- •46.Некені бұзу және некені жарамсыз деп таңу.
- •47.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •49.Алименттік қатынастар.
- •50.Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •51.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
- •52.Қр Ұлттық қауіпсіздік органдары.
- •53.Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •54.Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі. Әділет органдарының жүйесі.
- •55.Қр ішкі істер органдары.
- •56.Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •57.Қр адвокатура мен нотариат.
- •58.Қазақстан Республикасының қаржылық құқығы құқық саласы ретінде.
- •59. Мемлекеттің қаржылық қызметі.
- •60.Бюджеттік құқық және мемлекеттік бюджет.
- •61.Қаржылық бақылаудың ұғымы және түрлері.
- •62.Мемлекеттік салық жүйесі.
- •63.Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •64.Еңбек құқығының қағидалары.
- •65.Еңбек құқығының қайнар көздері.
- •67.Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •68.Еңбек тәртібі – тәртіптік және материалдық жауапкершілік.
- •69.Қазақстан Республикасындағы зейнет ақымен қамсыздандыру.
- •70.Сақтандыру құқығының түсінігі.
- •71. Қылмыстық құқықтың ұғымы.
- •72.Қылмыстық құқықтың қағидалары.
- •73.Қылмыстық-құқықтық нормалардың құрылымы.
- •74.Қылмыстың ұғымы, қылмыстарды топтастыру.
- •75.Қылмыстың құрамы.
- •76.Қылмыстық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
- •78.Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •79.Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •80.Қоршаған ортаның түсінігі, қоршаған ортаның объектілері.
- •81.Табиғи ресурстаға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері.
- •82.Табиғат пайдалану құқығы.
- •83.Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
- •84.Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі.
- •85.Жер құқық қатынастарының түсінігі.
- •86.Жер құқық қатынастарының объектілері мен субъектілері.
- •88.Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы және міндеттері.
- •89.Қылмыстық процесске қатысушылар.
47.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
Ерлі зайыптылардың құқықтары мен міндеттері азаматтық хал актілерін жазу органдарында некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап туындайды.
1. Ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер атқарады.
2. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет, кәсіп түрін, тұрғылықты жерді таңдауда ерікті.
3. Ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру мәселелері мен отбасы өмірінің басқа да мәселелерін ерлі-зайыптылар бірлесіп шешеді.
4. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық және өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқаты жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.
Некеге тұру кезінде ерлі-зайыптылар өз тілектері бойынша ортақ тек ретінде өздерінің біреуінің тегін таңдап алады не ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өзінің некеге тұрғанға дейінгі тегін сақтап қалады, не өз тегіне екінші жұбайдың тегін қосады. Егер ерлі-зайыптылардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болса, тектерді қосуға жол берілмейді.
2. Ерлі-зайыптылардың біреуінің тегін өзгертуі екінші жұбайдың тегін өзгертуіне әкеп соқпайды.
3. Неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылар ортақ текті сақтауға немесе өздерінің некеге тұрғанға дейінгі тегін қалпына келтіруге құқылы.
48.Ата-ана және балалардың құқықтары мен міндеттерінің пайда болу негіздері.
Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері балалардың заңмен белгіленген тәртіппен куәландырылған тегіне негізделеді.
Баланың өз ата-анасы тәрбиелеуіне, оның мүдделерін қамтамасыз етуге, жан-жақты өсіп-жетілуіне, оның адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар. Баланың: өз пікірін білдіруге,аты және тегін өзгертуге,қорғау құқығына ие бола алады. Ата аналар өз балаларына қатысты құқықтары тең және міндеттері тең. Балалар жөнінде ата-аналардың төмендегідей:балаларды тәрбиелеу; балалардың күш-қуатын дамыту; оларды міндетті түрде оқыту; балаларды пайдалы еңбекке үйретіп өсіру; жасы толмаған балаларын және көмекке мұқтаж, еңбекке қабілеті жоқ балаларын асырау міндеттері бар. Баланың өз ата-анасы тәрбиеленуіне, оның мүдделерін қамтамасыз етуіне, жан-жақты өсіп – жетілуне, оның адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар. Баланың ата-анасымен және басқа да туыстармен қарым – қатынас жасау құқығы. Баланың ата-анасының екеуімен де, аталарымен, әжелерімен, аға-інілерімен, апа-сіңілілерімен (қарындастарымен) және басқа да туыстарымен қарым – қатынас жасауға құығы бар. Баланың өз пікірін білдіру құқығы. Бала өзінің пікірін білдіруге, кез келген сот немесе әкімшілік іс қарау барысында тыңдалуға құқылы. Баланың ат алуға, әкесінің атын және тегін алуға құқығы. Әкесі атын өзгерткен жағдайда оның кәмлетке толмаған баларының әкесінің аты-жөні өзгереді, ал кәмлетке толған балалардың әкесінің аты-жөні бұл туралы арыз берген жағдайда өзгертіледі. Баланың ұлты. Баланың ұлты оның ата-анасының ұлтымен айқындалады. Ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті,тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті. Ата-аналар балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.
1. Бір-бірімен некеде тұратын әке мен ана туу туралы жазбалар кітабына олардың кез келгенінің арызы бойынша баланың ата-анасы болып жазылады.
2. Егер ата-ана бір-бірімен некеде тұрмаса, баланың анасы туралы жазба-анасының арыз бойынша, ал баланың әкесі туралы жазба баланың әкесі мен анасының бірлескен арызы бойынша немесе бала әкесінің арызы бойынша (осы Заңның 46-бабының 4-тармағы) жүргізіледі немесе әкесі соттың шешіміне сәйкес жазылады.
3. Бала некеде тұрмайтын анадан туған ретте, ата-ананың бірлескен арызы болмаған жағдайда немесе әке болуды анықтау туралы сот шешімі болмаған жағдайда туу туралы жазбалар кітабында бала әкесінің тегі анасының тегі бойынша, бала әкесінің аты-жөні - бала анасының көрсетуі бойынша жазылады.
4. Некеде тұратын және бойға бала бітірудің жасанды әдісін немесе эмбрион имплантациясын қолдануға жазбаша түрде өз келісімін берген адамдар осы әдістерді қолдану нәтижесінде өздерінде бала туған жағдайда туу туралы жазбалар кітабына оның ата-анасы болып жазылады. Суррогат ана мен бойға бала бітірудің жасанды әдістері мәселелерін құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
