Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Azamattyk kukyk 46-90.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
276.99 Кб
Скачать

51.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.

Прокуратура – заңның дәлме-дәл және біркелкі орындалуын қадағалайтын мемлекеттік билік тармақтарының бөлінісі және өзара қатынасындағы ерекше орган. ҚР прокуратураның құқықтық мәртебесі қызметінің ұйымдастырылуы ҚР Конституциясына және 1995 жылы 21 желтоқсанда қабылданған ҚР прокуратура туралы заңмен реттеледі. Оның мақсаты – Республика аумағындағы заңдардың, президент жарлықтарының және зге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін қорғап, Конституция мен заңдарға қайшы келетін нормативтік актілерге наразылық білдіреді.

Прокуратураның орталықтандырылған бірегей жүйесін ҚР-ң Бас Прокуроры басқарады, оған облыстық, республикалық дәрежедегі қалалық және республика астанасының прокуратуралары, аудандық, ауданаралық, қалалық және оған теңестірлген әскери және мамандырылған прокуратуралар кіреді.Ресубликаның Бас Прокурорын Республика Парламенті Сенатының келісімімен Президент тағайындайды.

Бас прокурорды Парламент Сенатының келісімімен Республика Президенті бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды. Облыстық прокурорларды Республика Президентінің келісімімен Республиканың Бас Прокуроры бес жыл мерзімге тағайындайды.

Қалалық, аудандық және оларға теңестірілген прокурорларды Республиканың Бас Прокуроры бес жыл мерзімге тағайындайды.

52.Қр Ұлттық қауіпсіздік органдары.

Ұлттық қауіпсіздік органдары — Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын арнаулы мемлекеттік органдар. Олардың міндеті — өздеріне берілген өкілеттіктер мен жеке адамдар мен қоғамның қауіпсіздігін, конституциялық құрылысты, мемлекеттің егемендігін, аумақтық тұтастығын; елдің экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс қуатын қорғауды қамтамасыз ету.

Ұлттық қауіпсіздік органдары:

-жеке адамдардың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігі қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жасап, іске асыруға қатысады;

-Қазақстан Республикасының мүдделеріне сәйкес барлау ақпараттарын іздестіріп табады;

-Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға, қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталган терроризм сияқты қауіпті қылмыстар мен өзге де әрекеттерден сақтандырып, олардың жолдарын кеседі;

-мемлекеттік органдарды, еліміздегі ұйымдар мен әскери құрылымдарды ақпараттық және кодталған (астыртын) байланыстармен қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де қүрылымдық бөлімшелер, Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанындағы үкіметтік байланыс органдары, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелері мен өзге де ұйымдар ұлттық қауіпсіздік органдарының біртүтас жүйесін құрайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етуге тілек білдірген, өздерінің моральдық (өнегелік) және іскерлік қабілеттеріне, жасы, білімі мен денсаулығына қарай өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға қабілетті азаматтар ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке орналаса алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]