Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УИА ГРЭ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
75.49 Кб
Скачать

31.Өнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыттары

Өнеркәсіптік саясат дегеніміз рыноктық механизмдерді экономикалық және әлеуметтік тиімді бағыттарда реттеу үшін, мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер қатынасын оңтайландыру үшін қажетті ұлттық экономиканы дамыту құралы. Ол ел экономикасындағы, сыртқы экономикалық байланыстар мен әлемдік шаруашылықтағы өзгерістерді ескере келе кезең-кезеңімен түзетіліп, жаңартылып отыруы тиіс.

Өнеркәсіптік саясат ескірген өндірістік құрылымды жойып жаңа құрылымды қалыптастыруға, ғылыми-техникалық прогресс пен басқаруды жетілдіруге, жаһандану жағдайындағы әлемдік экономика талаптарына сай болуға көмектеседі.

Өнеркәсіптік саясат корпорация мен мемлекет мүдделерін біріктіруге мүмкіндік беретін механизмдерге иек артады. Ол барлық ұйымдық-құқықтық нысандағы шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін жүргізіледі. Оны қалыптастырып, жүзеге асыру – заң шығарушы және атқарушы биліктің тікелей міндеті болып табылады.

Ел экономикасы дамуының қазіргі кезеңінде мемлекеттің өнеркәсіптік саясаты келесі бағыттарда жүргізілуі тиіс:

  1. Экономиканың шикізатты бағытынан өңдеуші (ұқсатушы) өнеркәсіптің басымдылығына өту;

  2. Өндірісті ұйымдастырудың ескірген әдістерінен бас тартып өнімді жедел жаңалап оның бәсекеге қабілеттілігін арттыратын икемді өндірістік жүйелерді қалыптастыру;

  3. Халықтың денсаулығына қолайлы, экологиялық таза және қауіпсіз өнеркәсіп өндірісін дамыту;

  4. Өзін-өзі қамтамасыз ету принципі бойынша қызмет ететін комбинаттардың орнына ішкі және сыртқы рыноктардағы бәсекеге қабілетті мамандандырылған өндірістерді көптеп ашу;

  5. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын әлеуметтік тапсырыс негізінде ұзақ мерзімге арналған кешенді ғылыми-техникалық болжамға құрылған мақсаттарға бейімдеу.

Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік саясатының негізі 2015 жылға дейінгі уақытқа арналған экономикалық өсудің индустриалдық-инновациялық стратегиясы алға қойған мақсаттар мен міндеттерді шешу болып табылады.

Құрылымдық-салалық мазмұны бойынша өнеркәсіптік саясатта үш салалық топ ерекшеленеді:

  1. Отын-шикізат секторының экспортқа қабілетті салалары

  2. Бәсекеге қабілетті өнім өндіретін өңдеуші өнеркәсіп салалары

  3. Ішкі рынокты қамтамасыз ететін салалар

Мемлекеттік өнеркәсіп саясатының негізі орнықты экономикалық өсудің инновациялық-инвестициялық мәселелерін шешу болып табылады.

32.Инновациялық сфераны мемлекеттік қолдау

Мемлекет ғылым дамуының басым бағыттарын таңдайды, ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды қалыптастырып, жүзеге асыруды, республикалық бюджеттен ғылыми қызметті қаржыландырады, республикалық дәрежедегі ғылыми ұйымдарды басқарады.

Инновациялық сфераны мемлекеттік қолдаудың келесі бағыттары белгілі:

- Ғылыми-зерттеулерді салықтық ынталандыруды күшейту. Мұның рыноктық экономикада бюджеттік субсидиялармен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары бар. Салықтық жеңілдіктердің бірнеше түрлерін атауға болады. Олар: ғылыми зерттеулерге шығындардың табыстық бөлігіне салық салуды азайту; ғылыми зерттеулерге шығын өсіміне белгілі бір пайыз шамасында төленетін салыққа шегерім жасау; жаңа техникаға жұмсалатын күрделі қаржының бір бөлігіне салық сомасын кеміту; іргелі зерттеулерді қаржыландыруға арналған қаражатқа ерекше салықтық жеңілдіктер беру, орта және шағын бизнестің зерттеулеріне қолайлы жағдай жасау.

Инновациялық саясаттың басты құралдарының бірі ретінде ғылыми-техникалық өнімдерге мемлекеттік тапсырыс рөлін күшейтуді атауға болады.

Мемлекеттік инновациялық қор ең басым деген ірі зерттеулер мен жаңғыртуларды мақсатты түрде жеңілдікті қаржыландыратын болады. Аталған қордың инновацияларды мемлекеттік қолдау бойынша өкілеттігі мейлінше кеңейтілуі тиіс, яғни ғылыми идеядан бастап оның түпкі нәтижесіне дейінгі циклды қамтуы қажет.

Технологиялық әлеуеттің мониторингтік және болжау жүйесін жасау үшін мемлекеттік деңгейде методикалық (әдістемелік) және ақпараттық қамтамасыз ету істері атқарылуы тиіс.

Ғылыми өнімді жобалау және өндіру сферасында рыноктық бәсеке рөлін арттыру негізінде басым бағыттар үшін Жапонияда кеңінен қолданылатын «бастапқы ақшалар» принципін тарату қажет.

Ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың бюджеттен тыс көздерін ашып, кеңейту. Бұл үшін жеке меншік сектордың (қаржы-өнеркәсіптік топтар, коммерциялық банктер, бірлестіктер т.б. шаруашылық жүргізуші субъектілер) инновациялық белсенділігін ынталандыруды күшейтіп, коммерциялық мүдделіліктерін арттыру көзделеді. Қазақстанда ғылыми-зерттеулердің 90% мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылса, дамыған елдерде ғылыми зерттеулер шығынының 2/3 бөлігін кәсіпкерлік сектор қаржыландырып отыр.

Ғылыми-техникалық орталықтар қызметін коммерциализациялауды дамыту. Мұның өзі оларды табыстың негізгі бөлігін инновация және ақпараттық технология рыноктарынан іздеп, табуға итермелейді. Бұдан басқа, ғылыми орталықтар қызметін коммерциализациялау ғылымды рыноктық жағдайларға бейімдейді және мемлекеттің инновациялық саясатының жаңа әдістерінің пайда болуына көмектеседі.

Ғылыми зерттеу сферасындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту. Ғылыми-техникалық кооперацияның мейлінше динамикалық формаларының бірі – халықаралық бірлестіктерді құру болып табылады.