Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Azamattyk kukyk 46-90.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
276.99 Кб
Скачать

57.Қр адвокатура мен нотариат.

Адвокатура – құқықтық институт болып, ол адвокаттық қызметпен шұғылданушы адамдар және жеке адвокаттық операциямен шұғылданушы бөлек кісілердің кәсіптік бірлесулерін өз ішіне алады.

Адвокатураның атқаратын функциялары:

адвокаттар қылмыс процессінде қорғаушы өкіл болып қатыса алады.

адвокаттар коллегиясының қызметкерлері халыққа заңи кеңес береді.

адвокаттар арыз, сенімхат, мирасқорлық бланкасын т. б. құқықтық құжаттарды толтырып береді.

Адвокатураның басқа мақсаттары:

мекемелерге, қарттар үйіне, қарапайым халыққа жоғарғы дәрежелі жәрдем беру;

Азаматтық құқықтарының сақталуына жәрдем беріу;

Халықты құқықтық нормативтерге тәрбиелеуге жәрдем беру болып табылады.

Нотариат — даусыз азаматтық құқықтар мен заңдық нысандарды куәландыру жолымен жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін заң жүзінде бекітуге бағытталған нотариалдық іс-әрекеттерді орындайтын, заңдық тұрғыда бекітілген органдар жүйесі. Нотариат пен сот азаматтық іс айналымында заңдылықты алдын ала және істен кейін бақылаудың бірыңғай қызметін жүзеге асырады. Бірақ азаматтық іс жүргізуде құқық туралы дауды қарайтын соттан айырмашылығы, нотариат азаматтық құқықтарды заң жолымен бекітуге және олардың болашақта бұзылу мүмкіндігін алдын алуға бағытталған қызметтерді орындайды.

Нотариат қызметі

мәмілелерді куәландыру;

мұрагерлік туралы куәлік, құжаттар көшірмесін және олардан алынған үзінділердің дұрыстығы туралы куәлік;

азаматтың тірі екендігін куәландыру;

құжаттардың түсіру уақытын куәландыру;

жеке және заңды тұлғалардың арыздарын басқа жеке және заңды тұлғаларға табыс ету;

атқарушы жазбалар жасау;

құжаттарды сақтауға қабылдау сияқты іс-әрекеттер кіреді.

Нотариат куәландырған шарт — мүдделі жақтың өз құқығын дәлелдеуін жеңілдетеді, өйткені шарттың нотариус ресми түрде белгілеп берген мазмұны, мәмілеге қатысушылардың қойған қолдарының ақиқаттылығы, мәміле жасаған жері (орны), уақыты, өзге де жағдайлар нақты және бұлтартқысыз түпқұжат болып табылады.

58.Қазақстан Республикасының қаржылық құқығы құқық саласы ретінде.

Қаржылық құқық – мемлекетпен ақшалық жүйесінің қалыптасу барысында және олардың бір қалыпты жұмыс істеулерін қамтамасыз етуде пайда болатын, сонымен қатар мемлекеттік ақшалық қорлардың пайдаланудағы ұйымдастыру, бөлу қалыптасу процессінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. 

Қаржы құқығының объектісі болып тек мемлекеттік қаржылар көрінетін атаған жөн. Жеке қаржының құрамына кіретін осы қатынастарға сүйене отырып қаржы құқығының пәні болуы мүмкін емес.Демек, мемлекеттің қаржылық қызметінің процессінде пайда болатын қатынастар қаржы құқығының пәні бола алады.

Қаржылық құқықтың қайнар көздері қаржылық-құқықтық қатынастарды реттейтін өкілдік және атқару органдарының нормативтік құқықтың актілері болып табылады.

Қаржылық құқықтың ең басты қайнар көзі болып ҚР Конституциясы саналады. Бірақ қаржылық өатынастарды құқықтық реттеуде І-кезекте ҚР Үкіметінің қаулылары, және заңастылы актілері маңызды ролі атқарады жалғастырып келеді. Қаржы Министрлігінің, мемлекеттік табыс Министрлігінің, ал кейбір мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банк актілерімен яғни ведомствовалық құқықтық актілер арқылы құқықтың реттеу тәжірибесі қолданылады.

Қазіргі уақытта экономика да, қоғам тұттасымен де бірқалыпта жұмыс атқара алмайтын еліміздің ақшалық жүйесінің мемлекет қаржылық заңдар жинағымен анықтайды.

Қаржылық құқықта құқықтың реттеушіліктің 2-тәсіл қолданылады: бұйрықты және келісімді.

Өзінің құқықтың түрі бойынша қаржылық қатынастар келісімсіз (бұйрықты тәсіл қолдану салдарынан) және келісімді (келісімді тәсіл қолдану салдарынан) қатынастар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]