •Атеизм және қазақтарды шоқындыру саясаты
- •V. Бөлім. Қазақ топырағынан шыққан әйгілі дін ғұламалары (6 сағат)
- •Ахмет йүгінеки
- •Жүсіп баласағұни
- •Әбу насыр әл-фараби
- •Имам әл-бухари
- •Иасауи хикметі – дін және ұлтаралық татулықтың кені
- •Абай құнанбаев
- •Шәкәрім құдайбердіұлы
- •Хусамеддин Сығнақи
- •Vі. Бөлім. Қазақстан – дінаралық келісім орныққан ел (2 сағат)
- •Дін және ғылым
- •Тақырыптық жоспарлау үлгісі
- •34 Сағат (аптасына 1 сағат)
- •Әдебиеттер
- •Тауил және таухид
В) Христиан діні және ғылым
Космологиялық дәлелдер, негізінде ғылымның да пәніне жататын мәліметтерге, көзқарастарға және теорияларға негізделеді. Осыған байланысты христиан батыс әлемінде дін-ғылым қақтығысына қатысты айтыстар жалпы космологиялық мәселелердің төңірегінде болып келді. Бүгінгі таңда да ғылымның қол жеткізген нәтижелеріне сүйене отырып немесе бүгінге дейін қол жеткізілген мәліметтердің аясында дамыған теорияларға сүйене отырып теизмді немесе рухтың өлмейтіндігі туралы сенімді негіздеуге тырысқан адамдар да болған. Олай болса дін мен ғылым қатынасын «дін басқа, ғылым болса мүлдем басқа нәрсе және екеуінің арасында ешқандай байланыс жоқ» деп көз жұма қарай алмаймыз. Қысқаша айтқанда ғылым, дін, философия, өнер мен этика адамның физикалық және индивидуалдық кеңістігінде өтіп жатқан өміріне «мағына беру» әрекетінің бір бөлігі болып қабылдануы мүмкін. Бұл бөліктерді жақыннан танып, араларындағы байланысты жақсырақ білу үшін танымдық деңгейде оларды бір бірінен ажыратамыз. Бұл типология мүлдем абсолютті емес. Олар тілге тиек еткен, теориялық тұрғыдан сипаттама жасаған тәжірибелер бір және дәл сол бомыстың яғни адам өмірінде болып жатыр. Бұл бірлік өте күшті болуы да мүмкін немесе әлсіз байланыс болуы да мүмкін. Мысалы ислам тарихының алтын дәуірінде аталған тәжірибелердің жиынтығы өте күрделі мәнге ие болған еді. Қазіргі Батыс қоғамында жағдай мүлдем өзгеше. Бүгін барлық нәрсе дерлік тәуелсіздікке ұмтылуда. Дін ғылымның жауапқа тартуынан мазасы қашуда, дін «маған сенбейтін адам мені түсіне алмайды» деуде; этика болса кішігірім бір салада әрекет етуде. Біздің пікірімізше ғасырымыздың ең күрделі проблемасы адамзат тәжірибесіндегі осы бөлінушілік болып табылады. Осы бөлінушілік адамның бірегейлік проблемасынан бастап халықаралық маңызы бар үлкен саяси шешімдерге дейінгі барлық жерде өз әсерін тигізуде. Теориялық этюдтер тұрғысынан болсын, практикалық мақсаттар тұрғысынан болсын адамзаттық тәжірибелер арасында абсолютті түрде ойға оралмаған ажыратудың жасалынуы шарт еді. Ғылым осындай типология үшін әсіресе христиан батыс әлемінде өте ауыр әрі даңқты күреске шықты. Бірақ алға қойылған мақсат мұндай күрес басқа адамзат тәжірибелерін, кейде мифология, кейде теология, кейде метафизика деп санап бір шетке ысырып тастамасын және кейбір психологтар «мәдениет шизофрениясы» деп атаған жағдайға жол ашпасын. Заманауи психология бізге адам санасының бір бүтін екендігін үйретуде. Осы бүтіндікті Декарт секілді бір субстанция ретінде қарастырайық, У.Джеймс секілді бір «ағыс» деп ойлайық, бәрібір нәтиже өзгермейді. Олай болса адамның әртүрлі тәжірибелері арасында «шынайы» бір байланыс бар. Бұл байланыс әрдайым екі жақты болады. Мысалы дін ғылымға, ғылым да дінге ықпал етеді. Біз осы бөлімде алдымен жаңа ғылыми жаңалықтардың діннің түсіндірілуі мен түсінілуіне деген ықпалын, екіншіден діннің ғылыми іс-әрекеттерге ықпалын анықтауға тырысамыз. Ғылымның дінге әсерін түсіндіру үшін көбінесе батыс әлемінен, діннің ғылымға ықпалын түсіндіру үшін ислам әлемінен кейбір мысалдар келтіреміз.
Ғылым деген кезде уақыт пен кеңістікте орын алған нәрселердің, құбылыстар мен оқиғалардың құрылымын, олардың арасындағы себеп-салдар байланыстары құрайтын жүйені ашуға, осы тақырып бойынша қол жеткізілген мәліметтерді дедуктивті жүйе ішінде топтастыруды және нәтижеде барлық болған нәрселердің қандай негізгі заңдылықтар бойынша пайда болғандығын анықтауды мақсат еткен адамзат іс-әрекетін айтып отырмыз. Бұл анықтама біз үшін жеткілікті. Сол себепті ғылым ұғымы тақырыбындағы түрлі айтыстарды, аталған ұғымның кейде кең ауқымда қарастырылып әртүрлі ұйымдасқан мәліметтерді қамтитындай немесе өте тар ауқымда қарастырылып кейбір әлеуметтік ғылымдарды қамтымайтындай етіп қолданылуына қатысты көзқарастарға бұл жерде тоқталмаймыз.
Ғылым негізінен алғанда анықтамада байқалатындығындай құбылыстармен және оқиғалармен айналысады, құндылықтар әлемін сыртта ұстауға тырысады. Осы екінші әрекетінде қаншылықты жетістікке жетіп жетпегендігі әлі күнге даулы мәселе болып отыр. Әсіресе әлеуметтік ғылымдарда «құндылықтардан тәуелсіз» немесе тыс әрекеттің мүмкін болмаса да өте қиын екендігі белгілі жайт.
Ғылыми шешімдерімізде индивидуалдық факторлар, сезімдер т.с.с. рол атқармауы керек. Ғылыми іс-әрекет субъективті емес. Бұл жерде ғылыми нәтижелер мен осы нәтижелердің өмірде көрініс табуынан пайда болған басқа нәтижелерді және осы нәтижелерге қатысты ұғымдарымызды, шешімдерімізді бір-бірімен шатастырмауымыз керек. Аталған ғылыми жаңалықтардың қазіргі өмірімізге үлкен ықпалы бар екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Осыған қарамастан ешбір өмір сүру формасы немесе дүниетаным үшін «ғылыми» сипатын қолдана алмаймыз. «Ғылыми дүниетаным» сөзіндегі «ғылыми» термині өзіне қатысы бар шеңберден тыс термин болып табылады. Дүниетаным әртүрлі адамзат іс-әрекетіне қарай қалыптасады және олардың барлығын да қамтиды. Бір дүниетанымда дін, өнер, этика және т.б. бар. Бұл жағдайда ғылыми дүниетаным сөзі қате болуымен қатар тек қана мына тұрғыдан мәнге ие: «қалыптасуында ғылым бірінші дәрежеде маңызды рол ойнайтын дүниетаным» дегенді білдіреді. Дүниетанымда құндылықтардың маңызы өте үлкен. Ғылым үшін әрі тарапсыз, объективті, құндылықтардан тәуелсіз т.с.с. дейміз, әрі оны барлық құндылықтарды қамтитын «дүниетаным» үшін сипат етіп аламыз. Бұл ғылым терминін орынсыз жерге қолдану дегенді білдіреді.
Екіншіден, ғылым жалпы қабылданатын заңдылықтарға қол жеткізуге тырысады. Шын мәнінде ғалым әрдайым бақылау жасаумен және эксперименттермен айналысады, мәліметтерді жинайды, жекелеген оқиғаларды көзден таса қылмауға тырысады. Алайда осылардың барлығын «жалпының жекелеген көріністері» ретінде қарастырады. Осы тұрғыдан алғанда бір рет қана болған нәрсе ғылымның қарастыратын мәселесіне жатпайды. Кейбір теологтардың муғжизалардың ғылымның тақырыбы секілді қарастырылуына қарсы шығуының себебі (немесе себептерінің бірі) ғылымның осындай ерекшелігінің болмауында.
Дін мен ғылымның байланысы мәселесін зерттеген кезде байланыстың жалпы ауқымын назардан тыс қалдырмау шартымен әрбір ғылым саласының ахуалын жеке-жеке қарастырудың пайдасы зор. Кейбір ғылым салаларының дінмен байланысы өте ұзақ. Алайда кейбір ғылым салалары бар, олар діннің пайда болуы мен дамуын, діни тәжірибенің өзін немесе дін мен қоғамның қарым-қатынасын қарастырады. Дін мен ғылымның қарым-қатынасын анықтауға тырысқан кезде, мысалы атомдық физика мен дін психологиясын бір деңгейде қарастыра алмаймыз.
Дін мен ғылым арасындағы байланыс ғылыми іс-әрекеттер өте көп жүзеге асырылған және нәтижелі түрде жүзеге асырылған христиан батыс әлемінде соңғы үш ғасыр бойы қарастырылды. Сол себепті негізгі тақырып ғылым мен христиандық арасындағы қарым-қатынас төңірегінде болды. Осы салада жасалынған әрекеттердің барлық дінге қатысы бар және қатысы жоқ жақтары да бар. Ғылым мен технологияның дамуынан туындаған мәселелердің бір бөлігі тек қана христиандықпен, бір бөлігі тек қана «кітабы бар діндермен», бір бөлігі де бәлкім барлық діндермен байланысты. Мысалы, өзгерістерге әрбір діни мәдениеттің тепкісі әртүрлі болуы мүмкін. Айта кетерлік оң істердің бірі де әсіресе соңғы жылдары көптеген батыстық ғалымдар мен қоғам қайраткерлері осы мәселеге аса мән беріп, көбіне «бұл жерде дін деген кезде «христиандықты» айтып отырмын» деп мәселені ашып көрсетуде2. Ал ертеректе жағдай басқаша еді. Жалпы алғанда белгілі бір зерттеуде діннің аты аталмайтын еді. Егер нәтижеде нақты бір шешімге қол жеткізілсе христиандықтың пайдасына шешілетін еді. Екінші жағынан нәтиже керісінше болса барлық діндер айыпталатын. Мысалы Е.Ренанның, француз энциклопедисттері мен ХІХ ғасыр позитивисттерінің жалпы ұстанымы осындай болатын. Бір уақыттары дінге беріліп кейін дінсіз, атеист болғаан кейбір шіркеу өкілдері де осы «рационалдық» (ақылдық) ұстанымға қатып қалды.
Ең алдымен әр діннің өзіне ғана тән кейбір ерекшеліктері бар. Мысалы, христиандық кейбір ерекшеліктеріне байланысты әрдайым ғылымға жақтасатын түрлі шабуылдарға ұшырады. Алайда басқа бір дін христиандыққа ұқсас ерекшелігі болмай, басқа ерекшеліктерге ие болғандықтан дәл сондай қарсылыққа ұшырамауы мүмкін. Мысалы христиандық құрушысының яғни Иса Мәсіхтің тұлғасына негізделген. Христиандар осы идеяға қатты үйренгендері соншалықты Исламды «Мухаммедианзм» деп атаған. Иудейлердің пікірінше Мұса пайғамбар, мұсылмандар бойынша Мұхаммед пайғамбар өздері құдай тарапынан уахи келген адамдар болып табылады. Ал Исаны құдайдың ұлы деп қабылдамаған адам шіркеу тарапынан мүлдем христиан деп саналмайды. Үштік (троица), енкарнация, бастапқы күнә т.б. секілді негізгі христиан түсінігі мен доктриналары тек Исаның «құдайлық сипатқа» ие болуынан туындайды.
Енді осы сенімдердің ғылыммен байланысы қандай? Бір қарағанда тікелей бір байланыс байқалмауы мүмкін. Шын мәнінде ғалымдар діни тақырыптар туралы сөз еткенде жалпы осы мәселелерге бара бермейді. Бірақ тақырыпты кең ауқымда қарастырар болсақ, христиандықтың негізгі теологиялық сенімдері мен ғылым арасындағы байланыстырдың негізінде жоғарыда аталған құдайлық сипат түсінігінің жатқандығын көреміз. Бұл түсінік Ж.Д.Броудтың сөзімен айтқанда бүгінге дейін түсінікті тілмен жеткізілетін формаға түсірілмеген. Сол себепті оның «құпия», «солай сенілуі керек болған діни доктрина» екендігі айтылған. Осылайша ол ғылым мен философияның сыны мен анализінен алыс болуды қалаған. Бұл жағдай дін саласында тар «фидеистік» (сенімдік/имандық) түсінікке жол ашып, ғылымда қатаң позитивистік көзқарастардың артуына себеп болды. Яғни әу бастан-ақ тұрақты дін-ғылым байланысының құрылуы үшін қажетті орта жасалынбады.
Екіншіден христиандық көп мөлшерде муғжизалар орын алатын дін. Құрушысының дүниеге келуі, айқыш ағаш оқиғасы, қайта тірілуі, кейін «көктегі Әкесіне қайта оралуы» және т.б. жүздеген оқиғалар тек қана муғжизалық оқиғалар ретінде көрініс тапқан. Сол себепті христиандықта ғылым мен діннің арасындағы қақтығыс муғжизаларды бірінші кезекке қойып, тартыстардың маңызды бөлігі тек осы салада орын алды.
Үшіншіден христиандық иудаизмдегі қасиетті жазбалар мен онда орын алатын көне космологиялық доктриналардың барлығын дерлік өзіне қабылдаған. Бұл да христиан ғалымдары мен дін өкілдері үшін кейбір қосымша проблемалардың пайда болуына себеп болды. Бұлай болғаны соншалықты «геология, биология, археология және антропология секілді ғылым салалары жинақтаған мәліметтер осыларды талқылай алатындардың пікірі бойынша Тәурат мәтіндері алға тартатын космологиялық, биологиялық және антропологиялық көзқарастардың барлығын да терістейді».3 Бұл жағдай христиандыққа да ықпал еткен. Өйткені жоғарыда айтылған негізгі христиандық сенімдері жалпы алғанда терістелген осы доктриналарды негізге алады.
Христиандық пен оның ықпалымен дамыған Батыс мәдениетіне тән осы ерекшеліктерді назардан тыс қалдыра отырып, Батыста орын алған дін мен ғылым арасындағы қақтығысты басқа мәдени ортаға алып бару ең алдымен ғылыми түсінікке қайшы келеді. Сондай-ақ осы теріс түсінік өкінішке орай ислам әлемінде аз мөлшерде де болса жақтастарын табуда. Көбінесе адамдардың барлық діндерге емес, өздері ұстанатын діндерге, тіпті өз діндеріндегі кейбір көзқарастарға қарсы шыққандығы жөніндегі шындықты ұмытқан кейбір адамдар христиан Батыстың ХІХ ғасырдағы қақтығысын кейде «ғылымға ден қою», кейде позитивизм, кейде «батыстану» деген атпен ислам әлеміне жапсырмалауға тырысқан. Батыстағы идеологиялық және ғылыми өзгерістерге уақтылы ілесе алмағандықтан өткен ғасырдың «бас ауруы» ислам әлеміне әлі де өз ықпалын тигізуде. Әйтсе де христиандықтың проблемалары мен исламның проблемалары бірдей емес. Осы көзқарасымызды қолдайтын мыңдаған мысалдар келтіруге болады. Мысалы, жер емес күннің біз білетін күн жүйесінің орталығы екендігі туралы идея айтылғаннан кейін Кальвин жаңалық ашып, жар салып қияметтің болатындығын айтты. Өйткені Киелі Кітапта «Жер ешқашан орнынан қозғалмайды» делінеді. Сондай-ақ Дарвин дәлелдеген табиғи селекциямен байланысы эволюциялық теорияны кейбір христиандар тек қана Иса пайғамбардың қайта тірілуі оқиғасына зияны тигендіктен оған қарсы шықты. Муғжизаларды түсіндіру қиындай түскендіктен детерминизм идеясына қарсы шықты. Алайда бір мұсылман немесе буддист осы көзқарастарға басқаша қарайтындығы, басқа ұстанымдарда болатындығы белгілі.
Бір жағынан көптеген ғалымдар да өздері түсініп, жорамалдаған діни түсінікке емес, шіркеуге және шіркеу «сенім принциптері» деп алға тартқан көзқарастарға қарсы шыққан. Шіркеу күрескен ғалымдардың арасында діндар болғандардың саны өте көп болды. Исламда ең бастысы Құран мен сүннет. Сол себепті осы дінді ұстанатын адамның жүрген жолы толықтай басқа бағытта болатын.
Осы жоғарыда айтқандарымыз қазіргі таңда дінаралық кейбір ортақ проблемалардың бар екендігі жөніндегі идеяға көлеңкесін түсірмеуі керек. Белгілі бір тұстарын емес, жалпы қарастырған кезде диалектикалық материализм (материализмнің барлық түрі), позитивизм, фрейдизм және т.б. үш үлкен «кітабы бар» діндер үшін аса маңызды проблемалар туындатуда. Мысалы, ғылыми жетістіктер тән өлгеннен кейін өмірдің де тоқтайтындығын көрсетеді деген көзқарас қаншылықты ғылыми деңгейде екендігі өз алдына, аталған үш үлкен діннің ақырет сеніміне қайшы келеді деуге болады. Егер діндер тұрғысынан өзгеше немесе ұқсас проблемалардың анықталуында нақты жұмыс атқарылар болса, дін мен ғылымның байланысы мәселесінде Батыста жасалынған зерттеулерден көп пайдалануға болады.
Ең алдымен ХІХ ғасырдағы ғылым мен позитивизм келмеске кетті. Енді қазіргі Батыс әлемінде де өткен ғасырға тән дін мен ғылым арасындағы келіспеушілік бүгін жоқ. Батыс бұл келіспеушілікті ғылыми және діни түсінікте жасған түбегейлі өзгерістердің арқасында аздап та болса азайтуға қол жеткізе алды. Бұлай болғаны соншалықты, қазіргі ғалымдардың көпшілігі өткен ғасырдың ғалымдарына қарағанда аздап та болса жұмсақтау. Осы арада Шіркеудің қуатының азаюы мен шіркеу мүшелерінің дүниетанымындағы жаңа өзгерістер, шіркеудің басты фактор болуына жол бермеді. Бұл да өз кезегінде ғалымдардың қажетсіз полемикаға түсуін мүлдем керек етпей тастады. Әсіресе астрономия мен физика салаларында даңққа бөленген ғалымдардың жалпы ұстанымдары, жағымды атмосфераның қалыптасуына себеп болды.
Келісе алмаушылықтың жойылуында дін адамдарының ұстанымдарындағы өзгерістердің де ең маңыздыларын былайша көрсетуге болады. Біріншіден, дін өкілдері басқалардың қарсы шығуы мүмкін тақырыптарға жіті назар аударып, жан-жақты қарастырды. Киелі жазбаларды ғылыми және тарихи тұрғыдан терең талдау жасап, оларға қайтадан түсініктеме беруге тырысты. Бұл жұмыстар кейде ғылыми, кейде өте шектен шыққан көзқарастардың ортаға қойылуына себеп болды. Соңғы нәтижелердің бірі де мынадай еді: христиандықтың қасиетті жазбаларына адамның қолы тигендіктен, олардың толықтай уахидің туындысы екендігін айту қиын. Сол себепті сол мәтіндерде орын алатын және ғылымның шабуылына ұшыраған көзқарастардың көпшілігі Інжілдер жазылған кезеңдердегі ғылыми емес көзқарастарды бізге ұсынады. Мысалы, Ағылшын Шіркеуінің мүшесі, танымал ғалым, діни ғұлама Ф.В.Барнес былай дейді: «Маркус Інжілін жазған Маркус өте аңқау адам болатын. Оның Інжілінде айтылған мәселелерді қазіргі түсінік бойынша талдар болсақ, оларды тарихи шындықтар ретінде көру мүлдем мүмкін емес».4 Осы тұрғыдан қарастырылар болса қасиетті жазбаларда орын алатын көзқарастар «сол кезеңге қатысты» делініп терістелуі мүмкін. Мысалы, егер киелі жазбаларда әлемнің б.з.д. 4004 жыл бұрын жаратылғандығы жазылған болса, бұл мәліметті «уахидің жемісі» секілді қабылдап дін мен ғылымның айтыс тақырыбына айналдырудың қажеті жоқ. Өйткені аталған мәлімет сол кезеңдегі болжамдардың нәтижесінде пайда болған.
Бұл жерде қоса кететін тағы бір жайт бар. Бір мұсылман ғалымның Құранға осылайша қарауы мүмкін емес. Шын мәнінде Құранда жоғарыда айтылғандай мағынадағы космологиялық теориялар жоқ. Ғылымның жеткен жетістігі мен Құранда айтылатын көзқарас бір бірімен үйлеспейді деп шартты түрде санайық. Мұсылман ғалымның аталған көзқарас туралы «сол кезеңдегі болжам» деуі мүлдем оңай емес. Оның басқа шешім жолдарын іздеуіне тура келеді.
Христиан әлемінде Киелі жазбаларға заманауи мәліметтердің басшылығымен түсіндірме жасау үшін біршама радикал шаралар іске асырылғандығын көреміз. Кейбіреулері, мысалы танымал неміс теологы Р.Бультман бір жағынан ХХ ғасырдың ғылыми дүниетанымына, екінші жағынан Жаңа Өсиеттің көзқарастарына сенудің христианның жұмысын қиындататындығын алға тартты. Бұдан құтылудың амалы мынадай еді: Інжілдің үлкен бөлігі мифологиялық тілді қолданып, ізгі хабарын осылайша жеткізді. Осы мифологияларда түсіндірілген нәрселердің шынайы тарихпен ешқандай байланысы жоқ. Бультманның пікірінше Інжілді мифологиялардан тазарту керек болатын.
Христиан теологиясы кейбір протестант теологтарының арқасында жаңа белеске көтеріліп, институттанған христиандық дүниетанымының орнын скулярланған христиандық алды, тіпті ұлы құдай түсінігі екінші орынға ысырылған діни дүниетаным алды. Осы өзгерісті көру үшін, мысалы Дж.А.Робинсонның «Аллаға деген шынайылық» (Лондон, 1963) немесе Паул ван Буреннің «Інжілдің зайырлы мағынасы» (Нью Йорк, 1963) атты еңбектеріне көз тастаудың өзі жеткілікті.
Бүгін батыстық ғалымдардың көпшілігінің ғалым ретінде теология саласымен айналысатындықтарын айту қиын. Қазіргі таңда тек бір ғана ғылым саласы терең зерттелінуде. Сол секілді теология саласы да белгілі бір деңгейге көтерілген. Басқа саладағы ғалымның теологияға қатысты зерттеу жасауы, теологтың да басқа бір ғылым саласы бойынша зерттеу жасауы өте қиын мәселе. Алайда осы қиын жұмысты қолға алып, қол жеткізген ғылыми жетістіктерді діни тұрғыдан талдауға тырысып жүргендер де баршылық. Айта кетуіміз керек болған тағы бір нәрсе де бір ғалым егер қаласа метафизикалық мәселелермен айналыспауына да болады. Мұндай мәселелерден терең хабардар болмағандықтан оны ешкім айыптамайды немесе зерттеулерінің ғылыми екендігіне ешкім де күмән келтірмейді. Барақ ғылыми жетістіктерден алған жылдамдықпен метафизикалық сауалдар қойып, осы сауалдарға жауап іздейтін адамдардың да көзқарастарына мән беру керек. Ақиқатты біліммен шектеу ғылым талап еткен нәтиже емес, керсінше бір идеология болып табылады. Танымал ағылшын ғалымы А.С.Еддингтон (1882-1844) ғылыми танымның көрсеткенінен басқаны ақиқат деп қабылдамайтын қарапайым ғалымды жіптері өте сирек аумен балық аулауға теңізге шыққан балықшыға ұқсатады. Балықшы ауына түспейтіндей кішігірім балықтардың бар екендігіне сенбейді. Өз методтарымен қол жеткізе алмайтын ақиқаттарды жоқ деп есептейтін ғалымның жағдайының аталған балықшыдан еш айырмашылы жоқ.
Өзінің ғылыми жұмыстарынан күш алатын бір ғалым Алланың бар екендігі туралы ишараттар мен белгілерді таба білуі мүмкін. Алайда ол Алланың бар екендігі «ғылыми проблема» еместігін біледі. Сол себепті әр түрлі ғылыми теорияларды айтатын адамдар бірдей құдай туралы түсінікте болып, сенуі мүмкін. Өйткені классикалық Ньютон заңын қолдағанымен Аллаға сенетін адамдардың бар болғандығы секілді, релативизм физикасын немесе кванттық физиканы қабылдап құдайға сенетін адамдар да бар. Егер иман белгілі бір теорияның «теориялық» нәтижесі болғанда, онда аталған сенім бірлігінің болмауы керек еді. Алайда әрбір теорияның діндегі кейбір мәселелер қарастырылған кезде әр түрлі жағдайларды туындатуы мүмкін екендігін де айта кету керек деп ойлаймыз.
Ғылым мен діннің байланысы туралы көзқарастарды саралаған кезде қатысы бар әрбір ғылым саласын жеке жеке қарастыру мүмкін екендігі секілді, талдауды ғылымда қол жеткізілген жалпы нәтижелерге де негіздеуге болады. Ретпен жүйелеген кезде ғылымдарды үш топқа бөлге болады. Жалпы алғанда «жансыз» деп аталатын материалдық әлемге қатысты ғылымдар; биологиялық ғылымдар мен гуманитарлық ғылымдар. Үшінші топтағы салаларды білу үшін екінші топтағылар туралы, оларды толықтай білу үшін бірінші топтағылар туралы жан-жақты білу керек.
Ғылым мен діннің арасындағы байланыс деген кезде ойға ең бірінші оралатын ғылым саласы бар: астрономия мен физика. Ислам әлемінде осы екі саланың, әсіресе астрономияның өте ерте кезеңдерде жедел дамуы кездейсоқ құбылыс емес. Құран Кәрімнің осы мәселелерді кең насихаттауында болсын, қол жеткізілген мәліметтер, айрықша құлшылықтардың орындалуы кезінде іске жарауында болсын тарих барысында ұлы астрономия ғұламаларының жетілуіне жол ашты. «Жұлдыздарға толы аспан» әрдайым сенімге алып баратын жолға жолбасшылық етті. Танымал психолог Джеймс Леуба 1914 және 1933 жылдары жасаған екі бөлек зерттеу жұмыстарына бойынша ғалымдардың арасында физиктер сену тұрғысынан алдыңғы қатарға шығады.5 Олардың қай қатардан орын алатындықтары туралы жеке мәселе болып табылады. Қазір физиктердің ғылымда өзгеше теорияларды алға тартқандықтарына қарамастан, құдайға сену мәселесінде қандай ұқсас ұстанымда болатындығына тоқталайық.
Ғалым әлемге қараған кезінде ол жерден бір жүйелілікті, реттілікті көреді. Әлемнің осы құрылымы мен объективтілігі ғылым үшін басты мәселе болып табылады. Тек ретті, жүйелі, қайталанатын және объективті нәрселерді тани аламыз. Ғалым кең тоқталғанған «бөліктен» назарын аударып әлемнің «біртұтастығы» туралы ойлана бастаған кезде, яғни метафизиканың бір түрімен айналыса бастаған кезде сенім мәселесі теориялық проблема ретінде қайта көрініс табады.
Мысалы, Ньютон физикасы негізінде механикалық физика болып табылады және онда «механикалық түсіндіру» бірінші кезекке қойылатын еді. Осыған қарамастан Ньютон діндар адам болатын. Ньютоншылар жалпы әлемді жүйелі түрде жұмыс істейтін бір машинаға ұқсатты. Бұл көзқарас әрі деситік әрі теистік дүниетанымдарда қолданылды. Олардың кейбірінің пікірінше құдай әуел баста осы үлкен машинаны бір жүйеге түсіріп, кейін оны өз алдына қоя берген. Ньютонның өзі мұндай көзқарасты қабылдамағандығы белгілі. Оның пікірінше құдай үнемі әлемге араласып, ондағы реттілікті қамтамасыз етіп отырады. Ньютон бәлкім жалпы ғылыми көзқарастардың нәтижесінде үштік сенімді (тройца) қабылдамады. Өйткені көрініп тұрған бүкіл жүйе нәтижеде тек бір құдіретке бағынуы керек болатын. Сондф-ақ ол кеңістікті құдайдың бір сипаты ретінде санайды және әлемді құдайдың «іс-әрекеті» ретінде қарастырады.
Осы салада Ньютоннан кейін ойға оралатын ең ұлы тұлға күмәнсіз Энштейн болып табылады. Осы атақты ғалым әуелі Д.Юмның көзқарасын, яғни гипотезалардың тек бақылана алатын нәтижелерге ғана қатысты екендігі туралы көзқарасты қабылдаған. Кейін Спинозаның құдай туралы түсінігін қабылдайды және кейінірек өмірінің соңғы жылдарында «жаратушы құдай» көзқарасына жақындай түскен.
Ньютон мен Энштейннің пікірінше әлемнің объективтілігі «мұғжизалық» характерге ие. Ең үлкен керемет те әлемнің өте ретті жүйеге ие болуы болып табылады. Энштейн 1952 жылы ескі досы Маурис Соловинге жазған бір хатында былай дейді: «Әлемнің объективтілігін «керемет» немесе «мәңгілік құпия» деп сипаттауымды біртүрлі көзбен қабылдайсың. Әлемге біздің реттілік беретін ақылымыздың араласуының өлшемінде түсіндірме жасауымыз керек. Бірақ ақылымыз ортаға салатын жүйе бір тілдің алфавиті секілді жүйе болатын еді. Ньютонның жердің тартылыс күші заңы көрсеткендей бір жүйе емес. Егер объективті әлемде априори бір жүйе болмағанда адам қандай теорияны ойлап таба алатын еді? Міне танымымыздың дамуымен қатар біз куә болған «керемет» осы. Позитивисттер мен атеисттер әлемді түрлі құдай туралы көзқарастар мен кереметтерден құтқардық деп ойлайды. Олардың ең әлсіз тұстары да осы. Дегенмен біз осы «кереметті» қабылдап, сонымен ғана шектеліп, оны қанағат тұтуымыз керек» 6.
Энштейнмен байланысты осы мәліметтердің бізге жетуіне жәрдемі тиген Левис С.Фейер7 былай дейді: «Күнделікті қолданыста «керемет» сөзі табиғат заңдылықтарына бағынбау немесе жүйеден шығып кету дегенді білдіреді. Алайда Энштейннің дүниетанымында бұл сөз осы заңдылықтардың болмысын түсіну үшін қолданылады».
Бұл жерде біз мынаған назар аудартқымыз келеді. Энштейннің «керемет» сөзін осы мағынада қолданылуы Құрандағы мағынаға өте сәйкес келеді. Белгілі болғанындай Құрандағы сөйлемдер, сондай-ақ адамды сенімге алып баратын «белгілер» Құранда «аят» деп аталады. Сондай-ақ Құран бойынша адамның көріп, ол туралы ойланып иман келтіруін жүзеге асыратын әлемдегі осы «аяттар» болып табылады. Адам табиғаттағы жүйелілікке қарай отырып жолын ашуға тырысуы керек. Аталған реттілікке қайшы келетін оқиғалардың Алла тарапынан көрсетілуін күтпеуі керек.
Энштейн дәл Декарт секілді әлемді түсінуімізде Алланың оның бір жүйеге түсіріп жаратқандығы үшін оған борыштар болғандығымызға сенеді. Алла ең қарапайым және ең жақсы жаңдармен әлемді басқаруда. Ғасырымыздың ең алдыңғы қатарлы теологтарының бірі Мартин Бубер сенім мен ғылымның ешқандай байланысы болмағандығын айта келе Энштейннің мына сөздерін тілге тиек етеді: «Біздің барлық істеп жатқандарымыз Алланың ертеде сызған сызықтарын Оның жолымен жүре отырып қайта сызудан тұрады»8.
Энштейннің осы ұстанымы физиктердің арасында мейлінше кең таралғандығын көруге болады. Танымал неміс физигі Макс Планк (1858-1947) кванттық теорияның позитивтік тұрғыдан қарастырылуына қарсы шығып, дәл Эйнштейн секілді ол да әлемдегі объективті заңдылықтардың бар екендігі жөніндегі идеядан діни сенімге қарай бастайтын жолды ұстанды. Негізгі идеясы мынадай еді: «құдайлық заңдар әлемде көрініс табады. Бұл заңдарды біз санамызбен ойлап таппаймыз. Шарттар оларды біздің ашуымызға мәжбүр етеді. Әлемде рационалдық реттілік бар және бұл барлық нәрсеге күші жететін Ақылдың ісі. Дін мен ғылым арасында ешқандай да қарама-қайшылық жоқ. Керісінше бірі екіншісіне әрдайым қолдау көрсетіп отырады»9.
Англияда Еддингтон мен Дж.Г.Джинс (1877-1946) физика мен астрономияға сүйенетін идеалистік метафизиканы дамытуға тырысқандығы соншалықты, мұндай метафизика құдайға иман келтіру үшін өте қолайлы құрылымға ие еді. Айрықша астрономия саласында маңызды жаңалықтар ашқан Еддингтон шындықты негізінен «саналық» сипатта көреді, релативизм мен кванттық физиканың постпозитивим мен материализмге жататын философияларды жарамсыз етіп тастайтындығына сенеді. Оның пікірінше «актор» немесе «негізгі бөлшектер» т.б. байланысты механикалық теориялар табиғат құдылыстарын түсіндіріп бере алмайтындай дәрменсіз күйде. Ғылымның күші мен шекараларына қатысты Еддингтонның «балықшының ауы» туралы мысалына жоғарыда тоқталғанбыз. Оның пікірінше ғылымның өз ауымен ұстай алмайтын ақиқаттарды жоқ деп есептеуі ең үлкен қателік болып табылады.
Энштейн, Гейзенберг, Дирак секілді қазіргі заманғы ұлы ғалымдардың көзқарастарын зерттеген Джинс «Құпия әлем» атты шығармасында құдайды «математик» ретінде көреді және әлемді «Оның көзқарастары» құрайтындығын айтады. Джинстің көзқарасы бойынша әлем қазіргі жағдайы үшін «жарату әрекетіне» қарыздар. Жарату болса тек қана ойлау мен еріктің иесі болған болмыстың туындысы болуы мүмкін10.
Ғылыми білім арқылы иманға қол жеткізу әрекеті басқа да ғылым салаларында өзінің жандылығын жоғалта қойған жоқ. Шын мәнінде Энштейн тілге тиек еткен «таза әрі көркем математикалық заңдылықтарды» био-психологиялық деңгейде сол күйінде көру оңай болмауы мүмкін. Әсіресе Дарвиннің зерттеулерінен кейін жан-жануарлар әлемінде қорқынышты бір күрестің және осыған орай шексіз қырып-жоюдың болғандығы, жай адамдардың өзіне де мәлім болды. Не деген өлім мен өмірдің арасындағы күрес, не деген мәңгілік жүйені ішінде сақтап келген жұлдызды аспан! Физика мен астрономиядан керекті қолдауды таба алмаған материализм-атеизм қосындысы әсіресе ХХ ғасырда адам өмірінің биологиялық, психологиялық, әлеуметтік және тарихи жақтарына көбірек үңілді. Қарапайым адамнан Дарвиннің «жетістіктерін» былайша бағалауы талап етілді: Адам қазіргі жағдайына үлкен эволюциялық жолды бастан өткізгеннен кейін жетті. Оның әлемде лайықты бір орны жоқ. Ешкім әлемнің барлық нәрсені білетін, барлық нәрсеге күші жететін болмыс тарапынан басқарылатындығын айта алмайды. Дарвиннің түрлердің таралуы туралы көзқарастарын дінге қарсы қолданып, Дарвиннен де асып түсіп дінге қарсы соғыс ашқан басқалар болатын. Негізінде Дарвин аталған еңбегінде дін туралы нақты бір шешім қабылдамаған. Кітабының соңғы бөлімінде ол «жаратушы тарапынан материяға берілген» табиғат заңдылықтары туралы, «тіршіліктің жаратушы тарапынан берілгендігін» айтты. Ең соңында былай дейді: «Мәселе толықтай адам баласының ойлау күшінен тыс... Барлық нәрсенің қай кезде басталғандығы бір құпия болып, біз шеше алатын мәселе емес. Жеке өзім агностик болуымен шектелуге мәжбүрмін».
Осы күмәнді сөздеріне қарамастан дарвинизм христиан дүниетанымының тоқырауға ұшырауына себеп болды. Бірақ көп уақыт өтпей-ақ кейбір түйісу нүктелері табылды. Кейбірінің пікірінше эволюциялық процесті қабылдау мен құдайдың бар екендігін жоққа шығару арасында міндетті бір байланыс жоқ. Өйткені табиғи селекция теориясының дамуында Дарвинмен бірдей үлес қосқан А.Р.Валлес (1823-1913) құбылыстардың құдай тарапынан басқарылатындығын айтады. Кейбірінің пікірінше «жарату» осы тұрғыдан түсінікті болады. Кейбірі дарвинизмнің құдай түсінігін одан да күшейтетіндігін алға тартады.
Диалектикалық философия ағымына жататын ойшылдардың эволюциялық теориядан көп пайдаланғандықтарын және осы теорияны көбінесе теизм үшін қолданғандықтарын көруге болады. Олардың пікірінше эволюциялық даму барысында дарвинизм көп қолданған механизмнен өзгеше жаңа және біз алдын ала ойластыра алмаған болмыстарды дүниеге келтіруде. Осы ағым туралы ең көп зерттеулер жасаған биолог әрі философ К.Л.Морган (1852-1936) былай дейді: «Құдай әлемнің бір нисусы ретінде, әлемді бүгінге дейін қол жеткізілмеген болмыс дәрежесін жүзеге асыру жолына итермелеуде»11.
Сондай-ақ осы кезеңде Америкада А.Н.Уайтхед, А.О.Лавжой, Англияда Асмуел Александер осыған ұқсас пікірлерді айтты. Осы ойшылдар сонымен қатар дарвинизмнің қателіктерін түзетуге тырысты. Мысалы, дарвинизмнің механикалық тұрғыдан түсіндіруге тырысқаны секілді, егер жан-жануарлар әлеміндегі өзгерістер бірте-бірте белгілі бір жолмен үнемі жүріп отыруға мәжбүр болса, онда әуел бастағы жаңа түрлердің пайда болуын қалай жүзеге асырады? Егер Дарвин жоққа шығарған «үнемі жарату» ұғымы мен әрбір «жаратудың» «жаңа» болмыс әрекеті екендігі қабылданса, онда механизмнің проблемаларын шешер едік, әрі эволюция идеясына лайықты орын берер едік.
Осы соңғы параграфта айтқан идеямыздың ислам әлеміндегі өкілі Икбал болатын. Оның «Исламда діни дүниетанымның қайта жасалынуы» атты танымал еңбегінің алғашқы бөлімдері негізінде аталған идеяның төңірегінде жазылған. Икбалдың пікірінше Құранда айтылғандай Алла «күн сайын жаңа іс басында», яғни әр сәт сайын бір жаратумен айналысуда және жарату ісі де жаңа нәрсе. Сол себепті жарату (хилқат) әрекеті тұтастай жаңа нәрсе болып табылады. Алла «жаратуда қалағанын арттырады». Ол бұрын дайындалған жоспарды орындаушы емес. Құранның әлемі Ньютонның жабық әлеміне ұқсамайды. Барлық нәрсе ішіндегі мүмкіншіліктері және қабілеттерімен келешекке ашық. Оны жан-жануарлар әлемінен көре аламыз. Бұл жерде Икбалдың назар аударарлық бір анықтамасын тілге тиек еткіміз келеді. Оның пікірінше Ислам дүниетанымы дарвинизмдегі мағынада болмауымен қатар оған «эволюция» ұғымы жат емес. Ибн Мискауаих пен Маулана секілді ойшылдар жволюция идеясын қолданып, эволюция құбылысына Дарвиннен даралана отырып жаман көзбен қарамаған12.
Жоғарыда айтылғандардан шығатын жалпы нәтиже мынадай: Алғашқы кезеңде адамдарды абыржытқан дарвинизм құдайдың бар екендігіне сенуді тоқтата алмады. Бүгін осы мәселе бойынша Батыс әлемінде шіркеудің қысымы делінетін еш нәрсе болмағандықтан «әскери дарвинизм» келмеске кетті. Дарвинизмнің анықтамалыр мақсат пен жүйе идеясына негізделген «болмыстың дәлелін» (исбат-ул ужуд) қолдауға да қолданылған. Теннант «Философиялық теология» атты еңбегінде мынадай көзқарасты дамытқан. Әлемді түсіндірген кезімізде жаратушы құдай идеясын негізге алған көзқарас басқа анықтамаларға қарағанда ақылға көбірек қонымды. Бұл тек қана сенімнің емес ғылыми нәтижелерден пайда болған, солар бекіткен пікір. Сондықтан да аталған негізгі идеяны априори ретінде емес, тәжірибелік жолмен ашып, түсіндіру қажет. Мысалы тірі организмдердің сыртқы және ішкі адаптациялары табиғи селекция арқылы әрекет ететін эволюциялық процесспен түсінікті болады. Бірақ негізгі түсіндіруді қажет ететін нәрсе толықтай процесстің өзі болып табылады. Толықтай процесстің бастапқы кезеңдері мен бағыты процеске енетін бір нәрсенің адаптациялану қуаты мен мүмкіншілігімен анықталмайды. Өмірдің пайда болуы органикалық емес дәрежедегі сансыз кезеңдерді қамтитын арнайы дайындық процесстерін қажет етеді. Қалайша материалдық дүние осы аса күрделі өмір, ақыл, сана, мақсат т.с.с. дүниеге болмыс берді? Егер миллиондаған әлем болғанда, дәл осындай жағдайдың ең болмағанда бірнешеуінде жүзеге асуын міндетті түрде қалайтын едік. Алайда бүгінгі білетіндеріміз көрсеткеніндей жағдай ондай емес. «Біреуі бір түйір лақтырды. Инстинкт осы қабаттың біле отырып, қолға ұсталына отырып берілгендігін ойлауда ешқандай да алданбайды»13, «кездейсоқтықпен» немесе «жолы болғыштықпен» еш нәрсені түсіндіру мүмкін емес.
Осыған орай бір ғалым былай дейді: қарапайым бір протеин молекуласының бар болу шансы 100-дің 160 дәрежесіне қарсы 1-еу және бұл үшін 10-ның 243 дәрежесіндегі жыл секілді ұзақ уақыт керек14. А.К.Моррисонның пікірінше дарвинизм бізге үйреткен аса маңызды шындық әлемнің осыншалықты бай тіршілік түрлеріне құшақ жая алатын құрылымға ие болуы. Әлемді қоршап тұрған атмосфера қабаты оттегі мен су, ыстық т.б. қанығып тіршілік иелерін пайда қылып, олар өмір сүре алатындай мөлшерде. Кейбір дарвиншілердің «негізінде өмір үшін табиғи орта ешқандай да қолайлы емес, бейшара тіршілік иелері адаптация үшін қиыншылық көрді» деуі дұрыс қарсылық емес. Өйткені сол бейшара тіршілік иелері де табиғаттың бір бөлшегі. Сондай-ақ табиғаттың бір бөлігін басқа бөлігімен қарсы қойып, бір-біріне жау етудің ғылыми жағы жоқ15.
Өткен ғасырда екі танымал ойшыл эволюция мәселесін қозғап аса маңызды пікірлерін ұсынған болатын. Ле Конт Ду Нуи мен Тилхард де Чардин. Биофизика саласында маңызды зерттеулер жүргізген француз ғалымы Ле Конт Ду Нуи (1883-1947) «Адам тағдыры» (Нью Йорк, 1955) атты еңбегінде эволюцияны дұрыс түсіну бізді «міндетті түрде құдайдың бар екендігі туралы теорияға» алып баратындығын, атеистік материализмнің ғылыми дүниетанымды жарамсыз етіп тастайтын идеология екендігін жан-жақты түсіндіруге және «мүмкіндік» ұғымымен әлемнің пайда болуын түсіндірудің мүмкін еместігін көрсетуге тырысты. Оның пікірінше әлемдегі тіршілік бір ғана протеин молекуласының кездейсоқ туындысы ретінде пайда болатындай ұзын емес.
Палеоантропология саласында зерттеулер жүргізген, әрі дінтанушы Пиер Тилхард де Чардин (1881-1955) «ғарыштық эволюция» доктринасын жақтады және осы көзқарастың дінге қарсы және атеистік-материалистік дүниетанымға болысу мақсатында қолданыла алмайтындығын дәлелдеуге тырысты.
Осы арада есімдері мен көзқарастарын айтуға мүмкіндік болмаған көптеген ғалымдар осыған ұқсас жолмен жүріп келеді және ғылыми жетістіктердің, тіпті кең ауқымды осы мәселеге қатысты айтылған теориялардың дінмен қақтығыспайтындығын дәлелдеуге тырысып бағуда. Әртүрлі ғылым салаларында жұмыс істейтін адамдардың арасында дінге сенетіндері де сенбейтіндері де бар. Физика, астрономия және т.б. ғылым салаларында зерттеулер жүргізіп жатқан ғалымдар арасында метафизикамен айналысуға бет бұрып жатқандарды да көптеп кездестіруге болады. Оның себептері Батыста жеткілікті деңгейде зерттелген жоқ. Сондай-ақ психолог Леубаның сөзімен айтар болсақ, бәлки бір психологтың физик секілді теориялық шешімдерге бара алмағандығы немесе Энштейннің сөзімен айтар болсақ «табиғаттың таза және көркем заңдылықтарын» өзінің ғылым саласында көре алмағандығы үшін ғылымнан сенімге қарай бет түзеу құбылысын ғалым ретінде дәл сол қалпында сезіне алмауда.
2.4. Ислам. Құран және ислам ілімі. Мұхаммед – пайғамбар. Сунниттер мен шииттер. Мұсылман салт-жоралары мен ұйғарымдары. Шариғат. Мұсылман құқығының негізгі мектептері (мазхабтар). Сопылық. Ислам, ғылым және мәдениет. Ислам өркениетінің адамзат тарихындағы орны. (4 сағат).
Ислам
Ислам дінінің ерекшеліктері:
Ислам - соңғы дін. Осы дінді насихаттаған Хазiретi Мұхаммед те (ғ.с.) соңғы пайғамбар. Ислам дінінен кейін басқа дін де, пайғамбар да келмейді.
Ислам - әлемдiк дін. Әуелгі пайғамбарлардың үгіттеген діні белгілі қауымға жіберілген болса ислам діні бүкіл адамзатқа жіберілген дін.
Ислам дінінің үкімдері бүкіл адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететіндей етіп керемет қамтылған. Ислам діні өзінен бұрынғы Аллаһ Тағала тарапынан жіберілген пайғамбарлармен құдайлық қасиетті кітаптарды растайды.
Ислам діні әуелгі пайғамбарлардың үгіттеген діндердің үкімдерін жаңалайды. Өйткені, ол үкімдер тек қана бір немесе бірнеше қауымға жіберілген еді. Алайда ислам діні бүкіл адамзатқа жіберілген дін және қиямет қайымға дейін өзінің негізін сақтайды.
Ислам діні — бейбітшілік пен татулықтың, келісім мен кешірімнің діні. Ислам дінінде дінді күштеп мойындату жоқ. Бақара сүресінде «дінде зорлық жоқ» деп, ашық айтылған. Сонымен қатар, Құран Кәрімде бір адамды өлтіргеннің бүкіл адамзатты өлтіргенмен бірдей күнә екені айтылады. Ал, ислам діні соғыс жағдайының өзінде ана мен баланың, жазықсыз жандардың жапа шегуіне рұқсат етпейді. Міне сондықтан, Құран үкіміне бас иіп, исламның әміріне мойынсұнатын мұсылманның террорист болуы мүмкін емес. Өйткені, шынайы мұсылман жазықсыз пенденің қанын мойнына арқалау былай тұрсын, тіпті, жаратылыстың әрбір мүшесіне Жаратқанның туындысы ретінде ерекше құрмет сезімімен қарап, оған қылдай қиянат жасауға рұқсат етпейді.
Бүкіл адамзатқа ортақ құндылық болғандықтан, исламда әлеуметтік әділет пен теңдік жан-жақты қарастырылған. Ол — капитализм сияқты тек кісіні, немесе, социализм сияқты тек қоғамды ғана негізге алмайды. Кісілік қалып пен оның қабілеті мен мүмкіндіктеріне толық ерік берген ислам діні кісінің бақыты мен жамағаттың жақсылығы арасында керемет үйлесім құрған. Өйткені, Аллаға иман келтірген, жамағатпен намаз оқыған, бауырларымен бірге ауыз ашқан, кедей көршісіне зекет берген немесе Қағбаны тауап етіп айналып жүрген мұсылмандардың барлығы, түр түсіне қарамастан, бір үйдің балалары сияқты, бәрі бір-бірімен бауыр болып кетеді. Бұл бауырластық дүниеқұмарлық, пайдакүнемдік немесе қандай да болмасын саяси билік үшін құралған жасанды идеология емес, жүректер үндестігінен және сенім бірлігінен туындағын рухани бірлестік еді. Үмбет болған адам бір жүрек, бір тілек болып бір адамдай, бір ұлттай қабысып, астасып кетеді. Сондықтан, басқа сенім өкілдерінде «үмбет» сөзінің баламасы жоқ. Өйткені, мұсылмандар арасындағы бұл бауырластық қасиетті кітаптан бастау алады. Құран Кәрімде: «Шын мәнінде, мұсылмандар туыс. Туыстардың арасын жарастырыңыз және Алладан қорқыңыз, сізге мейірімі түссін» деп айтылады. Сондай-ақ, Хазіреті Мұхаммет пайғамбар сғс. хадисінде: «Бір-біріңізге қастық қылмаңыз, бір-біріңізді қызғанбаңыз, көкірек керіп, мақтанбаңыз. Әй, Алланың құлдары, туыс болыңыз» деп, өсиет айтқан.
Сондықтан мұсылмандар бір-біріне кешірім, келісім және түсіністікпен қарап, туыстығын арттыра түскен. Имандағы бірлік жүректің бірлігін қалайды, жүректің бірлігі қоғамдық бірлікке ұласады. Алланың бірлігіне иман келтіріп, Қағбаға сап түзеген мұсылмандар түр-түсіне қарамастан, бір-біріне бауыр болып кетеді. Бұл бауырластық пайдакүнемдік немесе дүниеқұмарлық жолындағы жасанды бірлік емес, жүректер үндестігінен туған туыстық.