
- •1. Микробиологиялық зерттеулерге зерттеу материалын алу әдістері.
- •2.Зерттелетін материалдан жағынды дайындау.
- •3. Актериялардың таза дақылынан жағынды дайындау.
- •Шыныны дайындау. Шыныны майсыздандыру – кір сабын жағып, салфеткамен тазалау. Шыны көпіршеге қою.
- •4.Микроскоптың иммерсиялық жүйесінің көмегімен жағындыны микроскопиялау.
- •5.Жағындыда бактерияларды морфологиясы бойынша ажырату.
- •6. Жағындыда бактерияларды тинкториялды қасиеті бойынша ажырату:
- •7. Жағындыны Грамм бойынша бояу:
- •8. Жағындыны қарапайым әдіспен бояу.
- •9. Ілінген тамшы мен жаңшылған тамшы препараттарын дайындау.
- •10. Сұйық қорек ортасына себу жасау.
- •12. Зерттелетін материалдан вирустарды бөлу үшін тауық эмбрионын жұқтыру ережелері мен әдістері.
- •13. Шыны бетіндегі агглютинация реакциясы
- •14. Пробиркада агглютинация реакциясы.
- •15. Кольцепреципитация реакциясы
- •16. Сахаролитикалыөқ белсенділікті анықтау
- •17.Протеолитикалық ферменттерді анықтау.
- •18. Пептолитикалық ферменттерді анықтау Нәтижелерін интерпретациялау.
- •19. Ауадан микробтың тазалығын анықтау үшін себінді алу.
7. Жағындыны Грамм бойынша бояу:
Бекітілген жағындыға сүзгі қағаз арқылы генциан фиолеттің карбол – спирттік ертіндісін тамызамыз. 1-2 мин кейін оны алып тастап, бояуды төгеміз.
1-2 мин-қа Люголь ерітіндісін тамызамыз;
Этиль спиртімен 30-60 с бояудың күлгін түсі кеткенге дейін түссіздендіреміз.
Сумен шаямыз
1-2 мин фуксиннің сулы ертіндісімен бояп,сумен шаямыз, кептіріп, микроскоптаймыз.
Грам оң бактериялар қою-күлгін түске, грам теріс бактериялар – қызыл түске боялады. Бұл әдістің негізінде таңдамалы түссіздендіру жатыр – генциан фиолеттің йодпен кешенін спирт әсерінен жою. Грам әдісі бойынша бояу нәтижесінде бактерияның клетка қабырғасының химиялық құрамы мен құрылыс ерекшеліктері анықталады және бояу процесі нәтижесінде түзілген генциан фиолеттің йодпен кешенін ұстап қалу қабілетіне байланысты.
Фирмикутты бактериялар грам оң боялады, себебі тейхой қышқылымен байланысты көп қабатты пептидогликаны бар. Ол бояудың тығыз бекуіне және спиртпен түссіздендіруге резистентті болады.
Грам он бактерияларда - жасуша қабырғасы жуан, пептидогликаны 90%, липополисахаридтер 10%, тейхой қышқылы бар.
Грациликутты бактериялар грам теріс боялады. Грам теріс бактерияларда пептидогликаны жінішке 10%, липополисахаридтер 90%, тейхой кышқылы жоқ.
8. Жағындыны қарапайым әдіспен бояу.
Қарапайым әдіспен бояуда бекітілген жағындыны қандайда бір бояумен бояу: фуксинмен, метилен көгімен немесе генциан фиолетпен бояу. 2 мин өткенен соң сумен жуу, сорғыш қағазбен сордыру және микроскопиялау.
9. Ілінген тамшы мен жаңшылған тамшы препараттарын дайындау.
Ілінген тамшы.
Микробтардың қозғалысын, дамуын, көбеюін, споралардың пайда болуы мен өсіп өнуін бақылау үшін қолданылады.Препарат дайындау үшін арнаулы ортасында ойығы бар заттық шыны қолданылады. Зерттелетін заттың аздаған тамшысын жабын әйнектің ортасына тамызады. Заттық шыныдағы ойықтың шетіне вазилин майын жағу керек. Заттық шыныны жабын әйнектің үстіне тамшы ойықтың ортасына келетіндей қылып орналастыру керек. Осыдан кейін жабын әйнекті үстіне қаратып, тез арада заттық шыныны аударады. Дұрыс дайындалған препаратта тамшы жан-жағына, түбіне тимей, ойықта бос ілініп тұру керек. Препаратта аздап қараңғыланған көру аймағымен микроскоптайды; алғашында аздап үлкейтетін объективті (8 немесе 10) пайдаланады, тамшының шетін тауып, содан кейін объективті 40 қояды немесе иммерсионды объективті пайдаланады. Бактериялардың қозғалғыштығын анықтайды.
Жаншылған тамшы
Таза заттық әйнек бетіне құбыр суының тамшысын тамызады, оған ілмекпен бір тамшы (жабын әйнектің шетінен шықпайтындай тамшы аз болу керек) зерттелетін затты немесе бактерия суспензиясын тамызамыз, сосын тамшыны жабын әйнекпен жабады. Бір шетінде метилен көгін тамызады. Бұнда бактериялар көк немесе қызыл түске боялады. Әйнек шетінен шыққан суды сорғыш қағазбен сорғытамыз.Ескерту: жабын әйнек ортасында ауа көпіршіктері болмауы керек,сұйықтық барлық кеңістікті жауып тұруы қажет және әйнектің шетіне шықпау қажет. Препаратты құрғақ және иммерциялық жүйеде де көруге болады.