
- •1.Экономиканы мемлекеттік реттеудің пәні және анықтамасы
- •2.Аралас экономика түсінігі
- •3.Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі
- •Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері мен субьектілері.
- •6.Аралас экономикада мемлекет атқаратын функциялар
- •7.Қоғамның экономикалық өміріндегі мемлекеттің рөлі.
- •14.Экономиканы мемлекеттік реттеу міндеттері
- •8.Ұлттық экономиканы реттеудің классикалық моделі
- •11.Мемлекеттік реттеудің неоклассикалық теориясы
- •12.Макрореттеудің монетарлық теориясы
- •9.Мемлекет пен экономиканың өзара қатынасының маркстік моделі
- •4.Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі элементтері
- •13.Экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесін жасау шаралары
- •29. Монетарлық экономикалық саясат.
- •30. Мемлекеттің бюджеттік саясаты
- •31.Өнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыттары
- •32.Инновациялық сфераны мемлекеттік қолдау
- •33.Аөк мемлекеттік реттеудің бағыттары
- •34. Мемлекеттің антимонополиялық іс-шаралары
- •35.Табиғи монополияларды мемлекеттік реттеу
- •36.Инвестицияның мәні,бастаулары оны тұтынушылар
- •37.Инвестицияларды мемл.Реттеудің мақсаты, міндеті
- •38.Инновациялық-инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
- •39.Өндіргіш күштерді дамыту және орналастыру заңдылықтары
- •40.Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу
- •41. Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеуді жетілдіру шаралары
- •42.Мемлекеттің халықты әлеуметтік қолдауы және қорғауы.
29. Монетарлық экономикалық саясат.
Мемлекеттің фискальдық саясатымен оның монетарлық саясаты тығыз байланысты. Егер фискальдық саясаттың жаратылысының мәні қаржылық-бюджеттік болса, онда монетарлық саясат мемлекеттің ақша саясаты немесе дәлерек айтсақ, мемлекеттің ақша массасына әсер ету саясаты деуге әбден болады. Сонымен, монетарлық саясат- бұл тікелей мемлекеттік әсермен немесе ұлттық банк арқылы елдегі ақша массасы мен ақша айналымын реттеу болып табылады. Монетарлық саясат ақшаға да, бағаға да ықпал ету арқылы ақша жүйесі мен ақша айналымы қызметін қамтамасыздандырады.
Өйткені ғасырдың 90-жылдарының басында Қазақстанда жүргізілген рыноктық реформалардың бірінші кезеңін мамандар монетарлық деп атады. Ол уақытта жүргізілген саясат белгілі бір мағынада монетарлық болғаны шындық.
Монетарлық саясаииың мұраты фискальдық саясат сияқты шаруашылық жүйесі қызметін тұрақтандыру,орнықтылығы мен тиімділігін арттыру, дағдарысты еңсеру, жұмыспен қамту мен экономикалық өсуді қамтамасыз ету болып табылады.
Дегенмен, фискальдық саясат бюджет және салықтармен байланысты антициклдық сипатта әрекет ететін болса, монетарлық саясат ақша айналымы мен ақша массасын тұрақтандыруға және бағаларды, табыстарды, жалақыны реттеуге бағдарланады.
Мемлекеттік монетарлық саясаттың құрамдас бөлігі және сонымен бірге құралы ретінде қайта қаржыландыру саясаты, ашық рыноктағы операциялар, резервтеу, өтімділікті қамтамасыз ету істері болып танылады.
Қайта қаржыландыру саясаты пайыздық қойылымдарды, пайыздық саясатты реттеудің құрамдас бөлігі болып табылады және мұны тек қана ұлттық және коммерциялық банктер ғана емес, пайызға ақша беретін кез келген кредитор жүргізе алады. Бірақ бұл мемлекеттік монетарлық саясат шектерінен шығып кету болып саналады.
Фискальдық және монетарлық саясат рыноактық экономикасы бар елдердегі мемлекеттік экономикалық саясатты қолдаушы кострукция болып табылады. Бірақ экономикалық саясаттың барлық түрлері мен формалары осылармен аяқталмайды.
30. Мемлекеттің бюджеттік саясаты
Мемлекеттік бюджет- белгілі бір мерзімге мемлекеттің кірістері мен шығыстары көрсетіліп, заңнамалық түрде бекітілетін негізге қаржылық құжаты. Бюджет терминін «ақшалы қалта», ақшаны салатын, сақтайтын, алатын әмиян деп қарапайым анықтаудың ішкі мәніне үңілсек,онда бұл түсініктің күрделі, көпқырлы екендігіне көз жеткізуге болады.
Мемлекеттік реттеу формасы ретіндегі бюджеттеуге мыналар кіреді:
-мемлекеттің ақшалай кірісінің көлемдері мен құрылымын, бюджеттік кезең ішіндегі кіріс көздерін айқындау
-құрылымы мен көлемін қалыптастыру және бюджеттік кезең ішіндегі мамлекеттік шығындардың бағытын анықтау
-бюджеттік кезең ішіндегі мемлекеттің ақшалай кірістері мен шығыстарының белгілі бір деңгейдегі теңдестңрңлуңне қол жеткізу.
-мемлекеттік резервтер жасау, ішкі және сыртқы мемлекеттік қарыздарды реттеу
Мемлекеттік деңгейдегі бюджеттер саясаты қаржылық жоспарлаудың жетекші, анықтаушы формасы болып табылады. Бюджеттің көмегімен мемлекет тауар өндірушілерге реттеуші әсер етеді және солар арқылы тауарлар мен қызмет көрсетулер, капитал, жұмысшы күші рыноктарын реттейді.
Мемлекеттік бюджет саясаты мемлекеттің қаржылық функцияларын жүзеге асырады. Бюджеттік қатынастар арқылы мемлекеттің қолында ақшалай қаражаттар жинақталады және олар мемлекеттік бюджеттік реттеудің жиынтық функциясын құрайды. Яғни, мемлекеттік бюджет саясаты қолда бар ақшаны жөнімен пайдалану арқылы экономиканы реттейді.