- •46.Некені бұзу және некені жарамсыз деп таңу.
- •47.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •49.Алименттік қатынастар.
- •50.Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •51.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
- •52.Қр Ұлттық қауіпсіздік органдары.
- •53.Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •54.Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі. Әділет органдарының жүйесі.
- •55.Қр ішкі істер органдары.
- •56.Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •57.Қр адвокатура мен нотариат.
- •58.Қазақстан Республикасының қаржылық құқығы құқық саласы ретінде.
- •59. Мемлекеттің қаржылық қызметі.
- •60.Бюджеттік құқық және мемлекеттік бюджет.
- •61.Қаржылық бақылаудың ұғымы және түрлері.
- •62.Мемлекеттік салық жүйесі.
- •63.Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •64.Еңбек құқығының қағидалары.
- •65.Еңбек құқығының қайнар көздері.
- •67.Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •68.Еңбек тәртібі – тәртіптік және материалдық жауапкершілік.
- •69.Қазақстан Республикасындағы зейнет ақымен қамсыздандыру.
- •70.Сақтандыру құқығының түсінігі.
- •71. Қылмыстық құқықтың ұғымы.
- •72.Қылмыстық құқықтың қағидалары.
- •73.Қылмыстық-құқықтық нормалардың құрылымы.
- •74.Қылмыстың ұғымы, қылмыстарды топтастыру.
- •75.Қылмыстың құрамы.
- •76.Қылмыстық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
- •78.Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •79.Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •80.Қоршаған ортаның түсінігі, қоршаған ортаның объектілері.
- •81.Табиғи ресурстаға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері.
- •82.Табиғат пайдалану құқығы.
- •83.Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
- •84.Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі.
- •85.Жер құқық қатынастарының түсінігі.
- •86.Жер құқық қатынастарының объектілері мен субъектілері.
- •88.Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы және міндеттері.
- •89.Қылмыстық процесске қатысушылар.
72.Қылмыстық құқықтың қағидалары.
Қылмыстық құқық қылмыстық заңнаманың міндеттері мен қағидаттарын, қылмыс ұғымын, қылмыстық жауапкершіліктің негізін, қылмыстың түрлері мен белгілерін, жазаны, қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босатудың негіздерін анықтайтын заңды нормалардың жиынтығы.Қылмыстық құқықтың қағидаттары деп мемлекеттің қылмыстық құқық саласындағы саясатының, қылмыспен күресудің іс жүзіндегі құралдарының мазмұнының негізіне қойылған тіректі мұраттар мен бастамаларды айтамыз.Сондай қағидаттардың бірі заңдылық қағидаты. Оның мәні қылмыстық әрекет пен жаза тек қана қылмыстық заңмен анықталуы керек. Әрекет не әрекетсіздік қоғамға қанша қауіпті болса да, егер оларда қылмыстың құрамы болмаса тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке жасанды түрде тартуға болмайды.Азаматтардың заң және сот алдында теңдігі қағидаты. заң алдында бірдей.Тек қылмыстық әрекеті не әрекетсіздігі үшін кінәлі болған тұлғаны ғана қылмыстық жауапқа тарту қағидаты.
73.Қылмыстық-құқықтық нормалардың құрылымы.
Қылмыстық заң белгілі бір техникалық ережелерге негізделген заң шығарушының еркін білдіретін өзіндік нысаны бар құрылымға ие.
Құқықтық норманың құрылымы мынадай үш түрлі элементтен тұрады: гипотеза, диспозиция және санкция.
1.'''Гипотеза''' қылмыстық заңда негізінен жалпы бөлімге қатысты. Яғни, құқық нормалары қолданатын гипотезаны, қылмыстық заңда жалпы бөлім баптары іске асырады. Мысалы, белгілі бір адам занда көрсетілген жасқа толып, қылмысты қасақана немесе абайсыздықпен жасаса және қылмыс жасаған сәтінде жауаптылыққа қабілетті болып танылса, қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
2. '''Диспозиция''' — нақты қылмыстық қол сұғушылықтың белгілеріне сипаттама береді. Диспозиция өзінін құрылым ерекшеліктеріне байланысты жай, сипаттамалы, бланкеттік және сілтемелі болып негізгі төрт түрге бөлінеді:
Жай диспозиция қылмыстық іс-әрекеттін атын ғана атап, оның нақты белгілерін ашып көрсетпейді.
Сипаттамалы диспозиция деп қылмыстың барлық белгілерін заңның өзінде-ақ, нақты көрсететін диспозицияны айтамыз
Бланкеттік диспозиция бойынша бапта көрсетілген нақты қылмыс құрамын анықтау үшін басқа заңдарға немесе нормативтік актілерге, жарлықтар мен үкімет қаулыларына, бұйрықтар мен ережелерге, нұсқауларға жүгінеді..
Сілтемелі диспозиция қылмыстың белгілерін қамтымайды, керісіңше қылмыстық заңның басқа, тиісті бабына немесе оның белгілеу сілтеме жасайды.
3. '''Санкция''' — ерекше бөлім баптарында белгіленген жазаның түрі мен мөлшерін анықтайды. Қылмыстық заңның баптарында санкцияның екі түрі қолданылады: салыстырмалы-айқындалған және балама.
Салыстырмалы айқындалған санкция жазаның түрін және мөлшерін көрсетеді. Оны екі негізгі түрге бөлуге болады: жазаның жоғарғы және төменгі шегін анықтайтын санкция.
Балама санкция Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарындағы жазаның екі немесе одан да көп түрлерінің тек біреуін ғана қолдануға мүмкіндік береді.
74.Қылмыстың ұғымы, қылмыстарды топтастыру.
Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. «Қамаудағы адамдарды әр түрлі категорияларға бөліп жынысына, жасына, бұрынғы сотталғанына, қамаудың заңды себептеріне байланысты әр жерде немесе бір мекеменің ішінде бөлек–бөлек орналастырылады».
Сотталғандарды топтастыру қылмыстық пен қылмыстық – атқароу құқығы принциптерінің бір түрі жазаны жекелендіруді бір ізбен іске асыру үшін жүргізіледі.
Жазаны орындауды жекелендіру - ол еңбекпен түзеу құқығының нормалары белгіленген, әрбір сотталғанның жеке басын сипаттайтын мәліметін еске ала отырып жалпы режим ережесін қолдану және тиісті еңбекпен түзеу принциптерімен әсер ету.
Заң өлшемімен топтастыру – ол барлық бас бостандығынан айрылғандарды сыр-сипатымен жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесіне және қылмыскердің жеке басының қоғамға қауіптілігіне байланысты топтарға бөлуді айтады
Физиологиялық өлшеммен топтастыру – бұл барлық бас бостандығынан айыруға сотталғандарды жынысына, жасына, денсаулығына байлынысты бөлу. Бұл белгімен бас бостандығыанан айыруға сотталғандар былайша бөлінеді:
-ерлер және әйелдерге;
-кәмелетке жеткендер және кәмелеткен толмағандар;
-еңбекке жарамдылар мен мүгедектерге;
-дендері сау мен ауыр науқасы барларға;
әйелдерге, аяғы ауыр және 8 жасқа дейінгі баласы бар әйелдерге.
Педогогикалық өлшеммен топтастыру – бұл бас бостандығынан айыруға сотталғандарды тікелей педогогиканың міндетіне байланысты, қандайда болмасын топтын біреуінде шешуге тура келетін, сондай – ақ педогогикалық әсер етудің тиісті амалдары мен әдістерін қолданудың орындылығымен бөлуге болады. Бұл өлшемнің негізінде сотталғандарды, олардың оған дейінгі және бас бостандығынан айыру орындарындағы еңбекке қатынасы, түзеу мекемелеріндегі мінез – құлқы және т.б. байланысты бөлуге болады.
Психолгоиялық өлшеммен топтастыру – бұл әр адамның қасиетіне байланысты топқа бөлу. Мұндай бөлу жалпы және пенитенциарлық псхологияның мінез – құлық түрін топтастыру мәліметтеріне сүйенуі тиіс. Психологиялық өлшемге байланысты былай бөлінеді:
-аса қауіпті мемлекеттік қылмысқа сотталғандарды және басқа әр түрлі қылмыстарға сотталғандарды;
- қасақана қылмысқа сотталғандарды және абайсызда істелген қылмысқа сотталғандарды;
-өмірге, денсаулыққа, адамның денесіне қол сұқпаушылығына қауіп төндіргені үшін сотталғандарды;
-пайдақорлық үшін емес, қызметін немесе мамандық функциясын орындауға байланысты жаслған қылмысы үшін сотталғандар,
-басқа да қылмысы үшін сотталғандар.
Сотталғандарды топтастыру тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыруға жағдай жасайды, себебі ол сотталғандардың бір тобының екіншісіне жағымсыз, кері әсерін тигізбеуге және оларға жеке – жеке амал қолданып әсер етуге мүмкіндік береді.
