- •1.Экономиканы мемлекеттік реттеудің пәні және анықтамасы
- •2.Аралас экономика түсінігі
- •3.Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі
- •Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері мен субьектілері.
- •6.Аралас экономикада мемлекет атқаратын функциялар
- •7.Қоғамның экономикалық өміріндегі мемлекеттің рөлі.
- •14.Экономиканы мемлекеттік реттеу міндеттері
- •8.Ұлттық экономиканы реттеудің классикалық моделі
- •11.Мемлекеттік реттеудің неоклассикалық теориясы
- •12.Макрореттеудің монетарлық теориясы
- •9.Мемлекет пен экономиканың өзара қатынасының маркстік моделі
- •4.Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі элементтері
- •13.Экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесін жасау шаралары
- •29. Монетарлық экономикалық саясат.
- •30. Мемлекеттің бюджеттік саясаты
- •31.Өнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыттары
- •32.Инновациялық сфераны мемлекеттік қолдау
- •33.Аөк мемлекеттік реттеудің бағыттары
- •34. Мемлекеттің антимонополиялық іс-шаралары
- •35.Табиғи монополияларды мемлекеттік реттеу
- •36.Инвестицияның мәні,бастаулары оны тұтынушылар
- •37.Инвестицияларды мемл.Реттеудің мақсаты, міндеті
- •38.Инновациялық-инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
- •39.Өндіргіш күштерді дамыту және орналастыру заңдылықтары
- •40.Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу
- •41. Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеуді жетілдіру шаралары
- •42.Мемлекеттің халықты әлеуметтік қолдауы және қорғауы.
3.Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі
Мемлекеттік реттеу қажеттілігінің обьективті негіздерін қарастыруға кіріспестен бұрын, ең алдымен осы түсініктің өзіне ғылыми анықтама беру қажет. Себебі білімнің кез келген саласы “оның тәжірибемен дәлелденген бастапқы аксиомалары жасалып, құрастырылғаннан кейін ғана ғылым саласына айналады” Біздің ойымызша, экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік-шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгермешілігі мен макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің әкімшілік - экономикалық және ұйымдық - құқықтық негізде араласуын білдіреді.
Мемлекеттік реттеудің обьективті қажеттілігін анықтайтын факторлардың мәнісін қарастыруға кіріспестен бұрын оларды, былайша айтқанда, ұғымдық түрде анықтап алу керек. Ең алдымен мәселе “таза қоғамдық тауарлар”, яғни нарықтық қатынастар механизмдерінің әсерін қабылдамайтын тауарлар жөнінде болмақ.
Адамзат тарихы мемлекеттердің пайда болуы мен даму барысы, сондай-ақ, олардың арақатынасы бейбіт іс - әрекеттермен қатар, күштеу жолымен де анықталатындығын айқын көрсетіп отыр. Соңғы жағдай, яғни күштеу іс-әрекеттері обьективті түрде белгілі бір материалдық - техникалық және интелектуалдық қорларды елдің қорғаныс қабілетін қажетті деңгейде қамтамасыз ету үшін бөлуіне мемлекетті мәжбүр етті. Оған қоғамның барлық мүшесі де мүдделі.
Мемлекеттік реттеу қажеттілігін айқындауға мүкіндік беретін келесі маңызды түсінік - тауарларды өндірушілер мен оларды тұтынушылардың нарықтық өзара қатынастарының күшеюі мен тығыздылығынығ “сыртқы әсерлері” болып табылады. Адамдардың өндірістік тұтыну қызметінің сыртқы әсері ретінде пайда болатын бұл мәселенің шешімі ең алдымен мемлекеттің араласуын талап етеді. Сонымен, мемлекеттік реттеудің обьективті қажеттілігі қандай?
Белгілі шарттылықпен алғанда өзара байланысты экономикалық көрсеткіштер жүйесін ескере отырып, бұл жүйенің негізін - микраэкономикалық, ал жоғарғы деңгейін макроэкономикалық көрсеткіштер құрайтын пирамида түрінде елестетуге болар еді. Макро және микроэкономикалық көрсеткіштердің бірқалыпты түйісуі пирамиданың орталық бөлігінде жүзеге асады, бұл тұста халық шаруашылығын басқарудың аймақтық салалық оргондарының шаруашылық қызметінің көрсеткіштері басым болып келеді.
Бәрінен бұрын, экономиканы реттеу - мемлекеттің макроэкономикалық тұрғыда қолданатын іс - әрекетіекендігін атап өту керек. Бұл-үкіметтің болжамы емес, оның обьективті қажеттілігі, өйткені ерікті кәсіпкерлік жүйесі мен нарықтық қатынастар тиімді теңгермешілік жағдайындағы тұрақтылықты қамтамасық ету мәселесін мемлекетке қалдырады. “Макроэкономикалық тұрақтылық” түсінігі де толықтыруды талап етеді. Оның мағынасы - макро көрсеткіштердің өзара байланысқан жүйесі экономиканың өткен кезеңге қарағанда ілгерлеуін сипаттайды.
Қазіргі уақытқа дейін әлеуметтік – экономикалық дамудың ғылымы негізделген мақсаттарына қол жеткізуін қарастырып отырған құралдар құрамына халық шаруашылықтың басымдықтары дәл осындай ғылыми негіздеу қажетті орнын алмағандығын еркше атап өту керек. Бұл құралдың басқалардан қағидалы түрдегі ерекшелігіне көңіл аударғымыз келеді: Ол экономика дамуының мақсаты мен оны мемлекеттік реттеу арасында аралық жағдайды қамтиды. Осы тұста мақсатқа экономикалық басымдылықтар бағынышты сипат алады және оныңмәнісін білдіреді, ол мемлекеттік реттеуге қатысты – бастапқы орында болады. Бұл реттеудің көптеген механизмдері, алдын ала белгілі экономикалық басымдықтарды қамтамасыз ету арқылы мақсатқа жетуге қызмет ететіндігін білдіреді.
Айта кететін бір жағдай, жалпы нарық бірнеше механизмдермен реттеледі. Бірінші – нарықтық өзін-өзі реттеу механизмі. Оған сұраныс пен ұсыныс және Адам Смидтің айтуы бойынша “нарықтың көрінбейтін қолы” – бәсекелестік жатады. Екінші – фирмалық, фирмааралық реттеу мезанизмі. Бұл жағдайда экономика фирмалардың өзара келісім – шарт жасауы арқылы реттеледі. Үшінші - мемлекеттік реттеу механизмі туралы осы оқулықта сөз болып отыр. Төртінші мемлекет аралық реттеу механизмі. Мемлекет басқа мемлекеттермен бірлесіп экономикалық қоғамдастық немесе одақ құрған жағдайда, қоғамдық басқару органы қабылдаған шешім мемлекеттің экономикасы үшін міндетті болып табылады.
