
- •46.Некені бұзу және некені жарамсыз деп таңу.
- •47.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •49.Алименттік қатынастар.
- •50.Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •51.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
- •52.Қр Ұлттық қауіпсіздік органдары.
- •53.Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •54.Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі. Әділет органдарының жүйесі.
- •55.Қр ішкі істер органдары.
- •56.Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •57.Қр адвокатура мен нотариат.
- •58.Қазақстан Республикасының қаржылық құқығы құқық саласы ретінде.
- •59. Мемлекеттің қаржылық қызметі.
- •60.Бюджеттік құқық және мемлекеттік бюджет.
- •61.Қаржылық бақылаудың ұғымы және түрлері.
- •62.Мемлекеттік салық жүйесі.
- •63.Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •64.Еңбек құқығының қағидалары.
- •65.Еңбек құқығының қайнар көздері.
- •67.Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •68.Еңбек тәртібі – тәртіптік және материалдық жауапкершілік.
- •69.Қазақстан Республикасындағы зейнет ақымен қамсыздандыру.
- •70.Сақтандыру құқығының түсінігі.
- •71. Қылмыстық құқықтың ұғымы.
- •72.Қылмыстық құқықтың қағидалары.
- •73.Қылмыстық-құқықтық нормалардың құрылымы.
- •74.Қылмыстың ұғымы, қылмыстарды топтастыру.
- •75.Қылмыстың құрамы.
- •76.Қылмыстық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
- •78.Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •79.Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •80.Қоршаған ортаның түсінігі, қоршаған ортаның объектілері.
- •81.Табиғи ресурстаға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері.
- •82.Табиғат пайдалану құқығы.
- •83.Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
- •84.Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі.
- •85.Жер құқық қатынастарының түсінігі.
- •86.Жер құқық қатынастарының объектілері мен субъектілері.
- •88.Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы және міндеттері.
- •89.Қылмыстық процесске қатысушылар.
49.Алименттік қатынастар.
Алимент төлеу (алименттің мөлшері, оны төлеуді шарттарымен тәртібі) туралы келісім алиментті төлеуге міндетті адам мен оны алушы адам арасында, ал алиментті төлеуге міндетті адам және (немесе) алимент алушы әрекетке қабілетсіз болған жағдайда осы адамдардың заңды өкілдері арасында жасалады.
Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуға міндетті. Кәмелетке толмаған балаларды асыраудың тәртібі мен нысанын ата- аналар дербес айқындайды. Ата-аналар осы Заңның 20-тарауына сәйкес өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағу туралы келісім (алимент төлеу туралы келісім) жасауға құқылы. Егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап- бағуына алмаса, кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға арналған қаражат (алимент) ата-аналардан сот тәртібімен өндіріп алынады.Ата-аналардың алимент төлеу туралы келісімі болмағанда, кәмелетке толмаған балалар асырап-бағуға алынбағанда және сотқа талап-арыз берілмегенде қорғаншы және қамқоршы орган кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-анасынан (олардың біреуінен) алимент өндіріп алу туралы талап қоюға құқылы. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға - ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің - төрттен бірін; екі балаға - үштен бірін; үш және одан да көп балаға - тең жартысын өндіріп алады. Бұл үлестердің мөлшерін сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып кемітуі немесе көбейтуі мүмкін. Ерлі-зайыптылар бір-бірін материалдық жағынан қолдауға міндетті. Мұндай қолдаудан бас тартқан және ерлі-зайыптылардың арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда алимент төлеуге қажетті қаражаты бар жұбайдан: еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайының; жүкті кезінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы әйелінің;ортақ мүгедек баланы бағып отырған мұқтаж жұбайының бала он сегіз жасқа толғанға дейін; ортақ мүгедек баланы 16 жасқа толғанға дейін бағып-күтіп отырған, сондай-ақ 16 жасқа толғаннан соң ортақ мүгедек балаға I-II топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда мұқтаж жұбайының алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге құқығы бар. Алимент төлеуге қажетті қаражаты бар бұрынғы жұбайынан алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге: жүкті кезінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы бұрынғы әйелінің; ортақ мүгедек баланы 16 жасқа толғанға дейін бағып-күтіп отырған, сондай-ақ 16 жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға I-II топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының; неке бұзылғанға дейін еңбекке жарамсыз болып қалған еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының құқығы бар. Алименттің мөлшері мен оны неке бұзылғаннан кейін бұрынғы жұбайына берудің тәртібі бұрынғы ерлі-зайыптылардың арасындағы келісім бойынша белгіленуі мүмкін.
50.Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
Құқық қорғау қызметін құқық қатынастары субъектілерінің санасы мен мінез құлқына заң жүзінде ықпал ету шараларының көмегімен құқықтық нормалардысақтау және қолдану жаңд/н қамтамасыз ету жөнінде заңға және белгіленген рәсімге сәйкес жүзеге асырылатын қоғамдық пайдалы қызмет деп сипаттауға болады. Қ\қ қорғау қызметіне тән белгілер: құқық қорғау міндеттерінің болуы, қ\қ қатынастар субъектілеріне ықпал етудің арнаулы заңдық шараларын қолдану, заңмен қатаң түрде регламенттеу. Қ\қ қорғау қызметінің мақсаты құқық пен міндеттің қолдану пәрменділігін қамтамасыз ету, нормаларды сақтау және олардың сақталмағандығы үшін жауапкершілік шараларын қолдану. Оның негізгі бағыттары: Конст. Бақылау, сорт төрелігі, прокуратуралық қадағалау, әділет орг\ның қызметі, адвокатура орг\ң қызметі болып бөлінеді.
ҚР-ның құқық қорғау органдары дегеніміз бұзылған құқықты орнына келтіруге, заң бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органның мәжбүрлеу қызметі.
Құқық қорғау үшін мемлекетімізде мынадай органдар құрылған: сот, прокуратура, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, әділет органдары, қаржы полициясы, ҚР-ның адвокатурасы, нотариат.