
- •«Дін» туралы түсінік, оның мазмұны мен маңызы. Діннің мақсаты мен міндеттері. Негізгі дерек көздері.
- •Ислам дінінің түркі халықтарының рухани, мәдени болмысы мен мемлекеттік жүйесіне ықпалы
- •Діни наным сенімдердің бастауы
- •6. Түркілердің ескі діні
- •Көне түркілердің діни сенімі
- •2. Конфуцианизм діні
- •3. Даосизм діні
- •4. Cинтоизм
- •1. Үнді діндері
- •2. Индуизм
- •3. Жайнизм
- •4. Сикхизм
- •5. Парсизм
- •Христиан діні
- •Христиан дінінің пайда болуы
- •Ә) Інжіл - әлемдік мәдениет ескерткіші
- •Б)Христиандықтағы басты құндылықтар
- •В) Христиан діні және ғылым
- •1. Ислам діні
- •2. Хазірет Мұхаммед (ғалайһи сәлам) пайғамбар
- •1. Өзімізге байланысты міндеттеріміз
- •2. Адамның Аллаға байланысты міндеттері
- •3. Пайғамбарымызға байланысты міндеттеріміз
- •4. Отбасыға байланысты міндеттеріміз
- •5.Адамдардың бір-біріне байланысты міндеттері
- •6. Адамдардың қоршаған ортасына байланысты міндеттері
- •7. Отанымызға байланысты міндеттеріміз
- •1. Діни үкімдер
- •Сунниттер мен шииттер
- •Шариғат
- •Исламдағы мәзхабтар
- •1. Мұсылман салт-жоралары мен сенімдік мектептері (Сенімдегі мәзхабтар)
- •2. Мұсылман құқығының негізгі мектептері (Амалдағы мәзхабтар)
- •1. Ханафи мәзхабы
- •2. Малики мәзхабы
- •3. Шафи мәзхабы
- •4. Ханбали мәзхабы
- •Қазақтар имам ағзам жолындағы мұсылмандар Сопылық (Суфизм)
- •Ислам мәдениеті
- •Ислам – адами және әлеуметтік құндылықтардың көзі
- •Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп
- •Адамды сүй, Алланың хикметін сез
- •Қазақстандағы исламның таралуы
- •Сопылықтың мәні, кезеңдері мен ағымдары
- •Йасауи мектебі
- •Қазақстандағы діни білім беру тарихы
- •Қазақ мәдениеті мен ислам құндылықтарының тұтастығы
- •Атеизм және қазақтарды шоқындыру саясаты
- •V. Бөлім. Қазақ топырағынан шыққан әйгілі дін ғұламалары (6 сағат)
- •Ахмет йүгінеки
- •Жүсіп баласағұни
- •Әбу насыр әл-фараби
- •Имам әл-бухари
- •Иасауи хикметі – дін және ұлтаралық татулықтың кені
- •Абай құнанбаев
- •Шәкәрім құдайбердіұлы
- •Хусамеддин Сығнақи
- •Vі. Бөлім. Қазақстан – дінаралық келісім орныққан ел (2 сағат)
- •Дін және ғылым
- •Тақырыптық жоспарлау үлгісі
- •34 Сағат (аптасына 1 сағат)
- •Әдебиеттер
- •Тауил және таухид
Дін тану. Жалпы білім беретін орта мектептің 9-сыныбына арналған оқулық // Д. Кенжетаев, Н. Асқаров, Ә. Сайлыбаев, Ө. Тұяқбаев – Астана: «Оқулық» РҒПО, 2010. – 16 б.
Ұсынылып отырған оқулықта діннің мәні, оның адамның рухани болмысы мен қоғам өмірінде алатын орны, діндердің түрлі халықтар арасына енуі мен таралу ерекшеліктері, салт-жоралары мен мейрамдары, Қазақстан Республикасының дінге қатысты ұстанған саясатының мәні мен мақсаты, еліміздегі діни бірлестіктер туралы тақырыптар қамтылған.
Оқулық Қазақстанның жас азаматының көпконфессиялық қоғам жағдайында адамгершілік қасиеттер мен ізгілікті дүниетанымға ие толерантты тұлғасының қалыптасуына жағдай жасауды көздейді.
©
Кіріспе
«Дін» туралы түсінік, оның мазмұны мен маңызы. Діннің мақсаты мен міндеттері. Негізгі дерек көздері.
Кіріспе
Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси - әлеуметтік,дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол ықылым замандардан бері адамзатпен бірге келе жатыр. Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы,адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау жане соған илану деп анықтауға болады.
Адам өмірге келгенде оны әке-шешесі, жақындары немесе өмір сүрген ортасы міндетті түрде бір сенім бойынша тәрбиелейді, өcіреді. Ол да өзінен кейінгі ұрпақтарын сол сенім бойынша тәрбиелеп, осылай дін ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады. Тарих бойында дін ауыстыратын қоғамдар да, адамдар да кездеседі, бірақ адам баласы діннен мүлдем қол үзіп кетпейді.
Адамзаттың өткен тарихына көз жіберсек, дінсіз, ғибадатханасыз не халық, не қауым, тіпті қоғам болмаған. Сондықтан ежелгі адамдардың дінсіз өмір сүрмегенін, өмірлерін бір сенім бойынша жалғастырғанын білеміз.
Қазіргі кездегі әлем халықтары түрлі діндерді тұтынуда және діндерінің сенімдері, алға қойған мақсаттары әртүрлі. Осыған орай әлем діндерінде бір жүйелі сенім болмағандықтан дінге "адамның бір нәрсені қасиетті күш деп сенуі" деп анықтама беруге болады. Демек дін дегеніміз - сенім. Себебі діндердегі ғұрыптар, рәсімдер, бұйрықтар мен тыйымдар осы сенімге бейімделеді. Сондықтан діндердің артықшылығы - нанымы мен сенімдеріне байланысты.
Дін мәдениет, философия, психология, социология т.б. ғылымдармен тығыз байланысты. Тіпті ғылымдардың барлығы діннен шыққан десек те болады. өйткені ежелгі дәуірлерде ғылым салалары адамзатқа беймәлім болғанда адамдар бір наныммен өмір сүретін. Ал бұл дін болып табылады.
Қазіргі адамзат баласы дінге анықтама беруде бір тоқтамға келмеген. өйткені жер бетіндегі түрлі сенімдегі дін иелерінің өз дініндегі сеніміне байланысты немесе діннің түрлі ғылымдармен тығыз байланысты болғандығынан, түрлі ғылым иелері түрліше анықтама беріп келеді және дін жайлы анықтамалардың саны да өте көп.
Негізінде түрлі сенімдегі жер бетіндегі діндерге ортақ анықтама жасау үшін, діннің қарастыратын аумағын анықтап алу керек. Оған тарих, философия, діндер тарихы сияқты ғылым салаларының тигізер пайдасы орасан зор. Сонымен қатар діни өмірдің күнделікті тұрмыстағы рөлі де дінге нақты анықтама жасауға көмектеседі. Діни өмірдің негізі адам түсінігінде түрлі сипатта кездесетін құдай сеніміне сүйенеді. Яғни адамның бір дін бойынша өмір сүруі, оның қорқынышы мен дәрменсіздігінен немесе сенім арту мен сүйіспеншілігінен табиғат заңдылығынан тыс, шексіз құдірет иесі болған яғни құдайға байлануынан туындайды. Ал құдайға байлануы - адамның рухани дүниесі мен жаратушысына бет бұруы, жаратушысына шексіз мойын ұсынуы және оған мән беруіне байланысты.
Бүгінгі заманымыздағы батыстық дін зерттеушілерінің көпшілігі жеке адамды, оның ойын, сезімін, адамның құлшылық жасауын немесе қоғамдағы діннің рөлін негізге ала отырып, діндерге былай анықтамалар берген:
Дін - қасиеттінің тәжірибесі (Рудольф Отто).
Діннің
негізі шексіз сенім арту сезімінен
тұрад. (Шлейермахер).сіз
сенім арту сезімінен т±радыңізін қалаушы
Ясауи бабамыздың да
егізделеді.
Ал мұсылман оқымыстылары дінге Құран Кәрім мен ислам сенім негіздеріне сүйене отырып көптеген анықтамалар берген. Солардан мысал ретінде Саид Шәриф Жүржанидің: "Дін ақыл иелерінің пайғамбарлардың баяндаған ақиқаттарын қабылдауға шақыратын құдайлық заң", - деген анықтамасы мен Имам Ғазалидің: "Дін - Алла мен адам арасындағы байланыс" - деген танымын айтуға болады.
Бүкіл діндерде бар ортақ элементтер: Табиғат заңдылығынан тыс, адам құдіреті жетпейтін бір күшке сену (құдай, періште, жын, т.б.), қасиетті мен қасиеті жоқты ажырата білу (ғибадат, рәсім-ырымдар), қағазға түсірілген немесе ауызша тараған мәтіндер (қасиетті кітаптар, ахлақи қағидалар), сезімдер (қорқу, сенім арту, т.б.), адамзаттан тыс дүниемен байланыс жасау (аян, пайғамбар, дұға, құлшылық, т.б.) өмір мен о дүние сенімі, ұйым құру (бауырластық, тариқат, т.б.).
Дін – адам жанының азығы. Сондықтан бір адамның толық бір бүтін адам болуы үшін дін керек. Егер адам діннің азамзатқа қажеті жоқ деп түсінсе, өзі де ешбір дінді ұстанбаса, ол жарым жан адам іспетті, рухани дүниесі кедей, азғындаған адам болып табылады және ол адамнан түрлі қылмыстар мен күнәлі істер күтуге болады. Ал дін болса, адамның кез келген қылмысқа баруына тосқауыл болады, рухына моральдық азық болады.
Дін дегеніміз - сенім. Осы сенім бойынша өмір сүретін адам ауыр қылмыстар мен күнәлі істерге бармайды. өйткені дүние жүзіндегі діндердің қайсы бірін алып қарасақ, оның ешбірі жеке адамға, қоғамға зиян беретін жолдарға баруға тыйым салады. Тіпті дін адамның көңіліндегі, жүрегіндегі жаман әрекеттерді тазалаудың негізгі құралы болып табылады.
Дін адам психологиясындағы үрей, қорқыныш, қайғы, үмітсіздік сияқты кейде адамның басына келетін қиыншылық жағдайда көмек береді. Яғни адам осындай қиын жағдайларда өз сеніміндегі құдіретті құбылысқа жалбарынып, көңілін орнына түсіреді, руханият дүниесі тыныштық табады.
Сонымен бірге дін қоғамның тәртіпті, бақытты болуын қамтамасыз етеді. өйткені дінге шын сенген адам жаманшылыққа бармайтыны сияқты, дін мықты қалыптасқан қоғамда да қылмыстар мен күнәлі істер кездесе бермейді және ол қоғамның болашағынан үлкен үміт күтуге болады. Ал дін мен рухани байлығы әлсіреген қоғамдардың ұзақ өмір сүруі өте сирек. өйткені ол қоғамда діннің әлсіреуі, адамдардың азғындауына, бір-біріне деген мейірімділігінің азаюына, олардың түрлі қылмыстар мен күнәлі істерге баруына жол ашады және қоғамды дінсіз, қоғамдық тәртіп құралдарымен жөнге келтіру өте қиын. Ал дін адамның жүрегінде орын тепкендіктен, дін арқылы қоғамдағы адамдарды тәртіпке келтіру соншалықты қиыншылық туғызбайды және жоғарыда баяндағанымыздай, дүниедегі діндердің ешбірі адамдардың жаман жолдарға баруына жол бермейді. өйткені қоғамдық тәртіп құралдары адамның сыртқы көрінісіне назар аударса, дін адамның сыртқы көрінісіне, әрі ішкі дүниесіне де көңіл бөледі.
Батыстық дін зерттеушілері ХVІ ғасырдан бастап алғашқы қауымдық құрылыстың өмірі мен діндеріне назар аудара бастады. Ал ХVІІІ ғасырдан бастап діннің пайда болуы турасында қасиетті кітаптардағы мәліметтерден тыс, археологиялық, антропологиялық және палеонтологиялық зерттеулерде қол жеткізген мәліметтердің нәтижесінде біршама теориялар пайда болған. ХІХ ғасырдың орталарында О. Конт пен Л. Бачнер негізін қалаған позитивистік-материалистік тұжырыммен қатар, Ч.Дарвиннің 1859 жылы жарыққа шыққан «табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің пайда болуы» атты еңбегіндегі «адамның тегі маймыл тектес» деген көзқарасы, діннің пайда болуы жайындағы қасиетті кітаптардағы адамды құдай жаратты деген пікірге қарсы жаңа ой туғызды.
Э.Б.Тэйлор 1861 жылы «алғашқы мәдениет» атты еңбегінде дін анимизмнен шыққан деген пікірді жақтады. Оған қарағанда алғашқы адамдар әрбір дененің рухы болғанына сенген. Алғашқы қауымдағы адамдар арасында өлген адамның рухы – түс, елес сияқты жағдайларда адамның көзіне көрініп, адамның жаны өлгеннен кейін де араларында жүре береді деген сенімді туғызған. Осының нәтижесінде рухтар тірі адамды қорғап-қолдайды деген сенім қалыптасып, ата-баба рухына табыну культіне, яғни анимизм сенімінің тууына жол ашқан. Кейінгі замандарда осы рухтар адам түсінігінде жаңбыр, от, бұлақ жел т.б. табиғат күштерін басқаратын құдайларға айналып, политеистік (көп құдайшылдық) сенім пайда болған. Бұл да қоғамдағы адам сенімі дамуының нәтижесінде бір құдай сенімінің (монотеистік) тууына жол ашқан дейді.
Х. Спенсер де алғашқы адамдар ата рухтарына табынды деген көзқарасты қолдаса, Ж.Фрэзер дінді сиқырдан шыққан деген пікірді ортаға тастады. Фрэзердің пікірі бойынша алғашқы адамдар сиқыр арқылы басқа нәрселерді өз пайдасына асыруға тырысып, осының нәтижесінде дін пайда болған.
Тотемшілдік теорияның белсенді қорғаушысы В.Р.Смиттің көзқарасы бойынша алғашқы қауымдағы тайпалар, өздерін белгілі бір жануар не өсімдікпен туыс санаған (тотем) және тотемдеріне құрмет ретінде табыну немесе құрбан шалу сияқты діни рәсімдер осы түсініктен пайда болған.
Діннің пайда болуын тотемизмге негіздеушілердің көрнекті өкілдерінің бірі З.Фрейдтің «Тотем және табу» атты кітабында дінге тотемизм тұрғысынан психоаналитикалық түсінік беруге тырысты.
Социолог Э. Дюргкеймнің «Діни өмірдің қарапайым формалары (1912ж.)» атты кітабындағы діннің пайда болуы жайлы көзқарасына қарағанда діннің негізі бір нәрсені қасиетті санау, бұл да қоғамдық ортаға байланысты. Қасиеттілік – қоғамдағы адамдардың қасиетті санағанында жатыр. Бұл пікір қазіргі кездегі қоғамдағы діни өмірдің рөліне байланысты дін социологтарының көпшілігі қолдайтын көзқарас болып табылады.
М.Мюллердің пікірі бойынша адамның табиғат құбылыстарынан қорқуынан шыққан. Бұл көзқарас «натуризм» деп аталады. Натуризм адамның қоршаған ортаға табынуы немесе табиғат құбылыстарын құдай ретінде санауы деген сөз. Осы көзқарасты қолдаған М.Мюллер индуизмнің қасиетті кітаптары Ведаларды дәлел ретінде келтіреді. Ведалардағы құдай есімдері «агни» - от, «диаус» - аспан сияқты табиғат құбылыстарының аттарына ұқсас келеді. Демек, М.Мюллердің пікірі бойынша алғашқы қауымдық құрылыста адамдар табиғат құбылыстарынан қорққан, сосын оған табына бастаған.
Діннің пайда болуы жайында жоғарыда баяндалған көзқарастарға қарсы, алғашқы қауымдық монотеизм теориясы да бар. Бұл теорияға қарағанда адамзаттың ең ескі діні тек тәңірлік сенімі бар дін.
Тэйлордың анимизм теориясына алғаш қарсы шыққан шәкірті А.Ланг оңтүстік-шығыс Австралия алғашқы қауымдары діндері жайындағы соңғы мәліметтерге сүйеніп, оларда ешқандай анимизм сенімі кездеспейтіндігін, керісінше бір құдай сенімі болғандығын дәлел ретінде келтіреді.
Қазіргі кездегі ғылымдар өздерінің зерттеу объектісіне байланысты бөлінеді. Дінтану ғылымы да діндер дарихы, дін феноменологиясы, дін социологиясы, дін психологиясы сияқты ғылым салаларын қамти, жеке бір ғылым саласы ретінде қалыптасқан. Кейбір ғылым иелері бұған дін философиясын да қосады, тіпті дін этнологиясын да дінтану ғылымының бір саласы ретінде қарастырады.
Дінтану ғылымы ХVІІ ғасырдан бастап Англия, Франция және Германияда діндерді ғылыми тұрғыдан зерттеудің нәтижесінде жеке бір ғылым ретінде қалыптасты. Әсіресе, ХІХ ғасырда діннің мәнін рационалды түрде түсіндірудің нәтижесінде дінтану ғылымы ерекше даму жолына түсті.
Діндердің принциптерін, олардың пайда болуы мен дамуын, дұға, құрбан, құдай түсінігі, ғибадат, діни рәсімдер сияқты діннің құрылысын, діннің қоғамдағы рөлі, маңызы, жеке адамның психологиясына әсерін, діннің дәстүрмен, мәдениетпен байланысын т.б. зерттеу дінтану ғылымының үлесінде.
Дінтану ғылымы жоғарыдағы мәліметтерді зерттеуде психология, социология, мифология, этнология немесе этнография, археология, өнер тарихы, фольклор, философия, мәдениеттану, филология, лингвистика ғылымдарымен тығыз байланысты.
Дін жеке адамның әрекетімен, қоғаммен, мәдениетпен т.б. байланысты ауқымды бір құбылыс. Сондықтан оны ғылыми тұрғыдан зерттейтін дінтану ғылымы өз ішінен бірнеше ғылым салаларына бөлінеді.
Діндер тарихы. Тарих және филология ғылымдарының зерттеу әдісі арқылы діндердің пайда болуы мен дамуындағы сенім, ғибадат, мінез-құлық т.б. негіздерін қамти тарихи тұрғыдан зерттейтін дінтану ғылымының бір саласы – діндер тарихы. Сондай-ақ діндер тарихы діндер арасындағы байланыстарды, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра отырып зерттейді.
өлі немесе күнімізде өмір сүріп жатқан діндердің тарихи дамуын, атақты тұлғаларын, принциптерін ғибадат, ахлақ және рәсімдерін, ағымдарын діни топтарын зерттеу – діндер тарихының негізгі тақырыбы болып табылады. Ал мақсаты - діннің пайда болу себептерін, тарихтағы немесе қоғамдағы орны мен пішімін объективті түрде түсіндіру. Бұл ғылым саласы дін социологиясы, дін психологиясы, дін феноменологиясы сияқты ғылым салаларымен тығыз байланысты.
Дін психологиясы. Дін психологиясы психология және дінтану ғылымдарына қатысты болғанымен, өзіне қатысты зерттеу алаңы, тақырыптары, мақсаты бар жеке ғылым саласы.
Дін психологиясының қарастыратын мәселесі, адам рухындағы түрлі себептермен пайда болған діни тіршілік мен діни әрекеттер болғандықтан, діни сенімдер, діннің адам әрекеттеріне әсері, күдік дін психологиясының зерттеу алаңына кіреді.
Дін философиясы. Дін философиясы дінді философиялық тұрғыдан қарастырады. Зірттеуде ешбір діни сенім мен идеяға сүйенбей, бәрінен ақылды жоғары қояды. Бұл салада құдай сеніміне ақыл арқылы тұжырым жасап, құдайдың барлығына байланысты дәлелдерді сынайды немесе қабылдайды. Оларға ақыл арқылы анықтама береді.
Дін социологиясы. Дін социологиясы дін мен қоғам қатынастарын, діни топтарды, қоғамдағы діннің рөлін зерттейді. Бұл ғылым саласы діннің мемлекет, ұлт, жанұяға байланысты жақтарын, діни тақырыпта ортаға шыққан әлеуметтік мәселелерді қарастырады.
Дін феноменологиясы. Дін феноменологиясы өзіне керекті мәселелерді діндер тарихынан алады. Бірақ бұл ғылым саласы дінді тарихи тұрғыдан емес, жүйелі қарастырады. Діндегі дұға, құрбан, құдай түсінігі, діндердің дүниетанымы, о дүние, құлшылық қағидалары, діни символдар сияқты діннің негізгі көрінісін дін феноменологиясы зерттейді.
Дін этнологиясы. Дін этнологиясы діни культ, әдет-ғұрып және салт-дәстүрлерді, қоғамның діни, мәдени элементтерін зерттейтін сала.
2. Діндердің классификациялануы
Қазіргі кездегі дін зерттеушілері этнолог-теологтар, социолог және дін тарихшылары әлемдегі діндерді географиялық аймақты, діндердің халықтар арасына таралу барысын және діндердің сенімі мен құрылысын негізге ала отырып көптеген сыныптарға бөлген. Мәселен, дін социологы Ж. Ваш діндерді құрушысы бар (буддизм, жайнизм, конфуцианизм т.б.) және дәстүрге негізделген (индуизм, синтоизм, түркі діні) діндер деп бөлсе, А.Шиммел алғашқы қауымдық (тайпалық) діндер (га, маоли, аину, инка), ұлттық діндер (яһудилік, индуизм, жайнизм, конфуцианизм т.б.) және әлемдік діндер (буддизм, христиан және ислам) деп бөледі. Сонымен қатар діндерді сеніміне байланысты политеистік (көп тәңіршілдік: синтоизм, ежелгі грек, ежелгі рим діндері), монотеистік (бір тәңіршілдік: ислам, яһудилік) деп бөлгенімізбен, бұл барлық діндерді қамти алмайды. өйткені әлемде құдай сенімі кездеспейтін діндер (буддизм, жайнизм) де бар.
Тағы да діндерді халықтың этникалық орналасуына байланысты былай сыныптауға болады:
Орта Шығыс немесе Семит діндері: яһудилік, христиан және ислам;
Үнді діндері: индуизм, буддизм, жайнизм, сикхизм;
Қытай-жапон діндері: конфуцианизм, даосизм, синтоизм.
Ал мұсылман ғалымдары Құран негізінде діндерді құдайлық немесе хақ (Аллаһтан келген: яһуди, христиан және ислам) және адамдық немесе батыл (адамдардың өздері шығарған: буддизм, индуизм, конфуцианизм т.б.) діндер деп екі топқа бөлген. Ал құдайлық діндердің өзін негізі бұзылған (яһуди, христиан) және негізі бұзылмаған (ислам) деп екіге бөледі.
І. Бөлім. ДІН ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1. Дін – адам мен Құдайды жалғастырушы ілім және адам өмірін тура жолға бағыттайтын реттеуші тәртіптер мен дәстүрлер жүйесі ретінде. Діннің мәні, оның адам өмірінде алатын орны. Діннің әлеуметтік мәні, оның негізгі ұстанымдары. Діннің әлемдік өркениет тарихындағы орны.
Қазіргі дәстүрлі әлемдік діндер. Діннің қоғамдағы орны. .
Дін мәселесі адамдарды ежелден қызықтырып, танымын қалыптастырып келе жатқан орталық құбылыс. Әрбір адам дінді түсінуге және сол арқылы өмірін қалыптастыруға тырысқан. Дініне байланысты өмір сүріп, балаларын сол тәрбиеде тәрбиелеген. Ой санасы мен білімін қолданып, өзі тандаған дінді қорғап, оны жалғастыруға тырысқан. Дін туралы көптеген анықтамалар бар. Әрбір анықтама діннің әр түрлі ерекшеліктерін корсеткен. Бірақ барлық анықтамалар діннің адам үшін пайдалы екендіге тоқтаған. Мысалы, «дін – адамды туралық пен әдемілікте жетелейтін жол». «Адамды өз жаратылысына сай жетілдіретін ілім». «Дін адам өмірін тәртіпке келтіретін жүйе». «Адамды шындыққа жеткізетін жарық». «Дүние мен ақыретте бақытты болу жолдарын көрсететін ереже мен қағидалар жинағы». «Дін – Құдайлық ережелер мен соларға сүйенген әдеттердің жиынтығы» т.с.с. жалғасып кете береді. Алайда, құдайлық діндерге тән көптеген анықтама бар. Бұлардың пікірінше, дін – пайғамбарлардың Алладан аян арқылы әкелген жолы, Алланың пайғамбар арқылы білдіретін ақиқаттары. Құрушысы Алла, негізі болған қағидалар жинағы болып табылады. Онда дін адам үшін жіберілген. Адам жаратылысындағы сенім сезімін күшейтеді. Яғни дін иман арқылы адам мен Алла арасын байланыстырушы күш. Дін сезімі жаратылыстан келеді. Адам нәсілі сенім сезімімен бірге туады. Міндетті түрде бір нәрсеге сеніп, діни сезімді сөндірмеуге тырысады. Өйткені дін - адам рухының азығы. Діннің қажеттіліктерін қамтамасыз ететін адам рухының қанағаттануына үлкен мән береді. Рухани ләззат, тыныштық, бақыт түсініктері осы дінге, діни санаға негізделеді. Рух пен денесін тең дәрежеде қанағаттандыратын адам негізінде жаратылу мақсатын жүзеге асырады. Дененің қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, рухын қанағаттандырмаған адам жарымжан болады. Ал мықты адам жаны мен тәнін бірдей қанағаттандырады. Тарихта мәдениет қалыптастырып, мемлекет құра алмаған халықтар болған, бірақ дінсіз және ғибадатханасыз халық болмаған. Дін барлық тақырыпта адамға қатысты, оның түпкілікті пайдасын көздейді. Адамның жан тыныштығын және бақытты болуын қалайды. Сондықтан дін адамды негізге алған. Діни қағидалар арқылы адам өзінің ақылын нәсіл, жаратылысын және моральдық еркіндігін қорғауға бағытталған негіздерін табады және жеке адам мен қоғамға бақыт әкеледі. Құлықты (мінез-құлықты) жақсартып, қабілеттерін жетілдіреді. Сондықтан дінсіз адамзат тарихын елестету мүмкін емес. Бірі болмаса екіншісі болмайды.
Саналы адамдарды өз таңдауларымен пайдалы нәрселерге жеткізетін дін, ілім (доктрина) және әдіс жағынан бөлінген.
Ислам бойынша алғашқы адам-сонымен бірге алғашқы пайғамбар болып табылады. өзіне білдірілген дін – тәухид діні. Барлық пайғамбарлар адамдарға бірдей ақиқаттарды үйреткен. Алланың бар екендігіне, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, жақсылық пен жамандықтың Алладан болатындығына, ақыретке, өлгеннен кейін қайта тірілуге иман келтіруге шақырған. Сондықтан барлық пайғамбарлар білдірген діннің аты Ислам. Бірақ, тарих ағымында адамдар діннен алыстаған және бос (батыл) нәрселерге сенген. Міне, сол кезде Ұлы Алла адамдарды ескі сенімдеріне қайтару үшін немесе оларға діннің жаңа негіздерін үйрету үшін тарихтың кейбір кезеңдерінде пайғамбар жіберген.
Исламның діни түсінігінде адамзатқа 124 мың пайғамбар жіберілген. Ғалымда дін шығу тегі, сенімдік жүйелері, әдістері және ұстындарына қарай бірнеше түрлерге бөлінген. Бұлардан мұсылман ғалымдар дінді Құранды негізге ала отырып бөлімдерге бөлген. Ұлы Алла Құранда Али-Имран сүресі 3/19 85; Рум сүресі 30/30 саф сүресі 61/9 Тәубе сүресі 9/33 аяттарында дінді анықтап, бөлімдерге бөлді. Осыған орай діндер екіге бөлінеді. 1) Хақ діннің құрушысы Алла, шығу тегі – уахи, бұзылмаған және сол қалпында қалған дін. Құран-Кәрім өзгеріп-өзгермеуіне қарайда діндерді екіге бөледі: өзгертілген діндер, өзгертілмеген діндер.
Өзгертілген діннің де құрушысы Алла, шығу тегі аян болған, бірақ уақыт өте келе адамдар тарапынан түрлі себептермен бұзылған, өзгерген, өзгертілген және тазалығын жоғалтқан. Міне сол кезеңдерде Алла бір пайғамбар жіберіп, адамдарға жаңадан таза дінді, яғни Исламды білдірген. Мысалы, еврейлердің және христиандардың діні баста ислам діні еді. Бірақ уақыт түрлі себептермен еврейлер мен христиандар діндерін таза қалпында ұстай лмай, оны бұзып, өзгертті. Сондықтан Алла хз.Мұхаммедті соңғы пайғамбар етіп, таза және соңғы дін Исламды адамдарға жаңадан білдірді. Бұлар исламдық түсінік бойынша жасалған тұжырымдар.
Құрылымына қарай діндер екіге бөлінеді.
Құрушысы болған діндер, құрушысы белгілі, құрушысы Алла немесе адам болған діндер: Исламият, Буддизм, Бракманизм және Христиандық сияқты.
Құрушысы болмаған, әдет-ғұрыпқа сүйенген діндер Дәстүрлі түрде жасаған, әдет-ғұрып түрінде өмір сүрген діндер: Якудилік, Мысыр, Рим, Грек діндері сияқты.
Діндер доктрина құрылымдарына және сенім жағдайларына байланысты екіге бөлінеді.
Тек тәңірлік діндер: бір Аллаға сенім негізіне сүйенген діндер болып табылады. Мұндай діндерде тек Тәңірлік негізге алынады. Алланы барлық жағынан бір екеніне және оған серік (орта) қоспау сеніміне сүйенеді. Ислам мұндай дінге үлгі болып табылады.
Көп Тәңірлік діндер: Бірнеше тәңірдің бар екенін қабылдайтын сенім жүйесі. Пұтқа табынушылық, екі тәңірлік (дуалистік) натурализм, көне Грек, көне рим, және көне мысыр діндері (полетеист) көп тәңірлік діндер болып табылды.
Мистикалық діндер: бір қатар ішкі жорамалдар мен сыртқы практикаларға сүйенеді. Ақыл ережелеріне емес, сезімге және бос жорамалдарға, нәпсі мен рухқа байланысты бағалауларға және тәжіребиеге мән береді. Дінге байланысты басқа бөлімдер де бар. Бірақ, барлық анықталар мен бөлінулердің ортақ пайдасы назарға алғанда, үш түрлі дін бар екенін байқауға болады.
Алғашқы қауым діндері
Ұлттық діндер
Әлемдік діндер
Дін аттары. Жалпы алғанда діндер құрушылары, ерекшелігі мен мазмұны сияқты негізгі жақтарын көрсететін бір бір немесе бірнеше түрде аталады. Көне ұлттық діндер өз ұлттарының аттарымен аталған. Көне грек діні, көне рим діні, көне мысыр діні, хитит, ацтек т.б. діндер сияқты. Құрушылардың аттарымен аталған діндер көбірек кездеседі. Буддизм, конфуцийшілік, даосим, зорастризм сияқты діндер. Жақтастарының аттарымен аталған діндерден қазіргі якудилік, христиандықты айтуға болады. Буддизм мен брахманизм болса құрушыларының аттарымен аталған діндердің қазіргі үлгілері болып табылады. Ерекшелігі мен мазмұнына байланысты аталған діндердің саны көп емес. Монотеист, дуалист, политеист дін отқа табынушылық т.б. табынушылық сияқтылар. Аты құрушысы және ерекшелігі Алла тарапынан белгіленген қасиетті кітапта (Құран) айтылған дін-тек қана Ислам Али Имран сүресі 19/65, Майда сүресі 3, Тәубе сүресі аяттарында Исламның аты аталады.
Діндерді тарих және тіл білімі (филология) әдістерін қолданып, туу және дамуы, сенім, ғибадат, құлық (мораль) т.б. тақырыптар тұрғысынан зерттейтін пәнді «Діндер тарихы» пәні дейді. Діндерді салыстырмалы түрде зерттейтін ғылымды «Салыстырмалы діндер тарихы» - дейді. Бұл ғылым діндер арасында айырмашылық жасамай бәрін зерттейді. Діндер тарихы ғылымның мақсаты дін ұйымдарының пайда болу себептерін, тарихтағы және түрлі қоғамдарда алған көріністерін, діни тәжірибенің қабылдануы және қолдану түрлерін мүмкіндігінше объективті түрде қолға алады. Зерттеулерінде ешқандай баға бермей, хақ және батыл діндер деп қарамайды. Басқа діндер туралы мәліметтер Құранда берілген.
Діннің негіздері
Діннің негізгі туралы басты деректер қасиетті кітаптар болып табылады. Ғалымдар мен ойшылдар да діннің негіздерін өздерінше бағалаған. Ислам бойынша адамзаттың алғашқы діні – «тәухид діні». Ал діннің құрушысы – Алла. Алла адам мен әлемді жаратып, осы екеуінің арасында тура байланыс болу үшін бұйрықтар шығарған. Адамның жаратылысына сай өмір сүруін және құлдық қызметін дұрыс атқаруын қамтамасыз ету мақсатымен пайғамбар мен кітап жіберген. Алғашқы пайғамбар хз. Адам, соңғы пайғамбар Мұхаммед. Діннің негізі - адам. Дін адамзат үшін жаратылған. Сол себептен адамды жақсы білу керек. Олай болса адам кім? Исламдық сенімде адамзат ер мен әйелден тараған. Алла адамды ер мен әйел етіп жаратқан. Адам жан мен тәннен тұрады. Алдымен рух болып жаратылған адам рухтар әлемінен дүниеге келіп, ет, сүйек және қан элементтерінен құралған бір денеге ие болған. Рух пен дененің бірігуінен пайда болған адам өзіне тән бір құрылысқа ие. Алғаш жаратылған адамдар – Адам және Хауа. Бұл екеуінен ерлер мен әйелдер түрінде адамзат тарап көбейген. Құран Кәрімде Ниса сүресінің 1-аятында осы жаратылыс түсіндірілген. Адам ата сонымен бірге алғашқы пайғамбар болып табылады. Алладан алған аян және құдайлық бұйрықтар арқылы адамдар жүргізген. Адамзатқа сүйіспеншілік жолдарын, жақсы және әдемі өмір сүруді үйреткен, Алланың дінін жариялаған. Бірақ, жаратылысын сай жақсылық пен жамандық жасау ерекшелігі бар адам баласы уақыт өте келе тәухид дінінен алыстап, Алладан басқа нәрселерді тәңірі деп қабылдаған. Табиғаттан көрген, қорыққан немесе жақсы көрген нәрселеріне табына бастаған. Сонымен, дін таза қалпын жойып, адамдардың сенімдері мен құлықтары (мінез-құлықтары) бұзылған. Осындай жағдайда Алла жаңадан пайғамбар жіберіп, оларды хақ дінге шақырып отырған.
Дін адамдарға байланысты бір ұйым. Адамның психологиялық және физикалық қажеттіліктерін толық қамтамасыз етіп, жетілуін жүзеге асыратын негізгі мақсат болып табылады. Дін жанның азығы және тәннің шипасы. Рухты қанағаттандыратын және құлықты (моральдан) жақсартатын күш. Дін - рух, сезімдер мен көркем мінездер, пайдалы амалдар сол арқылы жүзеге асады. Рухсыз дене, денесіз рухтың мәнсіз болатыны, дінсіз адам өзіне де, басқаға да пайдасын тигізе алмайды. Дін мен адам біртұтас. Дін жеке адам мен қоғам үшін қажетті. Дінсіз мемлекеттер өмір сүре алмайды және күшті мемлекеттер құрыла алмайды. Өйткені, дін өмірдің негізі, бірлік пен бүтіндіктің негізгі элементі. Адамға адам болуды, ұлттарға бірлік пен тұтастықта өмір сүруді үйреткен жауапкершілік түсінігін, құлшылық білімін және жақсы құлықты (мінезді) қалыптастырады. Дін жанұяны мемлекет ұйымын және қоғам құрылымын берік негіздермен қамтамасыз етеді. Дін адамға адамдықты, ұлтқа құндылықтар жүйесін көрсетеді. Үлгілі таза адамдарды жетілдіреді. Жұмысты, адал күнелтуді, әлемді түсінуді және ондағы нығметтерді пайдалануды қамтамассыз етеді. Осы тұрғыдан жер бетінде мемлекетсіз және мәдениетсіз ұлттар болған, бірақ дінсіз ұлттар мен ғибадатханасыз қоғамдар болмаған. Олай болса дін жеке адам мен қоғамның игілігі үшін өте қажетті құбылыс.
Жалпы адамзат тарихына көз жүгіртер болсақ, онда дінің, рухани фактордың шешуші ролі бар екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Мысалы, соңғы христиан діні мен ислам дінінің дүниеге келуі адамзат тарихында қандай өзгерістер әкелді. Осылардың адамзат қоғамына әкелген өзгерістеріне талдау жасар болсақ, дінің аса қуатты күш екенін анық байқаймыз. Дүниедегі халықтар, мемлекеттер өз тарихын зерттегенде діни, рухани үдерістерді негізге алады. Сондықтан менің ұсынып отырған тарихты зерттеу тәсілім жаңалық емес. Ал. діннің өзіне келетін болсақ, діннің адамзат тарихындағы орны ерекше. Адамзат баласын өзге жаратылыстан ажыратып, өзінің осы жаратылған барша мақлұқаттың қожасы екенін, бірақ сол үшін осы әлемнің иесі алдында жауапты екендігін сезіндіретін – дін. Бұл адамзат қоғамының діннен тыс өмір сүре алмайтындығын көрсетеді. Өйткені, дін адамзат қоғамының басты реттеуші құралы болуымен қатар, оның мәдениеті мен өмір салтының басты қайнар көзі болып табылады. Сондықтан кез-келген халықтың рухани, мәдени болмысы діннен тыс болуы мүмкін емес. Бұл кез-келген халықтың тарихи тағдырында діннің шешуші роль атқартындығын, оның рухани, мәдени өркендеуінің көкжиектерін айқындайтын басты фактор екендігін көрсетеді. Өзінің дәстүрлі дінінен бас тартып, өзеге дінді қабылдау кез-келген халық үшін қауіпті қадам болып табылады. Өйткені, дінін өзгертіп, жаңа дін қабылдаған халық, өзінің дәстүрлі мәдениетін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін құрбандыққа шалып, жаңа діннің талабына сай келетін мәдениет пен әдет-ғұрып, салт-дәстүрді қайта қалыптастыруға мәжбүр болады. Нәтижесінде, өз ата-бабаларынан иман-сенімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі, жалпы мәдениеті мүлде бөлек халық тарих сахнасына шығады. Сол себепті, дінді өзгертуге немесе оның жаңа бағытын қабылдауға болмайды. Ондай әрекет кез-келген халықтың ғасырлар бойына қалыптасқан табиғи болмысын жоғалтуға әкеледі.
Түркі халықтарының өз тарихындағы өркендеп, ғылым мен мәдениеті гүлденіп, шарықтау шегіне жетуі де, құлдырап мемлекеттігінен айырылған қасіретті кезеңі де осы діни-рухани процестердің өзгеріп отыруымен тікелей байланысты болды.
Ислам
Ислам діні VII ғасырда Араб түбегінде дүниге келді. Ислам дінінің дүниге келуімен адамзат қоғамы күрелі өзгерістерге ұшырады. Сол кезеңге дейін ең артта қалған халықтың бірі болған араб тайпалары ислам дінінің келуімен адамзат баласына жаңа дін мен мәдениетті, ғылымды таратушы прогресшіл халыққа айналды. Ислам діні келген соң көне империялар күйреп, олардың орнына жаңа сипаттағы ислам мемлекеттері пайда болды. Бұл өзгерістердің негізін Құран мен ислам дінінің негізін салушы Мұхаммед Пайғамбардың Суннасы құрады.
Мұхаммед Пайғамбар 570 жылы Мекке қаласында дүниеге келді. Әкесі Абдулла Мұхаммед Пайғамбар дүниге келмей тұрып, алты ай бұрын дүниеден өтті. Шешесі Әмина Пайғамбар алты жасқа келгенде қайтыс болды. Одан кейін Мұхаммед атасы Абд Мутталиб пен ағасы Абу Талибтің тәрбиесінде болады. Ол кісіге Пайғамбарлық қырық жасқа келгенде келді. Алғашында дінді меккеліктер арасында тарата бастайды. Бірақ көп ұзамай өзге дінді уағыздағаны үшін қуғындала бастады. Соңында 622 жылы Мұхаммед Пайғамбар өзінің жақтастарымен бірге Ясриб қаласына көшуге мәжбүр болды. Осы кезеңнен бастап бұл қала «Мәдинат ал-Мунаууара» деп атала бастады. Ислам мемлекетінің негізі осы қалада қаланды. Мұхаммед Пайғамбар дүниеге «Ислам» деп аталған жаңа дінді әкелді. Бұл адамзат тарихындағы ең күрделі, әрі шешуші бетбұрыс болды.