
- •«Дін» туралы түсінік, оның мазмұны мен маңызы. Діннің мақсаты мен міндеттері. Негізгі дерек көздері.
- •Ислам дінінің түркі халықтарының рухани, мәдени болмысы мен мемлекеттік жүйесіне ықпалы
- •Діни наным сенімдердің бастауы
- •6. Түркілердің ескі діні
- •Көне түркілердің діни сенімі
- •2. Конфуцианизм діні
- •3. Даосизм діні
- •4. Cинтоизм
- •1. Үнді діндері
- •2. Индуизм
- •3. Жайнизм
- •4. Сикхизм
- •5. Парсизм
- •Христиан діні
- •Христиан дінінің пайда болуы
- •Ә) Інжіл - әлемдік мәдениет ескерткіші
- •Б)Христиандықтағы басты құндылықтар
- •В) Христиан діні және ғылым
- •1. Ислам діні
- •2. Хазірет Мұхаммед (ғалайһи сәлам) пайғамбар
- •1. Өзімізге байланысты міндеттеріміз
- •2. Адамның Аллаға байланысты міндеттері
- •3. Пайғамбарымызға байланысты міндеттеріміз
- •4. Отбасыға байланысты міндеттеріміз
- •5.Адамдардың бір-біріне байланысты міндеттері
- •6. Адамдардың қоршаған ортасына байланысты міндеттері
- •7. Отанымызға байланысты міндеттеріміз
- •1. Діни үкімдер
- •Сунниттер мен шииттер
- •Шариғат
- •Исламдағы мәзхабтар
- •1. Мұсылман салт-жоралары мен сенімдік мектептері (Сенімдегі мәзхабтар)
- •2. Мұсылман құқығының негізгі мектептері (Амалдағы мәзхабтар)
- •1. Ханафи мәзхабы
- •2. Малики мәзхабы
- •3. Шафи мәзхабы
- •4. Ханбали мәзхабы
- •Қазақтар имам ағзам жолындағы мұсылмандар Сопылық (Суфизм)
- •Ислам мәдениеті
- •Ислам – адами және әлеуметтік құндылықтардың көзі
- •Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп
- •Адамды сүй, Алланың хикметін сез
- •Қазақстандағы исламның таралуы
- •Сопылықтың мәні, кезеңдері мен ағымдары
- •Йасауи мектебі
- •Қазақстандағы діни білім беру тарихы
- •Қазақ мәдениеті мен ислам құндылықтарының тұтастығы
- •Атеизм және қазақтарды шоқындыру саясаты
- •V. Бөлім. Қазақ топырағынан шыққан әйгілі дін ғұламалары (6 сағат)
- •Ахмет йүгінеки
- •Жүсіп баласағұни
- •Әбу насыр әл-фараби
- •Имам әл-бухари
- •Иасауи хикметі – дін және ұлтаралық татулықтың кені
- •Абай құнанбаев
- •Шәкәрім құдайбердіұлы
- •Хусамеддин Сығнақи
- •Vі. Бөлім. Қазақстан – дінаралық келісім орныққан ел (2 сағат)
- •Дін және ғылым
- •Тақырыптық жоспарлау үлгісі
- •34 Сағат (аптасына 1 сағат)
- •Әдебиеттер
- •Тауил және таухид
Христиан дінінің пайда болуы
Христиандық - I ғасырда пайда болған әлемдік дін, оның аты да, басталуы да Палестинаның солтүстігіндегі Галилеядағы Назарет деген шағын қаладан шықкан діни ұстаз және уағызшы Иисустың (еврейше - Иешуа, арабша - Ғайса) есімімен байланысты. Ол өзінің Христос есімін Құдайдың жер бетіне жіберген елшісі, мессия ретінде алған ("Христос" - көне еврей тіліндегі "Машиахтың" - грек тіліндегі "Мессияның" баламасы).
Иисус Христос тарихта болған адам ба, жоқ па деген мәселе төңірегінде ғалымдар арасында әлі күнге талас көп. Бұл мәселеде екі түрлі ғылыми бағыт айқындалды: бірі - Иисус шын болған адам деген тарихи, екіншісі - Иисус деген миф, мұндай адам болмаған деген мифтік бағыт.
Діншілдер де, дінді жоққа шығарушылар да Ғайсаның өмірі туралы мәліметтерді ол өлген соң ондаған жылдардан кейін жазылған Евангелиялардан алады. Бұл кітаптардың мақсаты - христиан дінінің негізін салушының өмірбаянын жазу емес, жер бетіне Құтқарушының, құдайдың сүйікті Ұлының келуін, оның қызметін, өлімі мен қайта тірілуін жария ету {"Евангелия" грек тілінде "шапағатты хабар")-
Ғайсаға пайғамбарлық отыз жасында келеді. Мұның алдында ол адамдарды күнәдан арылту үшін Иордан өзенінің суына жұртты шомылдырып, күнәдан тазартып, дін жолына бұрып жүрген иудей пайғамбары Иоанн Шоқындырушымен кездесіп, өзін де шомылдыртты. Ол судан шыға бергенде (дұға еткенде) аспан қақ айрылып, кептер бейнесіндегі Киелі Рух оның үстіне қонды да, көктен "Сен менің сүйікті Ұлымсың, мен саған ризамын (шапағат сыйладым)" деген үн шығады. Ол қайда бармасын, барлық жерде оған оның шәкірті - 12 елшісі (апостол) еріп жүреді.
Діни аңыз бойынша Ғайса адамдарға білім шырағының сәулесін түсіріп, түрлі ғажайыптар көрсетіп, Палестинаны үш жыл кезді. Бірақ оның жасаған кереметтері емес, екіжүзділікті, қарапайым адамдардың жәбірленуін әшкерелеген уағызы фарисейлерді ашуға булықтырды.
Ғайса Иерусалимге есек мініп енгенде оны халық "Құдай құрметтелсін" деген үндеумен қошеметпен қарсы алды. Мұны естіген иудейлік дін басшылары Ғайсаны тұтқындап, дінсіз, бүлікшіл ретінде дін сотына (синедрионға) табыстауға ұйғарды.
Ғайса өзіне қастандық жасалатынын және оны тұтқындауға кім жәрдемдесетінін алдын ала білді. "Сендерге өте маңызды шындықты айтайын: іштеріңдегі біреу маған опасыздық жасайды,"- деді ол.
Оның азапқа тартылуы күні бұрын шешілген іс болатын. Ол жер бетіне адамдардың кінәсі үшін азап шегіп, өлу үшін жіберілген еді. Елшілерінің ішіндегі сатқын Иуда Искариот болып шығады.
Сот болып, Ғайса өлімге кесіледі. Бірақ оны Рим прокуроры Понтий Пилаттың бекітуі керек еді. Ғайсадан жауап алған Понтий Пилат пайғамбардың тергеудегі сөздері мен қимыл-әрекеттеріне таң қалады.
Иудейлердің дәстүрі бойынша сотталған екі адамның бірін босатып жіберетін еді. Прокурор Ғайсадан еш айып көрмей, оны босатып жібермек болады. Бірақ, дін басшылары оған қарсылық жасайды. Синедрионның шешіміне және тобырдың айтқанына көніп, ол Ғайсаны екі қарақшымен қосып, Голгофа тауында айқыш ағашқа шегелеуге жарлық беруге мәжбүр болады.
Үкім орындалып, Кешірім мейрамының сенбісі болғанда Ғайсаны ағаштан түсіріп, жерлеуге рұқсат етіледі. Ғайсаның денесін тас үңгірге апарып, үңгірдің аузын таспен бекітіп, алдына күзетші қояды. Ертеңгісін шәкірт-әйелдер Ғайсаның денесін жерге беруге даярлауға келгенде табыттың бос қалғанын көреді. Бірақ, осы кезде періште пайда болып, Ғайсаның қайта тірілгенін хабарлады. Қайтадан тірілген Ғайса өз шәкірттері мен елшілеріне әлденеше рет келіп, оларға өсиеттер айтты. Осыдан соң өзінің ақырзаман болғанда ғана тірілер мен өлілердің күнәсін сараптауға жерге қайтып оралатынын айтып, көкке үшты.
Ғайсаның ғайыптан тірілуімен оның қасиеттілігін, сонымен бірге христиан дінінің қасиет жолымен келуін куәландыратын пайғамбардың жер бетіндегі кереметтері туралы оқиғалар тамамдалады. Ғайса күнә жайлаған жер бетінен көкке көтеріліп, мұнда өзінің ілімін тарату үшін шәкірттерін қалдырды, христиан діні дүниеге осылай келді, дейді "Жаңа Өсиет" кітабы.
Христиандық тақыр жерде пайда бола қалған жоқ. Алғашқы христиандар иудей орталарынан шықты. Ол аз десеңіз, олар алғашында өздерін ақиқат, ешқандай бұрмасы жоқ таза иудаизм уағызшыларымыз деп санады.
Пайғамбар патшалығының келетінін сәуегейлікпен болжаған Иоан Шоқындырушы (Креститель) осы қауымның мүшесі болған еді. Қауым біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырдан жаңа дәуірдің I ғасырының орта кезіне дейін өмір сүрді. Осыған сүйеніп, ғалымдар бұл қоғамды христиандықтың ілгерідегі нұсқасы, ал оның идеологиясын иудаизм мен көне христиандық арасындағы буын деген тұжырымға келді.
Тек II ғасырдың 30-40 жылдарында ғана римдік христиан Маркион христиандық пен иудаизмнің ара жігін ажыратты. Осы кезден бастап қана христиандар өздерін жаңа дін өкілдері ретінде сезіне бастады. "Жаңа өсиет" аталған христиан діни жазбалары осы кезден жинала бастады.
Христиан аңызы бойынша 50-ші жылдардың бас кезінде тұңғыш апостол соборы (ең жоғары дәрежелі жиын) болып, осында христиандар мен иудейлердің ара жігі біржола ажыратылды.
Бірақ, ІҮ ғасырға дейін христиандық қудаланып келді. Тек 324-ші жылы император Константиннің тұсында христиандық мемлекеттік дінге айналды.
325-ші жылы император Константиннің төрағалық етуімен Никейде Бірінші әлемдік собор шақырылды. Онда дін Рәмізінің - діни ілімнің негізін құрайтын басты догматтардың (грек тілінен "талассыз мойындалатын қағидалар") қысқаша тізімінің бірінші үлгісі қабылданды. Бірақ, дін рәмізі түзетулер енгізіліп, 381-ші жылы Константинопольде өткен екінші соборда бекітілді.
Бекітілген догматтар мынадай: 1. Құдайдың бірлігі (монотеизм). 2. Құдайды дүниені жаратушы деп тану (бұл ілім "креационизм" деп аталады, латын тілінде "жарату" деген мағынаны білдіреді). З. Ғайсаның елшілігін яғни дінге шақыруын мойындау, оның тұтастығын, яғни Құдай-Әкемен толық теңдігін және жаратылмағандығын, яғни мәңгілігін мойындау. 4. Құдай Ұлының дүниені жаратуға қатысуын мойындау. 5. Ғайсаның адам бейнесінде болуы, оның Қасиетті Рухтан жаралып, күнәсіз-пәк Мариамнан тууы. 6. Ғайсаның құтқару үшін келгендігі, атап айтқанда оның адамдарды құтқару үшін азап тартып, өлуі. 7. Ғайсаның азап тартуы мен өлуінің шындығы. 8.Ғайсаның жер үстіндегі ғұмырын нақты тарихи дәуірмен байланыстыру ("Понти Пилат кезінде"). 9. Ғайсаның тіріліп, көкке шығуы. 10. Ғайсаның екінші рет оралуы, оның тірілер мен өлілерді таразылауы, мәңгілік патшалықты құруы. 11. Қасиетті Рухтың Құдайдан екендігі, оның Әкеден таралуы (католиктерде — сонымен бірге Ұлдың өзінен де). 12. Інжіл пайғамбарларының Қасиетті Рухпен шабыттануы. 13. Шіркеудің тұтастығы, қасиеттілігі, даралығы және елшілерден (апостол) басталуы. 14. Тазарудың (шоқынудың) қажеттілігі. 15. Өлгендердің тірілуі және мәңгілік жасау. Осымен бірге Бірінші соборда дін уағызшысы Арийдің Ғайса өзінің құдіреттілігі тұрғысынан Әке-Құдайдан кейін тұр деген ілімі ересь (грек тілінде — жалпышіркеулік көзқарасқа жат діни ілім) деп жарияланды. Бірегей христиан діни ілімінің жүйесін жасауға кедергі ересьтер одан кейінгі соборларда да әшкереленді.
Рим империясының екіге бөлінуі шіркеудің ыдырауына апарып соқты. Оған Батыста латын, Шығыста грек тілдерінің үстемдік етуі, мәдени дәстүрлердің өзгешелігі бір жағынан себепші болса, екінші жағынан әлеуметтік-экономикалық және саяси мүдделер, ықпал үшін күрес, діни таным мәселесіндегі келіспеушіліктер қосылды. Әсіресе Рим христиан қауымы мен Константинополь қауымы басшылары арасындағы қақтығыс өткір сипат алды. 867-ші жылы Рим папасы Николай I мен Константинополь патриархы Фотий бір-бірінен біржола қол үзді. Осыдан христиандық тарихында әрқайсысының өз жолы бар екі бағыт пайда болды. Батыс шіркеу рим-католик шіркеуі ("католик" - латын тілінде "жалпыға бірдей, әлемдік") немесе католик шіркеуі деп, ал шығыс — грек-православие (гректің "жалпыға ортақ, әлемдік" деген сөзінен шыққан) шіркеуі деп аталды.
Православие діні II ғасырдан бастап Шығыс Рим империясындағы (Византияда) басым дінге айналды. Константинополь патриархы ресми түрде шіркеу басшысы деп жарияланғанымен, ол абсолютті билікке ешқашан ие болған емес.
Өз билігі өзінде болған мұндай шіркеулер саны үнемі өзгеріп отырды. Қазір осындай өз билігі өз қолында болған он бес шіркеу бар. Олар - Константинополь (Түркия), Александрия (Египет), Антиох (Сирия, Ливан), Иерусалим, Орыс, Грузин, Серб, Румын, Болгар, Кипр, Эллада, Албан, Поляк, Словакия және Америка шіркеулері. Соңғысы Орыс шіркеуінен 1970 жылы бөлініп шықты. Бес православие шіркеуінің автономиялық мәртебесі бар. Олар - Синай, Финн, Жапон, Украина және Белорусь шіркеулері. Олар автокефальді (тәусілдік) шіркеулерден елеулі мөлшерде ғана тәуелді.
Православиелік ілімнің негізі - Қасиетті Жазба (Інжіл) және Қасиетті Өсиет. Соңғысына алғашқы жеті әлемдік собордың үкімдері мен негізінен ІІІ-ІХ ғасырлар аралығында өмір сүріп, христиан догматтарын жасаған, "шіркеу әкелері" деп аталған ірі діни ғұламалар мен шіркеу қайраткерлерінің еңбектері жатады.
Православие діни ілімінің негізгі қағидалары жоғарыдағы дін рәміздерінде айтылды. Осымен қатар православиеде культ үлкен рөл атқарады. Оның басты міндеті -сенушілердің діни сезімдерін ояту, дінді көпшілікке тарату. Культтің басты элементтері - құпиялар. Шіркеу ілімі бойынша олардың мәні адамдарға көзге көрінетін нәрселер арқылы Құдайдың көзге көрінбейтін жақсылықтарын жеткізу, бұл құпияларды құдайдың өзі белгілеген. Құпиялар жетеу: шоқындыру — белгілі дұғаларды айта отырып, үш қайтара суға түсіріп, христиандыққа қабылдау. Негізінде бұл жас нәрестелерге қатысты жасалынады, кейбір ерекше жағдайларда ғана үлкен адамдарға жасалынады; мир жағу- шоқынушы адамның әр мүшесіне "мир" деп аталатын хош иісті затты жағу арқылы оны Қасиетті Рухтың шапағатына бөлеу; күнәні мойындап, одан арылу -дін қызметшісіне өзінің жасаған күнәларын тізіп айтып, сол арқылы Құдайдан кешірім сұрау; евхаристия немесе ортақтасу- символдық тұрғыдан Ғайсаның тәні мен қаны деп қабылданатын квас наны мен жүзім шарабын тату; неке -құдай алдында антпен некелесу; қасиетті мәртебе беру шіркеу дьяконы, қасиетті уағызшы немесе епископ мәртебелерін беру; елеймен дәріптеу немесе соборлау - науқас адамды бірнеше дін қызметшісінің (собор) қатысуымен қасиетті деп саналатын маймен сылау. Аталған құпиялардың тарихы тереңде жатыр. Атап айтқанда магияға дейін созылып жатыр.
Православияға тән нәрсе - Құдай Ұлын (Ғайсаны) ғана емес, оның жер бетіндегі анасы бейкүнә Мариамды қоса және қатар дәріптеу. Православияда тірі кезінде құдайға жаққан, сөйтіп өлген соң артта қалғандар үшін құдай алдында тілек тілеу құқына ие болған қасиетті адамдарға тағзым ету үлкен орын алады. Сол сияқты қасиетті адамдардың бұзылмайды және кереметтер жасайды деп саналатын мүрделері де ерекше құрметтеледі.
Православия діншілдерінің культ орталықтары шығыстан батысқа қаратылып тұрғызылады. Храмның шығыс жақ бөлігіне биіктеу сөре-алтарь орнатылады, ол храмның орталық бөлігінен иконостаспен бөлінеді, иконостасқа икондар (құдайдың, қасиетті адамдардың бейнелері) ілінеді. Алтарь дін қызметшілеріне арналған, оған санаулы адамдар ғана көтеріледі, әйелдердің көтерілуіне мүлдем тыйым салынады.
Храмда православиялық дін қызметі - литургия немесе обедня атқарылады. Ол күн көтерілгеннен басталып, түс болмай аяқталады. Онда Көне және Жаңа өсиеттерден үзінділер оқылады, дұға айтылады, т.б. рәсімдер жасалады.
Құлшылықтың ұзын бойында хор немесе жиналғандар құлшылық ән орындайды. Ортақ болу (причащение) рәсімі осы литургия үстінде ғана жасалады, дәм мен шарапты ашқарынға қабылдау керек. Храм қызметін иереилер атқарады. Оларға диакондар көмектеседі. Дін сатысында бұлардан архиерей жоғары тұрады (одан кейін епископ, архиепископ, митрополит және патриарх). Дін қызметшілері ақ және қара болып екіге бөлінеді. Алғашқылары үйленген (және міндетті түрде бір рет қана) қызметшілер де, екіншілері үйленбеуге ант берген монахтар. Архиереи болып тек қара діни қызметшілер өкілдерінен ғана сайланады. Діни басшы қызметіне әйелдер тағайындалмайды. Діни құлшылықтың неғұрлым белсендірек жүргізілетін ортасы — монастырлар.
Христиандар айқыш (крест) белгісіне ерекше құрметпен қарайды. Ол храмдар мен часовнялардың (алтарьсыз храм) төбесіне орнатылады, діншілдер кеуделеріне тағады. Дін уағыздаушылары тағатын крест "иерей кресті" деп аталады. Діншілдер кресті Ғайсаны жазалау құралы деп қана қарамайды, сонымен бірге оны Ғайсаға ұқсау арқылы кінәлардан арылудың белгісі деп те санайды. Православияда икондарға үлкен мән беріледі.
Православия шіркеуінің ең үлкен мейрамы -иудейлерден алған, бірақ мәнін өзгерткен Пасха мейрамы. Ол Ғайсаның тірілу мейрамы ретінде жыл сайын ай календарымен, 4 сәуір мен 8 май аралығында өткізіледі. Осыдан кейінгІ үлкен сегіз мейрам Құдайға және 4 мейрам Құдай-анаға арналады. Олар - Рождество, Крещение, Сретение, Преображение (Спас), Воздвижение, Құдайдың Иерусалимге енуі, Ғайсаның көкке көтерілуі және Троица (пятидесятница), Қасиетті құдай-ананың туған күні, оның храмға енуі күні, Благовещение және Успение. Осыдан соң екі сатылы орта және екі сатылы шағын мейрамдар келеді. Православияда тағамға шектеу белгілі дәрежеде ғана қойылады: бір күндік (сәрсенбі, жұма күндері) және Пасха, Рождество, Успение және Петр мен Павел күндері карсаңында ұзақ мерзімді оразалар тұтылады. Оларда кейбір тағамдарды қабылдауға қатаң тыйым салынады.
Орыс православие шіркеуі. Орыс православие шіркеуі ресми түрде 988 жылы құрылған болып есептеледі. Осы жылы князь Владимир Святославович Русьті шоқындырды. Бірақ, орыс православие шіркеуі Константинополь патриархиясынан 1448 жылы ғана бөліне алды. Бірақ, бұл толық бөліну емес еді,- толық бөліну Борис Годунов патшаның кезінде ғана жүзеге асты. Мәскеу және бүкіл Ресейдің бірінші патриархы 1589 жылы ғана сайланды. Содан кейінгі кезде бұл дәстүр біржола орнықты: бүгінде орыс православие шіркеуі автокефальді шіркеулер реестрінде құрметті бесінші орында.
XVII ғасырда патриарх Никон православиенің ел ішіндегі позициясын нығайтып, халықаралық беделін көтеруге бағытталған шіркеу реформасын жүргізді. Ол діни рәсімдерге бірқатар өзгертулер енгізді. Атап айтқанда, шіркеу қызметінің уақыты қысқартылды, жерге бас ұру салтына тыйым салынды, сегіз қырлы ғана емес, алты және төрт бұрышты крестерге де сиынуға рұқсат етілді, екі саусақ орнына үш саусақпен шоқыну ұсынылды. Басқа да өзгертулер енгізілді.
Осының бәрі шіркеудің екіге бөлінуіне әкеліп соқтырды. Реформаларға разы болмағандар "старообрядчество" қауымын құрды. Ресми шіркеу бұларға лағнет айтып (анафема), қудалауға салды. Шіркеу лағнеті тек 1971 жылы ғана алынды.
Орыс православие шіркеуінің тұрмысындағы тағы бір маңызды оқиға Петр Біріншінің есімімен байланысты. Шіркеу Петр патшаның реформаларын қолдаған жоқ. Осыдан Петр I патриарх Андриан өліп, патриархтың орнын сақтаушы басқарып отырғанын пайдаланып, 1721 жылы мемлекеттік орган - қасиетті мемлекеттік синод құрып, шіркеу істерін басқаруды обер-прокурорға тапсырды.
Бұл жағдай Николай II тақтан бас тартқанға дейін сақталып келді. Орыс православие шіркеуі 1917 жылы наурызда православие дін ведомствосына айналды. Сол жылдың тамыз айында I Петр заманынан бері шақырылмаған собор жинауға рұқсат алынды. Москва мен бүкіл Ресейдің патриархы болып Тихон сайланды. Жаңа патриарх өзінің алғашқы жолдауының өзінде Кеңестер үкіметі басшыларына лағнет (анафема) айтты.
Орыс православие шіркеуінің осыдан кейінгі 70 жылдық тарихы қайғылы оқиғаларға толы болды. Жаңа үкімет шіркеуге қатысты Лениннің "Біз дінмен күресуге тиістіміз, бұл марксизмнің әліппесі" деген сөзін басшылыққа алды. 1923 жылы 30 қаңтарда наркомдар Троцкий мен Луначарскийдің қатысуымен саяси трибуналдың мәжілісі болып, онда Құдайға үкім шығарылды. Бұл жұртты масайрату үшін жасалған нәрсе емес, нақты іс-әрекетке көшудің бағдарламасы болатын. Лениннің Саяси Бюроға құпия хатында шіркеу мұраларын экспроприациялауға қарсылық білдірген дін басыларын мейлінше қатал жазалауға, бұл жолда неге болсын баруға нұсқау берілді.