- •46.Некені бұзу және некені жарамсыз деп таңу.
- •47.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •49.Алименттік қатынастар.
- •50.Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •51.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
- •52.Қр Ұлттық қауіпсіздік органдары.
- •53.Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •54.Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі. Әділет органдарының жүйесі.
- •55.Қр ішкі істер органдары.
- •56.Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •57.Қр адвокатура мен нотариат.
- •58.Қазақстан Республикасының қаржылық құқығы құқық саласы ретінде.
- •59. Мемлекеттің қаржылық қызметі.
- •60.Бюджеттік құқық және мемлекеттік бюджет.
- •61.Қаржылық бақылаудың ұғымы және түрлері.
- •62.Мемлекеттік салық жүйесі.
- •63.Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •64.Еңбек құқығының қағидалары.
- •65.Еңбек құқығының қайнар көздері.
- •67.Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •68.Еңбек тәртібі – тәртіптік және материалдық жауапкершілік.
- •69.Қазақстан Республикасындағы зейнет ақымен қамсыздандыру.
- •70.Сақтандыру құқығының түсінігі.
- •71. Қылмыстық құқықтың ұғымы.
- •72.Қылмыстық құқықтың қағидалары.
- •73.Қылмыстық-құқықтық нормалардың құрылымы.
- •74.Қылмыстың ұғымы, қылмыстарды топтастыру.
- •75.Қылмыстың құрамы.
- •76.Қылмыстық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
- •78.Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •79.Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •80.Қоршаған ортаның түсінігі, қоршаған ортаның объектілері.
- •81.Табиғи ресурстаға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері.
- •82.Табиғат пайдалану құқығы.
- •83.Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
- •84.Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі.
- •85.Жер құқық қатынастарының түсінігі.
- •86.Жер құқық қатынастарының объектілері мен субъектілері.
- •88.Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы және міндеттері.
- •89.Қылмыстық процесске қатысушылар.
54.Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі. Әділет органдарының жүйесі.
ҚР-ның әділет органдары мемллекеттің қызметінің атқарылуын құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін атқарушы билік органдары болып табылады.Оның қызметін ҚР-ның 2002 жылы 18 наурыздағы Әділет органдары туралы заңы реттейді. Әділет органының біртұтас жүйесі Әділет министрлігінен, аумақтық әділет органдарынан, қылмыстық-атқару жүйесінің органдарын қамтитын әділет органдарынан және өзге бағынышты органдарынан құралады. Атқаратын қызметі: Заң жобасын дайндау жұмысн жүргізу, заңдарды талдау, жетілдіру, жүйелеу, құқықтық кесімдердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу; заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтырды және олармен жасалатын мәмілелерді, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру; құықтық көмекті және заң қызметін көрсетуді ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету; сот сараптамасы қазметін ұйымдастыру және жүзеге асыру; қылмыстық жазаларды атқару, қылмыстық жаза атқару органдары мен мекемелерінде құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету .
55.Қр ішкі істер органдары.
Ішкі істер органдары - қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, мемлекет пен қоғамның мүдделеріне қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қолсұғушылықтардың алдын алу және оларды болдырмау жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
Ішкі істер органдарының міндеттері:
қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
қылмыстарды және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жою;
кәмелеттік жасқа толмағандардың қараусыздығы мен құқық бұзушылықтардың жолын ашу;
өрт қауіпсіздігі жағдайын қадағалауды қамтамасыз ету, өрт сөндіру;
жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау және оны қамтамасіз етуді бақылау;
мемлекеттік және өзге де нысандарды, жеке тұлғаларды қорғау, тұтқындалғандар мен сотталғандарды айдауылдау;
Ішкі істер органдарының қарамағына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.
Ішкі істер органдарының қызметі — заңдылық, дара басшылық, Ішкі істер органдарының тұтастығы, жариялылық, құқық қорғау, мемлекеттік органдар мен және азаматтармен өзара әрекеттестік қағидаттары негізінде құрылады.
56.Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
Қаржы полициясы - Заңмен белгіленген өкілеітіктері шегінде жедел-іздестіру қызметін, алдын ала тергеу және анықтау, әкімшілік іс жүргізу арқылы экономика мен қаржы қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғаммен мемлекет мүдделеріне қылмыстық және құқыққа қайшы өзге де қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бақытталған құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган.
Қаржы полициясының органдары өздерiнiң алға қойған мiндеттерiне сәйкес, өз өкiлеттiктерi шегiнде:
1) жасалған немесе жасалуға әзiрленiп жатқан қылмыстар туралы мәлiмдемелер мен хабарларды қабылдауға, тiркеуге және қарауға, қылмыстардың жолын кесу, оларды ашу, қылмыс жасаған адамдарды ұстау және қоғамға қауiптi салдарына жол бермеу жөнiнде дер кезiнде шаралар қолдануға;
2) Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарында көзделген тәртiппен анықтау мен алдын ала тергеудi жүзеге асыруға;
3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға және жолын кесуге;
4) жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыру, қылмыстық процесте пайдалану үшiн олардың нәтижелерiн тiркеп қою арқылы қылмыстарды анықтауды, алдын алуды, жолын кесудi және ашуды қамтамасыз етуге, өзiнiң iс жүргiзуiндегi қылмыстық iстер бойынша жедел-iздестiру шараларын жүргiзу туралы тергеушiнiң жазбаша тапсырмалары мен прокурордың нұсқауларын, сондай-ақ соттың қаулыларын орындауға;
5)мыналарды: қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық iстер және әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi iстер бойынша адамдарды; жүрген жерi белгiсiз болған кезде соттың қаулысы бойынша мемлекет мүддесiне орай талап қоюлар бойынша жауапкерлердi iздестiрудi жүзеге асыруға;
6) экономикалық құқық бұзушылықтар келтiрген мүлiктiк зиянның өтелуiн қамтамасыз ету үшiн шаралар қолдануға;
7) экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға және жолын кесуге;
8) қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау жөнiнде заң актiлерiнде көзделген шараларды қолдануға;
9) мемлекеттiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды, сондай-ақ жүктелген мiндеттердi атқару кезiнде алынған басқа да ақпаратты сақтауға мiндеттi.
Қызметкерлерi азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзған жағдайда қаржы полициясының органдары бұзылған құқықты қалпына келтiруге, келтiрiлген залалды өтеуге, кiнәлi адамдарды жауапқа тартуды қамтамасыз етуге мiндеттi.
